"Фотоаулау" жобасына қатысамын десеңіз



Достар, Samsung Electronics демеушілік етіп, блогплатформалар арасында «Фотоаулау» атты байқау ұйымдастырып жатыр. Оған «Керекинфо» еркін блог жүйесінің алматылық блогшылары де қатыса алады.
Келесі аптада (13 мен 15 мамыр аралығында) өтетін байқаудың сипаты мынандай:

Әр блогплатформа 5 адамнан тұратын команда шығарады. Командаларға 5 күн бойы өткізушінің арнайы промо-парақшасы арқылы тапсырмалар беріледі. Команда мүшелері Алматы қаласында жасырылған жерді/затты тауып, сол жерге барып, демеуші тарапынан берілетін жаңа фотокамерамен суретке түсірулері тиіс. Суреттер төмендегі промо-парақшаға жүктеледі. Ойын аяқталғаннан кейін Samsung Electronics компаниясы жеңімпазды анықтап, команда мүшелерін бағалы сыйлықтармен марапаттайды.

Промо-парақшалар:
vk.com/pbkznx1000
www.facebook.com/PhotoBattle.kz

Блогплатформаларға міндеттелген нәрселер:
— 5 адамдық команда құру
— Ойын туралы анонс пост ілу
— Ойын аптасы ішінде команда мүшелері 3-4 пост жариялаулары керек (ойын туралы, камера туралы)
— Ойынды қортындылау постын ілу
— Әлеуметтік желілерде посттарын бөлісіп отыру

«Керекинфо» еркін блог жүйесінің блогшылары арасынан команда құруымыз қажет. Кім қатысамын десе аты-жөнін, телефондарын arshat@arshat.kz адресіне жіберсін. Жұма күні қатысушыларға арнап шағын тренинг өтеді. Сондықтан бүгін-ертең команда тізімін анықтауымыз керек.
Керекинфоның намысын қолдан бермейік, достар!
Бөлісу:

18 пікір

zholantai
ого, Galaxy Сamera беріледі екен
asaubota
Астана болса мәселе болмас еді. Алматылықтар саны азайып кетті-ау?
Aikona
Кімдер қатысар екен?
omarbirat
Жұмыс күндері болады екен.
Aikona
шыныменде сол қинап тұр ше
qisyq
Негізі тапсырмаған 24 сағат беріледі. Соны ішінде орындасаң болды. Жылдамдық емес, ана тапсырылған объектті түсірудегі фантазияң, шеберлігің маңызға ие, пикассосынссс…
asaubota
басқа платформалармен жарыс болғандықтан қатысу керек негізі. жұмыстан кейінгі уақыттарыңда жиналып көріңдер.
asaubota
batyr мен менің бөлем zhandarm қатысамын деп отыр. қыздардан aizhan қатысқысы келеді. 2 адам керек әлі.
SaryQazaQ
Мен де қатысамын
asaubota
5-ші боласың ба? команда капитаны Батырмен хабарлас, ертең толық тізімін беруім керек.
qisyq
Достар, техникалық себептер: жиналысты дүйсенбі күні өткізетін болдық. уақытын жексенбі күні нақты айтамын. Қазір алаңдамай дем ала беріңіздер. Сосын, маған телефондарыңыз бен электронды пошталарыңызды лақтырыңыздаршы. Рахмет.
Delhi
Қыздар мен жігіттер енді намысты қолдан бермеңдер) Алыста болсақта тілекшімізғой))
asaubota
біздің міндет командамызды қолдап отыру. шығаратын посттарын жарнамалап отыру әлеуметтік желілерде. осы сыннан жақсы өтсек алдағы уақытта мұндай конкурстар көп болады. ұйымдастырушылар бізді орысша блогплатформалармен тең көріп отыр, сол планкадан түспеуіміз керек.
Tyulpan
ооо жақсы ғой. командамызға сәттілік тілеймін!!! ))
manshukn
адам толып қалды ма? ) қатысайын деп едім
akerke
мен де катыскыыыыыым кеп тұр