Сұрану

Блог - serjan: Сұрану
Қызметші:
Бүгін сізден сұранайын деп едім…
Қожайын:
— мм сұранамын де.
Қызметші:
— Йә тек бір күнге…
Қожайын:
-Сен тағы меннен не сұрайсың, бір жылда 365 күн, 52 апта бар, әр аптаның 2 күні демалыс, барлығы 104 күн, жұмыс күні 261 күн.
Қызметші:
— Йә әрине…
Қожайын:
— Сіз әр күні 16 сағат жұмыста болмайсыз, бұл 174 күнге тең болады, шегерсек 87 күн ғана қалады дұрыс па?
Қызметші:
— Йә дұрыс.
Қожайын:
— Сіз әр күні кем дегенде 30 минут уақытыңызды интернетке шығып босқа өткізесіз, бұл жылына 23 күніңізді босқа өткізгенмен барабар, 64 жұмыс күні ғана қалды.
Қызметші:
— Йә солай сияқты…
Қожайын:
— Әр күні түскі тамақ ішуге 1 сағат уақытыңызды жұмсайсыз, бұл жылына 46 күн жұмыс істемейсіз дегенді білдіреді, демек 18 күн қалды солай ма?
Қызметші:
— Йә
Қожайын:
— Сіз әр жылы ауру себебінен 2 күн демалып келесіз, демек 16 күн қалды.
Қызметші:
— ....
Қожайын:
— Әр жылы мерекелерге байланысты 5 күн демалыс беріледі, 11 күн ғана қалды, енді бұған жылда берілетін 10 күндік еңбек демалысыңызды қосыңыз, сонда 1 күн ғана жұмысқа келесіз, ал сіз сол бір күнді меннен сұранайын деп тұрсыз ба?

Қызметші:
— Кешірерсіз мен қателесіппін…
Әрі қарай

12 - тур. Ла Лига. Нағыз дерби

Мадридтен сөйлеп тұрмыз: 12 - тур. Ла Лига. Нағыз дерби

Бернабеуде өткен 10 гол соғылған шоудан соң арада көп уақыт өтпесе де Мадридтіктер жақын маңайда орналасқан, Мадридтік команда болып саналатын Райо Вальеканоға қонаққа барған еді. Бұны футбол тілінде дерби деп атайды, ал дербидің қызықсыз өтуі(Эспаньол мен Барселона секілді) дерби деген атауға дақ түсірері анық. Кешегі матч қызықсыз өтті десеңіз, матчты көрмегеніңіз. Бұл ойында да алдыңғы Севильямен өткен ойын секілді барлық нәрсе болды.
Әрі қарай

Отбасы ән салады!

Блог - vebred: Отбасы ән салады!
«31 арнада» «Ән шаңырақ» жаңа отбасылық ойын-сауық думаны басталады. Мұндай жоба – Қазақстанда бұрын-соңды болған емес. Үлкен сахнаға алғаш рет кәсіби музыкалық білімі жоқ отбасылар шығып, әулеттерінің өнерін паш етеді!

Жобаға еліміздің қалаларынан 18 отбасы қатыспақ. Олар арнайы кастингтен өтіп, қатысатын іріктеу турына жолдама алды.
— Негізінде, кастингке өте көп отбасы келді, тіпті есебінен де жаңылып қалдым, — дейді «31 арнаның» бас продюсері Юрий Бродский. – Әр отбасына бір кәсіби коучер жетекшілік етеді. Мысалы, солардың бірі белгілі әнші Жанна Орынбасарова, сондай-ақ олар сахнаға лайықты шығуы үшін хореограф пен стилист жұмыс істейді».
Мұндай шоу Канада, Швейцария, Ресей («Ваш выход») сынды елдерде жақсы танылған, бірақ қазақстандық жобаның өзіне тән ерекшелігі жоқ емес. «Міндетті шарттардың бірі – орындалатын екі әннің бірі қазақ тілінде болуы керек, — деп түсіндірді Юрий Бродский. – Тағы бір маңыздысы, Шығыс елдеріне тән қасиет – барлық орындаушыларға, жалпы адамдарға құрметпен қарау. Сондықтан жоба адамдар арасындағы сыпайы қарым-қатынасқа, ізгі ниеттерге толы. Бұл жерде қазылар тарапынан қатысушылардың өнерін мазақ ету немесе мысқылдауға орын жоқ. Кім болса да бәріне мейіріммен, түсіністікпен қарау керек деген пікір басым».
Үш іріктеу турының нәтижесінде ақтық сайысқа бір отбасы ғана шығып, бас жүлдеге ие болады. Дегенмен жеңімпаз атану үшін әдемі ән салып, билеу және сахнаға лайық болып шығу аздық етеді, қатысушылар көрермен мен қазылардың көңілін көтеріп, отбасы мүшелері өздеріне берілетін дауыс үшін еңбек сіңіруі керек.
— Мен үшін нотаны дөп басу немесе ансамбль әуеннен ауытқыды ма, жоқ па деген мәселе маңызды емес, — дейді қазылар алқасының мүшесі, белгілі рэп орындаушысы Тәкежан. – Ең бастысы – халықтың ішін пыстырмау, шоу жасау шеберлігі, артистердің көрермен көңілін барынша көтеруі.
Қатысушылардың өнерін Тәкежан, Жанна Орынбасарова және Рүстем Нұржігіт пен бірге залда отырған көрермендер де бағалайды. Жанкүйерлер қаншалықты көп дауыс берсе, жеңіске жетуге деген мүмкіндік соншалықты жоғары болады. Дәл сол жерде, сахнада отбасылар жеңіске жету үшін өздерінің ұйымшылдығын, төзімділігін танытып, бір-біріне қолдау бола білетінін, бірін-бірі түсінетінін көрсетуі қажет. Бір сөзбен айтқанда бұл отбасындағы үйлесімділікті көрсетеді!
Думанды жобаның жүргізушілері – танымал тележүргізуші Салтанат Қалиева мен ComedyClubKZ мүшесі Денис Бобылев. Жүргізушілердің жастық жалыны, әсем келбеті мен әдемі қалжыңы думанның ажарын аша түседі.
Бұл отбасылық думан болғандықтан қатысушылардың қатарында сәбилер де бар. Ата-аналардың басым бөлігі өздері үшін емес, балалары үшін қобалжиды. Перзенттері үлкен сахнаның сынынан қалай сүрінбей өтеді екен деп алаңдайды.
Блог - vebred: Отбасы ән салады!
— Шынымды айтсам, күйеуім, Алдияр (6 жаста) және Карина (9 жаста) есімді балаларым үшін дайындық оңай болған жоқ, — деп өз әсерімен бөлісті Ақжолтаевтар (Алматы) жанұясының отанасы Эльмира. – Ән шырқаған кезде дауыс ырғағы бірдей шығуы шарт, дауыс үндестігі деген бар. Сахнада қобалжымау керек, балалар соны тез қабылдауға бірте-бірте үйреніп келеді.
— Мен үшін ең қиыны – ағылшын тілінде ән салу мен хореографияны меңгеру. Себебі біз бір уақытта ән де салып, би де билеуіміз керек. Дегенмен қыздарым – өз қызым Венера (13 жаста), құдашам Динара мен сіңлілерім Аяна мен Карина қимыл-қозғалыстарды өте тез игеріп алды, — дейді Әубәкіровтер отбасының өкілі Айгүл (Алматы). – Бұл жобаға қатысушы отбасылар арасындағы татулықты, үндестікті ерекше атап өткім келеді. Мұнда алауыздық, қызғаныш атымен жоқ, керісінше, бір-біріне жәрдем беріп, көмектесіп, көңілін көтеріп жүр. Сол себепті шоу өте қызықты!
— Жобаның басты мақсаты – жақсы көңіл-күй сыйлап, көрермендерімізді разы ету. Әрқайсымыз үшін ең басты құндылық – отбасы – кез келген мемлекеттің тірегі. Сондықтан «Ән шаңырақ» тележобасы қоғамның негізі саналатын отбасын қолдауға, нығайтуға бағытталған, — дейді бас продюсер Юрий Бродский.

Айта кетейік, «Ән шаңырақ» думанының кейіпкерлеріне қолдау көрсеткіңіз келсе, қараша айының басынан бастап әр жұма сайын «31 арнаны» тамашалаңыздар!

Шоу түсіріліміне орай тіркелу және қосымша ақпарат алу үшін «31 арнаның» Маркетинг департаментіне хабарласуларыңызға болады:
Әрі қарай

КерекИнфоның Мұнарасы

Пайдалы сайттар: КерекИнфоның Мұнарасы

Құрметті сайттастар,
Осы күзде «Нұр Медиа» холдингі өздерінің алғашқы ақпараттық сайттарын ашты. Мұнара деп аталады. Сайттың негізгі мазмұны холдингке қарасты БАҚ өкілдерінің ақпараттарынан құралады. Сондай-ақ өңірлердегі тілшілердің де жаңалықтары қосылады. Танымал блогерлер де бұл сайтта колумнист ретінде жазбаларын жазуда. Сайт редакциясы КерекИнфолықтардан құралған. Daniar-Alan мультимедиа редакторы, aikarakoz SMM менеджер, <ls user=«aizhuka аудармашы-редактор, мен осы жобаның басқарушы-редакторымын.

Колумнистерді де танисыздар: Nurgisa patick kozildirik zholantai ushkin
(Бұл тізім әлі де ұлғаяды)

Өңірлердегі тілшілеріміз қатарында да КерекИнфолықтар бар. Олардың қазір тізімдері нақтылануда. Кейінірек жазамын

Сайтымызға күнде бір рет кіріп тұрсаңыз, дос-таныстарыңызға да айтып тұрсаңыз қуанамыз. Сайттастарымыздың қолдауын сезінгіміз келеді. Әлеуметтік желілерде де бізге қосылыңыздар.

Үлкен рахмет!

Munara.KZ

Facebook
Instagram
Twitter
Вконтакте
МойМир
Әрі қарай

Бабалар аманатын ақтайық

Қиын-қыстау заманда болашақ ұрпақтары үшін жан алып жан берген,қабырғасы қайысып, елім, жерім деп жүректері сыздап,қайткенде де болашақ ұрпақтарына еншісін беруді парыз көрген бабалар аруағына алғысымыз шексіз. Байтақ жерімізде мекен еткен кең пейіл, жомарат, текті халқымыздың жұдырықтай жұмылып бабалар аруағына жоқтан бар жасап, айына бір игілікті іс-шара жасап ризашылықтарын алу. Өскелең ұрпақ алдындағы парызымызды жүзеге асыру кез-келген қазақстандықтың міндеті.Қасқағым сәтте 30ға,50ге,70ке келіппіз.Жалғанды қанша қимасақта, жасымыз ұлғайған сайын уақытша тіршілік иесі екеніміз айқын.Қамшының сабындай өмірде, бабалар аруағының ризашылығын алу, ертеңіміздің мақтанышы болу, бірлігіміз жарасқан ел болуымызға үлес қосу киелі қазақ жеріндегі әр-бір азамттың міндеті немесе арманы.Ең басты иманды, білімді, ел сүйгіш ұрпақ тәрбиелеу арқылы кез-клген дерт,өзекті мәселеден арыламыз.Әр адамның қалауы бойынша жалақымыздан айына 5-10 тенге аралығында зейнет ақы қорына тәрізді айлықтан бабалар аруағына деп бағыштап бір жерге жиналса.Біздер қалтамыздан қосқан 5-10 тенге, теңізден бір тамшы су алғандай ғана қалтамызға әсер тигізеді.Жылдап 10 тенгеден жинап, елді былай қойайын ағайын-туысқан түгілі қарақан басыма 18 жасымнан-70жасыма дейінгі аралықта яғни 52 жыл жинаған қорым 6240тг болады екен. Осы ақшаны салмаққа түспейтіндей етіп 5-10тг ден сауап іске жұмсасам.10тенге мен кімге-кім қол ұшын бере алады? Есесіне біріксек айына милиондаған халықтың ақшасы еселеніп әжептеуір қомақты қаржы болар еді.Жиналған қаржыны тәрбиелік мәні бар мультфильм, ертегілер немесе балалар мен қартар үйіне, кемтар, мүгедек жандарға мектеп оқушылары мен студенттер өз қолдарымен сый-сыйапат жасар оны ортаға салып шеше жатар.Ең бастысы жиналған қаржының діттеген жеріне жетіп талан-таражға түспеуі.Ол үшін міндетті түрде үкімет тарапынан қадағалау және ешкімге бағынбайтын халықтың сенімін ақтайтын тәуелсіз комиссия мүшелері болса.Мысалы: Фариза Оңғарсынова, Олжас Сүлейменов, Мұрат Әбенов, Иманғали Тасмағанбетов, Бекболат Тілеухановтәрізді т.б тұлғалар. Бұл Қазақстанда мекен еткен ұлттардың, діндердің бір-біріне деген сый құрметі.Бірлігіміз жарасқан елдігіміздің айқын дәлелі. Сіздердің пікірлеріз қандай ағайын?
Әрі қарай

"Бруно 667"

Жер планетасына ұқсас планеталарды экзопланеталар деп атайды. Ғалымдар бекіткен түрлі шарттарға сай келген планета (көлемі, сыртқы түрі, атмосферасы және т.б.) біздің Жерімізге ұқсас, потенциалды тіршілік иелері бар планета деп әзірше саналуда. Ондай планеталардың біздің Құс жолы галактикасында мыңдағаны ашылды, алайда олардың ең жақынының өзі бізден мыңдаған жарық жылдары қашықтықта жатыр. Экзопланеталарды ашуды «Кеплер» жобасы қолға алған. Әзірше мықты деген құралдардың өзі тек Құс Жолы галактикасынындағы экзопланеталарды аша алады, ал біздің әлемде Хаббл телескопы анықтағандай галактикалардың саны шектеусіз.
«Бруно 667» атты жоба Күн жүйесіне ең жақын орналасқан экзопланета Глизе 667-ге аяқ басатын алғашқы адамдар тобын дайындаған болатын. Күн жүйесінен шыға алатын, үшінші ғарыштық жылдамдығына ие ғарыш кемесін ғалымдар Джордано Бруноның ескі еңбектерінен табылған алғашқы сілтемелер арқылы ойлап тапты. Екі рет «Бруно 667» кемесі автоматты түрде Күн жүйесінен шығып, экзопланетаның анық суреттерін Жерге жіберген болатын. Аталмыш суреттерден Глизе планетасының уранға бай екендігі анықталды. 2817 жылы Жердегі барлық энергияның көздері тек уранмен жұмыс жасап жатқандықтан, Глизеге космонавтттар тобын жіберу жобасын НАСА басшылығы бірден қабылдады. Экипаж 7 адамнан тұрды: 4-уі қазақ, 1-уі- АҚШ азаматы, қалғаны Ресейлік мамандар. Төрт қазақтың ғарышқа ұшатындығы Ресей-Қытай Басқармасының қарамағындағы автономиялық мемлекет боп саналатын Қазақстан азаматтарын қатты қуантты. Олар оны өздерінше бір белгі ретінде бағалады. Алайда экипаждың жартысынан көбі қазақ болуында ешқандай ерекше ешнәрсе жоқ еді, шынында 2817 жылдары космонавттар ерте кездердегідей аса құрметті қоғам мүшелері емес еді. Ең ауыр, қауіп-қатерге толы, кәсіби авариялар саны көп сала космонавтика еді. 1990 жылдардан бастау алған ғарыш қоқыстары бұл кездері шегіне жеткен еді, ескі жер серіктері, космостағы авариялардың қалдықтары әрбір төртінші ғарыш кемесінің күлін тура мағынасында көкке ұшыратын. Сондықтан да, ең ауыр, ең бастысы белгісіз осы жобаға қазақ космонавтттарын алу шешілген еді.
Келесі бөлімде экипаж мүшелерімен таныстаын боламыз.

Экзопланеталар туралы оқығыңыз келсе: ru.wikipedia.org/wiki/%D0%AD%D0%BA%D0%B7%D0%BE%D0%BF%D0%BB%D0%B0%D0%BD%D0%B5%D1%82%D0%B0
Глизе 667 с туралы: ru.wikipedia.org/wiki/%D0%93%D0%BB%D0%B8%D0%B7%D0%B5_667_C_c
Хаббл телескопы ашқан галактикалар туралы: www.adme.ru/illustration-and-photography/30-luchshih-fotografij-teleskopa-habbl-457105/
Ең бастысы ғарыш қоқыстары /космический мусор/ туралы: ru.wikipedia.org/wiki/%D0%9A%D0%BE%D1%81%D0%BC%D0%B8%D1%87%D0%B5%D1%81%D0%BA%D0%B8%D0%B9_%D0%BC%D1%83%D1%81%D0%BE%D1%80
Әрі қарай

Боксшыларымыздың жеребесі тартылды

Қазақстан тарихында тұңғыш рет жазғы Олимпиада ойындарына енетін спорт түрінен әлем біріншілігі өтеді. Алатау төрінде ертең жалауы желбірейтін осынау доданың бүгін жеребе тарту рәсімі өтті. Алматыдағы чемпионатқа алдын-ала күтілгендей 576 емес, 457 боксшы ғана келді. Бакудегі рекорд жаңармайтын болды. БАҚ біраз уақыт қатысатын боксшылардың саны жөнінде біраз жазған болатын.
Әрі қарай

АЖЖ: австралиялық джиу-джитсу!

Осы уақытқа дейін кенгуруларды циркте бокстасатын сүйкімді жануарлар деп ойлап келіппін. Бірақ мына төбелесі қатаң екен. Бас жағы кенгурулардың кәдімгі секеңдеген тебістері, қызық жерлері 4:30-да басталады.


Соңғы кездері әлеуметтік желілердегі ММА қауымдастықтарынан айына бір рет Австралиядағы аңдардың төбелестері туралы жаңалықтар еститін болып жүрмін. Қыркүйектің басында бір жаңалық естіген едім: бір қабан сыраға тойып алып, бір сиырмен төбелескен екен  Видеосы жоқ, өкінішке орай.
Әрі қарай