Боксшыларымыздың жеребесі тартылды
Қазақстан тарихында тұңғыш рет жазғы Олимпиада ойындарына енетін спорт түрінен әлем біріншілігі өтеді. Алатау төрінде ертең жалауы желбірейтін осынау доданың бүгін жеребе тарту рәсімі өтті. Алматыдағы чемпионатқа алдын-ала күтілгендей 576 емес, 457 боксшы ғана келді. Бакудегі рекорд жаңармайтын болды. БАҚ біраз уақыт қатысатын боксшылардың саны жөнінде біраз жазған болатын.
Сонымен жеребе былай түсті:
49 келіде, Біржан Жақыпов . Екінші кезеңде Кудряков (Украина) — Галанов (Ресей) жұбының жеңімпазымен кездеседі. Галанов пен Кудряковтың біреуін жеңсе, шымкенттік боксшы ширек финалда өзбек Хасанбой Дусматов, жартылай финалда Иосвани Вейтиамен кездесуі мүмкін. Өздеріңіз білетіндей, жерлесіміз екі боксшыдан ұтылған болатын. Шыны керек, Біржанға жеребе ауыр түсті. Бұл салмақта барлығы 38 боксшы бар.
52 келі, Ілияс Сүлейменов. Молони (Австралия) –Паттиараччи (Шри Ланка) жұбының жеңімазымен шығады. Оны жеңсе, Азия чемпионы қырғыз Азат Үсенәлиев күтіп тұрады. Сондай-ақ, осы топта екі дүркін Еуропа чемпионы, әлем біріншілігінің күміс жүлдегері Эндрю Селби, Олимпиада ойындарының жүлдегері Пэдди Барнс, талантты өзбек боксшысы Жасурбек Латипов бар. Жалпы бұл салмақта 47 боксшы бар. Ілияс алғашқы жекпе-жегін 18 қазанда өткізеді.
56 келі, Қайрат Ералиев. Лалли (Канада) – Никола Андрейана (Румыния) жұбының жеңімпазымен жолығады.Ал ширек финалда Олимпиада чемпионы Робейси Карразанмен шығуы мүмкін. Бұл салмақта 51 мемлекеттің боксшысы қатысады.
60 келі, Берік Әбдрахманов. Ла Роса (Пуэрто Рико) –Гогатишвили (Грузия) жұбының жеңімпазымен қолғап түйістіреді.
Берік ринг қожайыны, әрі осы салмақтың фавориттерінің бірі. Жерлесіміз италияндық Доменико Валентино мен Бразилия боксшысы Робсон Консейсао сияқты басты қарсыластарымен тек финалда жолығады. Әбдірахмановтың тобында сондай-ақ, тәжірибелі тәжік Анвар Юнусов бар. Жалпы бұл салмақта 46 боксшы сынға түседі.
64 келі, Мерей Ақшалов. Джош Тэйлор (Шотландия) – Акиель Оутрам (Тринидад және Тобаго). Мерей қазақстандықтардың ішінде бірінші болып 18 қазан күні рингке шығады. Мерей Тэйлор мен Оутрамның біреуін жеңсе, ширек финалда серб Бранимир Станковкичпен жолығуы мүмкін. Ал әлем чемпионы бразилиялық Эвертон Лопеспен тек жартылай финалда ғана кездеседі. Жалпы бұл салмақта 55 боксшы өнер көрсетеді.
69 келі, Данияр Елеусінов. Хилд (Бахрейн) – Бенсон (Шотландия) жұбымен жолығады. Капитанымыз алғашқы жекпе-жегін сәтті өткізсе, ширек финалда Лондон Олимпиадасында өзінің жолын кескен Италия өкілі Винченцо Манджакапремен жолығуы мүмкін. Сондай-ақ, Даниярдың тобында Серік Сәпиевпен финалда қолғап түйістірген ағылшын Фредди Эванс бар. Екінші топта ресейлік Александр Беспутин, мексикалық Марвин Кабрера, венесуэлалық Габриель Маэстро өнер көрсетеді. Жалпы осы салмақта 55 сайыпқыран жүлдеге таласады.
75 келі, Жәнібек Әлімханұлы. Хэнсон (Ямайка) – Мигитинов (Әзербайжан) жұбының жеңімпазымен жолығады.
Жәнібек ринге 19 қазанда шығады. Бүкіләлемдік бокс сериясында танымал болған әзірбайжандық Солтон Мигитинов оңай қарсылас емес. Жас боксшымыз оны жеңсе, ширек финалда румын Богдан Журатонипен жолығуы тиіс. Богдан биылғы Еуропа чемпионатының күміс жүлдегері. Украина құрамасының капитаны Дмитрий Митрофоновпен жерлесіміз тек жартылай финалда жолығады. Ал былтырғы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері бразилиялық Эскива Флорентино екінші топқа түсті. Бұл салмақта 48 боксшы өнер көрсетеді.
81 келі, Әділбек Ниязымбетов. Махаржан (Непал) –Хукканнен (Финляндия) жұбының жеңімпазымен жолығады.
Ниязымбетовтің жеребесі әдеттегідей жеңіл түсті. Гвоздик пен Мехонцов келген жоқ. Оның тобында Иванов, Беншабло бар. Ал Кубаның жаңа боксшысы екінші топта. Маңғыстаулық боксшының салмағында барлығы 40 спортшы бар.
91 келі, Антон Пинчук.Сцелло (Венгрия) – Абухамада (Марокко) жұбының жеңімпазымен шығады.
Пинчкутың тобында беларусь Корнеев (Еуропаның қола жүлдегері), ресейлік Тищенко. Тулаганов (Өзбекстан) сияқты шеберлер бар. Бастысы Олександр Усик пен Артур Бетербиев келген жоқ. Ал Клементе Руссо, Эрисланди Савон, Тимур Маммадов сияқты сайыпқырандар екінші топта. Олардың біреуі Пинчукпен тек финалда жолығуы тиіс.
+91 келі, Иван Дычко. Беганович (Черногория) – Бернат (Венгрия) жұбымен кездеседі. Ваняның тобында мына боксшылар бар: «Астана арланста» өнер көрсеткен румын Михай Нистор, әлем біріншілігінің жүлдегері, Эрик Пфайфер, сербиялық Милутин Станкович. Ал Камарелла, Хргович, Меджиов, Омаров екінші топта. Олар Иванмен тек финалда жолыға алады.
Ертең алғашқы жекпе-жектер Астана уақытымен сағат 14:00- де басталады. Бірінші болып рингке, 52 және 91 келі салмақ дәрежесінің боксшылары шығады.

3 пікір