АҚ ҚАЙЫҢДАР

Үй маңы ақ қайың ағаштарымен көмкерілген. Терезеден тамаша көрініс. Таза ауа. Қаланың шеткі ауданы болғандықтан ба? әлде айнала қоршалған ақ қайың орманынан ба тура бір ауылда жүргендей күй кешесің. Тіпті қайыңнан қайыңға әрі бері секіріп жүрген тиындарды да көріп қалуың мүмкін. Бірақ көктемнен бүршік жарып, тамырына қан жүгірген ақ қайыңдардың біразын осыдан бірер жұма бұрын түбінен арамен дырылдатып отырып кесіп тыстады. Тура араның дырылдаған дауысын емес, қайыңның көз жасын естігендей болдым. Кесетін болып шешсе, неліктен алдын ала күзде кеспейді екен осы жұрт.
Әрі қарай

Шығыс Қазақстанның солтүстігінен оңтүстігіне дейін

География пәні онша қызықтырмайтын. Бірақ, себебі табылып географияға қызыға бастадым.
Мұғалімнің сабақ үстінде климаттық белдеулер туралы тақырыпты өткенде Шығыс Қазақстанды мысалға келтіріп, ойын бірнеше рет қайталап «еске сақтаңдар» дегенде жатталып қалғаны:
— Шығыс Қазақстанда барлық бес климаттық белдеулер өтеді. Шығысында субарктикалық климат, оңтүстігінде шөлейт даланың климаты, -деп тақтада ілінген көптеген фотосуреттерге қарай сілтеме таяқшасымен меңзеп — мезеп қойғаны бар еді.
Жетінші сыныпта жаз айында үлкен ағамның арқасында Алтай тауларының қойнауында орналасқан Зырян қаласынан Зайсан көлінің жағасындағы Тұғыл кентіне дейін үш тәулікке созылған ерекше мың жарым километрге тақау жерге сапар шектім.
Әрі қарай

Кішігірім қазақша антивирустық құрал

RunLab USB Cleaner – ақпараттарды тасымалдауға және сақтауға арналған флэш карталар мен USB дискілерді компьютерлік вирустардың шабуылынан кейін қалпына келтіруді жүзеге асыратын шағын антивирустық программа (антивирусная утилита). Бұл толық функционалды антивирус емес! Тек вирустардың шабуылынан кейін флэшкадағы көрінбей қалған файлдарды бұрынғы түріне келтіреді.
Программаның интерфейсі қазақ тілінде жасалынған. Ақпараттық қауіпсіздік саласына арналған тұңғыш қазақ тіліндегі программалардың бірі болып саналады.

RunL@b USB Cleaner

RunLab USB Cleaner – қарапайым компьютерлік қолданушыларға көмек көрсету мақсатында құрастырылған. Қазіргі таңда флэш карталар арқылы тарайтын вирустардың саны да күн санап артып келеді. Осындай флэшкалар арқылы таралатын вирустар компьютерлік жүйеге ғана зиян келтіріп қоймай, флэшканың ішіндегі ақпараттарды жасырып тастау, олардың құрылымын өзгерту, тіпті кей жағдайларда жою жіберуге дейінгі іс-әрекеттерді жасайды. Ақыр соңында флэшканың иесіне айтарлықтай зиян келтіріледі.
Флэшкасының ішіндегі құжаттарын жоғалтып алып, оны қайтадан жазған немесе құнды файлдарынан айырылып қалдым деп жүйкесі тозған қолданушылар қанша ма? Міне, осындай күрделі мәселенің шешімі ретінде RunLab USB Cleaner программасы құрастырылып тегін түрде таратылуда.
Менің есімім Арманбек. Мен ақпараттық қауіпсіздік саласына арналған программа құрастырумен 4-5 жылдан бері айналысып келемін. Енді міне, өзімнің армандаған жобамды іске асырып, ауыл мектептерінің антивирустық қорғаныс жүйесін қалыпты жағдайда ұстауға ат салысып келемін.
Программа әзірге ауыл мектептерінде, ауыл тұрғындарына ғана тегін түрде таратылуда. Әзірге программа бірнеше тестілеуден (сынақтан) сәтті өтті. Дегенмен де сынақ ары қарай жалғасуда. Программаны ғаламтор арқылы таратып, қолданушылардан ұсыныстар мен программаның жұмысы туралы мағлұматтарды жинау мен үшін өте қажет болып тұр.
Ұлттық тілімізде құрастырылған, компьютердің қазақ тіліндегі қолданушыларына арналған бұл программаны халыққа таныстыруға неге болмасқа? Бұл жаңалықты жарнамалау ретінде қабылдамаңыздар. Бұл шын мәнінде нағыз айтуға тұрарлық жаңалық деп ойлаймын.
Программаны runlab.freevar.com/ сайтынан жүктеп алуға болады.
Көңіл қойып, оқығандарыңызға рахмет!
Әрі қарай

"Ерекше" видео


Жозе Моуриньоны бәріміз жақсы танимыз ғой. Таяуда ғана «Челсиге» бапкер болып барды. Мен оны 2004 жылдан бері білемін әрі оған деген құрметім де сол кезде басталған. Әрине, «Реалға» бапкер болғаны өкінішті. Дегенмен, онсыз футбол қызық емес. «Ерекше» туралы деректі фильм түсіріпті. Көрейік ендеше

Бірінші бөлім. Порту



Екінші бөлім. Челси



Үшінші бөлім. Интер



Төртінші бөлім. Реал Мадрид

Әрі қарай

Тағдыр

Біздің әрқайсысымыз осы өмірде бір жолда келеміз. Саяхатшылар әлемі бұл. Қайдан келгеніміз, қайда барарымыз жұмбақ. Бірақ шешімі қашанда көз алдыңда. Бастысы соны көре білу, түсініп бойыңа сіңіру. Оған тек уақыт керек, алдымызға сабақ болып қайта-қайта айналып, санадан өтіп — жүрекке жетеді. Ия, бұл жол төселіп алдыңда жатыр, біз өтіп кете береміз. Көппен бірге адасып, не болмаса жалғыз жүріп жол тауып, осы жолды әркім өзінше басып келеді. Барлығы еңбектеп бастап, біреулері ширақ жүріспен өтіп, енді біреулер ұшқыр жүгіріспен, бірлі-жарымы арқалап қалыпты жүріспен өтіп барады. Анаңды Меккеге үш рет алып барсаңда, қарызыңнан құтылмайсың, қандай биік сөздер. Осы жолға түсуімізге себепкер болған анамызға шексіз алғыстар. Саған анаңмен қоса бүкіл әлем әсер етеді, сол демеуді қабылдап бағыт алу өз мойныңда. Сен қайда туыларыңды таңдай алмадың, ал енді қайда барарың өз қолыңда…
Әрі қарай

Жүк түсті

1 жыл бұрын достарыммен отырғанда «Дидар мен Мұратты еске алу керек еді. Не істеуге болады?» деп әңгіме бастаған едім. Іліп әкетіп «Футболдан турнир өткізейік» деді. Құп көрдік. 2-і де сыныптастардың ішіндегі жайдары да, еңбекқорлары еді. Дидар — батырлар жырының бәрін жатқа білуші еді. Сол үшін оның атына термешілер мен жыршылар байқауын өткізбек болдық. Алайда, шенеуніксымақтар пайда тапқысы келіп, ұйымдастыруға ақша сұрайды ғой баяғы. Содан шамамызға қарап футболды ғана өткізбек болдық. Осы демалыстарда өткен шарадан фотобаян. Бағалай отырыңыздар. (Фотоаппарат әуесқой)
Достар
Осылай басталды
Айдос
Ұйымдастырған осы досым.



Құран оқытып, ниет қылдық

Достарымыздың келіншектеріне рахмет. Зыр қағып қызмет көрсетті







Ойындар осылай өтті

Аманкелді орта мектебі — жеңімпаз

Медальді тексеріп көріп жатыр

Чемпиондармен суретке түстік

Суретке түсірген осы бала. Көрсеңдер бетіне түкіре жүріңдер)))
Әрі қарай