Кішігірім қазақша антивирустық құрал

RunLab USB Cleaner – ақпараттарды тасымалдауға және сақтауға арналған флэш карталар мен USB дискілерді компьютерлік вирустардың шабуылынан кейін қалпына келтіруді жүзеге асыратын шағын антивирустық программа (антивирусная утилита). Бұл толық функционалды антивирус емес! Тек вирустардың шабуылынан кейін флэшкадағы көрінбей қалған файлдарды бұрынғы түріне келтіреді.
Программаның интерфейсі қазақ тілінде жасалынған. Ақпараттық қауіпсіздік саласына арналған тұңғыш қазақ тіліндегі программалардың бірі болып саналады.

RunL@b USB Cleaner

RunLab USB Cleaner – қарапайым компьютерлік қолданушыларға көмек көрсету мақсатында құрастырылған. Қазіргі таңда флэш карталар арқылы тарайтын вирустардың саны да күн санап артып келеді. Осындай флэшкалар арқылы таралатын вирустар компьютерлік жүйеге ғана зиян келтіріп қоймай, флэшканың ішіндегі ақпараттарды жасырып тастау, олардың құрылымын өзгерту, тіпті кей жағдайларда жою жіберуге дейінгі іс-әрекеттерді жасайды. Ақыр соңында флэшканың иесіне айтарлықтай зиян келтіріледі.
Флэшкасының ішіндегі құжаттарын жоғалтып алып, оны қайтадан жазған немесе құнды файлдарынан айырылып қалдым деп жүйкесі тозған қолданушылар қанша ма? Міне, осындай күрделі мәселенің шешімі ретінде RunLab USB Cleaner программасы құрастырылып тегін түрде таратылуда.
Менің есімім Арманбек. Мен ақпараттық қауіпсіздік саласына арналған программа құрастырумен 4-5 жылдан бері айналысып келемін. Енді міне, өзімнің армандаған жобамды іске асырып, ауыл мектептерінің антивирустық қорғаныс жүйесін қалыпты жағдайда ұстауға ат салысып келемін.
Программа әзірге ауыл мектептерінде, ауыл тұрғындарына ғана тегін түрде таратылуда. Әзірге программа бірнеше тестілеуден (сынақтан) сәтті өтті. Дегенмен де сынақ ары қарай жалғасуда. Программаны ғаламтор арқылы таратып, қолданушылардан ұсыныстар мен программаның жұмысы туралы мағлұматтарды жинау мен үшін өте қажет болып тұр.
Ұлттық тілімізде құрастырылған, компьютердің қазақ тіліндегі қолданушыларына арналған бұл программаны халыққа таныстыруға неге болмасқа? Бұл жаңалықты жарнамалау ретінде қабылдамаңыздар. Бұл шын мәнінде нағыз айтуға тұрарлық жаңалық деп ойлаймын.
Программаны runlab.freevar.com/ сайтынан жүктеп алуға болады.
Көңіл қойып, оқығандарыңызға рахмет!
Бөлісу:

3 пікір

satibaldi
Қайғы эникейші ФоксКз деген мұңлы хеллоууорлдшы бар осында, соған хабарлас нақ
Бұл шын мәнінде нағыз айтуға тұрарлық жаңалық деп ойлаймын.
Құсық нақ
Соңғы түзету:
F0x_kz
мұңлы хеллоууорлдшы

жемеш.
satibaldi
Поэзияға кетіңдер екеуің де, лібәдтар
Соңғы түзету: