Ту деген не?

Ассалаумағалейкүм Қазақ елі!
Бүгін мейрам. Бүгін ұлттық рәміздер күні. Осы атаулы мерекемен құттықтай отырып, өзімнің өнердегі ұстазым, бауырым, досым Олжас Қасымның Ту деген не атты өлеңін ұсынбақпын.

Ту деген не?

Бала болдым мән іздеген өмірден,
Қайран жүрек ол кездері не білген?
«Ту деген не?» деп сұрадым әкемнен,
Дәл сол жылы тоғыз жаста едім мен.
Жанарынан сырғытқандай сәл мұңды,
Көңілінде өткен уақыт жаңғырды.
«Көбі туды шүберек деп ойлайды,
Ту дегенің тарих»,- деді тағдырлы.
Жүрегімде жүйткігендей бір ағын,
Әзір тұрды тағы менің сұрағым.
Қиялыма ерік беріп бірауық,
«Туды кімдер жасайды?» деп сұрадым.
Әкем сонда бала сынды шаттанып,
Айтқан еді құпиясын ақтарып,
«Ар мен төрден табылатын бұл туды,
Қан мен терден жасадық»,- деп шаттанып.
Мына жауап жігер беріп жаныма,
Тәубе етумен өз елімнің барына.
«Туды кімдер ұстайды?» деп тосыннан,
Әкешіме сауал қойдым тағы да.
«Балам менің деді әкешім бері қара,
Алдыңда бар айналайын жол дара,
Ұстамайды кез-келгені бұл туды,
Туды ұстайды рухы биік ел ғана».
Қарсы алдымнан шақырғандай бір міндет,
Байрағыма көз тоқтатып тұрдым көп.
Сәлден кейін мазалады әкемді,
Неге тудың көк болғанын білгім кеп.
Ардақты әкем сөзін толғап дастандай,
Еңсе тіктеп, тұрды алдымда асқардай.
«Көк ту сенің көк аспаның емес пе?
Сен де биік болғын!»,- деді аспандай.
Осы сөзбен келешекке талпындым,
Шақырады арманыма жарқын күн.
Жоғалмайтын жыры болам ұлтымның,
Ту көтерер ұлы болам халқымның!!!
Әрі қарай

Мафия ойыны

Мафия ойыны жүріп жатыр.
Ойындағы сүйікті персонаж «зорлаушы». Зорлаушы оянады.
— Нәрмәлній біреуін зорласай…
— Зорлаушы, зорлаушы кімді зорлаймыз?
— Давай, «Сабонисті» тағы да.
Бір қыз; «Рахат ия, зорлаушыға»
Қала ұйқыдан тұрады, бірақ екі адамсыз оянды…
Әрі қарай

«оралман» болма, хан аманатын ұмытпа.

munda birew oramlandar jayli bilay dep jazipti, oralman bolma depti kitay kazakhtarin, bul kalay…
kelu kaynari:
www.elarna.com/oku_kk.php?tur=11&id=111

Нақты қайнарын мына арадан басып коріңіз:

Қосымша қайнары: www.elarna.com/oku_kk.php?tur=11&id=111
Тоте жазу нұсқасы:http://www.elarna.com/oku.php?tur=11&id=111

توتە جازۋ نۇسقاسى: www.elarna.com/oku.php?tur=11&id=111

Мақала жолдаушы: Белгібәй
Мақала апторы: Белгібәй
Аптордың мекен-жайі: Үрімжі

Қазыр қайда барсаң «қазақстанға кетем, ойбай кетем, деисіңдер», бұл не айғай? айғай деген сөз артық кеткен шығар, алайда сендер бір нәрсені ұмытып барасыңдар, үлкен аманатты, үлкен неше ғасырлық тапсырысты ұмытып барасыңдар, ол не тапсырыс? онда осы мәселеге көбірек көңіл бөліп, оны ой елегінен өтікізіп, саралауды ұсынамын.

жа, сөзі қысқартып, оны айтпас бұрын, әйгілі ханымыздың бірі абылайдан сөз қозғайық.
бар қазаққа бір мәлім іс мынау еді, сонау 16-18 ғасырдағы замандарда жан жағындағы беибіт халыққа тынштық бермеи қанға бояған тажауыздығы шектен асқан және қазақты құрту сынды арам ниетте болған, бұддистықты мемлекет діні еткен жұңғар атты үкімет болған-ды. осы құтырынған жұңғарларды мәнжүрләрмен қазақтар оң-солдан қспақтап құртуы салдарынан және қалған жұңғарларға аяқ астынан тараған оба сынды ауырудың тарауы салдарынан сонау қәзіргі құмылдан тартып қәзіргі құлжаға деингі іле-тарбағатай алтайды қамтыған үлкен терөтөря адамы жоқ иенге айналған еді. ресіми деректер аузын айға білеп өзінеше «быр кісдеи» болған жұңғар халқының 50-60% бөлімі қазақ хандығы мен мәнжулердің қолынан жер жастанса, қалған 40% халқы оба ауыруынан түгелдеи апат болғанын алға тартады, шында осы төңіректе еді.

жұңғарды жойғасын, ие далаға қазақ-манжұр үкіметінің өзәрә тартысы басталады. ал иен-дала тарихынан қысқаша дерек бере кетеиін.
ал ол иен даланың барлығы кезінде шыңғысханның баласы шағатай иелігінде, одан оның хан ұрпақтарына моғұлстан елі болып қайта түлеген-ды, алайда шығстан ауған ынтымақты келген ойрат тайпалары өзәрә сұлтан-сұлтан, кеніт-кеніт, бек-бек болып бір бірімен мыңдық болып соғсып жатқан шыңғысхан тұқымды түрік сұлтандарының алауыздығынан пайдаланып, сұлтандарды, кеніт-бектіктерді бөлектеп қырып салады, ықпалды, аруқты келген хан сұлтандарының қайта көтерілуінен қорқып, бүліктен сақтану үшін барлық шыңғысхан тұқымды түрік сүлтәндәрінәр қала, әр кеніттен теріп жинап, ұрпақтарына деиін қырып, шыңғысхан тұқымынан адам қалдырмайды, елді бас-сұлтансыз, ұйтқысыз қалдырады, ал шыңғсхан текті сұлтандардан қалған белгі бар болғаны осы күндегі іледегі хан-сұлтан мазар орындары ғана қалады. қәзіргі кезде жұңғар ойпаты атанған далада жоңғарлар тек өздері ғана болса, оңтұстың моғолыстанда тек сол заманда моғолстан сарыттары атанған бұл күнгі өңтүстік райондағы түрік тектес, түрік тілдес отырықшы сауда-егіншілікпен шұғылданған халықтар ғана қалады, жұңғар оларға адам жіберіп оларды алыстан басқарады. жеті суға деингі моғұлстан елін түгелдеи жұңғарлар иелігіне алады, даланы алғасын, тыныш отырмай, қәзіргі қазақ-өзбек (қазақ-өзбек хандарыда барлығы шыңғысханның жошысынан тараған түрік текті хандар) даласына көз салып, оларғада жылдап-жылдап соғыс салып тонап тұрады, ол уақыттағы орта азядағы қазақ-өзбек хандарының жағдайларыда тым мәз емес еді, оларда сұлтан-сұлтан, кеніт-кеніт, қала-қала болып, өзәрә қырқыста еді, ынтымақсыз қырқстарынан пайдаланған ойрат-қалмақтар олардың талай жерін басып, батсқа едәуір сырғытып, отырған ата мекендерінен жылжып жібереді, ал батыста дәл жұңғарша қазақ даласына көз салып отырған орыстарда бар еді, оларда қазақты әлсірету үшін жұңғарға озық қару-жарақтан көптеп көмек беріп отырады, мақсаты арадан пайда табу еді.
осынау ынтымақсыз жағдайдың алдын ала білген абылай аз уақытта қазақ халқына ес жидырып, сұлтандар, қала-кеніттер басын қосып, қысқа уақытта өз саясатын ұстанып үлгіреді. соңын ала данада, батыр, сәясәткер абылайханның башылығында, манжу-қазақ одағы орынсыз құтырынған жұңғарды жермен жексен етеді, әрі қазаққа бірліктің қандай қүдіретті болатындығыныңда дәмін таттырып үлгіртеді, ғибырат-үлгі етіп, «төртеу түгел болса, төбедегіні келтіреді», қалған жағдай жоғарыдада айтылды.
енді осы мақала өзегіне қайта оралсақ. иен қалған далаға қазақ-манжұр таласы басталды. бәріде бір-бірінен айласын, күшін асырмаққа арбасты, осы ие даладан әр қалай себептерімен өз үлесін алып қалуға тырысты. манжур үкіметі менікі деиін десе онда тұрақты халқы жоқ, жұңғар түгелдеи жойылған, өздері шығстан келген жұңғарды жойып тартып алған келімсек екеніде белгілі, ал қазақ хәлқінікі болса қисынды, дұрыс себептер еді, олар сол аумақтан кезінде жұңғар екпінмен батсқа ауған еді, ол жағдайдан бұрында ағайнды хан шңғыс балалары жошы-шағатай тұқымды хан-сұлтандардың төскеиде малы, төсекте басы қосылып, халқтары айқасып ауып-көшіп жүре беретін заман еді, барлығыда көшпенді түркі тайпал� ры мен сарт атанған аралас түркі халық отырықшылары еді.
тылы бөлек, діні бұддис халқтар жоқ-тын. ал қазыр шығстан келген манжұр үкіметіде оңай халық еместі, армясы күшті, саны көп, бірлікті халық болатын, оларда миың-чиң патшалығы болып кезіндегі бесбәліқ (беижиің) дағы шыңғысхан текті хан тұқымдарын өлтіріп, тұқымын құртып болған еді.
ынтымақсыздығынан әбден тозып, ес жиып босап бара жатқан елдікті қайта бір мәрте нықтай ұстап тұрған абылайхан башылығындағы қазақ халқы мәнжүләрмен осы «жұңғар-қалмақтан қалған» дала үшін тағы мәрте айқасу, қанға бөгісу оңай тимеитіні анық, онсызда батыс жақтан еурөпәнің техникәсін озық оқ-жарақ жасау, адам қыру техникәсін түрік тектілерден заман бұрын үйреніп келген көзі көк, батыстың қәруімен қаруланған орыстарда еурөпәлқтәрғә еліктеп әқсүйексініп анталап, қәйтсем қазақты құртам деп басы қатып тұрған еді.
ал енді абылай не істеу керек? тек көз алдағысы барлық айла-тәсілмен беибіт, деплөмәтиліқ түрде манжу үкіметімен талас басталды, дала иен, онсызда бұрындар қазақ тайпаларының өніп-өскен бағзыда, байырғы ата мекені, әлдімен әртүрлі әдістермен сол өңірлерге жер-жәйлім жетіспеи жатыр деген сәясәтпен (шынында солай еді), бір бөлім қазақ тайпаларын қәзірге іле-тарбағатай-алтай сынды қазақ тайпаларының байырғы өңірлеріне «қуғындайды», ал манжоу үкіметіде қарап қалмай сонан ішкі манжоұрядан сбе-солаңдарды, тұнғандарды ең шұрайлы өлке жетісу оңырының бір ұшы іле өңіріне жарыса орналастыра бастайды, бұл талас әбіләймен жерге талас еді, қәзәқтәрмен осы халықтар алғашында қақтығысыпта тұрады, қазақ ру-тайпаларының ол жерді иелеп алуынан сақтану еді, қазақтардың бәйіргі әтәмекенін бермеи қалу жолындағы күрестері еді, манжоу үкіметі өзіне түгелдеи адал түрде бағыншты болған қәзіргі қашқар, хотан, тұрпан секілді шаһарлардан халықтарды зорлап айдап әкеліп ілеге орналастыра бастайды, бұл тағы бір талас ұшы, ал қазақтарда қарап қалмай, алтай, тарбағатай сынды бос жатқан жерлерге еш қыиндықсыз кіріп кетеді, себебі онда аздаған қалмақ болмаса еш кедергі жоқ еді, ал ең күрделіде, ұзақ уақыттық күрес шұрайлы-құтты іле сынды бұрынғы шағатай хандарынан бергі бар хандардың орталығы болған істрәгетяліқ орны аса маңызды ата-бабаларының ежелгі мекеніне оралу барысы болды, себебі онда қалдық қәлмәқтәрмен манжушыл торғауыттарда бар еді, үкімет күшіде сонда тұратын, алайда абылайдан қалған саясат-міндет, өсиетнәмәсін ұмытпаған қазақ руларыда ақырындап ілеге лек-лек болып келіп, іленің саны ең көп, едәуір күшке ие халықына айналады, әрі құтты ата-мекендеріне қайта ғасыр аттап келіп қайта қоныстанып өсімен абылайдың өсиеті ең соңында, араға 100 неше жыл салып іске асады, соңғы көші 19-ғасырдың соңдарында аяқтайды. ондағы бұрын жұңғар-манжу үкіметтері жағынан күштеп батыс оңырдың оңтұстың қала-кеніттерінен (қашқар, хотан, т.б) ертеректе әкелінген ежелгі түркі тілдес халық (сарыттар (қәзіргі ұйғыр), сарт-отырықшы, сәудәгер түрік халықтардың бұрынғы атауы. р.д) «тараншы (егінші) » атанады.

ақыры абылайханнан өсиет етілген іле-тарбағатай-алтай сынды шұрайлы ата-мекенге қайта оралу тарихымызды ғасыр алдында ғана орындап шықтық, осында бәлен ғасыр болды, өніп өстік, енді, қайта қолға алған мекенді және қолдап тастап қайта кету деген абылай ханның бізге аманаттап-шегелеп кеткен өсиетіне сяма, сол өсиет-аманаттан аттау емеспә? ал берісі туған ата-мекенді уақыттық қиншылыққа бола тастау деген не іс, сірә, не қиыншылық бар, еш қиыншылық жоқ қой? байырғы қайта алған мекеннің гүлденіп, онда халқымыздың мәдениет, ғұрпы, дін-тыл-ділдерін жалғасы ұстанып, қазақ халқымыздың сапалы санын көбеитуге құлшынайық. ата-мекенді гүлдендіреиік! тату-татты болайық. хан аманатын сақтап отырайық, аманаттың берері мол, артында үлкен бақыт бар. қазақтың батысы орынбор-астырахан жәйләсә шығысы сіздер едіңіздер, қазақстанның оралмандарға уизаларын қыиндатып отыру істері осы абылайхан саясаты мен аманатына саятынын да, олардың хан аманатын орындап жүргенінінде бле жүр, түсіне біл, бәріміз де туған ел, өскен мекеннің бір керпіші болып, халық үшін жұмыс істеуге ұмтылайық, рух-жігер, ұрпақ аман болса, сөнбек емессің, хан аманатын үзілмес, бақыт арқанына, бір кезеңге жалғап кетулеріңізге тілектеспін, хан аманатын ұмытпайық, заман-тарих өзгерсе, оған кім де болса өкпе арта алмас, құдай бақытты күндерге жазссын.

белгібәй

كەلۋ قاينارى: www.elarna.com/oku.php?tur=11&id=111
Әрі қарай

Алматы және кубик рубик

Бастапқы постымда айтқан оқу орным ойымдағыдай білім бере бастады. Ойлаған жұмыс орныма да түсем деген сенімім нығайды. Дәл бір ай үлкен қызығушылықпен кубик рубикті бір жарым минутта жинай алатын болдым. «Алынбайтын қамалдай» көруші едім. Кубик рубикті тек басы мықты жасайтындар ғана жинай алады деп ойлайтын жандарға: Ютюбтан «Александр Рябко кубик» деп іздеу салсаңдар, оның жеті сабақтан тұратын түсіндірме видеолары ашылады. Өте оңай әрі толыққанды түсіндірілген. Мен сол арқылы үйрендім, әрине ол ұзақтау «прослойный метод». Оны жетік меңгерген соң Джессика Фридрих әдісін меңгерсеңіз, кубикті отыз секундта жинай алатындай дәрежеге жетуге болады.
Негізі әлемдік рекорд шамамен алты секундты құрайды. Ең жақсысы, осы видеолар арқылы үйрену тек қара дүрсін алгоритмдерді жаттау емес, логикалық түрде өз басыңызбен де жинауға мүмкіндіктер ашатын жол.
Менің қазір оқып жатқан сабағым ұйымдағы (компания, фирма) қатынастар, жұмысшыларды мотивациялау жалпы HR саласының негіздері. Бұрын ойлаушы едім, бұлар батыстың құдайға қажеті жоқ мамандықтары, псевдобілімдері деп. Ойымнан айни бастадым. Ғылым мен психология сүйенген пайдасы мен маңызы бар сала, білім, тіпті ғылым деп айта аламын.
Сосын мындағы тарихты жетік білетін керекинфошылармен Орбұлақ шайқасы туралы әңгімелесейікші. Қызықты фактілер, Салқам Жәңгір туралы тың информацияларың бар болса бөлісейік. Бірге армандайық, қалай оны фильм етіп түсіретінімізді.
Әрі қарай

Шайтан бар ма?

Бір жиында отырмыз. Шариғат туралы әңгіме жүріп жатыр. Арасында әзілі де аралас:
«Білім алып жүрген бір шәкірт „Осы бұрын пайғамбарларға шайтан көрініпті, шайтан үйтіпті деген мәліметтерді көп оқимыз. Қазір шайтан туралы айтылмайды. Неге?“ деп ұстазына сауал беріпті.
Ұстазы: — Қазір шайтан жоқ. Барлығы ақысыз демалысқа шығып кеткен. Шайтанның тірлігін адамдар жасап, оларға жұмыс қалмады!» анекдотқа бергісіз әңгімені айтып бір күлдіріп алды.
Жалпы шайтан Дәуіт пайғамбарға көрінген екен. Сонда екеуи сұқбаттасып, шайтан барлық адамдардың нәпсілерін тауып, әлсіз тұстарын атап көрсетіп жатыр екен. Дәуіт пайғамбар өзінің нәпсісін сұрағанда, айтыпты «сенің нәпсің қарның тоқтықта, қарның тойса ойланбайсың» деп жауап қатыпты. Соны естіген Дәуіт пайғамбар өмір бойы шайтанмен күресіп, бір күн ораза, бір күн ас ішіп өткен екен. Ең асыл ораза Дәуіт пайғамбардың ұстаған оразасы деп осыдан қалған екен.
Көптеген қызықты мәліметтер айтылды. Тыңдап отырып, рухани ізденіске жол ашылғандай әсер қалдырды. Вирус — шайтан, антивирус — иман деп қазіргі заманғы ұғынықты тілмен тамаша теңеп түсіндіре білді.
Әрі қарай

Тағдыр тауқыметі

Жұмыс бабымен іс сапарға аз да болса шығып тұрамыз. Сапар барысында түрлі көріністердің куәсі боламыз, қызықты оқиғаларға кездесіп жатамыз. Кешегі күні барған іс-сапармыздың маңызы ерекше болатын. Сондықтан да, жолға біршама дайындықпен аттандық.

Жол-жөнекей әңгіме дүкен құрып отырып, бет алған орнымызға (жабық мекеме) түскі астың уақытында келіп жеттік. Келген беттегі көріністер. Ішке кіруге өтініш қабылдайтын тар есіктің алдында кезек күтіп отырған азаматтар. Бірінің анасы, әпкесі, қарындасы, ағайыны, туысы, ағасы, інісі арасында ақ жаулықты әжелеріміз, қарттарымыз да бар. "Іштен шыққан шұбар жылан" деп, қоғамға қауіпті сотталғандардың артынан іздеп келіп отырған беттері. Сырттай қарағанда аянышты. Жұмысын тастап, үйдің қым-қуат бітпейтін шаруасына қарамастан, ұзақ жол жүріп келіп отырғандары, не қоғамға берері жоқ, отбасында да қарабет болып, мемлекетке қаншама шығын (ТМ сотталған бір азаматқа күніне 3500 теңге шығын кетеді екен) әкеліп отырған адамдар. Қоғамда болып жатқан түрлі жантүршігерлік оқиғаларды естіп, жаңалықтардан көріп жатасың. «Алла сақтасын» деп жағаңды ұстайсың ол кезде. Бірақ, сол қылмысты істеп жатқан адамдар да анадан жаратылған, бір отбасының мүшелері. Бірақ, оны қалай адам қатарына жатқызасың. Айуан екеш айуанда өз баласын өлімнен қорғай жанұшыра айқасады. Бірақ, бұл жерде мүлдем басқа жағдай орын алып жатқан жоқ па? Адамшылыққа тән емес әрекет жасайды, оның азабын өзгелер тартады. «Жақсы ит өлігін көрсетпейді» дейді қазақта. Жақсы ит құрлы қадірі қалмады емес па онда, Анасын әлекке түсіріп, артынан келтіріп, оны қанша уайым-қайғыға қалдырып жатса…

Есік алдында кіріп-шығып жатқанда болған жағдайлар. «Соңғы тиынымды санап келіп отырмын»- деп әйелі сөйлеп жатыр. Сонда, азын-аулық тапқан табысын (мына заманда жұмыс істеп, қаражат тауып көр) бала-шағасының аузынан жырып, өздерінен жырақ отырған адамға бару үшін жұмсап отыр. Одан не пайда? Ол сөзді естігенше өлгені артық емес па? Тірі өлік дей ма мұндайды.

Қарт әжені көзім шалды. Мейірім мен мұңға толы қарт жанар… Ненің азабы дерсің. Бірақ, тоғыз, тоғыз күн көтеріп, жарық дүниеге әкелген перзентін, көзі тірісінде қайда қияды. Сол әже ұлын дүниеге әкелгенде осындай болсын деп ойлады дейсіз бе? Мүмкін, жаңылды, қателік болды, тағдыр солай жазды, мүмкін жала жабылып кетті деп ойларсыз. Бірақ, оның темір тордың ар жағында отыруы факт емес па? Мейлі ол қандай жақсы азамат болсын бостандықта. «Балам, түрің не болып кеткен, әбіржіп. Шығам дегенше, ретке келші, айналайын» деп айтқан сөзін естігенде, жүрегіммен езіліп кеттім. Ана көңілі шіркін пәк қой. Неге, сонда, үлкен басымен, жаман әрекетке барар кезде, ең болмаса Анасын ойламайды екен. Сонда, шыныменде тасжүрек, қатыгез болғаны ма?

PS. қысқа көзбен көріп, білгенім осы. Онда әңгімелесіп отырып, естіген сұмдықтарды айта беруге ауыз бармайды. Жап-жас, мектепті бітіргеніне жыл толмаған жігіттер бірнеше жылды мойындарына іліп, кетіп жатыр. Сонда бесіктен белі шықпай жатып не көрді дерсің. Обал-ақ. Егер, аяғыңды шалыс бассаң, ешкім кешірмесі анық. Сондықтан да, осы жүрген бейбіт де еркін күнімізге шүкіршілік жасауымыз керек.
Әрі қарай

Аш таразы

Бүгін не істедім. Ауылда 4 күн демалысымды өткізіп, қалаға қайттым. Қайтып келе жатып жолда маршрут дизель майын құйды. Май құятын орында мен мұндалап тұрған жарнама баннері еріксіз өзіне қаратады. Көзіңе баттиып тұрған мына жазуға жымимасқа амал жоқ.
Акцияға қатысқыңыз келсе, Шымкенттен Арысқа қайтатын жолда Обручевка деген ауыл бар. Сол жерден май құйсаңыз, сізге еденица құйып береді.
Екіншісі АШТАРАЗЫ.

Басында шаштараз болған. Қазір аш таразы. Клиент жоқ, сосын аш. Есігі жабық. Клиент жоқ, қарын аш, басқа жұмыс іздеп кетті шаштаразы или шымкентке келіп, бір шаштаразды арендаға алды. Ощм, бүгін реалда көргенім осы.
Әрі қарай

Мендегі бір бастама: "CӨЗ.KZ" әлеуметтік жобасы.

СӨЗ.KZ жобасы — бұл ұлы ойшылдардың, данышпандардың, Аллаһ (Субаһанаһу уә Тағалә) пен оның Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) даналыққа толған асыл да көркем сөздерін әлеуметтік желілерде әдемі суреттермен таратып, мотивация жасау. Жастардың ойына ой қосып, оларды даналыққа жетелеу

СУРЕТТЕРДІ ДОСТАРЫҢЫЗБЕН БӨЛІСІП, ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕРДЕ ТАРАТУЫҢЫЗ СҰРАЛАДЫ.

Әсіресе басты өтініш: ВК-да отыратындар болса топқа тіркеліңіздерші. Әйтпесе адам слыйшком ап-аз(
Әрі қарай

Lazarus-та Цезарь жасаймыз!!!



Хуиметсіздер ме, херметті ламер ағайын мен пақыр апайын!

F0x_kz деген шуақ бастаған дәстүрді үзбей, өз хезегімде Lazarus — арқылы қалайша Цезарь жасауға болатынын әңгімелеп берсем деймін. Себебі, F0x_kz -тің біржақтылығының кесірінен, Бруттың есімі есте қалып, ал сөзге шешеңңдігінің арқасында Клеопатра сынды сұлуды басжіверген Цезарьдің аты өшкелі тұрған сияқты.
Әлсага, Цезарь амигоның қанатты сөздердің бұлағы екені кейбірімізге тарихтан белгілі. Ендеше,
Әрі қарай