Әлемдегі ең қысқа.....
Дүниедегі ең қысқа әңгімелер
(Бұл әңгіме Англияның «Бүгіннің айнасы» газеті өткізген «Үш сөздік әңгіме» байқауында жүлде алған).
Ағылшын тілінде: God is diyng.
Мағынасы: Құдай өлейін деді.
Дүниедегі ең қысқа өтірік әңгіме:
Көшеде кетіп бара жатқан қасқыр қарны қатты ашқан соң өзін жеп қойыпты.
Дүниедегі ең қысқа философиялық әңгіме;
Ол өлді, кезінде өмір сүргені хақ
Әлемдегі ең қысқа қорқынышты әңгіме:
Шошып оянған ол жанында өзінің мүрдесі жатқанын көрді
Ғаламдағы ең қысқа мысал әңгіме:
Құмырысқа зорығып өлді, құмырсқа патшасы (аналық құмырысқа) әлі семіз.
Дүниедегі ең қысқа фантастикалық әңгіме:
Дүниедегі ең соңғы адам үйінде отыр еді, кенет есік қоңырауы шылдыр етті.
Дүниедегі ең қысқа шабыт беретін әңгіме:
Әлгі аяғы шіріген ит ақырында Америка президенті болды.
«Әр шалғайдан»(қытайша) журналының 2007 жылғы сандарынан аударған «Күлтегін» сайтының мүшесі — Қ.Қ.САНА
Әлемдегі ең қысқа әліпби
Әлемдегі ең қысқа әліпби он екі-ақ әріптен тұрады. Ол – Бугенвиль аралының тұрғындары өзара сөйлесетін Ротокас тілі. Он екі әріптен тұратын алфавиттің бес дауысты және жеті дауыссыз дыбысы бар. олар мынадай тәртіппен орналасқан:
A, E, G, I, K, O, P, R, S, T, U, V.
Бразилиядағы Пираха тіліндегі әріптер бұдан да аз. Алайда, бұл тілдің жазбаша нұсқасы жоқ. Яғни, тайпа адамдары жазу қолданбайды. Сондықтан Ротокас әлемдегі ең қысқа әліпби мәртебесіне ие болып отыр.
Ең қызығы, Пираха тілінде сандық ұғым жоқ. Олар санау кезінде тек «бірнеше» және «көп» деген сөздерді қолданады екен. Сондай-ақ, бұл тілде сөйлейтін тайпа өкілдерінде түсті анықтайтын сөздер де кездеспейді.
Дереккөздер
№1
№2
3 пікір