Тағдыр тауқыметі

Жұмыс бабымен іс сапарға аз да болса шығып тұрамыз. Сапар барысында түрлі көріністердің куәсі боламыз, қызықты оқиғаларға кездесіп жатамыз. Кешегі күні барған іс-сапармыздың маңызы ерекше болатын. Сондықтан да, жолға біршама дайындықпен аттандық.

Жол-жөнекей әңгіме дүкен құрып отырып, бет алған орнымызға (жабық мекеме) түскі астың уақытында келіп жеттік. Келген беттегі көріністер. Ішке кіруге өтініш қабылдайтын тар есіктің алдында кезек күтіп отырған азаматтар. Бірінің анасы, әпкесі, қарындасы, ағайыны, туысы, ағасы, інісі арасында ақ жаулықты әжелеріміз, қарттарымыз да бар. "Іштен шыққан шұбар жылан" деп, қоғамға қауіпті сотталғандардың артынан іздеп келіп отырған беттері. Сырттай қарағанда аянышты. Жұмысын тастап, үйдің қым-қуат бітпейтін шаруасына қарамастан, ұзақ жол жүріп келіп отырғандары, не қоғамға берері жоқ, отбасында да қарабет болып, мемлекетке қаншама шығын (ТМ сотталған бір азаматқа күніне 3500 теңге шығын кетеді екен) әкеліп отырған адамдар. Қоғамда болып жатқан түрлі жантүршігерлік оқиғаларды естіп, жаңалықтардан көріп жатасың. «Алла сақтасын» деп жағаңды ұстайсың ол кезде. Бірақ, сол қылмысты істеп жатқан адамдар да анадан жаратылған, бір отбасының мүшелері. Бірақ, оны қалай адам қатарына жатқызасың. Айуан екеш айуанда өз баласын өлімнен қорғай жанұшыра айқасады. Бірақ, бұл жерде мүлдем басқа жағдай орын алып жатқан жоқ па? Адамшылыққа тән емес әрекет жасайды, оның азабын өзгелер тартады. «Жақсы ит өлігін көрсетпейді» дейді қазақта. Жақсы ит құрлы қадірі қалмады емес па онда, Анасын әлекке түсіріп, артынан келтіріп, оны қанша уайым-қайғыға қалдырып жатса…

Есік алдында кіріп-шығып жатқанда болған жағдайлар. «Соңғы тиынымды санап келіп отырмын»- деп әйелі сөйлеп жатыр. Сонда, азын-аулық тапқан табысын (мына заманда жұмыс істеп, қаражат тауып көр) бала-шағасының аузынан жырып, өздерінен жырақ отырған адамға бару үшін жұмсап отыр. Одан не пайда? Ол сөзді естігенше өлгені артық емес па? Тірі өлік дей ма мұндайды.

Қарт әжені көзім шалды. Мейірім мен мұңға толы қарт жанар… Ненің азабы дерсің. Бірақ, тоғыз, тоғыз күн көтеріп, жарық дүниеге әкелген перзентін, көзі тірісінде қайда қияды. Сол әже ұлын дүниеге әкелгенде осындай болсын деп ойлады дейсіз бе? Мүмкін, жаңылды, қателік болды, тағдыр солай жазды, мүмкін жала жабылып кетті деп ойларсыз. Бірақ, оның темір тордың ар жағында отыруы факт емес па? Мейлі ол қандай жақсы азамат болсын бостандықта. «Балам, түрің не болып кеткен, әбіржіп. Шығам дегенше, ретке келші, айналайын» деп айтқан сөзін естігенде, жүрегіммен езіліп кеттім. Ана көңілі шіркін пәк қой. Неге, сонда, үлкен басымен, жаман әрекетке барар кезде, ең болмаса Анасын ойламайды екен. Сонда, шыныменде тасжүрек, қатыгез болғаны ма?

PS. қысқа көзбен көріп, білгенім осы. Онда әңгімелесіп отырып, естіген сұмдықтарды айта беруге ауыз бармайды. Жап-жас, мектепті бітіргеніне жыл толмаған жігіттер бірнеше жылды мойындарына іліп, кетіп жатыр. Сонда бесіктен белі шықпай жатып не көрді дерсің. Обал-ақ. Егер, аяғыңды шалыс бассаң, ешкім кешірмесі анық. Сондықтан да, осы жүрген бейбіт де еркін күнімізге шүкіршілік жасауымыз керек.
Бөлісу:

3 пікір

satibaldi
қысқа көзбен көріп, білгенім осы
«Оптикалық әдебиет» деген жаңа ілімнің идеясы кеп кетті…
temir1986
Әй соларың сол жақьа жатқанына риза да сияқты. Менің бір танысымның інісі жатыр. мындағы тірлік рахат дейтін көрінеді.