Бабалар аманатын ақтайық

Қиын-қыстау заманда болашақ ұрпақтары үшін жан алып жан берген,қабырғасы қайысып, елім, жерім деп жүректері сыздап,қайткенде де болашақ ұрпақтарына еншісін беруді парыз көрген бабалар аруағына алғысымыз шексіз. Байтақ жерімізде мекен еткен кең пейіл, жомарат, текті халқымыздың жұдырықтай жұмылып бабалар аруағына жоқтан бар жасап, айына бір игілікті іс-шара жасап ризашылықтарын алу. Өскелең ұрпақ алдындағы парызымызды жүзеге асыру кез-келген қазақстандықтың міндеті.Қасқағым сәтте 30ға,50ге,70ке келіппіз.Жалғанды қанша қимасақта, жасымыз ұлғайған сайын уақытша тіршілік иесі екеніміз айқын.Қамшының сабындай өмірде, бабалар аруағының ризашылығын алу, ертеңіміздің мақтанышы болу, бірлігіміз жарасқан ел болуымызға үлес қосу киелі қазақ жеріндегі әр-бір азамттың міндеті немесе арманы.Ең басты иманды, білімді, ел сүйгіш ұрпақ тәрбиелеу арқылы кез-клген дерт,өзекті мәселеден арыламыз.Әр адамның қалауы бойынша жалақымыздан айына 5-10 тенге аралығында зейнет ақы қорына тәрізді айлықтан бабалар аруағына деп бағыштап бір жерге жиналса.Біздер қалтамыздан қосқан 5-10 тенге, теңізден бір тамшы су алғандай ғана қалтамызға әсер тигізеді.Жылдап 10 тенгеден жинап, елді былай қойайын ағайын-туысқан түгілі қарақан басыма 18 жасымнан-70жасыма дейінгі аралықта яғни 52 жыл жинаған қорым 6240тг болады екен. Осы ақшаны салмаққа түспейтіндей етіп 5-10тг ден сауап іске жұмсасам.10тенге мен кімге-кім қол ұшын бере алады? Есесіне біріксек айына милиондаған халықтың ақшасы еселеніп әжептеуір қомақты қаржы болар еді.Жиналған қаржыны тәрбиелік мәні бар мультфильм, ертегілер немесе балалар мен қартар үйіне, кемтар, мүгедек жандарға мектеп оқушылары мен студенттер өз қолдарымен сый-сыйапат жасар оны ортаға салып шеше жатар.Ең бастысы жиналған қаржының діттеген жеріне жетіп талан-таражға түспеуі.Ол үшін міндетті түрде үкімет тарапынан қадағалау және ешкімге бағынбайтын халықтың сенімін ақтайтын тәуелсіз комиссия мүшелері болса.Мысалы: Фариза Оңғарсынова, Олжас Сүлейменов, Мұрат Әбенов, Иманғали Тасмағанбетов, Бекболат Тілеухановтәрізді т.б тұлғалар. Бұл Қазақстанда мекен еткен ұлттардың, діндердің бір-біріне деген сый құрметі.Бірлігіміз жарасқан елдігіміздің айқын дәлелі. Сіздердің пікірлеріз қандай ағайын?
Бөлісу:

3 пікір

neoman
оо эврика! Шынымен қырықтасыз ба?
temir1986
Менің жеке басым қарсы емеспін. Бірақ аталғандардың тізімін М.Шаханов, М.Мағауин, Қ.Болманов., Б.Тілеуханов, И.Тасмағамбетов деп өзгертер едім.
007
1 теңгеден жинағанның өзінде халық санына шаққанда 16-17 милион теңге жиналады екен