Керектің патиіне келіңдер!

КерекПати деген не?

Не ғой, ештеңе де емес. Жәй ғана көңіл көтеріп, керектің блогерлерімен танысу кеші. Айына бірнеше рет өткізіп тұрамыз деген ой да жоқ емес. Бастысы — блогерлердің кім екенін, керектің не екенін білгіңіз келсе, есігіміз ашық. Айтпақшы, кеш менің пәтерімде болады. Ешкімді де жатырқамаймыз, керісінше — бәріңмен танысуға құлықтымыз. Бір ғана ескере кететін нәрсе бар, ол төмендегі сипаттамада жазылған. Мұқият болыңдар!

Сипаты:
Егер ішімдік ішкің келсе — өзіңмен алып кел;
Егер тамақ жегің келсе — өзіңмен алып кел;
Егер ойын ойнағың келсе — идеяңды айт;
Егер талқылағың келсе — баста.

Өтетін жері:
Алматы қаласы, Алмагүл, 3-ші үй, 49-пәтер.
Жароков пен Ходжанов (Водозаборная) көшелерінің қиылысы
Әрі қарай

ҚАЛДЫРМА...



Бітіп бермес сансыз сұрақ санамда,
Күтер мені әлі атпаған таң алда.
Екі көзім парақта, жаным менің
Тым алыста, білмеймін қай ғаламда…

Әрі қарай

Жосткі дискіміздің іші қандай?

Аршат быраттың «Жұмыс үстеліміз қандай?» постынан әсерленген жазба.
Негізі менің бардагым комптың рабочі чтолы мен мои документы папкасы. Соңғы жылдардан бастап (дұрысы, тасымал харддиск шыққаннан бастап) жосткиім бардактың орталығы болып жүр. Скриншоттан бәлкім жинаңқы көрінер, бірақ оның ішін мен ғана түсінемін. «Мои документы» дегннің ішінде «миллион» «Мои документы» бар. Ең алғаш алған компымның мои документиы, одан кейінгінікі, одан кейінгінікі… Сөйтіп кете береді. Сигма бырат орташа есеппен қазақ программисті деген мақала жазып ед осында. Соның ішінде «Бар білетіні ХПді қайта қондыру» деген. Мен де сол ғой… Ана қырғын «мои документы» сол переустановкалардың мұрагерлері…
Ал ендеше, менің бүгінгі ұсынып отырғаным, жосткі дискіміздің ішін бір қарайық. Сонымен, бұл мендегі:
Әрі қарай

Джентльмендік келісім-шарт

Заң алдындағы жауапкершілікке емес, типінақ — ұятымызға сеніп тапсырылған құпиялар болады (әрине, соңғы оқиғалар оның кейбіреулерде болмайтынын көрсетіп отыр). Кейде тіпті іздемесең де ашылып қалатын құпиялар болады. Айталық, біреудің флэшін қаравотырып, біреудің қатыны біреуге ерекше жабысып отырғанын көріп қалдым делік. Жарайд, көріп қалдым нақ. Бірақ бөрікті аспанға атып, қуануға еш себеп жоқ сияқты. Білетінің бір затқа көбейгенде тұрған ештеңе жоқ. Алжып шал болған кезде азая бастайды өзінен өзі. Енді мен мұны ешкімге айтпаймын.
Жарайды, айтып қоюым мүмкін. Айталық, үш қайнаса сорпасы қосылмайтын біреуге. Немесе, өте-мөте сенімді адамдар мен адамдарға. Бірақ.
Бірақ елестетіп көріңіз:
— Мен саған бірдеңе айтайын, ешкімге айтпа, ия ма?
Әрі қарай

Керекинфода мына келушілер саны рекордпа?

Дәл қазір яғни кешкі 19:40 шамасында Керекинфода мынадай адам отыр бұған дейін осынша адамды отырғанын көрмедім Бұл рекордпа әлде бұданда адам көп отырыппа еді деген сауал тұр. Ендігі уақытты қолданушылар саны отыратын қонақтар санын екі орайтын күнде болады деп сенеміз.
Әрі қарай

Күшік

Жақында бір күшікті Құланнан алып келіп еді. Сол күшік Қанденге ұқсайтын сияқты. Соны ауылға апарып тастайын дегенмін. Сосын ауылға апарып бір басқа күшік алып келейін деген едім. Ал мына алған күшікке Құлан деп ат қойдым. Ауылға әлі апарған жоқпын. Енді жақында апарып бір басқа күшік алып келемін. Бірақ мына күшіктің тұқымы қандай екенің кім біледі! Қанденге ұқсас. Бірақ оны үйімде емес бір жер үйде асырап жүрмін. Анда-санда барып тамағын беріп тұрамын. Ал енді қарандаршы!?
Күшік
Күшік
Күшік
Әрі қарай

"Жұлдыздар фабрикасы" Қазақстанда


«Жұлдыздар фабрикасы» байқауының көрсетіліп жүргеніне біраз болды. Басынан көрдім десем болады, бірақ біраз уақытқа дейін конкурсанттардың аттарын жаттай алмай әлек болдым. Бұл конкурстың басқаларынан ерекшелігі өте көп. Ең бірінші кілең жастар қатысты. Және көбі музыкадан жұрдай емес ұлдар мен қыздар.


Әрі қарай

Палшыға бардым

Астанада "Қазақстан" сауда орталығының жанында кофе қалдығымен пал ашатын армян әйел бар. Ставка — 2000 теңге. Әйтеуір елдің бәрі соны мақтайды. Таныс құрбым (тұрмыста) жұмыс таппай жүрген, соған баруды ұсынды. Өзі бір жағынан Шымкентке қайтқысы келіп, шешімге келе алмай жүр екен. Соның жауабын білмек. Мен еріп баратын болдым, одан бізге тағы бір Семейлік қыз ілесті, ол да Астанаға жақында келіп жұмысқа тұрған еді.
Бардық. Есік алды тап-тұйнақтай, но бірақ адам деген көп. 11:30-дан 16:00-ге дейін кезек күтуге тура келді. Анадай кезекті күткен соң, мен де кірмекші болдым.
Әрі қарай