"Жұлдыздар фабрикасы" Қазақстанда
«Жұлдыздар фабрикасы» байқауының көрсетіліп жүргеніне біраз болды. Басынан көрдім десем болады, бірақ біраз уақытқа дейін конкурсанттардың аттарын жаттай алмай әлек болдым. Бұл конкурстың басқаларынан ерекшелігі өте көп. Ең бірінші кілең жастар қатысты. Және көбі музыкадан жұрдай емес ұлдар мен қыздар.
Ең басынын Тараздан келген Дәулет Болатовқа жанкүйер болдым. Өйткені тек қазақша сөйлейді, бұл енді басқа тілдің менсінбеушілігінде емес, жай ғана орыс тіліне шорқақ екенін біліп, ешкімнен қорықпай шыққандығында деп білемін. Ол өзі көптеген әндерді гитарада ойнап, Youtube-ке салып отырған екен. Көптеген конкурсанттар өз әндерін шығарып, осы жерде көрсетуге мүмкіндік алды. Және Дәулеттің шығарған "Әгугай" әні ең хитовый болды десем артық айтқаным емес.
Және қазір жартылай финалға қалғандарының бәрі дарынды жастар. Ален Самыкенов, Әли Оқапов, Марина Бейсеханова, Алишер Егембердиев, Равиль Исаков, Назима Жанибекова, Батыржан Тазабеков. Ең соңғысының даусы өте зор, керемет. Бірақ харизма жағынан басқалардан қалып қалады.
Маған тағы Өскемендік Оксана Устина ұнап еді, бірақ кеше шығып кетті. Жалпы барлық конкурсанттар жалындаған жастықтың арқасында өте креативті, белсенді, әрі шоу жасауға құмар. Әрқайсын ертеңгі сахнадан көргім келер еді.
Біраз орысшалау проект болғанымен, идеясы жағынан жақсы деп ойлаймын. Қазақ эстрадасының нағыз жұлдыздарын жағатын жоба болсын деп тілеймін! ))
Иә, Дәулет )
бұл арада біреудің жасап сатуға шығарғанын, өз еліміздің ыңғайына келтіріп жасап отырғандай. Рұхсат алып істеді деп ойлаймын.
Ал меніңше Дәулет ұтады. Жалпы бәрінің мүмкіндігі бірдей.
… Телегомосеки на телевидении
Тебя на пустят на Евровидение…
Sahnasy, dekorasiyasy unaidy, jurgizushiler ortasha, adil-kazylar ortasha.