"Он алты қыз"



Басымыз қосылған жер біздің мынау,
Жиналып думандатып, отырмын-ау.
Не стоит бұл «Керекте» жить етуге,
Азырақ ойнап-күлмей, құрбылар-ау.
Әрі қарай

Мойындау немесе менің асабалығым...

Тас атсаң тамадаға тиетін заман болып тұр ғой. Өзін керемет қылжақбаспын деп санайтындар КВН ойнап, әнші санайтындар әншілік пен асабалықты қатар ұстап кеткенін мойындау керек. алдында «Дабайда» да жаздым ау деймін бұл жайлы. Асабаға еріп әнші болып
Әрі қарай

Дем салу. Өзім көрген оқиғалар.

Бала кезімде үйіме бір қызды алып келді. Қыздың түрінен есі дұрыс еместігі көрініп тұр. Айтуларынша Сырдарияның жағасында бірнеше ұл-қыздар болып суға түскен екен. Ішкілік те болғанына сенімдімін. Бір кезде жаңағы қыздың суға шақырып жатыр деп, суға
Әрі қарай

Ақиқат ауруханада жатыр, Ақзере...

Өзімді тегі керемет періштемін демеймін (Ақзере)

“ Астарын ақтарамыз” деген тақырыпта Анар ханым ашу шақырыпты. “ Керекинфоға” ілінген материалды керек болса, оқып аларсыз. Әңгіме КТК арнасында көрсетілетін «Астарлы ақиқат» (орысша нұсқасы «Другая правда») бағдарламасы туралы боп тұр. Ұят енді. Журналистиканың дамығаны жөн-ақ. Дегенмен, дәл осы шокотерапиядан басқасы құрып қалып пе екен деймін ғо… Журналиспін деп жер тепсінемін-ау, телебезерде жаңалық қалай жасалатынан хабарым жоқ. Мүмкін, рейтинг деп жандарын алардай жұмысқа қинар.
Әрі қарай

Жоғалту және жаңару

Блог - asaubota: Жоғалту және жаңару

1 тәуліктей сайтымыз істемеді, оның алдында да техникалық ақаулар болып тұрған еді. Бүгін сайтымыз тұрған хостердан хат келді:

Восстанавливали базу из резервной копии за 6-е августа.

Приносим Вам свои глубочайшие извинения за сложившуюся ситуацию.

Қысқасы серверге жасалған шабуылдардан кейін хостер біраз мәліметті жоғалтып алып, қайтадан қалпына келтіре алмады. 4 тамыздан бергі жүктелген ешқандай сурет сақталмады және 6 тамыз 19:43-тен бергі пікірлер және жазбалар сақталмады.

Қайыр болсын бәрімізге. Өмір осымен тоқтап қалмас…
Әрі қарай

Қой сүйеді баласын "қоңырым" деп...

Зайсан ауданы, Қалихан елдімекеніндегі Ақжон жайылымында байыс тұқымды саулықтар төлдеп жатыр. Жартылай қылшық жүнді, қысқа, құм мен шөлге төзімді, қоңын мойны мен сүбесіне жинайтын байыс қойлары үшемнен тууда. Қара Ертістің бойындағы Ақжон жайылымына барып, керемет көріністі тамашалап қайттым.

Атам қазақта сиыр егіз туса біреуін туған-туыс, көршісіне сыйлаған, ал жылқы егіз туса жамандықтың белгісі, соғыс болады деп сенген. Ал қойдың егіз тууы жақсылықтын нышаны болып саналады.
Әрі қарай

Тавтология

Журналистика факультеттерінде жазу шеберлігіне үйрететін мұғалімдердің ең басты міндеті – студенттерді тавтологиядан арылту. Екінші міндеті де осы, үшіншісі де! Тавтология қазіргі журналистиканың, әсіресе тележурналистиканың тіліне әбден дендегені сонша норма ретінде қабылдайтын күйге жеттік.
Әрі қарай

Автоматтандыруға ыңғайлы латын әліппесі


Түбі латын әліппесіне көшуіміз анық болса қазірден дайындалуымыз қажет. Түрлі нұсқалар ұсынылуда. Мен Kerek News сайтында тұрған өз нұсқамды таныстырсам деймін.

Барлығы 34 әріп. Алдымен ешқандай талас тудырмайтын әріптерді қарайық.

Кирилл мен латындағы бірдей әріптер:
А, Е, І, О, К, М, Т.

Баламасы анық, ешқандай талас тудырмайтын әріптер:
B, D, F, G, H, J, L, N, P, R, S, U, V, Y, Z.
Әрі қарай

Кинопати: Эльвира & Жалғас


Керекинфоның белгілі қолданушылары: e_zhalgas пен aikarakoz бірінен кейін бірі қатарласа дүниеге келіпті. Кеше, 26-қыркүйек күні Жалғасты «жумайсың ба е» деп мазасын алсақ, бүгін Эльвираға ақ тілектер боратып жатырмыз.
Әрі қарай