Автоматтандыруға ыңғайлы латын әліппесі


Түбі латын әліппесіне көшуіміз анық болса қазірден дайындалуымыз қажет. Түрлі нұсқалар ұсынылуда. Мен Kerek News сайтында тұрған өз нұсқамды таныстырсам деймін.

Барлығы 34 әріп. Алдымен ешқандай талас тудырмайтын әріптерді қарайық.

Кирилл мен латындағы бірдей әріптер:
А, Е, І, О, К, М, Т.

Баламасы анық, ешқандай талас тудырмайтын әріптер:
B, D, F, G, H, J, L, N, P, R, S, U, V, Y, Z.

Қазақша дыбыстарға негізделген латынның қосымша әріптері:
Ää — Әә, Ğğ — Ғғ, Iı — Ыы, Ňň — Ңң, Öö — Өө, Qq — Ққ, Üü — Үү, Ww — Ұұ.

Бұл жерде дауысты дыбыстар түрік және басқа еуропа елдерінде қолданылып жүргендей әріптің үсті екі нүктемен белгіленген. Ал, Ғ және Ң әріптерінің үстіне ирек таңба салынған. Мұндай әріптер латын әліппесінің қосымша әріптер қатарында бар. Дыбыстық ұқсастығы бойынша Қ және Ұ дыбыстарына баламасы жақын әріптер берілген.

Құйрықты әріптер:
Çç — Чч, Şş — Шш.
Бір дыбысты 2 әріппен белгілеуге қарсымын. Барынша ықшам және бірге бір болғаны дұрыс әліппеміз. Сондықтан бұл дыбыстар үшін латын әліппесінің қосымшасында бар құйрықты әріптер таңдалды.

Нейтрал әріптер:
С, Х.
Шетелдік сөздерді жазу үшін қолданылады.

Жойылатын әріптер:
Ц, Щ, Ъ, Ь, һ, Э, Ю, Я.
Ъ, Ь белгілері бізде тек орысша немесе шетелдік сөздердің орысша жазылуынан бізге келген сөздерде ғана қолданылады. Ал, негізінде қазақ тілінде де сөздердің жіңішкертіліп айтылатын кездері бар. Бірақ, біздің орфографияда ол белгілер қойылмайды. Мысалы ЕЛ, БЕС сөздерін алдымен орысша, сосын қазақша оқып көріңіз. Айырмашылықты көресіз. Ц әрпін керек кезде ТС арқылы немесе С әрпі арқылы белгілеуге болады. Щ қазақ тілінде тек 3 сөзде ғана қолданылады: ащы, тұщы, кеще. Бұл сөздерді қос Ш-мен де жазуға болады. Э дыбысын Е арқылы жазуға болады. Ал, Я, Ю дыбыстарын YA, YU деп Й арқылы жазуға болады.

Талас тудыратын әріп:
И — İ.

Ахмет Байтұрсыновтың әліппесінде И жоқ. Ый, Ій бар. Яғни И-дің алдында І немесе Ы келеді. Бұл жағын тіл мамандары шешеді, орфографияны солар белгілейді. Менің ұсынарым И әрпін де І сияқты İ белгісімен белгілеу.

Латын әліппесі бізге не береді?
Компьютерлік тұрғыдан ойлайтын болсақ, бұрыннан келе жатқан шрифт мәселесі шешіледі. Қазір интернетте қолданылатын қазақша шрифт аз: Times New Roman, Tahoma, Arial. Дизайнерлік бағдарламаларда да қазақша әдемі шрифттер аз. Латынға көшсек бұл мәселе бірден шешіледі. Тек кириллицадан Ә сияқты әріптерді ертіп келмей, латынның өзіндегі және қосымша әріптерді қолдану керек.

Латынға қарсылардың көп айтатын нәрселерінің бірі: бұрынғы кітаптарды келешек ұрпақ оқи алмай қалады.
Бұрынғы кітаптарды қазіргі ұрпақ та оқып жатқан жоқ. Өйткені бұрынғы кітаптарды баспаханалар жаңадан шығарып жатыр және электронды нұсқалары шығуда. Ал, латынға көшетін болсақ бұл процесс әлдеқайда оңай болмақ. Кириллицадағы мәтінді бір кликпен латынға аударуға болады. Электронды кітаптарды тез көбейтуге болады. Яғни, кітап мәселесі ешқашан мәселе болмайды.

Латынға көшудің басты қасиеті — Орыстықтан, орысша ойлаудан құтылу.
Бірнеше жыл шетелде тұрған адам ретінде айтайын, күнделікті тұрмыстағы жазу адам ойына да әсер етеді. Латын арқылы біздің сыртқы әлеммен қатынасымыз ешқандай арамыздағы көпір орысшасыз бірден басталады. Бізде қазір барлық нәрсе орыс тілі арқылы. Шетелдік географиялық атау, адам аттары, терминдер, барлығы орысша ой арқылы келеді. Мысалы Партугалия емес Португалия, Галливуд емес Холливуд, Гитлер емес Хитлер.

Тіл мәселесін шешетін бірден бір құрал осы латын әліппесі болмақ. Ең болмаса тіліміз тәуелсіз болады, өз орфографиясымен…

Аршат Оразов
Бөлісу:

62 пікір

patick
«Ы» мен «И»-дің баламаларын қаззақтар шатастырып жүре ма деп қорқам. Сосын «Я» қаззақта бар әріп қой: қоян, ноян, қаям. Оның жойылуына қарсымын.
qyzylordalyq_jigit
екі топ бар секілді —
1-ші топ тек 26 латын таңбасының болғанын қолдайды (ағылшын тіліндегідей). Бүлар айтады — егер таңба 26 ғана болса, онда әлемнің кез-келген жерінде отырып, латын пернетақтасын қолдана береміз дейді.
2-ші топ — қазақ тіліндегі әр дыбысқа жеке таңба беру. мен де осы топтамын. басты аргументім — егер әр дыбысқа таңба бермесек, онда кейбір дыбыстар уақыт келе тілімізден жойылады. мысалы — ә а-ға айналып кетеді, ү- у-ға, т.б.
asaubota
26-лық адамды шатастырып жібереді. тілдің ерекшелігін бұзады. бізге қолайлысы әр дыбысқа бір әріп.

patick, Qoyan, Noyan, Qayam деп жазылады Я-сы барлар.
qyzylordalyq_jigit
латынға көшкеннен кейін шынында да шет тілдік сөздер орыс тілінің сүзгісінен өтпейді.
бразилиялық — brazildik
италиялық — italdik болып ықшамдалса,
нанатехналогия — nanotechnology болып өзгерусіз қалса
планшет — tablet
ноутбук — laptop болып бүкіл әлемде қолданылатын нұсқасы қолданылса
Черчилль, Тэтчер, Блэр болып мықты өзгеріске түскен фамилиялар Чөчил, Сәтчі, Блә екені айқындалар еді.
Гэлэкси емес, Гәләкси, Бекхэм емес, Бекім, Лэмпард емес, Лампард екені де уақыт келе мәлім болады деп үміттенемін
ruben
Талас тудыратын әріп: И — İ.
Ахмет Байтұрсыновтың әліппесінде И жоқ. Ый, Ій бар.
Онсыз да «и» деген дауысты дыбыс жоқ. Қағаз күйінде ғана бар. Орыс тіліне ұқсатып жазылған грамматикада ғана болмаса. Дыбысталынбайды төл сөздерімізде, таңбаланса да. ҚИ [қый] мен КИ [кій] мысал бола алады. Бірде жуан, бірде жіңішке деп босқа орын берілген алфавитінде кірійлдің. Латында да қазақ орфоэпиясын ескеру керек, kerekiynfolıqtar!
a63a1
ГауҺар Жиһаз дегенде келетін "Һ" әріпінің тағдыры не болмақ?
Adiletshu
«Х» ғып айта беру керек
Tyulpan
мүмкін Һ дыбысы керек шығар. кейде ойлаймын, «хит» дегенді "һит" деу керек па деп. өйткені, журналистер "қхыит" деп айтқан кезде, құлаққа бр түрлі естіледі. негізі, х-ның өзі һ деп айтылуы керек сияқты… біраз басқа топик енді...s
Aldeken
не ғо, Ұ әрпінің латын әліпбиіндегі баламасы ретінде W әрпінің таңдалуы күмілжітіп тұр. Қалай десек те У мен Ү әріптерінің біртектілігін ескеріп бір әріпке қосымша таңба беру арқылы жасалған екен Ұ әрпінде де сондай бірізділік сақталуы керек секілді… Өз ойым.
Aldeken
сосын Й әрпін арнайы бір әріппен белгілеуге қарсымын. Й әрпінің қазақ әліпбиі үшін маңыздылығы орыс алфавитіндегі Ё әрпінен артық емес. Орыс тіліндегі сөздерде Ё әрпі барлық жерде белгілене бермейді, яғни Е әрпі тұрса да, ол керек жерінде Ё болып оқыла береді. Айналып келгенде бізде Й әрпінен басталатын сөз де жоқ. Латынның Ү әрпімен керісінше Ы әрпін белгілеген дұрыс болатын секілді. Сосын, менің саяздау білігімше, европа тілдерінде Ү әрпі көбіне өзі тұрған буынның жуан дыбысталуын көздейтін-ді. сондықтан ол әріппен Ы дыбысын бейнелеу қисынға да, саналық қабылдауға да сай болатын сияқты. И әрпі мен І әріптерін ерекшелендіру керек. Бұл екі дыбыстың біртектестігі мен дыбысталудағы ара-жігінің өте тығыздығын ескерсек, Арчи, сенің ұсынып отырған нұсқаңдағы І мен İ түрінде бейнелеу олардың тез арада ассимиляциялануы мен І дыбысының жоғалу қаупін еселей түсетін болады. Бұл да өз ойым.
neoaskar
Latin әліппесіне көшу өте маңызды істердің бірі. 2015-ке дейін arkim oz oian айта берсін. соған дейін бір әліппе шықса болды ғой, қалғанын халық өзі дұрыстап алады. одан қорқудың еш қажеті жоқ. Кітап үшін уайымдайтындар қазақта қанша рет жазу ауыспады десің. Абай атамыз қара сөздерін араб әрпімен жазып кетті. Бірақ ол Ахмет ағаның төте жазуы емес, әріптер ұқсағанымен жазылуы мен оқылуы екі түрлі, сосын тықпалап латынды алып келді, халық енді үйрене бастағанда жастар мен үлкендерді ажырату үшін осы крилді енгізді. Енді міне, барша түркі халқы бірігіп оқитын латынға ауысу мүмкіндігі туып тұрғанда қапы кетпейік. Қайта ертерек көшудің қамына кірісейік. Латынды жаппай болмаса да, Асекеңнің сайтындай етіп жаза берейік. Алдымен көз үйренеді. сосын қатесін дұрыстай бастаймыз. Атауларды дұрыс жазуды бір ізге қоямыз міне осылай кете береді
asaubota
иә, сол ғой. қазір тек көз үйрету. сосын асықпай талдау үшін көп уақытымыз да бар
a63a1
men kazirden bastadym al!
neoaskar
қой асығыстық жасама, Асыққан шайттаның ісі. Алдымен әліппе жасап алайық!!! Кейбір әріптерді түсіне алмай жатырмын. Не ғой "һ" қайда кетті Гауһар, қаһарман, сосын «w» қандай әріп екенін түсіне алмай жүрмін. мектепте ағылшыншаны қақпайтын едім.
a63a1
h — x-ы bolyp ketti, al «w» zaily Aldekeng durys aitty zhogaryda
kayipruh
men Кazirden bastadYm al!
qazirden, bastadım болса жақсы, Y- й — osılay jaqsı emes pe! W дабл ю-дың Ұ болуы шатастырады адамды.
Abilakim
Үлкен ұлым төртте. сол мектепке барғанша бір жақты болса екен. Жас баланың миын ағызбай
Ereimen
Осы біздің бағдарламалау тілінің жілігін шағып майын ішіп жүргендерге бір сынба неге әріп сәйкестендіргіш сайттарда жоқ? ал бұл мәселені қытай қазақтары баяғыда шешіп тастапты, бұл жаңағы тілді тез үйренуге мүмкіндік жасайды
мінеки сілтемесі
AKY
for… to, if… then -мен ақ жазылатын программа ғой
AKY
бастысы прога емес, бастысы дұрыс алфавитті бекітіп алу.
Ereimen
Мүмкін мен байқамай жүрген шығармын, қазақ сайттарынан ондай әріп сәйкестендіргіштерді көре алмадым, менікі әліпби емес қалай үйрену жолы ғой,
asaubota
транслит те драйвер де бәрі болады, жасалуда, асықпаңдар
beka95
бұл процес жүзеге асар кезде халқымыз біраз қиналады…
b-asan
Биздеги Х арпиин орнына h арпин пайдалану керек. казирдин озинде Х жазылатын жердин баринде h колдана беруге болады жане осы дурысырак.
b-asan
Латын алиппесине кошуди кос колдап колдаймын. 2025 те емес 2015те кошип кетсек жуда жаксы.
Bodene
Сауатсыз оқушыларымыз қателерді екі есе көп жіберіп құритын болдыққой!)
b-asan
жогарыдагы таблицадагы С арипи озимиздин кадимги С ретинде, ал S арипин Ш ретинде колдануды усынам. ал Ч, Ц ариптери казак тилинде жок, сондыктан оларды танбалау керек емес. Шет тилден енген создерге Сh, tc деп жаза беруге болады.
b-asan
И, й ариптери Y болып, ал Ы, i ариптери i мен белгиленуи кажет. Сонда казирги У арипи сиякты кейде жуан кейде жинишке окылып, бир арип 2 дыбысты береди.
b-asan
Казак тилинде х арпи мен h арпинин айырмашылыгы коп емес. Гаухар — Гауhар, хат — hат, халык- haлык деп жазылса коп кате болмайды деп ойлаймын. Тилди барынша онтайландыру керек, аздаган озгеристерге жол жол беруге де болады. агылшындардан улги алсак та артык емес. узын, бирнеше буындардан туратын создерди кыскартып жаза алсак жуда куп болар еди.
qyzylordalyq_jigit
сонда қалай — қанағаттанбағандықтығыңыздан — қанағаттнбғндқтғңздан?
Gastarbaiter
Ол сөз әншейін тілдің аглютинативтілігін («паровоздығын») көрсету үшін прикол үшін қолдан жасалған сөз ғой.
Б-асанның айтуы меніңше мынау:
Refrigerator — fridge
Екпін түспейтін буындарды қысқарту.
Аlluminium- «Luminum»
Бізге келе қоймайды, өйткені бізде буын 99 пайыз жағдайда соңғы буынға түседі, француздар сияқты)
Gastarbaiter
«екпін соңғы буынға» деп оқыңыздар)
VKM
Керекте 1 күн болмасаң, неше түрлі революциялардың куәсі бола алмай қаласың))))
Erlan
английский итакта жазып жүрік айырмашылық көп жоқ сияқты, бұғанда үйренерміз,.
Barsa
Мен былай ойлаймын, латыншаға ауысу үшін жай ғана кирилл таңбаларды латынға ауыстыра салу жеткіліксіз. Жалпы сөздердің жазылуын өзгертіп, кейбір әріптерді (э, щ, ф, ь, ъ, ч, х, һ, ц, ю, я, й және т.б.) мүлдем алып тастау керек болады. Қаріпті ауыстыру дегенде алға тартатын бірінші уәжіміз ыңғайлылық болса, 42 әріпті сол күйі шұбыртып латыншаға ауыстырғаннан ештеме ұтпайтын секілдіміз.
asaubota
әрине, мақсат та сол ғой. құр транслит жасау емес, мәселе жаңа өз ережемізді қою ғой. сонда тіліміз орыстардан тәуелсіз болады. ең болмаса тіл тәуелсіздігі болар еді.
izbasar
Жойылатын әріптер:
Ц, Щ, Ъ, Ь, һ, Э, Ю, Я. бұл әріптердің жойылғаны дұрыс. Бұл әріптер болмағанда да қазақта жазу болғанын ұмытпау керек.
Serzha
Ww — Ұұ
( > w < )

жаңа әріптер ойлап табу қажет емес
Ңң — NG ng
Ғғ — GH gh
Хх — KH kh
Serzha
Чч — CH ch
Шш — SH sh
kayipruh
бір дыбысты — екі таңбамен қолдaнуға қарсымын
Serzha
барлық дыбыстар мен әріптер саны тең келмейді. әлде транскрипцияға көшкен дұрыс па?
torgai
Жалпы мен қолдайтын, бірақ мемлекет жөндеп қарамайтын бастамалардың бірі осы. Әттең…
jigit
Аршат меніңше дәлелдерің әлсіз
1.Шрифт мәселесіне бола бүкіл бір мемлекеттің әліпбиін ауыстыру күлкілі жалпы компьютерге ешқашан шрифт проблема емес
2.Ескі кітаптарды оқымаса жаңа кітаптарды да оқымайды ал электрондық кітаптарды латыншаға көшіру жаңа жұмыс орнын ашудан басқа пайдасын көріп тұрғаным жоқ
3.Ештене айтқым келмейді

Бұл саяси ойын сияқты 1980 жылы соц.орнайды 2000 жылы жұмақ, 2030 Барыс боламыз яки тиын істеу
Daniar-Alan
жалпы компьютерге ешқашан шрифт проблема емес
қателесесің бағыр. қатты қателесесің… Менің бір ағам бар. Ол үшін комп айналасында жалғыз ақ «компьютерщик» деген мамандық бар  Бірде келді. бірнәрсе істеп берш деп. 2-күн сұрадым. Ол болса «соншаа уақыт па? ееуу компьютер емес па іститін,- дид  сенің ойың да сол ағамдікімен ұқсас боп тұр )
Serzha
ескі кітаптарды неге оқымайды деп ойлайсың? орыс тілі кариллицасымен қалады, орыс тілі мектептерде оқытыла береді, ал қазақтар латын әліппесін де, кириллицаны да білетін болады
jigit
өз ойым
Onlasyn
Кімнің ойын алып келді екен дееп отыр ем ))
Gastarbaiter
Жалпы бар ғой, латын әліпбиіне көшудің вакуумдағы сфералық күйінде керемет идея болушы еді. Тек оған дейін істелетін біраз шаруаларды бітірмесе, тағы да шала болып, бықсық қоқсық, қай алфавитте сөйлейтінін білмейтін қыртымбайлық көбейеді. Ал оларды бітірем дегенше, кириллица да қанымызға одан сайын сіңе береді. Жаппай масштабты түрде, мылтықтың дүмімен бес-алты жылда көшіріп тып-типыл қылса ғана бақытты болады, бәрі мойындайды, ешкім күлмейді. Бірақ тоталитаризм заманы өткен. Ал демократия әлі орнамаған елде тұрып жатқанымызды ескерсек, басқа да жасампаз идеялардың (казалось бы) қоғамға пайдалы-ау деген ілгері инициативалардың орындалу күйіне қарап, ай қайдам-ау деймін де мен, қазіргі қаззақтардың санасымен бұл идея да былжырап кетеді ау, оның үстіне төбеңнен географиялық та, экономикалық та, саяси да түрде төніп тұрған Ресей империалистері де кез келген про-батыстық бастаманың көтіне таяқ салып отыруы да бұрыларға кеңістік қалдырмайды-ау деп отырмын. Қателессем, керемет болар еді.
serjan
Меніңше артық әріптерден құтылу керек, егер қазаққа ғана тән әріптер тағы да клавиатураға симай жоғары шығып кетсе, мұның крилицадан қандай айырмашылығы болмақ.
ken
Аршатқа сұрақ:
Неліктен И дыбысы біресе І әрпімен біресе Ү әрпімен белгіленеді?
Жауабың мүмкін мынадай болар: «Дауысты дыбыстан соң Ү (яғни кириллицадағы Й) жазылу керек».
Егер жауабың осы болса, онда келесі сұрақ: Неліктен дауысты дыбыстан соң І (И) әрпін жазуға болмайды? Не себепті Ү (Й) әрпі жазылуы керек.
Рахмет.
jigit
Daniar-Alan енді Photoshop 5 Юникодты қолдамайды екен деп латынға көшпейтін шығармыз
Daniar-Alan
көшеміз. проблема сода бағыр. Біз проганы кирилшелеп болғанша басқалар оның жаңа 2-версиясын ойлап тауып қояды. Анабір ворд файлдың атын қазақша әріптер (әіңғүұқө) қылып жазсаң басқа компта оқымайтын заманды ұмытып кеттің ба?  ал басқалар ол кезде фотошоптың 8-ші версиясын қолданып жатқан. Дәл осы бір проблема салдарынан 2002 жылы (2002!!!!!) Шымкент қаласының архитектура және кадастрға бір ағам «горылдырау»-ды білетін!!! болып жұмысқа тұрды  Ал, басқалар 3Д макспен мультфильмдер жасап жатты ол кезде  очм айтқым кеп отырғаны. Егер латын болсамен үшін көөөп нәрсе жеңілдер еді. Горылдыраудың русификаторын іздеп отырмай, мүмкін қазақификаторын тауып алып сонымен жұмыс істер едім. Шрифттердің де басқа жерлерде оқылатын болғаны үшін ғана тек 3-еуін (таймс нью роман, ариал, тахома) пайдаланбай миллиондаған шрифттер ішінде қалағанымды пайдаланар едім.
Bodene
Мысалы Өзбекстан латынға көшты *х* әрпі латын әрпінде де *х* болып калды. Бухара қаласы buxara деп жазылады, шет ел азаматы келсе буксара деп оқиды ол күлкілі емеспа және *nexia* автокөлігін білесіздерғо оны өздері нехия диді негізі нексия емеспа?! тынышы осы күйінде қалсақ деймін!
neoaskar
Һһ әріпі алынбау керек, Хх әріпімен де шатастырмай қолдануға болады. әсіресе кірме сөздерге Technology сөзін Teхnology деп жазып жүрмейік. ағылшынша аударуды қажет етпейтін сөздерді қосып отырсақ, әрине, ағылшынша айтылғанда түсінетін сөздерді сол күйі жаза беруге болады…
Barsa
Қосарлап белгілесек те, жаңа символдар ойластырсақ та таңбалауды шешерміз. Тендерді ұтып алған институттың бір алжыған профессорының нұсқасы өтетін шығар деп тұрмын. Ал, қарапайым ҚАЗАҚ деген сөзді қалай таңбалайтын боламыз? Қазақша латынша Qazaq дерміз. Әлем танып отырған Kazakh деген сонда қандай латын болмақ? Қазақстандық орыс тілін латыншалау деген проблема туындап кетпейді ме?
Chicago
Менің пікірім бар еді. «Цц» — «Сс», "Һһ" — «Hh», «Хх» — «Xx», «Ии» — "Іі"(ҮСТІНДЕ ЕКІ НҮКТЕСІ БАР) әріптерімен келтірсек.
Соңғы түзету:
Chicago
Менімше қ әріпіне -ны қою керек-ау. Q әрібі жараспайтын секілді. Содан кейін у,ү,ұ әріптері u,ü,ũ мен белгілеуге болады. С,Q,W,X әріптері тұра берсін.
ken
Латиницаға көшпейтін болдық.