Палшыға бардым

Астанада "Қазақстан" сауда орталығының жанында кофе қалдығымен пал ашатын армян әйел бар. Ставка — 2000 теңге. Әйтеуір елдің бәрі соны мақтайды. Таныс құрбым (тұрмыста) жұмыс таппай жүрген, соған баруды ұсынды. Өзі бір жағынан Шымкентке қайтқысы келіп, шешімге келе алмай жүр екен. Соның жауабын білмек. Мен еріп баратын болдым, одан бізге тағы бір Семейлік қыз ілесті, ол да Астанаға жақында келіп жұмысқа тұрған еді.
Бардық. Есік алды тап-тұйнақтай, но бірақ адам деген көп. 11:30-дан 16:00-ге дейін кезек күтуге тура келді. Анадай кезекті күткен соң, мен де кірмекші болдым.
Кірдім. Әйел кофе қайнатқыш аппарат жанында тұр екен. Алакөлеңке бөлме, қабырғаларда ілінген неше түрлі суреттер, иконкалар, шамдар… Брр… Аяқ-қолым дірілдев кетті ще. Құйып берген кофесін ыдысын сылдырлатып әрең іштім. Әлгі әйел кофе қалдығын тәрелкеге төңкеріп, бір қасын көтеріп, «хмм...» деп, «Жасың нешеде?» деген сұрақ қойды. Ішімнен "өзі де білів алмай ма" деп ойлаған мен: «24» деп жауап бердім. Сөйтіп «сен күйеуге шыққалы жүрсің ғой, ия?» дейді, дачы. Мырс ете қалдым. «Жоқ» деп жауап беріп ем, "Қалай жоқ??? Міне, мен сені көріп тұрмын, әдемі той көйлегін киіп алғансың, көрдің бе, қолыңды жоғары көтеріп тұрсың" деп дүрсе қоя бергені. Сасқанымнан «мен жақында ұзату тойынан келгем, мүмкін сол шығар» деп ақтала бастадым 
«Туф, не деп тұрсың, бұл сенің тойың! Ощм, биыл, немесе келесі жылы тұрмысқа шығасың, өзіңнің арманыңдағы (!) ұзын бойлы жігітке. 4 балаң, оның 3-еуі ұл, соңғысы қыз болады. Жалпы, бақытты өмір күтіп тұр» деді. «Айтқаның келсін» дегеннен басқа сөз түспеді аузыма. Бір қызығы, әке-шешем, үйім туралы біраз шындыққа жанасатын нәрселер айтып берді.
— Тағы қандай сұрақтарың бар?
— Ну, мен оқуым, жұмысым туралы сұрайын дегем…
— Ол жағы бәрі тамаша болады, ощм, көп сөзді қойып, жігітіңді күт, «А» немесе «М»-дан басталады аты, ал, енді қайқай!
Қайқайдым. Жанымдағы екеуіне де, келген жақтарыңа тайыңдар депті. Астанада сендерге ешқандай болашақ жоқ депті. Әлгі Семейлік қызға тіпті "Қойыма мұнда келдің бе??? Тез қайт! Мұнда бұзылып кетесің" депті. Әлгі қыз сол күні-ақ жұмысынан шығып, 2-3 күнде заттарын жинап тайып тұрды. Шымкенттік келіншек те күйеуін үгіттеп жүр. Сондай соқыр сенім…
***
Жақын құрбыларыммен талдау жасай отырып, мына қорытындыға келдік:
Палшы құлақтан тебе береді.
1. Мен жайлы болжамы туралы: 24-25 жастағы қыздар байға тимегенде не істейді? Мадина құрбым айтпақшы: «Сен тымпиған, үндемей көп бала туып тастайтын адамға ұқсайсың»
2.Қасымдағыларға айтқан болжамы туралы: «Ол просса, Астананы гастарбайтерлерден арылтуда»
3.Осыдан 1 жыл бұрын, мен танитын бір адам (35 жаста) осы әйелге барға болатын. Сол кезде оған «2 баласы бар ажырасқан еркекке тиесің» деп болжам жасаған болатын. Шынымен-ақ, арада жарты жыл өтпей, әлгі әйел 2 баласы бар адаммен отау құрды. Тіпті, осы таңқаларлық оқиғаға да біздер жауап таптық: Айналайын-ау, 35 жастағы әйел ажырасқан адамға тимегенде, ақ боз атты принцке тие ме??? Ал 2 бала — қазіргі семьялардағы орташа сан.

Уот, солай. Қызыққа барып көріңдер
Бөлісу:

62 пікір

asaubota
олар просто жақсы психолог. андай қорқынышты атмосфеарны алдын ала істеп қояды. сендер сияқтылар бірден әсерде болсын деп.
AKY
Ия, алдында отырғанда шынымен сеніп қалардайсың. Шыққан соң ғана анализ жасай аласың сөздеріне.
sammita
маған айта салсаң қайтеді ызбандап, ерігіп бос жүр ем как раз
Студент кезімде барғам кофеші балшыға. Сессия кезінде қыздармен).
AKY
Қап десейші… Саған не айтып еді, плиз жекеге
Nurgisa
Саған да тұрмысқа шығасың деп бата кофе берді ме?
sammita
сессия, емтихан кезіндееее. Ондайға қиналған кезде барып көрмеппін. Менікі ерігу, қызық көру тек.
Nurgisa
Олар да ондайды түсінсе керек: мында келсе тек еріккен қыздар келед. Однозначно байға тигісі келген «бәлелер»…
sammita
көздеп жүргенің бар ма ед? Бай мәселесін қозғай бересің мені көрсең
Nurgisa
Негізі тема сол байға тиюге қатысты өрбуде. Ерінбей бір қайтара оқып шықсаң… Сосын, комплекстеріңді бір сәт ұмыт қыл
Мына палшы, мен білсем, Махаббат пен жазаның арасында берілетін жарнамадағы армян қатын ғой. Айтуларыңа қарағанда. Палшы болса, ставкіге барып бәс тігіп, миллионер боп кетпей ме.
sammita
сериалшылын))
Менде «кешен» жоқ
AKY
Есшо, жарнамасы бар ма?
Nurgisa
Сериал кезінде жүгіртпе жолмен шығады сосын небірі. «Решаю все проблемы, 100%» деген сарында.
sammita
Гарантия дейтінін қайтерсің.
Қара магия, қорқам ондайдан.
AKY
Палшы болса, ставкіге барып бәс тігіп, миллионер боп кетпей ме.
Мүмкін оның өмірлік миссиясы баю емес, адамдарға көмектесу шығар
asaubota
мұны 3-тегі ұлыма айтып көрейін, сенетін сияқты.
AKY
Мәселе сену немесе сенбеуде емес. Бірақ мұндай вариантты да қарастырмауға еш негіз жоқ Өмірге қандай да бір миссиямен келетін ерекше адамдар болатынына сенемін.
e_zhalgas
сенімнің де түр-түрі болады екен ғо
sammita
и ващщще оңбайсың сен қыз. Тып-тыныш отырған адамды сайтқа шақырып. Өзімді әрең тыйып отыр ем бірнеше күн жұмыс істеп алайын деп))
AKY
Сенсіз өмір — қара көмір. Сенсіз сайт — сүреңсіз де, сұрқай
Nurgisa
Сенсіз сайт — сүреңсіз ???
sammita
Сенсіз сайт — сүреңсіз ???
мына сұрақтан жақсылықтың иісі шықпайдее, шықпайдее…
Zilola
тым жақсы құда түскен жігітімді «ойбуй мынауың оңбаған, Фигаро там, Фигаро тут, құтыл» деген соң, қашыртып құтылдым ))
Қазір оның семьясы бар, а мен көріп жүргендеріңдей бақыттымын ))
Алматыда Алмагүл ықшам ауданындағы Маргарита деген сұлу әйел палшы, барып әуре болмаңдар!!!
Nurgisa
Палшыға сондай дәрежеде сену үшін… Білмедім… Былай, ондайға ұқсамайтын қыз сияқтысың стереотиптеріңе қарағанда.
AKY
Небір еркектер жүр әлгі палшының қабылдауында Оларға не жоқ десейші
Zilola
ғашық болып қалсам, басым істемей қалатыны бар ))
сондықтан екіжүзді адам болып кетіп, қуып кететінім бар, ойынсыз
Nurgisa
Иә, оныңды түсіндім ғой.
asaubota
егер балшылар шынымен білгіш болса сендердің 2000 теңгелерің үшін бар уақыттарын құртып отырмас еді. Нұрғиса айтқандай одан да футбол, теннис немесе басқа спорт жарыстарының біріне бәс тігер еді пәленбай миллион ақшасын, сосын содан бірнеше миллион көтерер еді. логично ғо?
AKY
Әрине логично. Бірақ тап сендердікіндей ақыл-парасат бізде қайдан болсын
Aizhantabyn
ни разу болған жоқпын, бірақ всегда ішімде біреу «бар-бар» деп тұратын сияқты))))))))

негізі, Құдай басқа салмасын, чтоб бал ашып, басқаның сөзіне сенетіндей…
Nurgisa
Құдай басқа қалай салады, «Палшыға бар, бар» деп пе?
Aizhantabyn
жоқ, в смысле, сондай жағдайды, что пришлось бы обратиться балгерге. Не от хорошей жизни же люди идут)))
bazuka
бірде ағам көшеде келе жатқан, бір қазақ әйел құмалақ ашып берем деп қойған жоқ дид. содан қызыққа(ағам палшы, балгер, бақсы т.б. мүлде сенбиді) не дер екен деп аштырса: екі балаң бар екен, т.б. айтып кетіп бара жатыр дид)) сосын ақшасын төлеп кетіп қалған. негізі ағам үйленбеген және балалары жоқ))))))))
Nurgisa
Ағаң «Балам жоқ қой бірақ?!» десе, "Өшір үніңді. Сен білесің бе, әлде пал ашып отырған мен білем бе?" деп өзеуреген шығар тағы
Erkekyz
Кофемен мамам бір орысқа аштырытқан алдын. Жақында отбасыға бала келеді дүниеге деген. Екінші жеңгем көтере алмай жүрген кез еді. Сол шығар деп жүрсек, үлкен жеңгем көтерген екен. Шынымен-ақ ұл босанды. А так өзім екі рет бал аштырғам бұрын. Екіншісін нақты ештеме айтпады, бірақ біріншісінің айтқаны келді. Таң қалмасқа шара қалмады.
Lyaila
Құрбымның бал ашуға "қабілетті" коллегасы бар екен. Бір демалыста сол кісіні арнайы үйге шақырды. Кухняны еншісіне бердік. содан қою етіп кофе дайындады да чашкаларға бөліп құйды. Ойланбасан сіміріп салдық. Бізге қызық керек)) Ыдысымызды стол үстіне төңкеріп, кезекпен кіруге келістік. Ең соңынан кіретін болдым, бірінші кіруге жүрек шыдамайды)))Содан қыздар біртіндеп кіріп-шығып жатты. Біреулері ұзақтау, біреуі тым тез. Бірінің бағасы «күшті», ал бірінікі «ой, онша емес»… Кезегім келген соң «шешінген судан тайынбас» деп кухняға бас сұқтым… Басында жай бір «ойын» деп қабылдағанмен «не айтар екен?!» деген қызығушылық пен қорқыныш та жоқ емес… Жарытып ештеңе айта қоймады, тек 3 жылдан кейін тұрмысқа шығасын дегені бар…
Бұл оқиғаны ұмытып та кеткендей екенмін, егер осы жазба болмаса)))
Есептеп қарасам, желтоқсан айында 3 жыл болады, ужыыыс…
AKY
Сенің 3-ақ ай мерзімің қалды
Nurgisa
Палгерді ұятқа қалдырмауға тырысыңыз енді
sammita
-Апай, есіңізде ме, мен 5 жыл бұрын сізге келіп ем ғой. Сонда 4 балаң болады деп едіңіз.
-Ееее, айналайын амансың ба? Балалар өсіп қалған шығар?
-Аха, не ғой, сіздің айқаныңызды істедім солай. Енді айтыңызшы күйеуім қашан болады? («Базар жоқ»)
Zhan
точна  палгерді ұятқа қалдырмау керек
Lyaila
сол, ұятқа қалдырам ба деп "қорқып" отырғаным)))
TOTY
Палшыларга бармағаным мұндай абырой болар ма,әйтпесе… мына жүріспен талайының «позорын» шашып кетер едім…
Nurgisa
Ешкімнің позоры шашылмаған шығар деп үміт етейік :roll:
Zilola
Менің әпкем Алматы облысында Айнабұлақ жақтағы Водник деген ауылға барған ғо бір палшыға, содан әлгі апашкі айтқан ғо «он жылдан соң тиесің» деп, әпкем вшоке студент кезінде ғо, кәрі қыз боламын деп қорқып "өтірік" деп кеткен.
Өткен жылы ұзату той жасарда «мәәә, сол кемпірдің айтқаны келді» дит ))
Nurgisa
Ондайда дер кезінде «ауызбастырық» беріп жіберу керек, «срокты» азайтатын  Онсыз да беріп үйреніп қалған. Қолды айтам
Zilola
енді ойлап отырмын, ол апашкінікі көріпкелдік емес, қарғыс шығар ))
balzaminka
he-he, kzdar, men awam baldy, kartamen de, kumalakpen de, kolga karap ta, kozge karap ta  Sateke jazp ketken bar amaldardy bilem  ol uwn ewkim renjimes, ya?

11 klasta jurgende bir kisige kumalak awtrdym, sol bayagy kzk uwn go. Sol kezde kumalakwy, kzm, batyska ketedi ekensn, pywakka tusesn, sodan da ozn tapsyrgan emes, baska okuga tusesn dedi. Ozm Almatyny ansap jurgen adam, batys degendi estigende senbedim. 1ak aitkany dal keldi. Kein bolnicada jatp sestrama aitp koyam, mamaga aitwy, kumalakwyny tauyp, kumalak awtyrsn dep  Sol kezde barin surap almagan ekenmin de dep koyam kazr
Tyulpan
алматыда студент кезім. аялдамада тұрғам. бір сыған сияқты әйел пәленбай деген жерге қай автобуспен жетуге болат деген соң, айттым. ол болса, жаныма келіп «сен жақсы адам екенсің, кел саған бал ашып берейін» деді. мен алдында апайларымнан естіп алғам, ондайларға сенбе дегенді. не айтар екен деп тұрмын. қыс кезі болатын. 3 тал шашымды жұлып алып, аузына салды ма, әйту сілекейленіп кетті.мен жиіркеніп қарап тұрмын. сонда кетіп қалайын десем, сыпайылық жібермит. ят сияқты. содан анау күбірлеп-күбірлеп, айтады, «саған көз тиген. жолыңды біреу байлаған. мойныңдағы алтын алқаны шеш, сенің көзіңше мына қағазға ораймыз. мен саған оқып берем. үйіңе бар да, есіктің алдына су ма бірдеңе, нақты не екені есімде жоқ төк. қағазға оралған алқа ғайып болат, қорықпа, үйге барған соң қайтадан пайда болат» деді. мен болсам «жоқ, шешуге болмайт, бұл сыйлық» деп, әйту, құдай сақтап, аман қалғаным бар еді…
bizbike
Мен де оқушы кезімде мектептен үш-төрт қыз болып қайтып бара жатқанда бір сігән әйел тоқтатып алды. Не айтқаны есімде жоқ, бірақ сырғаңды шешіп бер дегені анық есімде қалыпты. Мен «жоқ» деп қашып кеттім. Сонда гипнозы жүрмей қалған ба?
Daniar-Alan
палшы алдапты ғүӘ
AKY
Неге, расымен ондай мүмкіндік болды, бірақ таңдауды өзім жасадым.
Delhi
Осы жақында Ақтөбеде 8 мкр жақта 2 сыған әйел 5 күн бойына жүрді. Өткен кеткендердін алақанына қарап бал ашып. Ешқандай тиын алмайды екен деп барған адамдардын көбінін заттары жоғалып қайтыптығо. Тіптен курткасынын ішкі қалтасында тұрған ақша, соткаларына дейін қағып кетіпті)))Соны қалай жасайды екен?))
111
ой нантабарлар-ай! Құлақтан құя берсе, сене беретін аңқаулар-ай!
dark_nazgul
Хуйня ғой, сіңлім, хуйня ғой ©
MamaAya
өзім палшыға сенем деп группадағы бейкүнә бір жігітке соны болжаған болар деп приставать етуге шақ қалғам, в натуре хуйня!!!)))))
Kelinshek
жындының сандырағы келед дегеннің кері сияқты…