ҚАЛДЫРМА...



Бітіп бермес сансыз сұрақ санамда,
Күтер мені әлі атпаған таң алда.
Екі көзім парақта, жаным менің
Тым алыста, білмеймін қай ғаламда…
 
Не бітірдім пенде болып жалғанда?
Ұмтыламын қол жетпейтін арманға.
Қуып мәңгі ұстатпайтын сағымды,
Түк өндірмей өтсем егер, таңданба…
 
Қарап кейде айналама тамсана,
«Бағалай біл!» — дегім келет баршаға.
«Сабындай – ақ қамшының қысқа өмірде»,
Мәнсіз өткен қысыр күндер қаншама?!
 
Мекенім де емес өмір тұрақты,
Кейде бәрі түсім ғана сияқты.
«Жалғандағы соңғы күнім болса егер
Не етер едім?» деген қоям сұрақты.
 
Не етер едім? Келер едім тәубеме,
Орын да жоқ онда үміт – сәулеге!
Сәтсіздікке бола налып, мұңайып
Жақынымды салмас едім әуреге.

Күтер бәлкім талай сынақ алдымда,
Қайғы ойлап, түспейінші сары мұңға.
Жүрегімнің түбінен үн естілді:
«Мұның бәрін соңғы күнге қалдырма!
 
Жаралғанын ойла неге санаңның,
Тылсым сыры көп әлі де ғаламның.
Жақсы амалды кейінгіге қалдыру –
Ең өрескел қателігі адамның!.."


Зарина Долатай
Бөлісу:

62 пікір

satibaldi
Бітіп бермес сансыз сұрақ санамда,
Фальшстарт.
ademi_alem
 санамда шынымен бітіп бермес сансыз сұрақ
satibaldi
Тылсым сыры коп әлі де ғаламның.
Мент? Фараон???
zhanibek_nurish
өлеңге қарасам аффтар өмірді көріп-көріп, өріп-өріп тастаған жан иесі екен, анкетаға сүйенсек менен бір ғана жасқа үлкен, мәссаған,
satibaldi
Фаризалар дірілдеп тұрад дейді ғой осы аффтарға кіруге.
zhanibek_nurish
бекер емес болса керек, не дейміз Фудзияма тауы демеп жүргей
ademi_alem
Сатыбалды ағай, Жәнібек, мазақтамаңыздаршы ааа, өтінем ((
zhanibek_nurish
әжуә емес, қалқам! мен де түсімде көргенімді, әр таң сайын өз көзімді өзім ашып оианатыным туралы, және басқа ығысып жатқан оқиғаларымды шумақ-шимақ-шумақ-шимақ етіп тасқа түсіремін бе деген сәулелі ойлар келді, мына хальтура емес өлеңнен кейін
zhanibek_nurish
қуанышқа толы өкініштісі сол, қолдан келмейді
satibaldi
Қарап кейде айналама тамсана,
«Бағалай біл!» — дегім келет баршаға.
«Сабындай – ақ қамшының қысқа өмірде»,
Мәнсіз өткен қысыр күндер қаншама?!

… Көрінді міне, сексеннің де сеңгірі.
Бір ісім жоқ азаматқа тең келер.
Сол тоқсанды, ғасыр жасты көрмей-ақ,
Тап бүгін-ақ қуанышпен кетер ем…
kokbori
Мекенім де емес өмір тұрақты,
Кейде бәрі түсім ғана сияқты.
Қулықты да, сұмдықты жасап ап,
Шанс болса ойламайтын ұятты
ademi_alem
Ойыңыз қандай сіздің ау, көкешім,
Бос сөз айтып, босқа күліп не етесің?
Өлмейтіндей өмір сүріп жүргенмен,
Өкінішпен бір күндері кетесің… ))
kokbori
Өкінбеймін, өкінбеймін, әдемім,
Өкіндірмес, сірә, ішкі әлемім.
Өйткені мен…
Өйткені мен «кәрімін»,
Өміріңнің талай татқан әлегін
ademi_alem
Тартсаңыз өмірдің әлегін,
Сынақ бар алдыда әлі мың.
Уақыттан асқан бір дана жоқ,
Табады ол өзі жан емін. ))
kokbori
Таба ма, таппай ма дауасын,
Уақытта жоқ тіпті аласым.
Арманым қалану кірпіш боп,
Өмірге табылып жарасым.
ademi_alem
Өрескел мінез бізге танытпаңыз,
Қырандайын биікте қалықтаңыз.
Арман деген асқақ шыңға шығарар,
Армандаудан ешқашан жалықпаңыз! (Арманыңыз адастырмасын!))) )
Gastarbaiter
Бір боқал сыра боп тумағаның өкінішті.
Gastarbaiter
Маңдайыңа жазған пешенеден асып ешқайда кете алмайсың, амиго, жазбаша битбокспен айналыс дейм, ешкім нарықты жауламай тұрғанда.
kokbori
артыңды қысып қана отырғаннан жөнді ештеңе көріп отырған жоқпын,қарғам. Аяз би әліңді…
Gastarbaiter
Тіпті пиар кампаниясын мойныма алам нақ, "Әлемнің алғашқы жазбаша битбоксері қазақтан шықты". Лібә, бүкіл арналар іліп әкетеді, токшоуларда алдыңғы қатардан орын беред, бойжеткендер базар-вокзалда автограф сұрап зайбыңды алад.
satibaldi
Мекенім де емес өмір тұрақты,
Кейде бәрі түсім ғана сияқты.
«Жалғандағы соңғы күнім болса егер
Не етер едім?» деген қоям сұрақты.

… Көтертпейді бұ күндері құйысқан.
Сақина бар — бәле басқа жабысқан.
Ақ балдақпен қалт-құлт етіп жүргенше,
Күн қайдасың, Нәңкірменен табысқан?..
ademi_alem
Бір адамдардың шабыты келіп отыр! алақай! )))
kokbori
әңгіме сол шабыттың неге келіп отырғанында боп тұр. Ол адамың Сатыбалды болса
satibaldi
Не бітірдім пенде болып жалғанда?
Ұмтыламын қол жетпейтін арманға.
Қуып мәңгі ұстатпайтын сағымды,
Түк өндірмей өтсем егер, таңданба…
Бітіргенде… бітірдім ғой әрине…
Бірақ оны ізгі іс деп айта алман…
Қасқайсам да тағыдырымның кәріне
Жеңіп кетті Уақыт деген майталман…
Gastarbaiter
Бітіргенде… бітірдім ғой әрине…
Бірақ оны ізгі іс деп айта алман.
ademi_alem
Тырыссақ та, тырмыссақ та қаншама,
Өкінішсіз өміріміз өтсін деп,
Жүзге әжім, көңілге мұң салады,
Өмір солай, Уақытты жеңген ешкім жоқ.
satibaldi
...Өліп кетем бәлкім мен таңертең,
Әрі кетсе, қайтыс болам түс қайта.
Базынамды оқып жүрген немелер,
Барған жерде есімімді жүр айта…
ademi_alem
Аға, бұлай деп бізді жасытпаңыз,
Кетуге әлі ерте ғой, асықпаңыз. )))))
Ойнап жазып, ойын айтқан ағаны,
Жұбатар ем, әттең-ай, қашықтамыз. ))))))))))))))
satibaldi
Жоға, мен сенің өлеңіңнен оқып отырм
ademi_alem
Ақталу деген жоқ.
Nurshat
Сәке шалыс ұйқасыңа… Зәринаға Сынау, сынау, өлтіріп сынау, тірдей сыну
satibaldi
Шалыс ұйқас деген не?
kokbori
астынан, үстінен шалып тоқу оқу
satibaldi
Оқалай сонда?
kokbori
айтқысы келгені а б а б дәстүрімен ұйқас қылып бірінші мен үшіншіні, екінші мен төртінш ұйқасты отырғаныңды айтқан шығар
Gastarbaiter
Ямб, хорей, каталектика жайлы да маңырап жібер боғырем
satibaldi
Toktar26
Өлеңнің қандай ұйқастары бар екенін де білмейсіңбе? Шешесс…
satibaldi
Лібә, білсең түсіндірсейш енді.
Nurshat
Шалыс ұйқас
Абайдан бермен қарай қазақ поэзиясында кең түрде орын алған ұйқастың бір түрі — шалыс ұйқас. Ұйқастың бұл түрінде 1-жол мен 3-жол, 2-жол мен 4-жол ұйқасады. Өлеңнің шумағы төрт жолдан аспайды.
Мысалы:
Шаң шығармас жол дағы,
Сілкіне алмас жапырақ.
Тыншығарсың сен дағы,
Сабыр қылсаң азырақ.
(Абай)
Шалыс ұйқас тек қана 7-8 буынды өлең емес, 11 буынды өлеңдерден де кездеседі.
Мысалы:
Сол қатаң кезде еркіндік ұранды айттым,
Дедім мен жаншылғанға: көзіңді аш!
Аяйтын сезімді де мен ояттым,
Сондықтан сүйер халық, мені ұмытпас.
(Пушкин)
satibaldi
Буынды қалай есептейді?
Nurshat
Дауыстының санына қарай
ademi_alem
Сатыбалды ағаның сын сұрақтарының бірі ғой. Не болды сіздерге ))))))))))
kokbori
Маңырап отырған боғырға,
Жармасып бұтақ жеп, соғылма.
Шамасы кемітіп отқанмен,
Қосылғың келіп ақ отыр ма?
Gastarbaiter
Сидел на елке дятел, досиделся, спятил.
ademi_alem
Не болды сіздерге?