Жапырақ ем тағдырымнан үзілген...

Жапырақ ем тағдырымнан үзілген,
Ұрламашы,
Ұрламашы күзімнен
Неге келіп мазалайсың түсіме,
Бірге бола алмаймыз ғой біз мүлдем.

Ақ шәлі едім,
Ақ бұлт жерге түсірген,
Аппақ қардай көз алдыңа тізілген.
Қарайтпашы, қарайтпашы жанымды
Қабағыңа қатқан мұздың жүзімен

Жаңбыр ма едім
Жолдарыңа жауатын,
Талып кетті,
Талып кетті қанатым…
Мен қонатын биік енді белгісіз,
Мен киетін киім де енді қара тым.

Құс тартатын ноталарын қайғы — әнім
Жүрегіңде болған едім…
Қайдамын?..
Жылатпашы,
Жылатпашы жанарды
Жанар отым сөнгеннен соң айтамын.

Самал ма едім бағыңда есіп тұратын,
Мен шығармын жауабы жоқ сұрағың
Ғайып болғам, өзім күзбен көшкенмін,
Өмір сүріп жүрген менің құр атым.

Жұлдыз БЕЙСЕКОВА.
Әрі қарай

Тарих жайлы жазба

Тарих... Бұл сөздің синонимін өтіп кеткен оқиға, естеліктер деп тани беруге бола ма? Әйтпесе, ол не енді? Сасыған сары тісінің арасынан жартылай қазақша, жартылай аидша, шала түсінікті естеліктерін там-тұмдап мылжалап отыратын шалдардікі де бір тарих қой. Көзілдірігін көтергіштеп, ескі университеттің не мұрағаттың жаңа ғимараттарында шетіне хатшы қыздың кофесі тиген сарғыш қағаздардан тарихтың ақтаңдақтарын іздеп, эспрессоның тамшысын Ахметтің қанына балап жүріп жазған диссерлары да тарих. Өй, қойшы соны…
Жә, тарихтағы біреулерді батыр, біреулерді ез қылған суреттеулерді айтам… Сонсоң, өздеріне өздері жаңалық ашып, жоқ нәрседен бар нәрсе тауып, бір байланыс, символизм көріп...
Әрі қарай

Жоспарланған демалыс...!

Құрметті Достар! Неден бастасам екен…
Общім былай… Жаз басталды, оқу жылын аяқтап, балаларды жазғы лагерлерге таратып, ақшаны жаратып… т.б. жұмыстарды аяқтап, жыл бойына жинаған стрестерді табиғатқа барып шашып жіберу керек болып тұр. Сол себеппен жақын арада, өте жақын арада Оңт. Қазақстан облысына достармен жазғы демалыс ұйымдастырмақ ойымыз бар. Неге ОҚО дейсіздер ғой, прост бізге жақын жер сол болып тұр. Оның үстіне 2-ақ күн уақыт бар, жұмыс талабы солай. Алайда осы күнге дейін Шымкент жерінің қай жері ыңғайлы екенін білмей әлекпіз. (Біз ол жақта болмағанбыз) Мен Түлкібасқа барғым келген, таза ауасын жұтып, тауын аралағым келген. Алайда, Түлкібаста жалға берілетін коттедж, квадрацикл жайлы ешқандай ақпарат ала алмай отырмыз. Мүмкін басқа де керемет жерлер бар шығар. Гугл брат ештеңе айтпай жатыр… Алдағы жоспарланған 2 күндік демалыстың керемет өтуіне көмектесіп жіберсеңіздер «тақырып (тема)» болар еді. Алдын-ала рахмет!
Әрі қарай

Жамандықтан басталып, жақсылықпен аяқталатын хикая айтайын

Блог - e_zhalgas: Жамандықтан басталып, жақсылықпен аяқталатын хикая айтайын

Кішкентай кезімде, айналамдағылар «депутат», «рэкет» болуды ойлап жүргенде, миыма ештеңе кіріп те шықпапты. Тіпті, ұшқыш боламын деп армандауды да білмеппін. Содан да шығар сирек ұшамын. Ұшқым келмегендіктен емес, уақытым болмайды не мүмкіндігім жоқ. Өтірік айтамын – көбіне мүмкіндігім жоқ.

Ұшаққа алғаш отырғанда, миымда бір ғана фраза тұрған еді. «Мәмбет» болып көрінбесем екен, «мәмбет» болып көрінбесем екен деген қайталана береді ғой. Сарыауыз провинциалдың бейкүнә ойы, сондағысы. Қайдағы – әжетхана кабинкасына кіріп алып, не есікті қайта аша алмай, не басқа батырманы басып қойып, стюарттарды әбден әуреге салғанмын. Қойшы соны.

Не айтқым кеп отыр еді. Ұшақтар мен ұшуды ұната бермесем де, Discovery Flight School ұшқыштар мектебінде Алматының төбесін айналып ұшудан бас тарта алмадым. Яки, өзге мүшелерімді де тартпағанымды, он екі мүшем сау болып барғанымды сезіп отырған шығарсыңдар. Оның үстіне Алматының түтінін төбесінен қарап келу қызық көрінді. Сұрамаңдар, географиялық кретинизмім себепті қаланың қай тұсынан қай жағына дейін ұшқанымды өзім де түсінген жоқпын. Боралдай әуежайынан Шамалғанды айналып келдік деген ұшқыштың жалаң ақпаратына мәз болып қайттым, сол.

Айтпақшы, бізде ұшқыш дайындайтын лицензиясы бір үш-ақ мекеме бар екен. Үшеу-ақ. Біреуі, жаңағы, мені ұшырып әкелген DFS. Ойлап қалмаңдар, мектептің негізгі жұмысы есі ауысқан әумесерлерді ұшыру емес, кәсіби ұшқыштар дайындау. Осы уақытқа дейін 60-тан аса ұшқыш дайындап үлгеріпті. Айта кету керек, айтпаса болмайды енді, ұшқыш болудың бағасы өте қымбат екен. Жоқ, ө-өте қымбат екен. Бірақ, инструкторлар бағасына татиды деп қайта-қайта қоймайды.

Неше метр биіктікте ұшқанымды білмеймін. Жобамен 500-800 шығар. Үш адамдық мини-ұшақ аспанға көтеріліп бара жатқанда… оны қойшы, ұшқыш аспанда әдейі көтеріліп барып, селк еткізіп төменге түскенде, мүшелеріңнің бәрі бір аунап түскендей болады. Миың ештеңені қорытып үлгермей, өңешіңнен ауа өтпей қалады ма, бірдеңе. Ал, бір жаққа қарай қисайып, бұрыла бергендегі сезімді жеткізу мүмкін емес. А, жоқ, мүмкін – атракционның ең биік нүктесінен құлдилап келе жатқандай боласың. Жоқ, ондай да емес. Очм, оны көру керек.

Кемі 15 минутқа ұшырады. Ақшасын минутына төлеу керек. Қателеспесем, минуты 1000-1500 теңге ғой деймін. Айтпақшы, шатыры жоқ ұшқыштар да бар екен. Кішкене қымбатырақ бағасына «вираж», «жоғары пилотаж» сияқты тентек трюктерді де жасауға болады деп сыбырлап ескертіп қойды. Сыбырлағаны – клиенттер көбейіп кетпесін деп қорыққаны ғой деп ойладым. Ол енді тіпті шатырсыздар үшін деді бірақ. Біреуде ала алмай жүрген кегің болса, сертификатын қолтықтатып, Боралдайға жібер, очм. Ол енді – қатты кек алғың келіп жүрсе ғана, әрине. Әйтпесе, серитификатың арзан тұрмайды :)

Айтпағым осы ғана еді.
Әрі қарай

Сіздердің пікірлеріңіз біз үшін өте маңызды!

Құрметті КерекИнфо сайтының қолданушылары!

Жақында ашылған bilim-all.kz сайтын көріп, ой пікірлеріңізді айтып көмектессеңіздер. Пікірлеріңізге қарай сайтқа жаңалықтар, өзгерістер енгіземіз. Сіздердің пікірлеріңіз біз үшін өте маңызды! Тәй-тәй басып келе жатқан қазақ тілді сайттың дамуына өз үлесіңізді қосыңыз!

Пайдалы сайттар: Сіздердің пікірлеріңіз біз үшін өте маңызды!

www.bilim-all.kz сайтына өздеріңіздің немесе өздеріңізге ұнаған даналық сөз, ой-толғау, әзіл, анекдоттар, өлеңдер, сабақ-жоспар т.б енгізіп, сайттың оқырмандарымен бөлісе аласыздар.

Сайттың кейбір бөлімдері:

Ұлағатты сөздер
Салт-дәстүр
Информатика
Хайуанаттар әлемі
Суреттер сөйлейді
Өлеңдер
Анекдот, әзілдер
Ертегілер
Жұмбақтар Т.б
Әрі қарай

Оралдағы кафешкілердің бірінде..

Музыка: Ммахаббат бағынндаағыы… сааййрағанн бұлбұұұл еедіің...

Ж: — Негізі… қызға ббайланысты бәрі, м-м мендегі сезімді оята алмад…
Қ: — Өш, жігіт емес па оятатын…
Ж: — Тұратұршш… а так қыз, э қыз ғо мені құртқан, білесің ба соны?!
Қ: — Иә, не болд сонша, енді бәрі жігітке бай..(шу)… сты ғо
Ж: — Ейй, ана кім ед… Үмбетов… Қа..(шу)… Үмбетовтің клипіндегідей (жанындағы жолдасына қарап, оятып) айтшшы мыналарға, түсіндіршщ
Д: — Ні зат? (бір көзін әзер ашып) цүнед цүнед, цүніп отыр ғо ханымдар (Zzz)
Қ: — Алып қашып кетті ма? Малақайың жерге түсті абайла…
Ж: — Мяхкий игрушкасын, гүл мә? гүл, шекалад? мә шыкалад нә
Қ: — Қай жақтан алып қашты?
Ж: — Т, Тұрсынбектің ауылы…
Қ: — Ңң, Ақпәт..(шу)… ғо
Ж: — Ңі-і…
Қ: — И құрысын, қыз көп емес па?
Ж: — (терең дем алып) «Қой тұрайық, іхқ-э, ауылға жүрдім», — деп тәттілеп ішіп отырған сырасын тауыспай орнынан тұрып, орындығын аяқтарымен артқа ысырып, кекіріп, үстел басында ұйықтап жатқан жолдасының қарынан жұдырығымен түрте сала, манадан бері бір бұрышта, бір мониторға телміріп, шулап жатқан кено ойыншыларының арасына еніп, соңғы ставкасын жасап, бойдақ қатындардан алыстап кете барды.

Көрші үстелде осының бәрін көріп-тыңдап отырған, ай-хай жасқа тақалған бойдақ студент бал тортымен ыстық шәй ішіп, 3 жыл бұрын бір чайкі қызға ойыншық қонжық пен гүл әпергенін есіне түсірді.
Әрі қарай

"БІРЛІК-ЕДИНСТВО"

7 сәуір форумға қатысушылардың келу күні.
Поездан Павлодар қаласына келіп түстім. Мені Жастарға қызмет көрсету орталығының бөлім басшысы Саят тосып алып, «Турист» қонақ үйіне орналастырды. Қасыма Астана қаласынан келген Анвар атты жігіт орналасты. Ауыр жолдан шаршағаным сонша қалай ұйықтап қалғаным есімде жоқ)).Блог - Tore_baga: БІРЛІК-ЕДИНСТВО
8 сәуір форумның бірінші күні (экскурсия).
Таңғы сағат 7.30 таңғы ас ішуге түскенімізде бізді Рамиль, Райгүль, Шолпан, Ринат атты жастарға қызмет көрсету орталығы (ЖҚКО) және Қазақстан xалқы Ассамблеясының жастар ұйымының (ҚХА ЖҰ) қызметкерлері тосып алды. Таңғы асымызды ішіп болғаннан кейін барлығымызды автобуспен жастарға қызмет көрсету орталығына алып келді.
Блог - Tore_baga: БІРЛІК-ЕДИНСТВО
Бізді Павлодар облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Нефедова Наталья Владимировна қарсы алып, ЖҚКО ғимаратын аралаттып және Павлодар облысында 740 мың тұрғыны барын, олардың 172 мыңы жастар екенің айтты. Облыс көлемінде тіркелген 87 жастар ұйымының 36 белсенді жумыс атқаратының және ЖҚКО 45 маман жұмыс істейтінін айтты. Павлодар облысында әр түрлі 12 ірі өнеркәсіптің барында айтып өтті.
Блог - Tore_baga: БІРЛІК-ЕДИНСТВО
Одан кейін түскі ас ішуге «GHICAGO» мерамxанасына келдік.
Блог - Tore_baga: БІРЛІК-ЕДИНСТВО
Түскі астан кейін Достық үйінде Сейсенбай Қалижанұлы ағамыз "Қазақстан xалқы Ассамблеясының 20 жылдық мерей тойына байланысты Түркістан қаласынан акция-эстофета басталды" – деп, ат салысуға шақырды және достық үйінде 23 этномадени орталықтарының барын айтып өтті.
Блог - Tore_baga: БІРЛІК-ЕДИНСТВО
Сейсенбай Қалижанұлына Беларусиядан келген қонақтарымыз өз сыйлықтарын табыс етті. Достық үйінде өткен экскурсияда мәжіліс залында Баянауыл бейнеленген керемет суреттерді Галымка атты суретшінің салынған суреттерін көрдік.
Блог - Tore_baga: БІРЛІК-ЕДИНСТВО
Одан ары 2 қабатқа көтерілгенімізде Анастасия Цветаевой мұражайына кірдік. 100 жыл өмір сүрген жазушымыздың туындыларымен таныстық. Осы мұражай иесі Наталия Александровна зейнеткер апамыз кітаптардың көбісі Ресейден әкелінгенің айтты. Экскурсиямыздың жалғасы қаланы автобуспен аралаумен өтті.
Блог - Tore_baga: БІРЛІК-ЕДИНСТВО
1957 жылы салынған «Достық» концерттік залы.
Блог - Tore_baga: БІРЛІК-ЕДИНСТВО
«Благовещенский собор» атты шіркеу. 1991 жылы құрылыс басталып, 1999 жылы аяқталды. Құрылыстың 8 жылға созылу себебі Омск қаласынан кірпіштерді алып келу қиын болды жане каражаттын тапшылығы.
Блог - Tore_baga: БІРЛІК-ЕДИНСТВО
Гид Валентина Георгиевна қалада 55 саябақ барын және «Ақ Отау» салтанат сарайының жанынан жастар саябағы салынатынын айтты. Ал қаламыздың ортасында орналасқан Ақ мешітке биылғы жылы 110 жыл толғанын айтып өтті.
Телефонымның қуат көзінің отыру себебінен суретке түсіре алмадым өкінішке орай.
Экскурсиямыздың соны 1999 жылы салынған Машһүр Жүсіп мешітіне тұрақтап, кешкі ас ішу үшін қоңақ үйге оралдық. Кешкі астан кейін форумның салтанатты ашылу рәсімі «Джагонда» түнгі клубында өтті.
Блог - Tore_baga: БІРЛІК-ЕДИНСТВО
Шекаралас ынтымақтастықтың «БІРЛІК-ЕДИНСТВО.KZ» V xалықаралық жастар этномәдени форумына Армения, Германия, Беларусия, Корей, Тәджікістан, Польша, Ресей, Қырғызстан және әр облыстан келген қонақтар қатысты. Қонақтар өз регионымен таныстырып форумға дайындалған баннерге өз ізгі тілектерің жазып қалдырды. Көнцерттік кеште ән, би және әр түрлі ойындар ойнатылды. Кеш соны жастарға арналған би кешімен аяқталды.
Блог - Tore_baga: БІРЛІК-ЕДИНСТВО
9 сәуір форумның салтанатты кезеңі.
Барлық форумға қатысушыларды жеңіс саябағына алып келіп Ұлы отан соғысының мовзалейіне гүл шоқтарын қойып, Достық үйіне дейін «Бірлік жолы» атты жаяу жүрісі өтті.
Блог - Tore_baga: БІРЛІК-ЕДИНСТВО
Достық үйінің мәжіліс залында көршілес мемлекеттермен Павлодар облысының ЖҚКО мен ҚХА ЖҰ мейморандумға қол қойды. Омск жастарында болған жылда табысталатын айналмалы кубокты Алтай аймағының жастарына табыс етілді. Форумның жалғасында бізді 4 топқа бөліп семинар жүргізді. Мен 2 топқа түстім. Бізде семинарды Алтай аймағынан келген қонақтарымыз xалықаралық балалар лагері жайлы айтып, жобаларымен бөлісті.
Блог - Tore_baga: БІРЛІК-ЕДИНСТВО
Барлық қатысушыларға сертификат табыс етілді. Форумның жалғасы Естай атындағы мәдениет сарайында концерттік кешпен жалғасты. Концерт барысында этномәдени ұлт өкілдері өздерінің ән, билерін көрсетті. Өзіме концерттік қойылымдары қатты ұнады.
Блог - Tore_baga: БІРЛІК-ЕДИНСТВО
Форумның салтанатты жабылу рәсімі Павлодар қаласындағы 12 қабатты ғимараттың 11 қабатында орналасқан «Панорама» мейрамxанасында өтті. Кеш соңында барлығымыз ұйымдастырушыларға алғысымызды білдірдік. Жабылу салтанаты жастарға арналған би кешімен аяқталды.
10 сәуір қайту күні.
Блог - Tore_baga: БІРЛІК-ЕДИНСТВО
Өзім осы өткен 2 күн ішінде көптеген достар таптым, тек Қазақстаннан ғана емес, сонымен қатар көршілес мемлекеттерден де. Үлкен xалықаралық форум өткізгендері үшін, қоңақ жайлығы үшін, ұйымдастыру алқасына айтар алғысым шексіз. Осындай форумдар арқылы көршілес мемлекеттермен достығымыз нығайуда. Елімізде халықаралық шаралар көбірек өткізілсе деп тілеймін. Павлодардан Алматыға қатынайтын поездымда келді, барлықтарыңызға алдағы таңда тілерім жұртымыз аман, еліміз тыныш болсын. Сау-саламатта болайық ағайын!!!
Блог - Tore_baga: БІРЛІК-ЕДИНСТВО
Әрі қарай

Ширек финалға- жартылай болжам!(Жайдарман жоғары лига 1/4 финал)

Ымм,қолыма екі жылдан бері клавиатура алып, ой жазу реті туып отыр.Жартылай болжам дейтін себебім,әлі 1/8ойындарының эфирын әлі көріп болған жоқпын.Дегенмен онлайн репортаждардың көмегімен саралап көрейін… Алдымен андатпа,өзім жайлы.2жылдай Жайдарман сахнасына шықпадым, оған себеп, отбасы жағдайы біріншіден, екіншіден отбасы жағдайы)))Қалай әзілдейтін еді өзі.(((… Жақсы тақырыпқа оралайын.Биыл ТАРИХ маусымы.Тақырып жақсы, бірақ, бірден айтайын биыл Күлтегін Чемпион бола алмайды.(Былай деген себебім, Нұр командасы 1/4тен кетуі керек деген намек).
1-топ.Сәйкестік,әңгімеме арқау боп отырған КҮЛТЕГІН. Дәл 1/8дегідей 2-ші немесе 3-ші орынмен(болса әрине,әй, бірақ бізде болады) өтуі керек. Себебі бұл топта фаворит--ТҰҢҒЫШ АСТАНА.Ал, тағы бір жолдама сөзсіз--ШЫМКЕНТ ЖАСТАР ҚҰРАМАСЫ.Ал, АЯГӨЗ сіздер Альянстың ойынын күтесіздер, резерв құтқаруы мүмкін.Себебі алғашқы күнгі ойындарда жоғары ұпай көтерілетінін ескерсек, мүмкіндік тек резервпен.Аутсайдер бұл топта--ПЖҚ(ұзақ болғасын қысқарта салдым).Негізі Жайдарманда соңғы орын алған топты келер жылы төменгі лигага ауыстырса, футболдағыдай(ия, енді ақыл айтпаймын, айтпақшы, бұл ұсыныс).
2-топ.Осы бүгінге дейінгі, биылғы жоғары лиганың ойындарының ішінде жақсы әсер қалдырған СЫРДАРИЯ құрамасы.Екінші топта еш қиындықсыз өтеді.Видеосайыс болса біраз қиналуы мүмкін қалғандарынан қысылмасы анық.Осы топта келесі жолдама иесі-САҒЫЗ.Биыл не финалға жетіп бірдеңе ету керек, не жетпесе бірдеңе етіп жету керек.(Сырдария осы топта болған соң кішкене қағытпа).Жерлестер жерге қаратпауы керек, алда үш ай демалыс сол себепті келесіге деп сақтамай барын салады деп сенемін. Бұл топтағы 3-ші жолдама — КҮЛКІ ТЕРАПЕЯСЫ.Самат ағамызға жұмысы кедергі боп уақыты болмай жүрмесе,қалғанын сықитады. Ал ЖАСНАР мен ШУ-ШУ құрамаларын бөлмей-ақ өздері соңғы орындарды бөлісе жатар.Айтпақшы резерв болса, Шу-Шу құрамасы жас екендеріңді ұмытпаңдар.А, мүмкін, ЖАСНАР жолдамасын беріп кетер сіздерге, соңына дейін үміт үзілмесін.
3-топ.Қасақаның тобына сөзім жоқ,өтпейді десем ар жағында 3күннен соң сайлау.Өтеді дейін десем,Қармақшы не істейді?.. НҰР-ұзақ демалыстан кейінгі қайта оралу.Негізі эфирден көріп алайын, сонда да осы жерден қайтуға дайын болыңыздар.Бұлтопта осы ойында фаворит АЛЬЯНС.Былтырғы, биылғы ойындарын ұмыттырып, жаңа серпінмен келуі тиіс.Егер оларда мен ойлағандай НАМЫС деген ұғым болса.Тағы бір жолдама иесі -АЭСА.Және үшінші жолдама менің пікірімше ҚАРМАҚШЫ құрамасы.Жас топ, бірақ сол жастықтары тыңғылықты дайындалуға көөөп көмектеседі.ТЕК ҚАНА ҚЫЗДАР сіздерге айтарым, ЖАСНАР мүмкін сіздерге беріп қалар әәә жолдамасын.Обшым бәрі іштеріңде болсын.
Көптен клавиатура ұстамағам,үйлесе алмай, ойымды жинақтай алмай отқан жайым бар,қысқа-нұсқа СӘТТІЛІК ЖОҒАРЫ ЛИГА ТОПТАРЫ.Атыраудан үлкен сәлем!!!
Әрі қарай

«Қазақия-2015» блог-сапар байқауының екінші кезеңі басталды

Блог - asaubota: «Қазақия-2015» блог-сапар байқауының екінші кезеңі басталды
Жалпы «Қазақия-2015» блог-сапар байқауына қатысуға 50-ге жуық өтініш келіп түсті.
ІІ кезеңге 26 үміткер өтті.
Қайсыбір азаматтар бұл тізімге байқау талабына (әлеуметтік желідегі белсенділігі (о.і. 2000 дос) және сапалы пост жазумен (кем дегенде 2) өзінің қабілет-қарымын көрсету) тиісті дәрежеде сай келмеуіне байланысты ілікпей қалды. Сіздердің байқауға деген ынталарыңыз бен ниеттеріңізге алғысымызды білдіреміз.

Ал кім де кім өзін осы тізімнен көрсе, сіздер үшін байқаудың жаңа шартын қабыл алыңыздар.
Бұл үміткерлер белгілі маршрут (12 станса) бойынша қазылар алқасына өз жол картасын – жоспарын ұсынуы тиіс. Дедлайн — 04.04.2015 ж. (Астана уақытымен) күндізгі 09:00-ге дейін.

Жоспарда үш графадан тұратын кестеде келесі ақпараттар міндетті түрде керек.
1. Станса атауы 2. Сол стансада жазатын, түсіретін, көрсететін нысандары мен адамдарының болжамды тізімі (кем дегенде 7 тақырып). 3. Болжамды форма (интервью, фото, инфографика, мәтіндік пост, видео, инфографика, т.т.)

Индивид жол картасын ұсыну – «бара көреміз», «пойыздан түсе сала селфилете саламыз», «достарым көмектеседі», т.т тәрізді дүниелердің алдын алу үшін көзделген. Әжептәуір уақытқа сапарға шығатын болғандықтан, біраз жерді бір сапар бойы көруге мүмкіндік болғандықтан, осындай талап. Және маңызды талап. Шешуші талап

Қуаныштарыңызбен бөлісіңіздер, 12 стансаны іздеп, дайындалыңыздар. Елді бірге таниық!

{Тізім әліпбилік (атына байланысты) ретпен}

1. Айжан Кульмуханбетова
2. Ақбота Мұсабекқызы
3. Алмас Алтай
4. Амалбек Өміртай
5. Амангүл Мадетханқызы
6. Асел Абилбекова
7. Әйгерім Бегімбет
8. Әйгерім Кеулімжай
9. Берік Сұлтан
10. Бижан Садибеков
11. Данияр Жаныс
12. Данияр Қанқожаев
13. Динар Нахыпбек
14. Нұрлыхан Қалқаманұлы
15. Керім Құрал
16. Мағзұмхан Аманбек
17.Мадина Әбдіқадырова (Реброва)
18. Марфуға Шапиян
19. Мейірман Сауранбеков
20. Нұрбек Бекбау
21. Нұрбол Ханағат
22. Нұрлыбек Рахманов
23. Көкбөрі Қазақұлы
24. Серікбол Хасан
25. Шолпан Санақбай
26. Эльвира Ергалина

ІІ кезеңге өткен үміткерлерге қатысты ақпарат:

1. Жолсапар жоспарын 04.04. 09:00-ге дейін ұсыну керек. Кешігу не жоспарды поштаға жібермеу байқаудан тыс қалуды білдіреді.
2. Жоспарларыңызды блогқа, ӘЖ-ге жариялаудың қажеті жоқ, оны қазылар алқасына ұсынасыз, жоспарға деген жауапкершілік, сапасы, зерттегеніңіздің, ақпарат қарағаныңыздың көрінуі ондыққа енудің жалғыз мүмкіндігі.
3. Жоспар — кәдімгі «сапарға барсам, мынаны жазғым келеді, мына кісіні түсіргім келеді» дегеннің кестеге түскен түрі.
3. Бүгін-ертең ӘЖ-де позитивті көңіл күйді жалғастыра түсеміз, ізденіске түсіп «жоқ» боп кетпеңіздер

Поштамыз — qazaqia2015@gmail.com
Әрі қарай

Менің туған ауылым – Томар ауылы

Қарға тамырлы қазақ болғандықтан әрқайсымыздың жүрегіміздің түкпірінде туған ауылға деген сағыныштың болатыны анық. Бәлкім сіздерде ондай сезім жоқ та болар. Өз басым ауылда туып-өскендіктен бе, әйтеуір қалаға келгелі қолым қалт еткенде туған еліме тайып отыруға құлшынып тұрамын. Бүгін сіздерге өз ауылым туралы біраз ақпарат беріп өтейін. Неге «Томарлық» деп сұрағандарға беретін жауабым да бар.

Томар ауылы
Блог - tomarlik: Менің туған ауылым – Томар ауылы
Қарқаралы ауданына қарасты елді мекен. Іргетасы 1965 жылы қаланған. Ағымдағы жылдың тамыз айында 50 жылдық мерейтойы тойланғалы отыр. Әуелі Прогрес колхозының орталығы болады. Кеңес үкіметінің дүркіреп тұрған шағында біздің ауыл да біршама дамып, аудан, облыс деңгейінде экономикасы ең дамыған, болашағы зор елді-мекендер қатарына кірген. Барлық ауылдар жекешеленіп, колхоз бен совхоздар таратылып жатқанда «Прогрес» кейіннен «Томар» кеңшары сақталып қалды. Бертінге дейін таратылмай жұмыс істеп тұрды. Бұл ауыл халқының ауызбірлігінің жоғары болғандығының айғағы еді. Алайда нарық өз дегеніне көндірмей қоймады. Ағайын арасына алауыздық еніп, шайтанның азғыруымен бір тұтас «Томар» кеншары бірнеше ұсақ шаруа қожалықтарына ыдырап кетті. Нәтижесінде жеке шыққандардың көбісі жұмыстарын жүргізе алмай, тақырға отырды. Бұл ауылдың әлеуеті үшін үлкен соққы болып тиген еді. Бірақ, аброй болғанда ел есін жиып алды. Қазір, біртіндеп дамып келеді. Ауыл халқының негізгі күн көріс көзі мал өсіру. Егіншілік жақсы дамымаған. Арқаның кең жазығында орналасқандықтан жылқы және қой малдарын ұстауға ыңғайлы. Томар ауылы аудан орталығы болып саналатын Қарқаралы қаласынан 136 км қашықтықта орналасқан. Қарағанды облысының шығыс шекарасында тұр. Егер Томар ауылынан әрі қарай дала жолымен 90 км жүретін болсаңыз Шығыс Қазақстан облысынан бірақ шығасыз.
Ауылда қазір шамамен алғанда 150-200 үй бар. Бұрын селолық округтың орталығы болған еді. Біздің ауылға қосымша үш ауыл (Айғыржал, Тоқылдақ, Ошан) қараған. Қазір ол ауылдардың халқы қалаға қоныс аударып, өлі қала бейнесіне түсіп тұр. Аталмыш елді-мекендерде тек жаз айында ғана тіршілік нышанын байқауға болады. Алты ай қыс қолдағы малын ауыл іргесіне қамап ұстаған ағайын, жаз шығып жер кеңігенде жайлауға сол өңірлерге шығып кетеді. Бұлардан бөлек Томар ауылына 28 мал фермасы қарайды. Таза мал өсірумен шұғылданып жүрген кейбір отбасылар қолдарындағы мал-мүлкімен бірге тау-тастың арасын паналайды. Мұның өзіндік тиімді тұстары бар. Біріншіден ауыл айналасы таза, екіншіден жеке бағылғандықтан малдың күйі де жақсы болады және өсімі де жоғарылайды.

Табиғаты
Блог - tomarlik: Менің туған ауылым – Томар ауылы
Табиғаты ерекше сұлу деп айта алмаймын. Сарыарқаның ұсақ шоқыларының арасындағы жазықта орналасқан. Басқа ауылдардан бір ерекшелігі қыс ерте басталып, кеш аяқталады. Көршілес ауыл Бақты елді-мекенінде қара жер көрініп, жұрт малдарын өріске шығарып жатқанда біздің жақта қалың қардың мұрты да бұзылмай тұра береді. Бірақ, солтүстігімізде сұлулығы Қарқаралы, Кент, Көкшетау сұлулығынан артық болмаса кем түспейтін Темірші тауы орналасқан. Көлігі бар адамға 30 минуттық жер. Жаз айларында сол таудың бөктеріне барып, табиғат аясында демалып қайтуға болады. Темірші тауының тағы бір ерекшелігі жан баспаған мекен болуында. Мәселен, Көкшетау мен Қарқаралыға бара қалсаңыз шашылып жатқан қоқыс атаулыдан және тастағы шимай шатпақтардан көз ашпай қаласыз. Себебі жұрттың бәрі сол өлкеге демалуға барады. Қайтарда қоқыстарын тастап, шашып кетеді. Ал біздің елді-мекендегі тау алыста орналасқандықтан көп ешкім келе бермейді. Сондықтан өзінің табиғи сұлулығын сақтап қалған.

Суреттер сөйлесін

1. Томар ауылының 3000 метр биіктіктен түсірілген суреті. <uСуретті мұқият қарасаңыз, төменгі жағындағы «coogle» деген жазудың жанындағы үйлердің ішінде бір үй сарымен белгіленіп, «Томар» деп жазылып тұр. Мен сол үйде туып, 2011 жылға дейін тұрғанмын. Сабаққа жаяу барып-келу қиямет-қайым еді. Әсіресе қыс айында.

Блог - tomarlik: Менің туған ауылым – Томар ауылы

2. Ауыл көрінісі. Шілде айында

Блог - tomarlik: Менің туған ауылым – Томар ауылы

3. Ауыл көрінісі. Ақпан айы

Блог - tomarlik: Менің туған ауылым – Томар ауылы

4. Жылқы кезек. Қарай айғыр.

Блог - tomarlik: Менің туған ауылым – Томар ауылы

5. Сол бұзау іздеп келе жатқанбыз

Блог - tomarlik: Менің туған ауылым – Томар ауылы

6. 11-жылдық ауыл мектебі. Құрылысы кеңес одағы тұсында басталып, аяқсыз қалған. Тек 2000 жылы қайта қолға алынып, 2002-2003 оқу жылында пайдалануға берілді.

Блог - tomarlik: Менің туған ауылым – Томар ауылы

P/S: Байқағандарыңыздай ауылымның басқа елді-мекендерден анау айтқандай айырмашылықтары жоқ. Бірақ, мен үшін қашан да ыстық. Барлық ғаламдағы ең сұлу, ең көркем жер осы. Ата-бабаларымның сүйегі қалған киелі өңір. Мектепті аяқтап, үлкен қалаға қарай қанат қаққанда туған елімнің мақтанышы боламын. Қайда жүрсем атын шығарамын деп серт берген болатынбыз. Сондықтан лақап атымды «Томарлық» деп қойдым. Білмегендер біле жүрсін дегенімғой. )))
Әрі қарай