Кім білген?

Суреттер сөйлейді: Кім білген?
Осыдан біраз уақыт бұрын Эльвира Ерғалинаның интернетті шулатқан біраз суреттерін көріп «Не болып қалды?», «Не болды?», «Бұл не?» деп біразыңыз басыңызды ауыртқан едіңіздер… Кейінінен оның Эльвираның жаңа жұмыс орны, яғни «Жетінші арнадан» басталғалы жатқан «Кім білген?» жобасынан үзінділер екенін біліп, «Кім білгенді» күткенімізде өтірік емес.
Жарты жылға жуық уақыт көрермендерді түрлі салалар бойынша ақпараттандырып, таңқалдырған бағдарлама әне-міне дегенше алдағы аптаның ішінде аяқталғалы жатыр. Осы жұма «Кім білген?» бағдарламасының жүргізушісі Нуриддин Бидосовпен кездесіп, әңгімелесудің сәті түскен еді. Әңгімелесу барысында Нуриддиннен «Кім білгеннің» қалай дүниеге келгендігі туралы, «Кім білгенді» кімдер жасайтындығы және әрі қаратай жалғасы түсіріледі ме деген сынды сұрақтардың астына алған едім…
Суреттер сөйлейді: Кім білген?
Мен саясаттанушы болғым келмейді!

Суреттер сөйлейді: Кім білген?Мен журналистикаға келемін деп ойлаған емеспін. Бір күні үйде теледидар көріп жатсам «Облыстық телеарнаға жүргізуші қажет» (Шымкент облысы – авт.) деген хабарландыруды көріп телеарнаға кастинге бардым. Барсам 50 шақты адам жүр. Біреуі өлең, біреуі мәтін жазып келген, қызу дайындық үстінде. Мен олай келу керек екенін білмеймін… Сол жерде сөреде жатқан газетті алдым да менің кезегім келгенде хабарландыруларды оқыдым. Соны оқып, әйтеуір телевидениеге өтіп кеттім. Бірақ 3 күн тәжірибеден өткеннен кейін мені шығарып жіберді. Кастингтен екі жігіт өткен едік. Менімен бірге өткен жігіт бұрын радиода істеген еңбек өтілі бар жігіт екен соны жұмысқа алды. 3 айдан кейін ол аяқ астынан жұмыстан шығып кетіп, мені қайта шақырды. Сөйтіп телевизияның қызып жатқан қазанына түсіп кеттік…

Өмірімде тележүргізуші боламын деп ойламағаннан кейін басында өте қиын болды. Жұмыс істемей-ақ қоямын бааа деген ойлар жиі келіп жүрді. Сонда әке-шешем «Жақсы жұмыс қой істей бер, оның үстіне ұлымыздың бүкіл облысқа жаңалық оқығаны бізге де абырой» деп өз оймынан айнығанмын. Бүгінгі күні осы салада жүргеніме 15 жылдай болды. Өзімнің негізгі мамандығым саясаттанушы. Өз мамандығым бойынша жұмыс істеп көрген емеспін. Шынымды айтсам істегім де келмейді (күлді-авт.).

«Аян. Дала аңыздарының» жаңа маусымы болмайтын болғаннан соң сол ұжымыммен «Кім білгенді» алдым.

Суреттер сөйлейді: Кім білген?
Мен 10 жылдан аса уақыт тек жаңалықтарды жүргізген адаммын. Бұрындары да «Аян. Дала аңыздары», «Кім білген?» деген сынды жеке жобаларды жүргізуге ұсыныстар болған, бірақ ол уақыттары келіспеген едім. Былтыр Әлия Баймұхамедованың ұсынысымен «Аян. Дала аңыздары» жобасын бастадым, содан кейінгі екінші жобам осы «Кім білген?» болды.
«Кім білген?» жобасын да жүргізуді ұсынған Әлия Баймұхамедова еді. «Аян. Дала аңыздарының» кезекті маусымы аяқталғаннан кейін, сол кезде әрі қаратай жалғасы болмайтының білгенде осы ұжыммен «Кім білгенді» алайық деп шештім.

Суреттер сөйлейді: Кім білген?
«Кім білген?» ерекше бағдарлама.
Кез-келген арнада арнайы репортаждар болады. Бірақ «Кім білгенді» ерекше деп айтуға толық құқым бар. Өйткені біз кез-келген тақырыпты көрерменнің көңілінен шықсын деп оқиғаны арасында ойнатып, кейде күлдіріп, кейде жылатып жеткізіп жатамыз. Ондағы ойымыз көрермен біздің хабарды көрген кезде камераның арғы жағында оператор емес өздері болып, оқиғаны көріп, мәтінін жазған журналист емес өздері сонда тұрғандай сезінсін деген ой болды. Одан кейін кез-келген тақырыпты ол ауыр тақырып болсын, жеңіл тақырып болсын адамды терең ойландырып жіберетін емес, кез-келген дүниені жеңіл қабылдап, тез қорытып, ішінен өзіне қажеттісін сіңіріп алсын деген ой болды. Соның арқасында болар басшылар біздің ұжымның жұмысын жоғары бағалап, «Кім білгеннің» екінші маусымына тапсырыс беріп отыр. Құдай қаласа келесі жылы жаңа 31 серия түсіргелі жатырмыз. Осы жерде көрермендерімізге өздерін қызықтыратын тақырыптар болса бізге телефон, электоронды почта, хат арқылы хабарласып жатса, біз оны түсіруге өте қуанышты болатындығымызды айта кеткім келеді. Сонымен қатар, келер жылы көптеген көрермендеріміздің сұрауы бойынша «Аян. Дала аңыздарының» үшінші маусымын түсіру ойымызда бар. Әзірше ол қалай болады, қайда түсіріледі белгісіз. Тағы да көрермендерімізге осы «Аян. Дала аңыздарының» үшінші маусымын қандай етіп көргілері келетіндігін хабарласып, өз ұсыныстарын айтса деген тілегіміз бар екендігін айта кеткім келіп отыр.

Біздің ұжымда 14-ақ адам бар.
Суреттер сөйлейді: Кім білген?
Біздің ұжым үлкен емес. Небәрі 14 адам «Аян. Дала аңыздарын», «Кім білген?», «Выход есть» деген жобаларды алып жүрміз.
«Кім білген?» жобасының идея авторы Әлия Баймұхамедова, тақырыптарды ұжым болып отырып талқылап, бекітеміз. Ал сценариін жазатын редакторларымыз Саида Елшібаева, Нұртілек Риянбекқызы, Эльвира Ерғалина болды. Арасында мен де өз тарапымнан айтатын дүниелерім болса толықтырып отырдым.
Кез-келген жұмыста, кез-келген бастамада қиындықтар болады. Бірақ Аяна Койчиманова, Райса Мукуева, Елдар Курманбаев деген продюсерлердің арқасында алдымыздан шыққан барлық қиындықтардан қиналмай шығамыз.

«Кім білгеннің» кейбір бағдарламалары 2-3 ай түсірілді.
Суреттер сөйлейді: Кім білген?
«Кім білген?» небәрі 30 минуттай ғана болса да үлкен еңбекті талап ететін жоба. Кейде бір хабарды түсіру барысында бір апта толықтай кетіп қалады. Менің стэндаптарымның өзін жазу кейде екі күнге шейін созылса, сценариді жазып, оны келістіруге 2-3 күн кетеді. Оның ішінде түсірілім өтетін алаңдарға рұқсат алу, реквизиттерді дайындау бәрі-бәрі уақыт алады. Тіпті кейде бағдарламаны ұжымның жұмыста қонып жасайтын кездері де болады… Кейбір серияларын түсіруге 2-3 ай кетті. Яғни бір оқиғаны түсіреміз деп бастаймыз да, оның басын түсіріп қоямыз ал соңы бірнеше айдан кейін болатын оқиғамен байланысады.… Сол сынды ұзақ түсірілген серияларымыздың бірі "Қазақстандық шоу бизнес еді". 30 минут қана болғанымен, «Кім білген?» ол үлкен ұжымның жұмысы екендігін ұмытпау керек!

«Кім білген?» мені бір сатыға өсірді.
Бүгінгі күні біздің өміріміздегі ең басты дүниелердің бірі ақпарат қой. Ақпарат деген жан-жақтылық. «Аян. Дала аңыздары», «Кім білген?» жобалары арқылы дүниетанымым кеңейді, көп нәрседен ақпарат алдым, көп адамдармен жақын таныстым, журналистикалық бағыт бойынша өстім, жаңа бір сатыға көтерілдім деп айта аламын. Ең бастысы өзіме ұнатын ұжыммен бірге жұмыс істегеннен рахат таптым.
Суреттер сөйлейді: Кім білген?
Келер жылы «Кім білген?», «Аян. Дала аңыздарының» жаңа маусымдары, күнделікті жаңалықтарым бар. Осыларды Алла сәтін салып барлығын уақытылы түсіріп, тапсырып жатсам өзге жобаларға да дайынмын. Тіпті киноға шақырып жатса, кино, телехикаяларға да түсуге қарсы емеспін (күлді – авт.).
Суреттер сөйлейді: Кім білген?

P.S. «Кім білгеннің» 1 маусымының қорытынды, әрі жаңа жылдық бағдарламасы 28 желтоқсан күні сағат 20:30-да «Жетінші арнадан» көрсетіледі. Нуриддиннің және «Кім білген?» жобасының ұжымының айтуы бойынша бұл бағдарлама жаңажылдық ең ерекше бағдарламалардың бірі болмақ :)
Әрі қарай

3-тур қорытындысы

Керек тілші: 3-тур қорытындысы

«Керек тілші» жобасында Кәсіпкерлік тақырыбы жақсы ашылды. Өңірлердегі түрлі кәсіп иелерімен, түрлі кәсіп түрлерімен таныстық. Қатысушыларға мазмұнды посттары үшін үлкен рахмет.

ademi_alem — 9,75
tomarlik — 9,50
Aya — 8,25
NazerkeAbibulla — 8,25
Basic — 7,75
AydosRymkul — 5,00
tauewki — 5,00
Sunshine — 1,50
Әрі қарай

Интернеттен тауып жүр "жаңа қазақ" табысын

IT кәсіпкерліктің артықшылықтары:
Нәтиженің лездігі. Мысалы, кәсіпкер үшін ең маңыздысы тұтынушылар, және ол тұтынушыларды көбейту үшін кәсіпкерлер белгілі бір маркетингтік шаралар қолданады. Ал ғаламтор арқылы бұл мәселе оңай шешіледі. Себебі интернет арқылы ақпараттың таралуы өте тез. Интернетте жасаған маркетингтік шара нәтижесі көп күттірмейді, кейде бір күн, тіпті 1 сағаттың ішінде өз жемісін әкеліп жатады.
Қаржылық шығындардың салыстырмалы түрде аздығы.Жалдамалы еңбекті аз қолданып жүзеге асырылатын кәсіп болғандықтан, шығынды азайтуға мүмкіндік бар. Әрине, егер сіз өз салаңыздың қыр-сырын жақсы білетін, кәсіби маман болсаңыз.
Қашықтықтан басқарылу мүмкіндігі. Интернет желісі қол жетімді кез-келген жерден басқаруға болатындықтан, ІТ-кәсіпкерлік тұтынушы үшін де басқарушы үшін де өте қолайлы. Бір мезетте бірнеше шаруаны қатар тындыруға мүмкіндік бар. Мысалы, қажетті құжаттарды рәсімдеу үшін талай кабинеттің есігін күзетіп, таблодан нөміріңді сарыла күтпей, интернетке қосылып, өз істеріңмен айналысып, уақытты тиімді қолдануға болады.

Менің виртуалды репортажымның кейіпкері өз кәсібінің артықшылығын осылай суреттеді. Енді кейіпкерлер туралы аздаған ақпарат:
Ғабит Бекахметов – 29 жаста. Биологиядан халықаралық олимпиадалар жеңімпазы (Аршаттың түнгі чаты есіме түсіп кетті) Дьюк Университетінде (АҚШ) экономика, шығыстану және саясаттану мамандықтары бойынша білім алған. Нью Йорк, Алматы, Астана қалаларында энергетика және пайдалы қазбалар салаларында жұмыс жасаған. Ғабит курстастары арманаған Уолл-стритте мансап қуып, мықты лауазымда отыруға мүмкіндігі бар еді. Алайда, бүгінде ІТ-кәсіпкерлікке бет бұрып, энергетика және білім саласында инвестициялық жобалармен айналысады. Айтпақшы, ол критикалық ойлау негіздері бойынша дәріс береді, осы аттас кітап авторы.
Абай Жарлығап — Нью Йорк Университетінде компьютер инженерлігі мамандығын игеріп, Астанада стартап және білім беру саласындағы жобалармен айналысады. Физика мен математика сабақтары бойынша оқу құралдары мен емтиханға дайындық әдістемелерінің авторы.

Ал енді репортаж жүргізілетін жер туралы айтсақ: www.kz.educator.com/ сайты
Керек тілші: Интернеттен тауып жүр жаңа қазақ табысын
Өз жобасының басталуы туралы Ғабит былай дейді:
Жаһандану заманында, интернетті қолданып білім алу ең ыңғайлы тәсілдердің бірі. Алайда, еліміздің бұл саладағы білім қазынасы әлі толыса қойған жоқ, яғни ғаламтор желісінде оқушыларға қажетті қазақша материалдар өте аз. Сондықтан, бұл жағынан сұраныс бар да, қажеттілік өтейтін ұсыныс аз. Осыны ойлай келе, Қазақстанда кеңінен қолданысқа ие болып, жақсы нәтиже беретін веб сайт ұйымдастыру қажеттілігі туды деп қорыттым. Сөйтіп американдық достарымызбен ақылдаса келе ҰБТ, SAT сияқты емтихандарға дайындалуға көмектесетін сайттың негізін қаладық. Жеке инвестицияландыру арқылы, Калифорнияның Educator.com сайтымен бірге Educator.kz интернет порталын құрдық.
Қазірде бұл порталдың он мыңнан астам жазылушылары бар. Онлайн сабақтары қымбат емес. Бір жыл бойы сабақтарды шектеусіз көрем десеңіз – 12 мың, 3 ай – 5 мың, 1 ай – 2 мың. Сайттағы төлем жасау туралы нұсаулығы еріксіз жымитты:
Керек тілші: Интернеттен тауып жүр жаңа қазақ табысын
Сайттың контентін толтыруға баса назар аударылады. Қазір порталда математика, физика, биология, химия, тарих, география, тілдер (ағылшын, қазақ, орыс) пәндері бойынша дәрістер курсы толық жүктелген. Дәрістердің мазмұндық және техникалық сапасын қатаң қадағаланады.
Керек тілші: Интернеттен тауып жүр жаңа қазақ табысын
(1 сағаттың шикі видео-контентті өңдеуге шамамен 3 сағат жұмсалады)
Физика сабағынан Астана қаласының дарынды балаларға арналған «Зерде» мектебінің мұғалімі, білім саласының үздігі, 39 жыл ұстаздық еткен Қамбар Хатапұлы дәріс береді. Дәріс тақырыптарының өзі адамның мысын басады екен :)
Керек тілші: Интернеттен тауып жүр жаңа қазақ табысын
Порталдың жазылушыларының демографиясымен таныстық. Астана қаласының жастары ең белсенді әрі оқымысты болып шықты)
Керек тілші: Интернеттен тауып жүр жаңа қазақ табысын
Бұл кәсіптің өзін өзі өтеуі туралы сөз қозғағанымда, Ғабит былай деді:
Қазақ тіліндегі ресурстар арқылы жоғары табысқа жету үшін оған лайықты сайт болу қажет. Ол үшін желі басқарушылары барынша ақпарат базасын толықтырып, дамытып отыруы тиіс. Ең қажетті информацияларды біріктіру арқылы қолданушылардың жоғары трафигіне қол жеткізу қажет. Тек осы критерийлер қарастырылған жағдайда ғана қазақ тіліндегі ресурстардың монетизациясы жоғары болады.
Дегенмен өз жобамызға келер болсақ, кәсібіміз жаман табыс әкелмейді (сомасы туралы нақты ақпарат тек инвесторлар мен салық агенттігіне ғана айтылады), алайда біздің негізгі мақсатымыз еліміздің ғылыми ақпараттандырылу ахуалын көтеру. Ал табыс табу мен ғаламтор арқылы пайда келтіру негізгі мәселе емес, оны жай ғана толассыз еңбектің жемісі ретінде қарастыруға болады.

Ресми деректерге сүйенсек, бүгінде интернетті пайдаланушылар саны 12 миллионға жетіпті. Ал пайдалану мақсатына келер болсақ, сипаты келесідей:
Керек тілші: Интернеттен тауып жүр жаңа қазақ табысын
Бұл деректі бекер келтіріп отырғам жоқ. Себебі маған интернет керек-жарағы да, қоқысы да араласқан үлкен бір үйіндіні елестетеді. Біреу бар уақытын әлеуметтік желілерге сарп етіп, өзінің сасық амбициясын қанағаттандыруға тырысады, енді бірі «мәңгілікке» айналған 9 сағаттық жұмыс уақытын жылдам өткізу құралы ретінде пайдаланады. Ал біреулер, осы алапат ақпарат тасқынында сіз бен бізге сапалы контент ұсынуды мұрат тұтады. Кәсібің тіршілік етуге қажетті қаражат көзі ғана емес, өмірлік ұстанымың болған қандай жақсы…
Әрі қарай

Сауда саласындағы білгірлер немесе сауданы дамытудың оңай жолы - ИНСТА ЖАРНАМА

Кәсіпкерлік – азаматтардың немесе олардың бірлестіктерінің өзіндік табыс табуына бағытталған қызметі. Осындай өз күнін өзі көруге тырмысып, өз кәсібін ашып, шаруасын дөңгелетіп жүргендер көп арамызда. Солардың басым көпшілігі — сауда кәсібіне жақын алапсатарлар, саудагерлер. Бұл кәсіпті серік қылғандардың күнделікті жұмысымен танысып, көкейімдегі сұрақтарды қойып көрдім. Сөйлескенде жүзі жарқылдап тұрған адамдар суретке түсуге келгенде ұялшақтық танытты. Кейбірі өз кәсібінің сан қырымен, саудаға қалай келгенімен, ай сайынғы пайдасымен бөлісті.
Гүлдер сатумен айналысатын Ирина осы кәсіппен биыл қатарынан 7 жыл шұғылданатынын жеткізді. Табыс жақсы дегеннен басқа ештеңе ашылып айта қоймады.
Керек тілші: Сауда саласындағы білгірлер немесе сауданы дамытудың оңай жолы - ИНСТА ЖАРНАМА

Ал сурет шығарып, әртүрлі әдемі фотосуретке арналған жиектемелер сататын қыздардан сыр тартып көріп едім, ештеңе шықпады. Әйткенмен, жақсы табыс табатындары келушілердің көптігінен-ақ көрініп тұр.
Керек тілші: Сауда саласындағы білгірлер немесе сауданы дамытудың оңай жолы - ИНСТА ЖАРНАМА
Мына екі әжейдің жағдайы кішкене ауырлау. Боранда тоңып тұрғандары. «Күнкөріс қамы,»- дейді біреуі, екіншісі:-жаз бойы бақшамда өскен көкөністерден түрлі қысқы азық жасап, саттықтан тапқан қаржыны немерелеріме беремін,- дейді.
Керек тілші: Сауда саласындағы білгірлер немесе сауданы дамытудың оңай жолы - ИНСТА ЖАРНАМА
Осы әжелерге Құдайдың бір смартфонын беріп, инстаграмға жарнама салуды үйрету керек-ау деймін!!!

Мына «Саида» дүкенінің бір жағында азық-түлік сатылады, екінші жағында құрылыс заттары деген жазу болғанымен, 1-2 жыл болған, жабулы тұр.
Керек тілші: Сауда саласындағы білгірлер немесе сауданы дамытудың оңай жолы - ИНСТА ЖАРНАМА

Иесі – татар ұлтының өкілі Разина Закирова. Дүкен 1996 жылы ашылған екен, Саида кенжесінің есімі болғандықтан осылай атағанды жөн көріпті.
Керек тілші: Сауда саласындағы білгірлер немесе сауданы дамытудың оңай жолы - ИНСТА ЖАРНАМА

Дүкеннің орташа күнделікті табысы – 60-80 мың теңгені құрайды екен Разина ханымның айтуынша.Керек тілші: Сауда саласындағы білгірлер немесе сауданы дамытудың оңай жолы - ИНСТА ЖАРНАМА
«Клиенттер аз болған күні пайдамыз 30 мыңға дейін түсіп кететін кездер болады,»- дейді дүкен иесі. Керек тілші: Сауда саласындағы білгірлер немесе сауданы дамытудың оңай жолы - ИНСТА ЖАРНАМА
Қызметкерлер құрамы: аға сатушы, 3 сатушы, кіші қызметкер Керек тілші: Сауда саласындағы білгірлер немесе сауданы дамытудың оңай жолы - ИНСТА ЖАРНАМА
Керек тілші: Сауда саласындағы білгірлер немесе сауданы дамытудың оңай жолы - ИНСТА ЖАРНАМА
Әңгіме соңында дүкенді күрделі жөндеуден өткізсем деген ойы бар кәсіпкерге табыс тіледім.

Мына сатушылар өздерінің саудасы жақсы жүріп жатқанын ғана айтты.
Керек тілші: Сауда саласындағы білгірлер немесе сауданы дамытудың оңай жолы - ИНСТА ЖАРНАМАКерек тілші: Сауда саласындағы білгірлер немесе сауданы дамытудың оңай жолы - ИНСТА ЖАРНАМА
Кәсіпкерлікті дамытудың идеалды жолы – ИНСТА ЖАРНАМАЛАР!!!
Керек тілші: Сауда саласындағы білгірлер немесе сауданы дамытудың оңай жолы - ИНСТА ЖАРНАМАКерек тілші: Сауда саласындағы білгірлер немесе сауданы дамытудың оңай жолы - ИНСТА ЖАРНАМАКерек тілші: Сауда саласындағы білгірлер немесе сауданы дамытудың оңай жолы - ИНСТА ЖАРНАМАКерек тілші: Сауда саласындағы білгірлер немесе сауданы дамытудың оңай жолы - ИНСТА ЖАРНАМАКерек тілші: Сауда саласындағы білгірлер немесе сауданы дамытудың оңай жолы - ИНСТА ЖАРНАМАКерек тілші: Сауда саласындағы білгірлер немесе сауданы дамытудың оңай жолы - ИНСТА ЖАРНАМА
Бұл да дұрыс екен… Себебі, нарық заманында кәсіпкердің қоғамдағы белсенділігі — өте қажет нәрсе.
Сауда кәсібінен несібесін тауып жүрген ағайынға табыс пен өсу тілеймін!!!
Әрі қарай

Күзгі елестер

Күзгі елестер
Арайланған таңғы уақ шырайымен
Жүрегімнің мұңлы әні Күн, Айым ең
Күзгі бақ… Мен таңдаған ақ қайыңның
Жапырағы сарғайды уайыммен.

Жарық әлем қарасаң бір шеті жоқ
Жан серігі барлардың көңілі тоқ
Бар дүние астан- кестең болғанымен
Күзгі бақ пен тек менде өзгеріс жоқ

Манаураған күзгі бақ жабырқатты
Жабырқатты жаныма қатты батты
Тереземді, бір менде өші бардай
Тамшысымен жаңбырдың тарсылдатты

Күзгі бақта қалайық екеуара
Пәк жүрекке салмашы мұңлы жара
Дәл қазір, көз алдыңда серт етейін
Мына бақ пен сүйемін сені ғана

Жасыңды тый, кел қане жұбатайын
Жұбатайын қайғыңды құлатайын
Бақытында бірге ойнап бірге күлген
Күзгі бақты мен қалай ұмытайын

Арамызда қалмасын өкпе нала
Жырларыма куә ғой дархан дала
Қаншама ару жолыма тұрғанымен
Әлі күнге сүйемін сені ғана

Махаббатта тағдыр мені аямады
Аямады тек қайғы аялады
Мені тастап кеткенінді естігенде
Жүрегімнің дүрсілі баяулады

Көктен жаңбыр жауады арқырап дүр
Сар далада аунайын көсіліп бір
Күз болсада, сол сезімнің оты өшпей
Әлі күнге кеудемде жарқырап тұр

Жапырақтар айналаны нұрландырды
Нұрландырды кей сәтте мұңдандырды
Күзгі бақта жолығысқан сол бір ару
Өміріме өшпестей із қалдырды

Содан бері қанша күз, көктем келді
Күзгі бақ сол баяғы өзгермеді
Жараланған жүректерді емдеп жүріп
Жалғыз болып қалмасам жарар еді…
Әрі қарай

АСҚАР ТАУДАЙ АҒАМ

Барине салем. Мен бир окига айткым келип кетти ол меним агам екеумиз жайлы. Ол менен 9жас улкен. Мен каз 23темин.
Агам соз жок керемет жан. Ол мени оте жаксы кореди бала кезимнен маган керектин барин айткызбай алып беретин. Кандай болсада уй шаруасын даланын тирликтерин истесем, истеген арбир тирлигиме 10тг 20тгден есептеп кунде акша беретин. Ар жылы окуды 5пен битирип грамота алсам жана велик алып беретин. Мен 7окыган кезимде уже агамнын жагдайы жаксы болатын машинасы болды унеми маган айдататын. Мен агама еркелеп кеттим. 8ши 9шы сыныптарда бузык болып кеттим. Коп нарсеге урындым агам любой маселемди шешип журди. Мамамен папам урыссада агам араша тусетин. 9ды битирп алматыга окуга тустим, жатакханада турдым. Улкен калада агамнын жиберип турган акшасы аздык етти арине жонимен жумсасам жетип артылатын еди бирак мен ауылда жургенимдей журдим кафе, бильярд, сауна дегендей. Акша аздык еткен сон тартып алуды уйрендик арине жалгыз болмадым озим сиякты акмактармен. Солай жургенимде бир балеге урынып камалып калдым бир жарым айдай пока агам сататынын сатып акша алып келгенше. Агам сол жолы коп шыгынданды. Маган ренжип кетти кетеринде. Содан бираз уакыт агаммен сойлеспей журдик. Сол сойлеспей журген кездерде женгем кунде хабарласып жагдайымды сурайтын. Кейин женгем по секрету айтты сол кезде агам звондатып громкага койдырып тындап туратынын даусымнан настром калай екенин гадать етип журетинин. А мен агам ренжип кеткен куннен бастап тузелдим. Ойымды жыйнастырып алгансон ауылга барып агамнан мама папамнан кеширим сурадым уаде бердим. Аллага шукир уадемде турып келем. Айткым келгени жакын, камкор адамдарымызды багалау керек екен.

Бұданда басқа қызықты оқиғаларды Basbarmak.kz сайтынан таба аласыздар.


Блог - MangistauZhanaozen: АСҚАР ТАУДАЙ АҒАМ
Әрі қарай

Сен - қазақсың!

Орындаушы: Бағлан Әбдірайымов.
Сөзі: Күләш АХМЕТОВА.

I.
Сен – қазақсың!
Қазақ деген ел бөлек,
Қазақ салған соқпақ бөлек, жол бөлек.
Киіз үйі Жер сияқты жұп-жұмыр,
Шаңырағы Күн сияқты дөңгелек.

ҚАЙЫРМАСЫ:
Сен – қазақсың!
Ұлы дала – тұғыры.
Күмбір-күмбір күрескерлік – ғұмыры,
Тірескеннің дірілдеткен тізесін
Тұлпарының тұяғының дүбірі!

II.
Сен – қазақсың!
Қазынасы – нәсіп, құт.
Қазақ болу – ғаламатқа ғашықтық.
Жерің, суың, тауың сұлу соншалық,
Көрген көзден кететіндей жас ытқып!

ҚАЙЫРМАСЫ:
Сен – қазақсың!
Ұлы дала – тұғыры.
Күмбір-күмбір күрескерлік – ғұмыры,
Тірескеннің дірілдеткен тізесін
Тұлпарының тұяғының дүбірі!

III.
Сен – қазақсың!
Қазақ едің туғанда!
Онда, дүние тағылымынан үлгі ал да,
Ата жұрттан, Ана тілден айрылма,
Төбеңде Күн, төменде Жер тұрғанда!

ҚАЙЫРМАСЫ:
Сен – қазақсың!
Ұлы дала – тұғыры.
Күмбір-күмбір күрескерлік – ғұмыры,
Тірескеннің дірілдеткен тізесін
Тұлпарының тұяғының дүбірі!
Тірескеннің дірілдеткен тізесін
Тұлпарының тұяғының дүбірі!
Әрі қарай

Көзтаныс дүниенің құпиясы

Кейде бесенеден белгілі, білемін-ау дейтін істің басқаша болып шығатыны бар. Мәселен, күнделікті көзбен көріп, қолме ұстап жүрген Tele2 операторының бастапқы топтамаларын (стартовый пакет) Алматыда мүмкіндігі шектеулі жандар жинайтынын білетін бе едіңіз? Жеке өзім үшін бұл жайт ауызды аңқайтып, жағымды жерге түсірмесе де, әлдебір «дұрыс» таң қалу сезімін тудырды.
Әрі қарай

Смартфондарға қысқа бір шолу(өзім асыға күтетін 2 смарт)

Соңғы кездегі «3 жыл бұрын алынған Нокиамды ауыстыру» мақсатындағы ізденістерім нәтижесінде біраз компанияның өнімдері туралы ақпаратты ақтарып шықтым. LG G3, Sony Xpreia Z3, iPhone 6, Samsung S5, Lenova K900, HTC M8, Google Nexus 5 — осылардың барлығын бір-бірімен салыстырып қарап шықтым. Нәтижесінде әрқайсысында өзіме ұнамайтын бір-бір кемшіліктері бар болып шықты.
Блог - Artold: Смартфондарға қысқа бір шолу(өзім асыға күтетін 2 смарт)
1. LG G3. Бұл смарттың андроид 4.4 киткатта жұмыс жасауы ауырлау болып шықты, то ист әлі күнге дейін глюктары бар, көп ойланады(тормоз ғо қысқасы, салыстырмалы түрде). Батарейкасы тез отырады. Лазерлі автофокусы бар. Интерфейсі жақсы.

Блог - Artold: Смартфондарға қысқа бір шолу(өзім асыға күтетін 2 смарт)
2. Sony Xpreia Z3. Камерасы 20Мп дегенменде, 20-ға татырлықтай түсіре алмайды. Желімен жұмыс жасауы нашарлау(кей кезде адамның даусы естілмей қалады, кейде тіпті желіні таппай қалады). Белсенді қолданыста қуаты 1-1,5 күнге жетеді.

Блог - Artold: Смартфондарға қысқа бір шолу(өзім асыға күтетін 2 смарт)
3. iPhone 6. Қымбат. 64 биттік 2 ядро үшін шамамен 170 мың(«да вы совсем ах**ли»). Майысып қалуы ықтимал. Жабық ОЖ өзіме ұнамайды, бірақ ОЖ өзіне арналғандықтан жұмысы өте жақсы.
6s шыққан күні 6 ескі болып қалып, жарты жыл сайын өзіңді «лох» сезініп қалып, «новинкалардың» соңынан жүгіріп жүру.

Блог - Artold: Смартфондарға қысқа бір шолу(өзім асыға күтетін 2 смарт)
4. Samsung Galaxy S5. Samsung-тың Galaxy S деген модельдері сынғыш, бұзылғыш келеді. Эксплуатациясы әрі кетсе 1,5 жыл. Одан кейін бірдеңеге жарай қалуы қиындау. Құлатпай, өте сақ; процессоры мен жедел жадын(оперативка — ОЗУ) жүктемей ұстасаңыз ғана өмір сүру уақытын созуыңызға болады. Бұл пунктта да смартфонды жыл сайын ауыстыру.

Блог - Artold: Смартфондарға қысқа бір шолу(өзім асыға күтетін 2 смарт)
5. Lenovo K900. Флагман үшін оффишал прошивкасы — андроид 4.2.1(Минус деп қарауға болмайд, керек десеңіздер 4.4 киткатты өздерің қойып алсаңдар болад). Ең үлкен минусы — батарейкасы. Белсенді қолданыста 2-3 сағаттың ішінде батарейкасын "өлтіріпцауға" болад. Температурасы тез көтеріледі. Интерфейсі нашарлау.

Блог - Artold: Смартфондарға қысқа бір шолу(өзім асыға күтетін 2 смарт)
6. LG Google Nexus 5. Жоғарыдағылардың ешқайсысымен салыстыруға келмейд. Бағасына қарап ақшасыздарға арналған смарт деп ойлап қалуыңыз мүмкін. Біздің жағдайда бүкіл Қазақстанға(шынымен«бюджетный» ғо бірақ). Бірақ андроидтағы жұмысы өте жақсы(пысық). Батерайкасы тез өліпқалад.
Автофокусы адамға бағынбайды(Автофокус :«Пошел на*! Өзім білем нені түсіретінімді!» — деп жатса ренжімеңіз).

Блог - Artold: Смартфондарға қысқа бір шолу(өзім асыға күтетін 2 смарт)
7. HTC One M8. Мықты смарт деуге лайық. Андроидта өте жақсы жұмыс жасайды. Андроидтағы жұмыс істейтіндердің ешқайсысы шаңына ілесе алмайды. «А как же SGS5?» деуіңіз мүмкін. «Темір-терсегімен жеңіп кетуі ықтимал. Шын қолданысқа келгенде М8 айырад» дейді ұстап көргендер.
Бірақ камерасы тіп-тура мағинасында «мал»! 4Мп(бл* жазуға ұялып отырм). «Ультрапиксел» деп алдарқатады өздерінше.

Сонымен сонымен өзім асыға күтіп жүрген 2 смартфонмен таныстырайын

Блог - Artold: Смартфондарға қысқа бір шолу(өзім асыға күтетін 2 смарт)
1. HTC Desire EYE
8 қазанда көпшілікке таныстырылды. Ең басы ерекшелігі: екі жағы да бірдей 13 Мегапиксельді камерадан тұрады. Қосалқы камерасы 13 Мп смартфонды көрмегіңіз анық. Және алдыңғы бөлігінде де жарқылы(вспышка) бар. Селфифон десек қателеспейміз. Сырты пластмас, ішіндегі «темірі(процессор, жеделжад, және т.б.)» HTC One M8-бен бірдей. Ож -Android 4.4 Kitkat, интерфейсі — Sense 6. Қазанның соңында сатылымға шығады. Бағасы 650$ айналасында болмақ(қытайда).

Блог - Artold: Смартфондарға қысқа бір шолу(өзім асыға күтетін 2 смарт)
2. Motorola Google Nexus 6
Көпшілікке 16 қазанда таныстырылды. Ең басыты ерекшеліктері:
1) Андроидтың ең жаңа нұсқасы Android 5.0 L(Lollipop) қойылған(ОЖ-ның өзі бөлек үлкен тақырып).
2) Turbo charger функциясы. Компанияның өзінің(Motorola) айтуы бойынша смартфоныңызды 15 минутқа ғана қуаттандыру арқылы қуатын(зарядін)8 сағат жұмыс жасайтындай деңгейге жеткізе аласыз. Әрине бұл әлі толық айқындалмаған. Мүмкін ол тек автономды режимде ғана 8 сағатқа шыдайтын шығар?! Ол жағы белгісіз. Ашып айтпайды. Маған да қызығы осы тұсы болып тұр. Шыныменде 15 минут зарядкіге қойғаннан кейін смартфон 8 сағат нан сұрамай жүре ала ма?
Қазанның соңында сатылымға шығады. Еуропадағы бағасы 650$ айналасында.

P.S.: Барлық смартфондарды өз қолыммен ұстап көрмедім, сондықтан айтылғанның барлығы инетте қаңғып жүрген «отзывтар» бойынша жазылды.
Әрі қарай

Суреттер сөйледі ме?



АҢСАҒАН МҰСТАФА Блог - rakisheva: Суреттер сөйледі ме?

  • 1979 жылы 12 қыркүйекте, Атырау облысы Миялы ауылында дүниеге келген.
  • 1997 жылы Алматы қаласының сурет колледжін бітіріп, Темірбек Жүргенов атындағы Өнер академиясының графикалық дизайн бөлімінің студенті атанып, академия қабырғасында А.Дүзелханов, А.Омаров, М. Қыдырбаевтардан дәріс алған.
  • 1991 жылдан бастап «Ақ босаға» газетінде көркемдеуші редактор қызметін атқарып келеді.
  • ...
  • 2014 жылдың 14-қазанында «Сөйле, сурет» атты көрмесі ашылды :)






Бүгін көптен күткен Аңсаған Мұстафаның көрмесі «Сөйле, сурет» көрмесі ашылды.
Блог - rakisheva: Суреттер сөйледі ме?
Блог - rakisheva: Суреттер сөйледі ме?
Блог - rakisheva: Суреттер сөйледі ме?



Көрмеге бүгінгі күні тек қазақстандықтардың арасында ғана емес шетелдіктерге де танымал болып үлгерген әлеуметтік тақырыптардағы Аңсаған Құрманғазықызының 50-ге жуық суреттері қойылды.
Блог - rakisheva: Суреттер сөйледі ме?
Блог - rakisheva: Суреттер сөйледі ме?
Блог - rakisheva: Суреттер сөйледі ме?




Суретшінің айтуы бойынша ол өз суреттерінде жастарға тәлім тәрбиені заманауи және әркімге бірден түсінікті инфографика тәсілін пайдалана отырып жеткізуді көздеген. Сол үшін де тәрбиелік мәні зор әлеуметтік көрмені жастардың қалың тоғысу орны, Астананың қара шаңырағы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінде өткізуді жөн көрген болатын.
Блог - rakisheva: Суреттер сөйледі ме?



Бүгін күні бойын әлеуметтік желілерден де, ақпараттық агенттіктер мен газет-журнал, теле-радиолардан да Аңсағанның көрмесінен түрлі жазба, фоторепортаж, жаңалықтарды тамашалап жатқан боларсыздар. Ал мен бұл постымда Аңсағанның «Сөйле, сурет» көрмесі негізгі аудиториясына жетті ме, олар суреттерден қандай әсер алғандарын суретпен көрсетпекпін.
Блог - rakisheva: Суреттер сөйледі ме?


Ал ендеше көрейік, суреттер сөйледі ме?
Блог - rakisheva: Суреттер сөйледі ме?
Блог - rakisheva: Суреттер сөйледі ме?
Блог - rakisheva: Суреттер сөйледі ме?
Блог - rakisheva: Суреттер сөйледі ме?
Блог - rakisheva: Суреттер сөйледі ме?
Блог - rakisheva: Суреттер сөйледі ме?
Блог - rakisheva: Суреттер сөйледі ме?
Блог - rakisheva: Суреттер сөйледі ме?
Блог - rakisheva: Суреттер сөйледі ме?
Блог - rakisheva: Суреттер сөйледі ме?
Блог - rakisheva: Суреттер сөйледі ме?
Блог - rakisheva: Суреттер сөйледі ме?
Блог - rakisheva: Суреттер сөйледі ме?
Блог - rakisheva: Суреттер сөйледі ме?
Блог - rakisheva: Суреттер сөйледі ме?
Блог - rakisheva: Суреттер сөйледі ме?
Блог - rakisheva: Суреттер сөйледі ме?
Блог - rakisheva: Суреттер сөйледі ме?
Блог - rakisheva: Суреттер сөйледі ме?
Блог - rakisheva: Суреттер сөйледі ме?
Блог - rakisheva: Суреттер сөйледі ме?
Блог - rakisheva: Суреттер сөйледі ме?
Блог - rakisheva: Суреттер сөйледі ме?
Блог - rakisheva: Суреттер сөйледі ме?



Блог - rakisheva: Суреттер сөйледі ме?


Көрме қазан айының 25-жұлдызына дейін, Еуразия Ұлттық университетінің бас ғимаратында өтеді.



P.S. Менің фотоаппаратыма ілінген жастардың түрі осы ^_^
Әрі қарай