Күзгі елестер

Күзгі елестер
Арайланған таңғы уақ шырайымен
Жүрегімнің мұңлы әні Күн, Айым ең
Күзгі бақ… Мен таңдаған ақ қайыңның
Жапырағы сарғайды уайыммен.

Жарық әлем қарасаң бір шеті жоқ
Жан серігі барлардың көңілі тоқ
Бар дүние астан- кестең болғанымен
Күзгі бақ пен тек менде өзгеріс жоқ

Манаураған күзгі бақ жабырқатты
Жабырқатты жаныма қатты батты
Тереземді, бір менде өші бардай
Тамшысымен жаңбырдың тарсылдатты

Күзгі бақта қалайық екеуара
Пәк жүрекке салмашы мұңлы жара
Дәл қазір, көз алдыңда серт етейін
Мына бақ пен сүйемін сені ғана

Жасыңды тый, кел қане жұбатайын
Жұбатайын қайғыңды құлатайын
Бақытында бірге ойнап бірге күлген
Күзгі бақты мен қалай ұмытайын

Арамызда қалмасын өкпе нала
Жырларыма куә ғой дархан дала
Қаншама ару жолыма тұрғанымен
Әлі күнге сүйемін сені ғана

Махаббатта тағдыр мені аямады
Аямады тек қайғы аялады
Мені тастап кеткенінді естігенде
Жүрегімнің дүрсілі баяулады

Көктен жаңбыр жауады арқырап дүр
Сар далада аунайын көсіліп бір
Күз болсада, сол сезімнің оты өшпей
Әлі күнге кеудемде жарқырап тұр

Жапырақтар айналаны нұрландырды
Нұрландырды кей сәтте мұңдандырды
Күзгі бақта жолығысқан сол бір ару
Өміріме өшпестей із қалдырды

Содан бері қанша күз, көктем келді
Күзгі бақ сол баяғы өзгермеді
Жараланған жүректерді емдеп жүріп
Жалғыз болып қалмасам жарар еді…
Бөлісу:

4 пікір

asaubota
авторы өзің бе?
RysbekRamazanuly
asaubota Иа өзімнің туындым.
RysbekRamazanuly
Иа өзімнің туындым.
Beytanis


Үзіліп түскен жапырақ жерге түскенінше билеп жүрген биші секілді, билеп-билеп, биін кенет жата қалып аяқтағандай көрінеді.