Көзтаныс дүниенің құпиясы

Кейде бесенеден белгілі, білемін-ау дейтін істің басқаша болып шығатыны бар. Мәселен, күнделікті көзбен көріп, қолме ұстап жүрген Tele2 операторының бастапқы топтамаларын (стартовый пакет) Алматыда мүмкіндігі шектеулі жандар жинайтынын білетін бе едіңіз? Жеке өзім үшін бұл жайт ауызды аңқайтып, жағымды жерге түсірмесе де, әлдебір «дұрыс» таң қалу сезімін тудырды.

Қаланың төмен жағында, шамалап алғанда сол Рысқұлов-Сейфуллин айналасында, қыңыр-қиыс көшелердің бірінде көз тоқтатып еленбейтін ғимарат бар. «Қазақстандық кереңдер қоғамы» отырады. Отырады дегенге қол қусырып деп түсінбеңіздер, нағыз қайнап жатқан жұмыстың ортасы. Бірінші қабатта баспалары бар, екінші қабатта тігін цехі. Қызметкерлердің дені – құлағы естімейтін жандар. Үкіметтен алатын 18-20 мың теңгеге байланбай, жалақы алады.

Блог - qisyq: Көзтаныс дүниенің құпиясы
Ұйым директоры Изат Нұрғалиевтің айтуынша, Tele2 қазақстандық нарыққа кіргеннен бастап, яғни шамамен бес жылдай уақыт істес болып келе жатыр екен. «Олар бізге антенна орнатпақшы болды, таныстық, біз өз қызметімізді ұсындық, олар қабылдады. Сенімдеріне ие болдық, қазір мерзімсіз келісім-шартпен жұмыс істейміз», — дейді директор.

Изат Нұрғалиевтың сөзіне қарағанда, ұжымда 200 мың теңгеден артық жалақы алатын қызметкерлер бар. Орташа жалақы 60-70 мың теңге көлемінде. Директор әр топтама үшін төленетін ақының алпыс пайызы қызметкерлердің еңбегін төлеуге кететінін жеткізді.

Блог - qisyq: Көзтаныс дүниенің құпиясы
Біз күнделікті өмірде саналы/бейсаналы түрде елемейтін жандар үшін әр тапсырыс үлкен маңызға ие. Елдің үстіндегі құлағы естімесе де өз аузымен ойын білдірген Бақытгүл Иманбаева Tele2-ге үлкен рахметін айтты. «Бізге жұмыс табу өте қиын, Tele2-мен ары қарай жұмысымызды жалғастырғымыз келеді. Ұжымның атынан алғысымды білдіреміз», — дейді ол.

Бақытгүл апайдың міндеті – келген жұмысты қызметкерлер арасында мүмкіндіктеріне қарап бөліп беру, кімнің не істегенін тіркеп отыру. Бір сөзбен айтқанда, жұмыс барысын басқарып отырады.

Блог - qisyq: Көзтаныс дүниенің құпиясы
Мүмкіндігі шектеулі жандар бұл жерде ұялы байланыс топтамасын толық жинап шығады: қолданушы оқуға тиіс кітапшаны, сим-картаны арнайы қорапшаларға салып дайындайды.

«Бір қарағанда оңай жұмыс секілді көрінеді, бірақ 30 мың, 40 мың немесе 50 мың топтама әзірлеу кезінде өте мұқият болу керек, бір нөмірден шатассақ, басынан бастаймыз» дейді қызметкерлер.

Блог - qisyq: Көзтаныс дүниенің құпиясы
Айтпақшы, Tele2-мен алғаш жұмыс басталғанда 120-150 мың топтама әзірлейтін кездер болған екен.

«Егер жұмыс көбейсе, қызметкерлер санын 100 адамға дейін арттыра аламын. Қауырт іс басталғанда отбасыларымен келіп істейтіндер бар, тіпті уақытында бітіру үшін түнге қалып істейді. Өте еңбекқор жандар», — дейді Изат Нұрғалиев.

Блог - qisyq: Көзтаныс дүниенің құпиясы
Ал, жұмыс қазіргі қызметкерлер үшін жеткілікті. Директор қолдарында 300 келісім-шарт бар екенін айтты. Алматылық емханалардың журнал, бюллетендерінен бастап мемлекеттік бланкілерге дейін басып шығара береді. Тігін цехі де тыным таппай, тарсылдатып тапсырыс алады екен.

«Мүмкіндігі шектеулі адамды көп жерде жұмысқа алмауға тырысады, себебі «мәселесі» көп. Егер біздің тапсырысымыз артса, мәселен, өзге операторлар серіктестік орнатса, қосымша жұмыс орындарын аша алар едік» деп отыр Қоғам өкілдері.

Блог - qisyq: Көзтаныс дүниенің құпиясы
Үйден шыға бермейтін, шықса да бөлектенетін жандардың сіз екеумізден кем емес екенін сөзбен ғана емес, жұмыс беріп, іспен дәлелдеп отырған Tele2 қай жағынан алып қарасаң да үлкен сауапқа ие болып деп ойлаймын.
Бөлісу:

4 пікір

zholantai
күшті, нөмір сатып аларда ойлайтынмын, осыларды кім шатаспай жинап шығад екен деп, бұ да бір білген іс болд :)
Dana
… Иә, бұл жалғанның біз білмейтін сыры көп. «Біреу тойып секіреді, біреу тоңып секіреді» деген мәтел тегін айтылмаса керек?..
Кейде, әбден шаршағанда өз-өзіңнен налып, көшеде келе жатсаң, дәл сол сәтте алдыңнан қайдан шыққаны белгісіз кемтар жан шыға келетін жайттарда, әп сәтте тәубеңе таянасың да қаласың…
MERmukhanov
Қалай көрмей қалғам? Тіпті салауатты өмір салты тақырыбына да қатып кетеді екен былай.
asaubota
Түркияда мындай заң бар: 50-ден көп жұмысшысы бар кәсіпорын, мекемелерде 3% мүгедек, 3% бұрын түрмеде отырған адам жұмыс істеуі керек. бізге де сондай заң керек сияқты