Жапырақ ем тағдырымнан үзілген...

Жапырақ ем тағдырымнан үзілген,
Ұрламашы,
Ұрламашы күзімнен
Неге келіп мазалайсың түсіме,
Бірге бола алмаймыз ғой біз мүлдем.

Ақ шәлі едім,
Ақ бұлт жерге түсірген,
Аппақ қардай көз алдыңа тізілген.
Қарайтпашы, қарайтпашы жанымды
Қабағыңа қатқан мұздың жүзімен

Жаңбыр ма едім
Жолдарыңа жауатын,
Талып кетті,
Талып кетті қанатым…
Мен қонатын биік енді белгісіз,
Мен киетін киім де енді қара тым.

Құс тартатын ноталарын қайғы — әнім
Жүрегіңде болған едім…
Қайдамын?..
Жылатпашы,
Жылатпашы жанарды
Жанар отым сөнгеннен соң айтамын.

Самал ма едім бағыңда есіп тұратын,
Мен шығармын жауабы жоқ сұрағың
Ғайып болғам, өзім күзбен көшкенмін,
Өмір сүріп жүрген менің құр атым.

Жұлдыз БЕЙСЕКОВА.
Бөлісу:

4 пікір

Ispek92
Өлеңге әңгімем жоқ, сұрағым: осы ақындар неге махабатты трагедиялы етіп жазады? Қосылмау, тағдыр қиындығы т.б.
merekeee
Жақсы ақындардың көбейгені сонша, уже өлең оқығың келмейді. Ерекшелік жоқ, бәрі БІРДЕЙ жақсы жазады.
MERmukhanov
Жоғарыдағы қос пікірге қосыла алмаймын, өлең — әлсіз.
Күшейт не прозаны көр.