Блогқұрылтай: жаңа жоспар

BlogCamp: Блогқұрылтай: жаңа жоспар

Алтыншы құрылтай да аяқталды.
Қарап тұрсаң, тәулік сайын ауысып, апта сайын түрленіп тұратын қазіргі заманда аз уақыт та емес. Ауыз толтырып айтатын жетістігіміз де жоқ. Сол, майда жеңіс(шік)тер. Ия, жастар көптеп тартылып жатыр, спикерлердің деңгейі өскен, құрылтайға министр келді… бірақ… жазбаның деңгейі өсті ме? Қай блогшы инфографиканы қатырып жасайды? Кім фотошедевр түсірді? Құдай ауу, видеоблогтың өзін күнделікті түсіріп жүрген адам таппайсың ғой..

,-деп жылап бастасаң постты :)
Кеше блог әлемінің ақсақалы бар, қарасақалы бар (Mikhael емес), Көкбөрісі бар ақылдастық. Отыра қалып биылға, келесі жылға жоспар құрып та тастадық. Келесі жылғы блогқұрылтайдың форматын да анықтап тастадық. Бұл мәселелерді негізі құрылтай кезінде (бәріміз бірігіп) айтылуы, талқылануы керек еді, алайда белгілі бір себептерге байланысты өтпеді. Сонымен…

ФОРМАТ

— Келесі жылы блогқұрылтай ақылы негізде өтеді.
Спонсорлар табамыз, қосымша қаржы табамыз, алайда символикалық болса да жарна төлеп келеді қатысушылар.
— Тек блогшылар ғана қатыстырылады.
Әлеуметтік желі мен интернет қолданушылардың жиылысы емес, блогшылардың шарасы болғандықтан, осы бастан блогқа тіркеліп жазба жазуды бастасаңыздар. Мүмкін шектеу де қоярмыз. Мәселен, блогыңызда кемі 20 жазба болуы тиіс деген секілді.
— Блогшылар арасында рейтинг жүреді.
Өзін-өзі мойындатқан блогшыларға артықшылықтар беріледі. Ол жарна төлемеу, жатын орынды ұйымдастырушылар көтеру, жол ақысын ұйымдастырушылар көтеру секілді тағы да басқа жеңілдіктер берілуі мүмкін.
— Үздіктер анықталады.
«Жыл блогері», «Жыл жаңалығы», "Үздік видеоблогер" секілді тағы да басқа номинациялар беріліп үздіктерді анықтап отырамыз.
— Қай өңірде өтетінін өзіміз анықтаймыз.
Әкімшіліктермен хабарласып, қай өңір қабылдауға дайын екені анықталған соң дауыс беру арқылы өңірді анықтаймыз. Әкімшілік спонсор емес, қолдаушы (орын, автобус т.б.) ретінде қатыстырылуы мүмкін.

Онан бөлек...
Блогкемп аясында тағы да 4 шара ұйымдастыруға тырысамыз.

BlogCamp: Блогқұрылтай: жаңа жоспар

Шара Астана қаласында мамыр мейрамдары кезінде өтеді. Әзірге 8-9 мамыр деп отырмыз, бірақ датасы өзгеруі мүмкін. Аты айтып тұрғандай тақырыптар видеоға арналады. Ішіне: видеоблог, сценарий, жарық қою, ютюб баптаулары, монетизация секілді көптеген тақырыптар кіреді.
Шара ақылы. Суммасы 5000 теңгенің жобасында болуы мүмкін. Онан асырмауға тырысамыз. Қатысушылар шектеусіз (яғни тек блогшылар ғана қатысады деген шарт жоқ).

BlogCamp: Блогқұрылтай: жаңа жоспар

Шара тамыз-шілде айларында Шымкент қаласында өтеді. Форматы былтырғы «Жазғы мектеп» секілді. Тақырып: мәтін. Яғни, мәтін жазу, тақырып қою, пост құрылымы, СММ тағы да басқа мәселелерге арналады.
Шара ақылы. Нақты сомасын қазір айта алмаймыз, бірақ 20-25 000 шамасында болады. Қатысушылар шектеулі. 50-60 адамнан аспауы тиіс. Бұл шараға да кез-келген адам қатыса алады. Тек қана блогшылар болсын деген шектеу жоқ.

BlogCamp: Блогқұрылтай: жаңа жоспар

Шара Алматы қаласында қазан айында өтеді. Фото түсіру, ракурс, фото жанрлары, жарық таңдау тағы да басқа мәселелерге арналады. Шара ақылы. Шамамен 5000-10000 жобасында болады. Бұл шараға да кез-келген адам қатыса алады. Тек қана блогшылар болсын деген шектеу жоқ.

BlogCamp: Блогқұрылтай: жаңа жоспар

Барлық шараның қорытындысы есебінде «Астана интернет форумы» өтеді. Бұл жерде тек қана блог емес, интернет мәселелері, ақпараттық қауіпсіздік, ІТ секілді көптеген мәселелерге арналады. Шара ақылы. Шамамен 5000-10000 жобасында болады. Бұл шараға да кез-келген адам қатыса алады. Тек қана блогшылар болсын деген шектеу жоқ.

Әзірге осы. Жаңалықтар болса хабарландырып тұрамыз ;)
Әрі қарай

Не айтпақ болсаң да, не жазсаң да мысал келтір, сөзің жалаң болмас үшін...

«Керекинфо» деген сайтқа келмегенімде мен де құдай біледі, осы күнге дейін «ойбай, мұнымыз дұрыс емес, ұлтымыздың түбіне жететін қауіп бұл, алдын алмасақ болмайды, құрдымға кетеміз, құримыз» деп байбалам салып жүретіндердің бірі болар ма едім…
Бақсам, қорқынышым, қаупім орынды-ақ екен. Бірақ онымен қалай күресу керек, ұлтыңды сүюдің, ол үшін күюдің, жаны ашудың жолы қалай, соны жете аңғармайды екенмін. Үркердей жиылған әлгі сайттағы интеллектуал жастардан үйренгенім де, әлі үйренерім де көп.

Сонымен, осы әлеуметтік желіге келмей тұрып та ұлтын өте-мөте жаннан артық сүйетіндердің байбаламын, қаупін, сақтандырғысы келетін жанашыр мақалаларын, дәйектерін оқып, естіп жүрдік. Әлі де сол екпін, сол қарқын, сол леппен келе жатырмыз. Күшеймесе бәсеңдей қойған жоқ. Шыны керек, «Айтуға оңай» бағдарламасын көргенім жоқ. Үзіп-жұлып желі бетінен әр жерінен қарағансыдым. Бұл бір ғана мысал. Бірақ, ұлтқа, қазақтыққа, болмысқа жан ашу бір басқа, оған төнгелі тұрған қауіптің салдарын айтып, нақты мысалдар келтіріп жан ашу бір басқа екенін түсінгендеймін.
Мектепте бала күнімде «Байлар да жылайды», «Изаура күң» деген сериалдан бастап, сосын Бразилияның, Мексика, Аргентина, Венесуэла т.б. елдердің, бертін, түрік, корей сериалдарын көріп өстік. Қазір трендте үнділер тұр))))
Айтайын дегенім, дәл осы шеттің дүниелерін көргеніммен қазақтығыма нұқсан келмепті. Мен қазақ күйімде қалдым. Елтіп әндерін тыңдаған шығармын, билеген де шығармын. Бірақ, мен шетелдердің сериалында осылай жамандық атаулыны көрсетті екен деп жаман жолға түсіп кеткен жоқпын. Сол сериалдың жаман жағы өміріме әсер етті дей алмаймын. Өмірімде қателіктер рас, көп кездесті. Біліп жасаған, білмей жасағандарым қаншама. Бірақ, оған шетелше тыңдаған әндерім, киноларым, сериалдарымның түк те қатысы жоқ. Қателігім шыңдалуға, сабақ алып, әр адамның кім екенін білуге көмектесті. Басқалар да менің кім екенімді білді дегендей. Тағы да айтам, ол қателіктеріме шеттің дүниелері қылаудай әсер еткен жоқ. Түсінгенім, мен тек оларды көріп қана қояды екенмін. Санама, жүрегіме өткізіп, еліктеп, өмірімнің қателіктерін сол шеттің кинолары, шеттің дүниелері бұзды деп сылтауратпайды екем. Не жасасам да өз қателігім, өз шешімім екенін түптің түбінде біліп тұрамын. Және өз айналамнан да «ойбай, дәл осы шеттің дүниелерін көп көріп, содан бұзылды, ұлттық иммунитетін әлсіретті, жаман жолға түсуіне әлгі бір сериал себеп болды» деген жайттарды кездестірмеппін. Жамандықты жасағысы келген адамға ештеңе себеп, тосқауыл болмасы анық.
Күйеуінен ажырасқан құрбыларым бар, күйеуге тимей жасы келіп қалғандары да бар, үйсіз жүргендері де бар, жұмыспен алданып жүргендері бар, жап-жақсы отбасы болып отырғандары да бар, солардың бәріне болмаса да біреуіне шетелден көрген дүниесі әсер етіп, содан өмірі қор болды деп айта алмаймын. Мысал келтірейін десем жоқ та екен. Әрқайсысының өзіндік тағдыры, қателіктері, өмір жолдары бар. Бар болғаны сол. Және оларды жаһандануға айдап салғалы тұрғандардың «қыл тамағында» жұтылып кеткелі тұр деп те ойламаймын.
Блог - Zhan: Не айтпақ болсаң да, не жазсаң да мысал келтір, сөзің жалаң болмас үшін...
Үлкен саясаттан хабарым жоқ, ол туралы білімім жеткілікті болса сарапшы деңгейінде болмаса да бір ойымды айтар едім. Иә, түсінем, айтқыңыз келіп тұр, «70 жылдық кеңестік шапқыншылық, отар заманы ше?» деп. Я болды. Ол периодтан өткенімізге 25 жыл болды. Осынша жыл өтсе де «зарлай» берудің мәнісі жоқ деп ойлаймын. Айналамдағы қазақтардың (мен көріп жүрген) сериал, шеттің әндерінен, биінен бұзылып, ұлттығынан ажырап қалып жатса, онда ол расымен қорқынышты әрі байбалам салатын-ақ дүние. Бірақ, мен соларды көрген жоқпын. Болмай-ақ та қойсын.
Мектепте оқып жүргенде талай шетелдің әндерін тыңдадық, биледік, содан 35 жасқа келдім. Ниче, вроде қазақилығым сол қалпында. Сол шеттің рэп, медляк т.б. әндерін тыңдап қана қоймай билейтін кластас, курстастарымның бәрі бүгінде үйлі-баранды, кемі 3-4 баланың ата-анасы болып отыр. Арасында көшенің биін билей алатындары да болатын. Солардың бұзылып кеткендерін көрген жоқпын.
Ойлаймын, адам бұзылайын деп бұзылмайды. Еліктеушілік жастық шаққа тән нәрсе. 20 жасыңда алып ұшып тұрған энергияң мен 40 жастағы энергияны мүлде салыстыруға келмейді. Көрген нәрсесіне еліктеп, бұзылғысы келсе, онда ол жеке адамның іштей бір сылтау мен себеп іздеуі. Ары кетсе психологиялық тұрғыдан әлсіздігі. Және ата-анасының баласына көңіл бөліп, қадағаламауында жатқан шығар проблема. Ал оған «ойбай ұлтымыз құрып барады, бұлай кете берсек ел болмаймыз» деп жаппай көптің атынан сөйлеу қисынсыз. Егер расында анық көрген нәрсесінен бұзылып, құртылып бара жатса, нақты мысал келтіріп айтыңыз, пәленше деп атын баттитып атаудың қажеті жоқ. Тек мысал ретінде келтірген дұрыс шығар. Ол келтірейін деп отырған мысалыңыздың өзі 3-4-еуден аспаса «байбалам» деңгейіне көтерудің қажеті бар ма, жалпы?
Жалғас Ертайдың желі бетінде бір пікірін көзім шалып қалды. «Қазақ сонда соншама әлсіз, көрген нәрсесінен құрып кетуге дайын тұратын неткен халық» депті. Рас қой, күйініп айтатындай жөні бар. Осы қазақтарды күндіз-түні аңдып, құртып жіберуге кім асыл уақытын арнап отыр екен деймін де?)))
Қауіп бар ма, байқадыңыз ба, айтыңыз, бөлісіңіз. Тек нақты мысалмен, деректермен келтіре кетсеңіз күшті болар еді. «Ойбай, жастарымызды құртып бітетін болды, аздырады» деп асығыс тон піше салмасаңыз екен. Сол жастарға, қазаққа, ұлтымыздың төл мәдениетіне, асқақ рухына ешкімнің де зәредей күмәні жоқ. Бәріміз де сүйеміз, жүрегіміз ауырады. Бірақ, құр байбаламмен емес. Нақты мысалыңыз болмаса, хотя бы байқаған, күдіктенген нәрсеңізді мысалға келтіріп сөйлер болсақ, екен еш болмаса. А так, бәріміз ақылдымыз, айта аламыз, айтып та жүрміз.
А, сосын шет елдерге қазақты танытам, қазақтың әнін, тілін, мәдениетін дәріптеймін деп түрлі экспериментке барғысы келетіндер, я болмаса жай ғана қазақтың ұлттық әнімен-ақ танытқысы келетін «өлермендерді» де түсінбейді екем. Неге қажет сол? Арманыңыз бір француздың немесе америкалықтың, италяндықтың үйінде қазақтың ұлттық әнін, биін т.б. тыңдағанын яғни күндіз-түні болмаса да тамсанып айына бір рет тыңдағанын көру ме? Өйтіп өзіңді таныту үшін жолын таба қаламын деп жанығудың не қажеті бар? Тауарды жалынып, жағынып өткізуге болатын шығар. Ал төл өнерді, тілді түсінікті ете қаламын деп өзге ұлттарға жағыну кімге керек? Осы көңілімізге ұнап қалған әнді қай тілде болмасын өзіміз-ақ тыңдап шығады емеспіз бе? Жоқ, міндетті түрде қазақпыз, мынау қазақтың әні, күресі, салт-дәстүрі, біз осындаймыз, ішегіңді тартып таң қал да, қата қал дегіміз келіп тұратындай. Осы бізді көргендер таң-тамаша қалу керек. О, қазақ деген осы екен ғой деп. Жағаңды ұстатып, тамсантуға, мойындатуға келдік дегенді басты бағыт етіп ұстанып алғандай көрінеді көзіме. Не керек, сол шеттің бізге тамсанып, таң қалғаны? Қай жыртығымызға дәру болмақ ол? Сіз танитын тамсанатын өнерлі һәм талантты бір шетелдің классигі өзін мойындату үшін қай халықтың алдына барып үздігіп еді? Ондай мысалдар бар болса айта отырыңыз. Мен білмейді екем. Мықты болсаң, өнерлі болсаң, өз ұлтың да, өзгелер де көре біледі деп ойлаймын. Танылғымыз келсе де «тек қазаққа тамсанып тұрса екен әлем халқы» дейтін балаң түсініктен кішкене көтеріліп те танылудың жолдары бар шығар деп ойлаймын. Ол әрине білім мен ізденіспен жететін дүниелер.
Ал айтар уәжіңіз болса айта отырыңыз, мархабат!
мына жерде
Әрі қарай

Ұлдарға оқуға болмайды және күйеуге тиген қыздарға керек емес

Бүгінде қыз жоқ, қыз жоқ дегенмен өзін әлі сары майдай сақтап жүргендер бар. Бұл қуантады. Мен өзімнің отбасымдағалардың бәрідерлік (анам, әакем) гинеколог болғандықтан, бірер кеңес айтқым кеп тұр.
1. Еркек көрмеген қыз, ол нағыз, нағыз тазалық. Қыз кезінен өзін жақсы күтсе, ана болу мүмкіндігі де жоғары болмақ. "Әйел аурулары" көбіне еркекпен жыныстық қатынасқа түскеннен кейін пайда болады екен. Туа біткен ауруларды айтпағанда, қыздығы бұзылмай тұрып кеселге ұшырауда бар. Оның басты себептері салқын тию және тазалыққа қатал болмау.
Салқын тию мен түрлі инфекцияның түсуі етеккір кезінде болады. Сондықтан ол күндері салқын душ қабылдаудан аулақ болыңыз, моншаға аттап баспаңыз ). Ваннаға су толтырып, көбіккеде жатпаңыз. Ол күндері жылы, жабық киініп, түймедағы кайнатылған сумен жуыныңыз. Бұл бір микорб өлтіріп бір жағынан жағымсыз иістен қорғайды. Етеккір кезінде өзіне дұрыс қарамаған қыз, ана атанбай тұрып «жатыр мойны эрозиясына» ұшырап қалады.

2. Төсеніш таңдауда сақ болыңыз. Мақтасы молын таңдаңыз. Егер синтетикалық материалдарды көп пайдалансаңыз аллергиялық ауруға алып келеді. Мұның аяғы қышыну, одан жараға ұласып кетуі мүмкін.

3. Интимді крем, сабындар пайдалану. Мұндай бәлелерден аулақ болыңыз. Құрамы көп дүниелер, көп қасырет сыйлап кетуі мүмкін. Ең дұрысы кірсабын пайдалану.

4. Жиі келетін түссіз сұйықтықтан сақтану (выделение). Салқын тию мен инфекция түсудің алғашқы белгілері. Алғашында түссіз болып келіп, кейін сарғыш тартып, иіс шығып кетеді. Бұның алдын алу үшін Салқыннан қорғанып, күнделікті төсемелерден бас тарту керек. Ал егер сондай жағдайға тап болсаңыз, парға отырып, артынша жалбызды шәй ішкен абзал.

5. Қыздар, жыл сайын бір рет болса да гинекологтың қабылдауына барыңыздар, УЗИ арқылы жатырда қандай құбылыстар болып жатқанын біліп отырңыздар.

6. Қыздарда гинекологиялық аурулар байқалса, оны емедеу қиынрақ және анықтауда. Сондықтан аурып ем іздегенше, ауырмайтын жол іздеңіз. Тұрмысқа шыққанша қыз қалпыңызды сақтаңыз. Бұл ең басты тазалық. Арнайы кеңес алып, тәжірибелі болудан ұялмаңыз.
Әрі қарай

Қыз тәрбиесі - тектілік айнасы!

Ерте кезден бастап қазақ халқы қыздарының тәрбиесіне ерекше көңіл бөлген. Аялы алақандарына салып еркелетіп, мәпелеп өсірген. "Қызға қырық үйден тыйым", "Қыздың жолы жіңішке" деп, әу бастан-ақ жақсыдан үйренуге, жаманнан жиренуге баулыды. Киген киіміне, қос бұрымына да ерекше күтім жасаған. Сөйлеген сөзі мен жүрген жүрісіне дейін мән беріп, ағаттық жіберген жерлерін жөндеп, түзеп отырған. Әрқашан қыздарына тәлім-тәрбие беріп, өнеге көрсетіп, үлкенді сыйлауды, кішіге ізет көрсетуді үйретті, яғни адамгершілік қасиеттерді жастайынан бойларына сіңіртті. Көпке топырақ шашпаймын, алайда сол заманның тектілігінің үлгісін қазіргі кейбір қыздардың бойынан табу қиын. Олар өздерінің ар-намысын жоғары бағаламайды. Ашық-шашық киініп, кіндіктерін жарқыратып ашып, сояудай тырнақ жапсырып, кірпіктерің ұзартып жүргендер, әдемі болып көрінеміз деп ойлайды. Бірақ та олай емес, бұл қазақ қыздарына жат қылық. Түнгі клубтардан қазақ қыздарының тайраңдап жүргенін көрсең, ішің ашиды. Содан, некесіз сәбилер дүниеге келіп, қоқыс-жәшіктерден, әжетханалардан табылып жатқандарын жаңалықтардан естіп жатырмыз. Тіпті, жазықсыз сәбидің құнын зат сияқты ақшамен саудалап, сатып жатқандарды көрсең жылағың келеді. Сондықтан, айтайын дегенім қазақ қыздарына әрқашан атымызға кір келтірмей, тектілігімізді, арымызды сақтайық. Саналы ұрпақ дүниеге келсін десек, қазақ деген атқа лайық болайық!!!
Әрі қарай

Бутрос Бутрос Ғали ағам дүниеден озды

Кеше, Каирде, 94 жасқа қараған шағында, Әлемнің Ұлы Азаматы, Біріккен Ұлттар Ұйымының 1992-1996 жылдар аралығындағы бас хатшысы Бутрос Бутрос Ғали қаззақтарға білдірместен дүниеден озды.
Әрі қарай

Мен қалай мың жарым теңгеге барлық кірімді жуып аламын?

Петропавл қаласы туралы біріміз білсек, енді мыңымыз біле бермейміз. Бірақ бұл шаһарды танымал блоггерлер(дәлірегі Данияр Алан) Шир елі(«Властелин колец» киносындағы Хобиттер тұратын мекен) атап кеткен. Себебі мұнда тыныш, халық өзімен-өзі, әлеуметтік нысандар бір жерде шоғырланған. Оның үстіне такси бар-жоғы 200 тг :p, Бұдан да бөлек Шир елінің өз рахаты бар. Мысалы мен сияқты бойдақтарға өте қолайлы.

Блог - FaraOn1: Мен қалай мың жарым теңгеге барлық кірімді жуып аламын?
Петропавл қаласы құс ұшатын биіктіктен. Ширға шынымен ұқсайды иә?)

Менде кір жуатын қатын да, кір машнесі де жоқ. Өзім жуа алмаймын. Сондықтан жиналып қалған кір киімдерімді алып жалға пәтер беретін аппартаментке барамын. Біздің жақта түс уақытында бір бөлмелі пәтер4 сағатқа 1500 тг ғана. Ішінде өздерінің автоматты кір жуатын мәшнесі болады. Максималды салмақ 5 кг-ға дейін жуа береді.
Кір жуатын автоматты мәшінелерде көбіне мақтаны 60 градус ыстық сумен 800 айналымдық сығумен киімді 1,5-2 сағатта жуып шығады. Сонда 4 сағатта 10 кг кір жууға болады. Бар-жоғы 1500 тг-ге))) Ал химчисткаларда бір джинсыны 1500 тгге жуатынын ескерсек бұл әлдеқайда тиімді емес пе? Тіпті бұл әдісті әйелі еріншек еркектерге немесе үйінде кір мәшінесі жоқ еріншек келіншектерге де қолдануға болады.

Блог - FaraOn1: Мен қалай мың жарым теңгеге барлық кірімді жуып аламын?

ПыСы: воооот жалдамалы пәтерге адамдар жыныстық қатынас үшін ғана барады десең қателесесіз)))
Әрі қарай

Төрлеттім Керекинфоға!!!

Алаштың арқа сүйер алтыннан ардақты қазақ жұртым, амансыздар ма?! Ең алдымен өзімді таныстырып өтейін. Мен, Гүлзат Сəрсембекқызы Қарағанды облысы Балқаш қаласында туып өстім.
Қазақта «Армансыз адам, қанатсыз құспен тең» — деген сөз бар емес пе?! Шынында да арманның өзі өнер ғой. Өмірде 2 нəрсені таңдауда қателеспеу керек: біреуі — мамандық болса, екіншісі — жар таңдау. Өзімнің жүрек қалауымен таңдаған мамандығым — журналистика. Осы саланы таңдағаныма еш өкінбеймін. Осыдан 3 жыл бұрын Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік университетіне құжатымды тапсырып, бісміллə деп журналистикаға аяқ бастым.
Керекинфоға көкейімде жүрген сын — жазбаларымды жазып жəне де жазу стилімді қалыптастырып, жетілдіргім келеді.

Дінін өзгерткен жұлдыздар

Біз қазақ мұсылман болғандықтан әлемге танымал адамдар исламға өтсе, төбеміз көкке жете қуанамыз. Бұл жазбам дәл сондай сезімде болған индуизм, сайентология, буддизм, каббала және православ діні өкілдері жайлы болмақ )
Әрі қарай

Балықты балықпен аулау

… Содан біз, елді аралап жүріп кісі өлтіретіндерді елді аралап жүріп өлтіреміз деп шештік. Яғни, қаныпезерлерге маманданған қаныпезерлер болғымыз келді...
© «Жеті психопат» (Seven Psychopaths) фильмінен. satibaldi аударған нұсқа

Балықшы: Балықты балықпен аулау
Әкем балықшы (болған).
Әрі қарай

"Алдағы онжылдықта әлемдік сахнаға шығамыз" [с]

Блог - BalgynBalgyn: Алдағы онжылдықта әлемдік сахнаға шығамыз [с]
«Жеңілгеннің сөзі құрысын», — дейді ғой. Ешкімді кінәлаудың қажеті жоқ»... Осы сөзден кейін бірер секунд үнсіздік пайда болды. Сәден соң: «Кітап оқымайды деп әншілерді кінәлап жатады.Сіз оқисыз ба?», — дедім.
Ол: «Мен өтірік алдамаймын, ешқашан кітап оқымағанмын. Мектепте нашар оқыдым.… Кітап оқымағанмын. Оқушы кезімнен музыкаға ынтам күшті болды».
Музыкаға қатысты кітап оқымадыңыз ба?
Музыкаға қатысты кітапты да оқыған жоқпын. Мен сол уақыттан бері оқуға емес, үйренуге тырыстым. Нота білмеймін. Ешқандай мукзыкалық білімім жоқ. Бірақ өзімнің ізденісімді оқу деп ойлаймын. Өзіме керекті нәрсені әлі де ізденіп келемін. Қазір ғаламтар бар. Қасымда группам бар. Олар — оқыған муыканттар. Солардан көп нәрсе үйренемін. Әрбір жұмыс кішкентай болса да тәжірибе, білім.

Блог - BalgynBalgyn: Алдағы онжылдықта әлемдік сахнаға шығамыз [с]
Осыдан кейін сұрақтар бір-бірімен байланысты болмаса да, автоматты түрде кете берді. Аздап анкеталық сауалдарға да келеді.

Қазір ауыл сізді «жұлдыз» ретінде қарсы алады ма?
Ауылға сирек барамын. Көрген кезде адамдар ризашылығын айтып жатады. Рахмет ол кісілерге. Қуаныштымын. Жасырмаймын, басында мектеп кезінде жұлдыз болғым келді. Қазіргі түсінігім бойынша, суретке түсіп, жарнама жасаған ұнай бермейді. Музыканы енді бастап жазып жүрген кезде жұлдыз болуды армандадым. Сол кезде шығып кетпегеніме қуанамын. Ол кездегі түсінік басқаша еді. Ол кездегі музыкам да бөлек. Әр нәрсе өз уақытымен. Қолды босатып тастай салмау керек.
Жаңа альбом жазып жатырсыз. Тағы да ғаламторға тегін салуыңыз мүмкін бе?
Жоқ. Бұл жолы әлемдік сайттарға саламын. Әлемге танымал болғым келеді.

Былайша айтқанша, ТМД елдерінде танымалдығыңыз бар.
Аздап таныйды…

Бір-екі ән айтып жұлдыз болып кететіндер көп. Қарапайым көрінесіз...
Өйткені, жұлдыз болу маған қызық емес. 7-8 жыл бұрын жарқ етіп шығып, жалп етіп құламағаныма қуанамын. Көп нәрсені көрдім, көп нәрсені түсіндім. Ғаламтор желілерінен шетелдіктер жазып тұрады. Германиядан, Ұлыбританиядан, Қытайдан жазады. Шетте оқып жүрген қазақтың ұл-қыздары тыңдатады, сол жастардың арқасында таныйды. Олар тұрақты тыңдарманым болып кеткен. Тіл білмеген соң қиындау, ағылшынша білетін достарым арқылы сөйлесуге тырысамын.
Қазақ тілінің дамуына қосқан үлес деп қарауға боалтын сияқты...
Ол жағын ешқашан ойламаппын. Өнерді қатты жақсы көремін. Еуропаның әндерін көп тыңдап өстім. Біз неге осындай сапалы әндер жазбаймыз деп ойлайтынмын. Сол себептен үйрендім. Әлі де үйреніп жүрмін. Алайда, менде «осындай стильдегі бірінші адам болу, қазақ тілін дамыту» деген ой болған жоқ. Тек музыка туралы ойладым. Еуропалықтардың музыкасы біздікімен салыстырғанда айырмашылығы аспан мен жердей. Құдай бәрімізді бірдей жаратты. Оларда да екі қол бар, бізде де екі қол бар. Оларда бар ми бізде де бар. Құлақ бар.
Алдағы он жылдықта әлемдік сахнаға шығып қаламыз деген ойдамын. Қазақты танытамыз. Шетелден бірге жұмыс істеуге көптеген ұсыныстар болды. Бірақ, мен ешқайда кетпеймін. Алматыдан басқа ешқайда кеткім келмейді.

Блог - BalgynBalgyn: Алдағы онжылдықта әлемдік сахнаға шығамыз [с]

Адам әр күніне есеп беріп жатады. Күнде қай нәрсеге үлгермей қаласыз?

Мен уақыт бөле алмай жатқан нәрсем өте көп. Ол – менің отбасым, әке-шешім, бауырларым, достарым, туған-туыстарым. Ренжитіндер де көп. Екі тәулік ұйықтамай, төрт сағат ұйықтап сізге сұқбат беруге келіп отырмын. Екі күн ешқайда шықпай студияда жұмыс істедім. Үнемі осындай жұмыс үстіндемін.

Көңіл бөле алмай жүрген дүниелеріңізге күндер өте келе «Неге солай еттім?» деп өкінбейсіз бе?
Осы жолды таңдадым. Өкінбеймін. Егер мені шын жақсы көретін, жақын адам болса, ол мені түсінеді деп ойлаймын. Егер менің жақындарымның бірі осылай арманын қуып, сол үшін жұмыс істеп жатса, мен оған ренжімеймін. Қуанамын…

… Эгоист сияқтысыз ғой
Мен эгоистпін, иә. Бірақ мен ешқашан біреуді алдаған емеспін. Кімді де болсын, жолдасымды да. Ең алғашқы күннен бастап оған: «Егер музыка мен сені қатар қоятын болса, мен музыканы таңдаймын» дегенмін. Жақсы таныйтын адамдар менің қандай екенімді біледі.
Нақты мақсатым да жоқ. Бірақ ішім тыныш емес. Жаңа әндер бар. Жазып жатамын, болмай қалады. Қатты ашуланамын. Одан екі есе жұмыс жасаймын. Қазіргі уақыттағы күйім тура осындай. Тоқтап қалғым келмейді. Қазіргіден де жоғары дәрежеге жететінімді ішім сезеді.
Блог - BalgynBalgyn: Алдағы онжылдықта әлемдік сахнаға шығамыз [с]
Киноға түсуге шықарғандар болды ма?
Екі жыл бұрын болды. Актер ретінде өзімді көре алмаймын. Оған қызығушылығым жоқ. Менің қызығушылығым – кино түсіріп, режиссер болу. Актер ретінде әлсізбін. Жәй түсе салу болмайды. Режиссер бола алатыныма сенемін. Дәл қазір емес. Бейнебаяндарымды өзім түсіремін. Кішігірім білемін. Жақын достарым мықты режиссерлер. Олармен көп сөйлесемін.

Бейнебаян демекші, Қазақстанда ең арзан бейнебаян түсірген адам болдыңыз ғой деймін. «Ақпен бірге» әнінің бейнебаянана 30 мың теңгеге жұмсапсыз
Иә. Сол бейнебаян хит болып, бірінші ТМД елдерінде, Еуропада тарпалып, жақсы қабылдады.
Блог - BalgynBalgyn: Алдағы онжылдықта әлемдік сахнаға шығамыз [с]
Қазақстаннан гөрі сыртқа көп шығатын сияқтысыз
Ресейден көп шақыру келді. Осы уақытқа дейін барған жоқпын. Қазақстанда қанша уақыт концерт берсем, Ресейден одан да көп ұсыныс түсті. Бармаған себебім: ол кезде менің бірге ойнайтын тобым болған жоқ. Олар: «Фонограммамен кел» дейді. Олай өзімді төмен түсіргім келген жоқ. Фонограммамен айтсам, ол – біздің бүкіл әншілердің атына келетін кір.
Қазіргі уақытта ұсыныстарға әзірмін. 2016 жылы Ресейге концерт беруім мүмкін. Ұятқа қалмайтындай концерт беруге дайынмын. Ақша үшін бара бергенімде ұятқа қалатын едім.

Шәкірттеріңіз бар ма?
Бір-екі жыл бұрын уақытымды бөліп, қыздарды дайындадым. Көз алдымда өзгерді. Жалпы ұялмай айта аламын, сахнада «Мен!» деп жүрген қыздардан мықты. Өздері аспапта ойнайды. Ән айтады. Ән жазу жағын үйреніп жатыр. Өкінішке орай менің уақытымның тығыздығы, жетпегені және қаржы жағынан дәл қазіргі уақытта жарыққа шығара алмаймын. Қазір ол қыздар ренжіп жүрген шығар. Алдағы уақытта болады. Таза өнер, таза шығармашылық уақытты талап етеді.

P.S. Осымен бітті. Әншімен суретке түспейтінмін. Түсейінші дедім. Бірақ, тағы да түспедім.
Әрі қарай