Ұлдарға оқуға болмайды және күйеуге тиген қыздарға керек емес

Бүгінде қыз жоқ, қыз жоқ дегенмен өзін әлі сары майдай сақтап жүргендер бар. Бұл қуантады. Мен өзімнің отбасымдағалардың бәрідерлік (анам, әакем) гинеколог болғандықтан, бірер кеңес айтқым кеп тұр.
1. Еркек көрмеген қыз, ол нағыз, нағыз тазалық. Қыз кезінен өзін жақсы күтсе, ана болу мүмкіндігі де жоғары болмақ. "Әйел аурулары" көбіне еркекпен жыныстық қатынасқа түскеннен кейін пайда болады екен. Туа біткен ауруларды айтпағанда, қыздығы бұзылмай тұрып кеселге ұшырауда бар. Оның басты себептері салқын тию және тазалыққа қатал болмау.
Салқын тию мен түрлі инфекцияның түсуі етеккір кезінде болады. Сондықтан ол күндері салқын душ қабылдаудан аулақ болыңыз, моншаға аттап баспаңыз ). Ваннаға су толтырып, көбіккеде жатпаңыз. Ол күндері жылы, жабық киініп, түймедағы кайнатылған сумен жуыныңыз. Бұл бір микорб өлтіріп бір жағынан жағымсыз иістен қорғайды. Етеккір кезінде өзіне дұрыс қарамаған қыз, ана атанбай тұрып «жатыр мойны эрозиясына» ұшырап қалады.

2. Төсеніш таңдауда сақ болыңыз. Мақтасы молын таңдаңыз. Егер синтетикалық материалдарды көп пайдалансаңыз аллергиялық ауруға алып келеді. Мұның аяғы қышыну, одан жараға ұласып кетуі мүмкін.

3. Интимді крем, сабындар пайдалану. Мұндай бәлелерден аулақ болыңыз. Құрамы көп дүниелер, көп қасырет сыйлап кетуі мүмкін. Ең дұрысы кірсабын пайдалану.

4. Жиі келетін түссіз сұйықтықтан сақтану (выделение). Салқын тию мен инфекция түсудің алғашқы белгілері. Алғашында түссіз болып келіп, кейін сарғыш тартып, иіс шығып кетеді. Бұның алдын алу үшін Салқыннан қорғанып, күнделікті төсемелерден бас тарту керек. Ал егер сондай жағдайға тап болсаңыз, парға отырып, артынша жалбызды шәй ішкен абзал.

5. Қыздар, жыл сайын бір рет болса да гинекологтың қабылдауына барыңыздар, УЗИ арқылы жатырда қандай құбылыстар болып жатқанын біліп отырңыздар.

6. Қыздарда гинекологиялық аурулар байқалса, оны емедеу қиынрақ және анықтауда. Сондықтан аурып ем іздегенше, ауырмайтын жол іздеңіз. Тұрмысқа шыққанша қыз қалпыңызды сақтаңыз. Бұл ең басты тазалық. Арнайы кеңес алып, тәжірибелі болудан ұялмаңыз.
Бөлісу:

4 пікір

Ispek92
Оқымасын деп көп етіп жаздыңыз ба?
Nura
блин өзім бүгін көрдім ((( негізі жариялар алдында қате шыға берді, мен қайталау дегенді бастым
MamaAya
Сары майдай сақталып, қиналдым демеймін. Кәдімгідей-ақ, айрылып қалу қауіпінсіз-ақ, біреудің ресми меншігіне өткенше «Нельзя!» деген тәртіппен жеткем. Сары майды сақтау қиындау тез көгереді, онымен салыстырғанда.
Мында кей кеңестерге қарсы шығар едім. Буға отыру_ қате! Кистасы болса не болмақ?! Әрі, ыстық будың салдарынан жатырда, жолдарында тамырлар кеңейіп, қан айналым күшейеді. Соңында Варикоз әдемілеп сурет салып береді.
Менің де мамам гинеколог-акушер. Кішкенемнен есімде, кун суықта табаныма горчичный пластырь қойып жіберетін сабаққа. Алдымен табанды жылы ұстау қажет. Ана кунделікті жаймаларды пайдалану қажеттігі де болған емес еді.