Бутрос Бутрос Ғали ағам дүниеден озды

Кеше, Каирде, 94 жасқа қараған шағында, Әлемнің Ұлы Азаматы, Біріккен Ұлттар Ұйымының 1992-1996 жылдар аралығындағы бас хатшысы Бутрос Бутрос Ғали қаззақтарға білдірместен дүниеден озды.

Менде бір керемет сюжет бар...: Бутрос Бутрос Ғали ағам дүниеден озды

Қаззақтар — дәл Бутрос Бутрос Ғалидің кезінде БҰҰ-ның толыққанды мүшесі болғанын есепке алсақ (1992 жылы), бұл ғақылия жан туралы қаззақтардың жақ ашпауы кәдімгідей қынжылтады.

Бутрос Бутрос Ғалидің қолына кәдімгідей қираған әлем тап келді. Африка мен Балқан түбегіндегі жанжалдар, Палестина, Ливан, Руанда; Советтер Бұдағына еменнің үлкен бұтағы опырылып түсуіне байланысты геосаяси тектоникалық өзгерістерден күн құрғатпай зілзала соғып жатты. Оның үстіне, тас-тасына би болған өңшең қиқым мемлекетшіктердің ядролық қарумен ойнау мүмкіндігі сияқты анау-мынау ересек адамның артын мұздататын оқиғалар да қылаң берді.

Бірақ Ғали ағам мойымады. Ол жеңсін-жеңілсін, бірақ әлсіздерді еш жауапсыз қорлай берудің мүмкін еместігін дәлелдеп бақты. «UN көк каскілері» сол кезден таныс. БҰҰ әскерлері Африкада, Балқанда, шөлде, көлде, әділетсіздік бар жердің барлығына мотоциклмен, джиппен, түйемен, есекпен баратын мобильді командаға айналды. Бүкіл әлемді қамту мүмкін емес, бірақ көп жерде екі жақтың ортасына қасқиып тұрып алған UN әскерлерінен қаймығып, талай қанқұйлы соғыс болмай қалды десек, әділетін айтқан болар едік.

Қандай жағдай болмасын, кім болмасын — Ғали ағам ең алдымен халықаралық құқықтың бірінші тұратынын баса айтудан жалыққан жоқ. Ол АҚШ-тың да, Ресейдің де меселін қайтарды. Бірде АҚШ-тың Таяу Шығыстағы операцияларына араласып, БҰҰ әскерлерін тықпалап, ең болмаса кедергі келтірсе, тағы бірде Ресейге де Приднестровьеге БҰҰ көк каскілерінің барып қалу мүмкін екендігін айтып, мінез көрсетіп қойды.

Аштықпен, маляриямен күресу, әлем мәдениетінің жақұттарын қорғау, ядролық келіссөздерде көпжақтылықты сақтау — бұл Ғали ағамның жұмыстарының бір парасы ғана. Оның кезінде білгенімді істеймін ал, не істейсіңдер деп тіпті әміркөттер де, ағылшындар да айта алмады. Барлығы қанша қынжылғанымен, БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің қарарларын көттерінің ұшына қарап, үнсіз тыңдауға мәжбүр болды.

Сөйтіп кеше, әлем дипломатиясының тұтастай бір кезеңі жабылды. Ол мемлекеттердің тәуелсіздігі мен біртұтастығы жөніндегі принциптерінен өлгенше танбады. Ол Гагнам Стайл билемеді, ол резолюцияға қол қойып бере беретін автоматқа айналмады. Ол титімдей елдің мәселесін де жарыққа шығарып, БҰҰ үшін үлкен-кіші елдің жоқ екендігін аңғартты.

Не дейміз, сенген құдайың алдыңнан жарылқасын, Әлем Азаматы!

Менде бір керемет сюжет бар...: Бутрос Бутрос Ғали ағам дүниеден озды
Бөлісу:

4 пікір

qisiq
Білә, шедевр. Бас бармақ!
Sebastian
Не ма, брат, нормальный тілмен жазып бере аласың ба? Арғыкүні номер шығатын ед. Соған берейін. Саяси шолушы едім ғо газетте. Емайлым: seko_1986_barca@mail.ru
Sebastian
Ренжімесең өмірбаянын да қоссаң. Қазақ па бұл кісі?