Дінін өзгерткен жұлдыздар
Біз қазақ мұсылман болғандықтан әлемге танымал адамдар исламға өтсе, төбеміз көкке жете қуанамыз. Бұл жазбам дәл сондай сезімде болған индуизм, сайентология, буддизм, каббала және православ діні өкілдері жайлы болмақ )
Яғни, өзге дінге өткен өнер жұлдыздары туралы:
«Ешь, молись, люби» фильмі барысында-ақ (сюжет бойынша, Джулия Робертстың кейіпкері ажырасқаннан кейін өз көзқарастарын қайта қарастыру мақсатында Үндістанға сапарға аттанады) индуизмге қызыға бастайды. Бірнеше ай түсірілімнен кейін ол бір тоқтамға келеді: дінін өзгертеді. Христиан дінінен бас тартқан Джулия балалары мен күйеуінің де көзқарасына ықпал жасауда.
Танымал актер Том Круз жиырма жылдан бері сайентологияның өкілі екені белгілі. «Үйіп-төгіп уәде беретін керемет дінге» оны ертіп әкелген — бірінші әйелі Мими Роджерс. Қиын өткен балалық шақ, депрессияның бәрін ұмыттырып, жақсылыққа, байлыққа «бастайтын» дін қазіргі таңда Томның өміріне тек кедергі ғана келтіретін көрінеді: Николь Кидманмен ажырасуының басты себебі де сайентология деседі. Кэйти Холмс та басылымдарға берген сұхбаттарында секта өкілдерінің жеке өмірлеріне жиі араласа беруі қажытқанын айтады.
Каббалаға өткен Чикконе ханым Израйль газеттеріне берген сұхбатында тек осы дінге келгенде де ғана жаны тыныштық тапқанын айтқан. Еврей философиясының бір тармағы саналатын Каббаланың талисманы — қызыл жіпті білегіне байлаған жұлдыздар саны кейінгі жылдарда көбейіп кеткен екен. Мадонна католик отбасында тәрбиеленгенімен, оған да өзгесіне де ерекше құрмет көрсеткені аз, керісінше, концерттерінде де, клиптерінде де әртүрлі дінге провакация жасап, тіпті кей мемлекет оның бағдарламаларына тыйым салып, бас тартқан жағдайлар болған.
Буддизмге өткен кезінен бастап Ричард Гир шулы мереке, ойын-сауықтан алшақтап кеткен. Соның салдарынан «Джеймс Бондтың нақсүйері» Кэри Лоуэлл, яғни өзінің әйелімен де жараспай жүрген көрінеді. Ричард отыз жылдан бері әлемдегі ең танымал буддисттердің қатарында.
Татарстан мен Ресейдің халық әртісі Чулпан Наилькызы Хаматова ес біліп есейген шағында Православ дініне өткен. Мұсылман халқы үшін, Ислам үшін өзге дінге өту ауыр күнә саналады. Алайда Чулпан бұл шешімге ұзақ толғанып барып келгенін, бұл қадамға барғанына өкінбейтінін айтады. Шіркеу аралап, шоқынып, барлық тәртібін орындап жүрмесе де өзін осы дінде жақсы сезінеді екен. Дін таңдауда өз балаларына да ерік берген.
P. S. Превьюде: Құран кітабын құшақтаған Линдси Лохан. Алкоголь мен есірткіге тәуелділіктен арылу мақсатында әртүрлі діннің «басын шалған» Лохан былтыр Исламға қызығушылығымен көзге түскен. Кім біледі, болашақта Ислам дініне өткен жұлдыздар қатары тағы бір адаммен толығатын (бәлкім толыққан да) шығар…

4 пікір