Мен қалай мың жарым теңгеге барлық кірімді жуып аламын?

Петропавл қаласы туралы біріміз білсек, енді мыңымыз біле бермейміз. Бірақ бұл шаһарды танымал блоггерлер(дәлірегі Данияр Алан) Шир елі(«Властелин колец» киносындағы Хобиттер тұратын мекен) атап кеткен. Себебі мұнда тыныш, халық өзімен-өзі, әлеуметтік нысандар бір жерде шоғырланған. Оның үстіне такси бар-жоғы 200 тг :p, Бұдан да бөлек Шир елінің өз рахаты бар. Мысалы мен сияқты бойдақтарға өте қолайлы.

Блог - FaraOn1: Мен қалай мың жарым теңгеге барлық кірімді жуып аламын?
Петропавл қаласы құс ұшатын биіктіктен. Ширға шынымен ұқсайды иә?)

Менде кір жуатын қатын да, кір машнесі де жоқ. Өзім жуа алмаймын. Сондықтан жиналып қалған кір киімдерімді алып жалға пәтер беретін аппартаментке барамын. Біздің жақта түс уақытында бір бөлмелі пәтер4 сағатқа 1500 тг ғана. Ішінде өздерінің автоматты кір жуатын мәшнесі болады. Максималды салмақ 5 кг-ға дейін жуа береді.
Кір жуатын автоматты мәшінелерде көбіне мақтаны 60 градус ыстық сумен 800 айналымдық сығумен киімді 1,5-2 сағатта жуып шығады. Сонда 4 сағатта 10 кг кір жууға болады. Бар-жоғы 1500 тг-ге))) Ал химчисткаларда бір джинсыны 1500 тгге жуатынын ескерсек бұл әлдеқайда тиімді емес пе? Тіпті бұл әдісті әйелі еріншек еркектерге немесе үйінде кір мәшінесі жоқ еріншек келіншектерге де қолдануға болады.

Блог - FaraOn1: Мен қалай мың жарым теңгеге барлық кірімді жуып аламын?

ПыСы: воооот жалдамалы пәтерге адамдар жыныстық қатынас үшін ғана барады десең қателесесіз)))
bk
Бөлісу:

4 пікір

FaraOn1
көптен бері жазбаған едім. толқудамын)))
MERmukhanov
Заодно құрбыңды ертіп әкелу, теледидар көрі, телефон зарядтап тогын құртып кету, кухнясында газып пайдалану, тышып-сию, ұйықтау, т.б. пайдалы тірліктер дейсің ғұә))
merekeee
Сонша кірді арқалап жаяу бармайтын шығар, сондықтан еще + 400 тг проезд :)
ademi_alem
)))))))))) қызық. Біз биыл жер үйге көштік, әзірге үй ішіне су тартылған жоқ. Бірде пәтер жалдап жүрген құрбым ол пәтерде кір жуатын машина жоқ екенін, кір жуудан шаршап жүргенін, кейде дәл сіз сияқты кір жуу үшін басқа пәтер жалдайтынын айтты. Бір сағатқа 2500 теңгелік пәтер тауып алыпты. )))))))) Содан өзімнің кірмашинамды оның жалдап жатқан пәтеріне апарып қойдық. Енді оған да, маған да жақсы. Мен де үлкен кірлерімді соның пәтеріне барып жуып алатын боламын. ))))))))))))))))))