Аты жоқ өлең

Төрт қабырға…
Кабинет терезесі
Түңлігі жоқ,
Жоқ мұның керегесі
Сыйламайды жаныма жайлылықты
Жұмысымның қашады берекесі.

Төрт қабырға…
Қараймын терезеден
Нені көріп мен бұдан нені сезем
Қайран менің бабамының киіз үйі
Алыстады ұлдарың неге сенен?!

Жайлы орындық
Жылы жер мекеніміз
Көктем туып кезекпен өтеді қыс
Тағылықтың тамшысы қанымдағы
Белгісіз қанша ұрпаққа жетеріңіз?!
Әрі қарай

Блог ашу деген не?

Блог ашу деген сәнге айналып кеткен бе? Сабаққа қашан келсем де (ол өзі сиреп кетті) қыздар блог аштық, құрылтайға шақырды деп жатады. Немене блог десем, мазақ қылғандай бетіме бір қарап қойып әңгімелерін жалғастыра береді. Өмірден қалып қойғандаймын… Бүгін келіп, блог ашайын деп жатырмын десем, Ляззат апай: «Енді ашпақсың ба?» дейді таңданып!!! Ал, керек болса! Қой, оным болмас модаға ілеспей қалмайын деп, мен де кірісіп кеттім. Қызықты сияқты… Көрерміз…
Әрі қарай

суретші

бір Кызылорданын мектепте муғалем озинін картиналардын көрмене ашылды, содай көрмеден мынау суретерді істедім!
онын аты Аскар Жуматайулы
мен айтсам, отти жаксы сондай көрмене уйымдастырылу, уф, кандай кыин сөз. бір апта суретер торады енде.

Блог - makkenzi: суретші

Блог - makkenzi: суретші

Блог - makkenzi: суретші

Блог - makkenzi: суретші

Блог - makkenzi: суретші
Әрі қарай

«Ұлттық ғашықтар күні» VS Валентиннің күні

«Әулие Валентин күні» деп католиктер 14 ақпанда атап өтетін ғашықтар күнін алматылықтар 15 сәуірге шегерді. Бұл туралы Алматы қалалық білім беру басқармасының жанындағы тәрбие жұмысы жөніндегі бөлімнің бастығы Қатипа Молдабаева мәлімдеді.

Қаңтар айында Алматы қаласы әкімдігінің мәдениет, жастар саясаты мәселелері жөніндегі және баспасөз қызметі алда жасалатын шаралардың жоспарын бекітті. Осы құжаттың 7 бөліміне сәйкес, «Ұлттық ғашықтар күні» 15 сәуірде кең көлемде аталып өтілетін болды. Осы құжатқа және жасөспірімдерді бұрыс тәрбиеге бағыттайтын бұл мерекеге қарсылық білдірген ата-аналардан келіп түскен көптеген шағымдарға байланысты биыл Әулие Валентин күні қала мектептерінде ескерусіз қалды. Сонымен қатар «Болашақ» қозғалысы 11 ақпан күні «Валентин күні» атап өтуге қарсы шаралар ұйымдастырды.
Әрі қарай

Қанатта кетті қазақтан...

Әбіләкімнің  ауылы: Қанатта кетті қазақтан...
Самбодан қазақтан шыққан тұңғыш әлем чемпионы атанған Қанат Байшолақовты білмейтін қазақ кемде-кем. 80-90 жылдар аралығында дүниеге келген біраз Қанаттың есімі осы кісінің құрметіне қойылған болатын. Кейінгі жылдары дзюдодан еліміздің қыздар құрамасын жаттықтырып жүрген ағамыз, қазақ спортына өзіндік үлес қосқантын.
Өзі туған Жаңаарқа ауданына жол тартқан ағамыз жолда тоқтап тұрған жеңіл көлікке көмек көрсетпекші болып тоқтаған екен. Қарға көмілген көлікті “Камаз” көлігін тоқтатып шығармаққа ниеттенген ағамызды ақ түтек боранда жүргізуші аңғармай қалса керек. Ауыр соққы алған жігіт ағасының жүрегі Жаңаарқасына жете бере мәңгілікке соғуын тоқтатты. Қанат Байшолақов тірі болғанда биыл ердің жасы елуге толатын еді.
Әрі қарай

Термин....

Бүгін КерекИнфода мақала оқып отырып мына баннерді көзім шалды.
Тамаша бастама! Бұнда тек компьютерге қатысты техникалық терминдерді ұсынасыз ба, алде жалпылай ма? Егер жалпылай болса, келесі екінші сауалнамаңызда Комментарии сөзін ұсынсаңыз. Себебі әлі толық нақты, шешілген аудармасы жоқ секілді. Біреулері түсініктеме, біреулері пікір, ойталғы деп айтып жүр.

p.s. Мәкеңнің бізге жасап берген баннері еске түсіп кеткен еді. )))))
Әрі қарай

Нәскиге ода

Жұма күнгі бояннндар: Нәскиге ода

Ескі шұлық дегенде ескі шұлық,
Түгіңді қалдырмаппын тесік қылып.
Менен емес, топлидан кінәні ізде,
Бәле ғой тұрсаң мені сезікті ғып.

Әйтпесе, судай жаңа болғаның рас,
Аяққа «хөуппәлә» деп қонғаның рас.
Табаның майланғанша киіппін-ау
Мұңым болар… мұным болмас…

Елең-елең етеміз нәски десе,
(Қарасын I love you әсіресе)…
Әрі қарай

Достучаться до небес! -үздік кинолардың бірі.


Кешкісін Кинопоиск.ру сайтынан жоғары баға алған кинолар тізімін қарап отыр едім. Осы киноға назарым ауды. Көруге тұрарлық кино екен. Сөз жоқ, теңіз туралы айтқан сөздері, актёрлардың шебер ойнауы барлығы көңілден шықты. Бір қарағанда кино көңілді де, қайғылы. Руди мен Мартин-ге қосылып, солардың қайғы, мұңдарына мен де қосылып бірге, теңіз көру деген саяхатына жол тарттым. Әсіресе фильімнің соңында ойнайтын пининаның үні денемді шымырлатып жіберді. Бір көріп шығыңыз, сіздерге де ұнар деп ойлаймын.

Theme From The Ocean
Әрі қарай