Ең танымал декорация

Қазақстанның ең танымал кино декорациясын білесіңдер ма? Менің ойымша, бұл алғаш рет "Көшпенділерде" пайдаланылған Түркістан қаласының декорациясы:

Екінші рет Тимур Бекмамбетовтың "Дневной дозор. Мел судьбы" фильмінде қолданылды:


Содан кейін бұл декорацияны "Мұстафа Шоқай" фильмінен де байқадық. Декорация Қоқан қаласының «рөлінде» ойнады:


Жақында шыққан, Жәмила Серкебаева мен Тұран тобы бірігіп түсірген "Қанекей тілім сөйлеші" клипінде де бұл жұлдыз болып үлгерген декорация көзімізге оттай басылды:


Ендеше, оның фильмографиясында басқа да туындылар бар екеніне сенімдімін. Тек тарихи киноларды қарағанда мұқият мән беру қажет. Мүмкін, тағы бір жерден жарқ етіп қалар :)
Бөлісу:

5 пікір

omarbirat
Бұл жерге демалыс күндері апаратын экскурсиялар да бар деседі.
asaubota
декорация болғанда қалай, қолдан жасалынған үлкен макет пе мынау әлде шынымен бар ма?
patick
Әдейілеп Көшпенділер үшін салынған ғой. Сырт келбеті қала сияқты. Қателеспесем, құрастырып-шашуға да болатын сияқты.
gunner
Ия, алды жағында өзен бар, Қапшағайдан келеді ғой деймін, шомылуға да болады. Декорация телевизорда үлкен көрінгенімен жақындап барсаң кіп кішкентай, елу теңге берсең ішін аралап шығуға болады