Термин....

Бүгін КерекИнфода мақала оқып отырып мына баннерді көзім шалды.
Тамаша бастама! Бұнда тек компьютерге қатысты техникалық терминдерді ұсынасыз ба, алде жалпылай ма? Егер жалпылай болса, келесі екінші сауалнамаңызда Комментарии сөзін ұсынсаңыз. Себебі әлі толық нақты, шешілген аудармасы жоқ секілді. Біреулері түсініктеме, біреулері пікір, ойталғы деп айтып жүр.

p.s. Мәкеңнің бізге жасап берген баннері еске түсіп кеткен еді. )))))
Бөлісу:

5 пікір

technosyndrom
Меніңше бұл жазбаңыздың, жеке посттан гөрі, комментарий ретінде жазылғаны дұрыс сияқты.
Негізі осы қауымдастықтың алғашқы жазбасында терминдердің тек информатика саласына қатыстыларын талдайтынымызды атап өткен болатынбыз. Қауымдастықты құрған адам ретінде, біліктілігім тек соған жетеді деп ойлаймын. Ал медициналық термин қалыптастыруға қатысуға моральдық хақым болмас еді.
asaubota
жазбаны Терминдер қауымдастығынан алып, Ерболдың жеке блогына көшірдім. түсіністікпен қарайды деп сенемін.
Gastarbaiter
Ия, жазбадан көрі коментарийге ұқсайды екен.
Коментарийді баяғыда пікір деп алғанбыз. Тап тамаша сіңісіп келеді. Бір сөзі он мағына беретін ағылшындар сөз жасаудың шеберлері емес. Сонда да жұрт солардың аузына қарап отыр.
asaubota
comment — сөзі туралы тіпті ойланып та керек емес сияқты. баяғыдан бері «пікір» деп қолданып жүрміз ғой.