Қанатта кетті қазақтан...

Әбіләкімнің  ауылы: Қанатта кетті қазақтан...
Самбодан қазақтан шыққан тұңғыш әлем чемпионы атанған Қанат Байшолақовты білмейтін қазақ кемде-кем. 80-90 жылдар аралығында дүниеге келген біраз Қанаттың есімі осы кісінің құрметіне қойылған болатын. Кейінгі жылдары дзюдодан еліміздің қыздар құрамасын жаттықтырып жүрген ағамыз, қазақ спортына өзіндік үлес қосқантын.
Өзі туған Жаңаарқа ауданына жол тартқан ағамыз жолда тоқтап тұрған жеңіл көлікке көмек көрсетпекші болып тоқтаған екен. Қарға көмілген көлікті “Камаз” көлігін тоқтатып шығармаққа ниеттенген ағамызды ақ түтек боранда жүргізуші аңғармай қалса керек. Ауыр соққы алған жігіт ағасының жүрегі Жаңаарқасына жете бере мәңгілікке соғуын тоқтатты. Қанат Байшолақов тірі болғанда биыл ердің жасы елуге толатын еді.
ПыСы: Байшолақовтар:
Қанат Байшолақов – Самбодан Әлем және Еуропа чемпионы. КСРО-ның бірнеше дүркін жеңімпазы. КСРО кубогының екі дүркін чемпионы.
Талғат Байшолақов – Әлем кубогының иегері, Еуропа чемпионатының күміс жүлдегері. КСРО кубогының екі дүркін жеңімпазы.
Жанат Байшолақов – Әлем чемпионатының екі дүркін қола жүлдегері, Әлем кубогының иегері. Азия чемпионы.
Жасұлан Байшолақов – КСРО-ның спорт шебері. Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы. Қазір Қарағанды облысының «Жассұңқар» спорт мектебінің аға жаттықтырушысы.
Жандос Байшолақов – Еліміздің бірнеше дүркін чемпионы. Қазақстанның спорт шебері. Қазір «Еңбек» спорт мектебінде шәкірт тәрбиелеуде.
Суретте солдан оңға қ арай Талғат, Жанат, Қанат Байшолақовтар
Бөлісу:

5 пікір

Zere
Фамилиялары таныс әйтеуір. Ер кісі болған екен. Иманды болсын!
omarbirat
Бұрын қазақша күрес кітабынан атын көргенім бар. Қай Байшолақов екенін білмедім. Ерлігі үшін «Халық қаһарманы» атағына ұсынар едім.
alisha
Әлгі көмек көрсетпек болған кісі біртүрлі боп жүрген шығар. Бір оқиға есіме түсіп кетті. Әзидолла Есқалиев, Рысбай Ғабдиевтер туралы естіген боларсыздар. Екеуі де әйгілі күйшілер. Сол Рысбай ағай бір жаққа /құдалық/қонақтық/ жол жүрмек болып, Әзидолла ағаға қолқа салады. Әзидолла аға барғысы келмейді, бірақ ана кісі болмай алып шығады. Не керек, екі көлік болып жолда келе жатқанда Әзекең мінген алда келе жатқан көлік апатқа ұшырайды. Арттағы көліктегі Рысбай ағаның мұны көрген кезде жүрегі жарылып, сол бойда жүріп кетті. Бәлкім, сол үшін өзін кінәлап үлгерсе керек. Ал Әзағаң қазір есен. Бірақ, тіл күрмеледі… ол да өзін бір нәрсеге кінәлі сезінетін сияқты.
sammita
иә, өткен аптада естідік. Алды жарық болсын! Ажал айдады деп осындайды айтса керек…
patick
Түріне қарасам, блатной жігіт болғаны көрініп тұр.