Аты жоқ өлең

Төрт қабырға…
Кабинет терезесі
Түңлігі жоқ,
Жоқ мұның керегесі
Сыйламайды жаныма жайлылықты
Жұмысымның қашады берекесі.

Төрт қабырға…
Қараймын терезеден
Нені көріп мен бұдан нені сезем
Қайран менің бабамының киіз үйі
Алыстады ұлдарың неге сенен?!

Жайлы орындық
Жылы жер мекеніміз
Көктем туып кезекпен өтеді қыс
Тағылықтың тамшысы қанымдағы
Белгісіз қанша ұрпаққа жетеріңіз?!
Бөлісу:

5 пікір

Abilakim
«Мен бүгін не бітірдім» деген қауымдастыққа мынаны көшіріңдерші. Бүгін шығарған өлең.айтпақы, Телеканалға барып кеше түскен бағдарламамызға монтаж жасасып келдім
alisha
өзің мүшелікке қабылдансаңшы қауымдастыққа… сосын көшір. Жаманға да шалшы керек;)))
sigma
Қатты теппесеңші, «төрт жолы» үш шумаққа жетіп келе жатырғанда
alisha
өзім бітіру керектімді бітіріп алғасын тепкіге алып отырмын да;)))
Abilakim
«Мен де болдым комсомол» демекші-бізде мүше болдық қауымдастыққа.