Жұмыстан кейінгі екінші тайм: Ақтөбе - Жетісу 1:1

14-нші сәуірде жексенбілік жұмысымды аяқтап, бірден «Футболдан облыстық балалар мен жасөспірімдер олимпиада резерві»-не тарттым. Бірінші тайм басталып кеткен екен, шамамен 10-ншы минутында бардым. Енді билет сатып алайын десем, сатушылар сатпай қойды. Неге десеңіз, стадионда орын жоқ екен. «Билет бар, бірақ орын жоқ»! Бірінші тайм кешігіп келгендер үшін осылайша тірі аудиотрансляция арқылы өтті. Амал не?! Екінші таймды күтуге тура келді. Ойынның екінші жартысы 1:1 есебімен басталды. Оралдағы жағдай қайталанды.)) Бұған да шүкір дедім де, потапаратты іске қостым. Суреттер аз шыққан жоқ, алайда фотосетке тек 30-ы жүктелінеді. Өкінішке орай, екінші таймда гол болмады. Сонымен, Ақтөбе — ақ, Жетісу — көк түсті формаларда.
Әрі қарай

Антижуристік өмір салты. 5. Тыңшы журье мен олардан қорғаныс

(Ертайы. Ұшы — өткен постта)

Әңгіменің ресми, бейресми түрлері болады. Таныстарыңа «білә, бұтағымды жеген заң ғой» дейсің де, мінберге шығып: «Заң жобасында әлеуметтік жеңілдіктерді есептеу әдістемесі жағынан әлі де шикілік бар сияқты» дейсің. Бұл ешқандай да екіжүзділік емес, бұл қалыпты жағдай. Себебі, қоғамда жалпыға бірдей ресми хабар тарату стилистикасы бар. Бетіне айта алмағандықтан емес, жалпыға құрмет ретінде басқаша сөйлейсің.
Міне, тап осы тұста, әсіресе, мансап жолын жаңа бастап жатқан идеалист-журьеден бойыңды аулақ
Әрі қарай

Тавтология 2.0

басы
Тавтологияға жол берген журналистің бәрі бірдей дарынсыз емес. Менің ойымша мұның басты екі себебі бар: уақыттың тапшылығы мен еріншектік.
Тележаңалықтар – конвейер. Кейде мәтінді көркемдеу түгіл, эфриге үлгерудің өзі мұң. Уақыт аздығының емі – тәжірибе. Жүзуді жүзіп үйренетіні сияқты, жазуды да жазып үйренесіз (не деген тавтология).  
Әрі қарай

Біз байлыққа батуымыз керек

Мына сөздерді кейбір қазақтар айта бергенді жақсы көреді /батыста бәрі/: «Мынадай байлықмен біз Арабия сияқты байлыққа батып отыруымыз керек. Әрбіреуіміздің жекке шотымызда мындай мың доллар құюы керек мемлекет.» Сосын мндетті түрде «16-ақ млн қазақты асырай алмай отыр» тағысын тағылар.
Неге сол сөзді былай айтпайды: «Мына байлықпен біз Англия сияқты біліміз дамыған, инфрастурктурасы мықты, санамыз жоғары ел болуымыз керек деп»
Арабияның шіріген понт байлығына, тым асыра сілтенген гламурына қызығады да өздері «жастар еңбек еткісі келмейді, тек бірден топ ете түскісі келеді жылы орынға» деп айтады.
Әрі қарай

UFC: Жұмабек - сегізбұрышта!

Сонымен, көптен күткен күн де келіп жетті. Кеше ғана (29 наурыз) UFC ұйымы Қытайдағы қандасымыз Жұмабек Тұрсынмен келісім-шартқа қол қойды. Құтты болсын! Жұмабекке жеңістер тілеймін.
Жекпе-жекке қашан шығатыны әзірге белгісіз.
P.S. UFA-ға бір түрлі қимап едім

Суреттің алынған жері
Әрі қарай

Журналистика мектебіне қабылдау аяқталып қалды. Асығыңыздар!

  • kazjur
Көптен бері жазба жазбағаныма кешірім сұрай отырып, жаңа бастап келе жатқан блогерлерге немесе болашақ журналистерге пайдалы болар деген ниетпен мына хабарландыруды жариялап отырмын.

Алғашқы қазақстандық тәуелсіз Журналистика мектебі журналистика курсына қабылдау қабылдау мерзімінің аяқталуға жақындағанын хабарлайды.

MediaSchool – еліміздің шынайы медианарығына бейімделген журналистика және PR Мектебі.
Журналистика мектебі журналистік шеберлікті меңгергісі келетіндерге, бірақ БАҚ саласына қажетті тәжірибесі жоқ адамдарға арналған. Оқу қазақ және орыс тілдерінде жүргізіледі.

Қарқынды практикалық оқыту бағдарламасы мынадай блоктардан тұрады:
• Баспасөз БАҚ-ы;
• Ақпараттық агенттіктер мен электронды БАҚ құралдары;
• Заманауи медиа;
• БАҚ және Құқық.
Оқу барысында студенттер Қазақстанның бұқаралық ақпарат құралдары туралы жалпылама мәлімет алып, жарияланымдардың құрылымын зерттеп, әр түрлі форматта мақала жазуды, ақпарат көздерін тауып, телевизиялық жаңалықтар сюжетін жасауды үйренеді.

Сонымен қатар жаңа медиамен жұмыс жасаудың ерекшеліктерімен, мультимедиялық журналистиканың заманауи талаптарымен танысып, этикалық және заңдық нормаларды сақтай отырып мақала жазудың қыр-сырын меңгереді. Дәрістер тренинг түрінде өтеді. Оларды тәжірибелі мамандар – журналистер, блоггерлер, редакторлар, саясаттанушылар, сарапшылар, құқыққорғаушылар, инфографистер, заңгерлер өткізеді.

Журналистика Мектебіне қабылдау 2013 жылдың 1 сәуіріне дейін жалғасады. Сабақ 2013 жылдың 2 сәуірінде басталады. Оқу ақысы айына – 25 000 теңге.
Курстың оқу мерзімі – 4 ай (3 ай – оқу, 1 ай – тәжірибе). Дәріс сейсенбі және бейсенбі, жұма күндері кешкі уақытта жүреді.
Қосымша ақпаратты топ үйлестірушісінен ала аласыз: Рысгүл Рамазанова, +7 727 261 66 69, +7 778 907 16 08, rasti.comwashington@gmail.com

P.S: Журналистика немесе блогқа қызығатын адамдарға үлкен пайдасы тиетініне сенімдімін. Жаңа блог бастаушылар, студенттер осы жолғы курсқа үлгеруге тырысыңыздар!
Әрі қарай

Әке мен бала

Ол отбасында жалғыз бала. Ата-анасымен үшеуі тұрады. Анасы үй шаруасындағы әйел. Әке отбасының асыраушысы. Азаннан кешке дейін жұмыста. Табысы орташа. Біреуден ілгері, біреуден кейін күн кешіп жатқан жайлары бар. Күніге кешке үйге келгенде бала әкесімен ойнағысы, мойнына асылып еркелегісі, сырласқысы да келеді. Бірақ, үнемі әкенің балаға көңіл бөлуге мұршасы келе бермейді. Әр кез жұмыстан шаршап келгенін айтып, теріс айнала береді. Оның үстіне уақыты да жоқ. Бала кішкентай болса да әкенің өздерін қамтамасыз ету үшін тырысып жүргенін түсінгендіктен үнсіз келісуге мәжбүр. Мектепте құрдастары әкесімен қыдырғанын, жұмыстан соң отырып әңгімелесетінін, сабағын дайындауға көмектесетінін айтып жатқанда бұл әкесіз баладай көзі қызып, өтірік қана көңіл бөлмегенсіп тұрады. Бір күні шыдамы таусылған бала әкесінен оның күндік табысы жайында сұрады. Әкесінің айтқан сомасын ойша есептеп, әр сағатына әкенің 2000 теңге табыс табатынын білген соң күнделікті сабақтан кейін өзінше жалданып, жеңіл жұмыстар жасап жүрді. Мектеп баласына кім көл-көсір жалақы төлей қойсын. Әйтеуір «елгезектігіне» қызығып, қолбала қылып жұмсайды да азын-аулақ тиын-тебен ұстатып қояды. Сондағы ойлары — өзінше табыс тауып, тәтті-пәтті алғысы келіп жүр ғой. Одан артық бұған не керек дейсің?! Сөйтіп жүріп бала 2000 теңгенің басын құрады. Бір күні кешке, әкесі жұмыстан келгенде жанына отырып, оның қолына 2000 теңгесін ұстатты да: Әке міне Сіздің бір сағаттық табысыңыз. Маған бір сағат уақытыңызды бөліңізші деп, өтініш білдірді. Бұл жайында ешқашан ойланып көрмеген әке жай соққандай қатты да қалды. Ал бала осы арада іштегі бар сырын ақтарды. Әкеге ешқандай кінә да артпады, табаламады да, қараламады да. Тек күнделікті өмірі, сабағы, достары, өзінің өмір жайлы, достық жайлы ойын әңгімеледі. Әке тыңдап отырып баласының бар мұңын, шерін түсінгендей болды. Өмірдегі ең қымбат ұрпағына көңіл бөлу жайында бір сәт ойланбай, қанашама уақтының босқа кеткеніне өкінді. Баланың не айтқанын толық түсінбеді де, тек тыңдағаннан үлкен ләззат алды. Ал бұл сәтте оның баласынан бақытты адам болмады өмірде. Ол бүгін әкемен сырласудың ләззатын шын сезінді. Көз алдына мектептегі достарына әкесімен қалай сырласатыны, ақылдасатыны жайында әңгімелеп тұрғаны елестеп, күлімдеп қойды. Сөйтіп жатып, әкенің тізесінде тәтті ұйқыға кетті.
Әрі қарай

Ғибрат

МӨҢКЕ БИДІҢ АЙТҚАНЫ
Құрамалы, қорғанды үйің болады,
Айнымалы, төкпелі биің болады.
Халыққа бір тиын пайдасы жоқ
Ай сайын бас қосқан жиын болады.
Ішіне шынтақ айналмайтын
Ежірей деген ұлың болады.
Ақыл айтсаң ауырып қалатын
Бедірей деген қызың болады.
Алдыңнан кес-кестеп өтетін,
Кекірей деген келінің болады.
Ішкенің сары су болады,
Берсең итің ішпейді,
Бірақ адам оған құмар болады,
Қиналғанда шапағаты жоқ жақының болады.
Ит пен мысықтай ырылдасқан,
Еркек пен қатының болады.
Ертеңіне сенбейтін күнің болады,
Бетіңнен алып түсетін інің болады.
Алашұбар тілің болады,
Дүдәмалдау дінің болады,
Әйелің базаршы болады,
Еркегің қазаншы болады,
Жылқы жұлдыз болады,
Қой құндыз болады,
Кебір – жерге теңеледі,
Әйел – ерге теңеледі,
Көл – теңізге теңеледі.
Сиыр – өгізге теңеледі.
Ақырзаман адамы –
Сағынып тамақ жемейді,
Ащыны – ащы демейді,
Тапқанын олжа дейді,
“Алһам” білгенін молда дейді.
Бір-біріне қарыз бермейді,
Шақырмаса, көрші көршіге кірмейді.
Сарылып келіп тосады,
Құны жоқ қағазды судай шашады.
Заманақыр болар да, жер тақыр болар,
Халқы пақыр болар.
Балалар жетім болар,
Әйелдер жесір болар,
“Ә” десе “мә” дейтін кесір болар.
Бас қосылған жерлерде,
Әйел жағы ден болар,
Жаман-жақсы айтса да,
Өзінікі жөн болар.
Орай салып бастарын,
Жалпылдатып шаштарын,
Тақымдары жалтылдап,
Емшектері салпылдап,
Ұят жағы кем болар,
Сөйткен заман кез болар,
Түзелуі қиын болар!
Әрі қарай

телехикая

Бразилия, Аргентина, түрік, үнді, кәрістер
Болып алды қазағыма виртуалды дәріскер
Америка, Еуропалар улап бітті сананы
Я Құдайым, тауып берші сериалдан алыс жер!
Әрі қарай