UFC: "Даниель Кормье vs. Рой Нельсон" келе жатыр

Төбелес клубы: UFC: Даниель Кормье vs. Рой Нельсон келе жатырStrikeforce ұйымын Zuffa компаниясы сатып алып, ол чемпионаттағы жекпе-жекшілердің барлығы UFC-ге өткеннен кейін бір-ақ рет жекпе-жекке шыққан Даниель Кормьенің (жеңіс-жеңіліс: 12-0) өнерін тамашалайтын да күн алыс емес сияқты.

Әрі қарай

Егер компьютеріңізде Facebook ашылмай тұрса...

Блог - asaubota: Егер компьютеріңізде Facebook ашылмай тұрса...
Бірнеше күннен бері көп адам компьютерлерінен Facebook-ке кіре алмай жатыр. Ал смартфон, планшеттерден ашылады. Егер сізде де ашылмай тұрса мына сілтемені басыңыз немесе браузеріңізге Facebook адресін
https://facebook.com
деп жазыңыз.

Егер бұл жазба сізге пайдалы болған болса достарыңызбен бөлісіңіз.
Әрі қарай

Шежіре-тағылым

Ұрпақтан ұрпаққа құндылықтарымызды насихаттау мақсатында шежіренің де алар орны ерекше. Сол себептен төмендегі суреттерді ұсынып отырмын.
Әрі қарай

"Айтуға оңайдан" кейінгі ой: қазақты біріктіріп тұрған нәрсе - Ән!

«Айтуға оңай» бағдарламасының Домбыра Party туралы түсірілімін қарап шықтым. Тақырыпты жақсы аша алған сияқты. Тек ДП-ның мақсаты туралы толық ашылмады ау деймін. Қысқаша өз ойымды айта кетейін.

Былтыр тамыз айында Астанада Сол жағалаудың орталығындағы Керуен Сауда Орталығын таңдадық. Таңдау себебіміз Керуен — адам көп жүретін, жиналатын жер және Сол жағалау әлі орысша мекен. Домбыра арқылы тек домбыра емес қазақылықты, қазақ тілін, қазақты жарнамалағымыз келді. Домбыра арқылы қазақтың тірі екенін, оянатынын көрсеткіміз келді. Негізгі мақсат сол ғана. Ал қазір ДП сол мақсатты орындаудан бөлек жастардың кездесу орнына да айналды. Астана сияқты үлкен қалада адамдар жұмысбасты. Бір біріне уақыт табу қиын. Осы ДП кезінде бірталай адаммен кездесіп, сәлемдесіп қаламыз, жаңа адамдармен танысамыз. Бұдан бөлек жаңа таланттардың ашылуына да жақсы жол. Сол жағалауда жүретін шетелдіктер де қызығып қарайды. Өз жұмыстарындағыдай емес қазақтілді қазақтар бар екенін, олардың да өз өнер-мәдениеттері бар екенін көреді.
Әрі қарай

Қара жорға мен Харлем шейктің айтысы

Қара жорға:
Биіңе елітіп жүр бала тоймай,
Ол түгіл алпыстағы ана тоймай
Қазақ елін кім келіп басынбады,
Халқымды момын санап қара қойдай.
Талайға есігімізді ашқан едік,
Пиғылын тексерместен оқ атардай.
Тамағын жеп табағын теуіп тұрсың,
Төрімізді бүлдірдің алатайдай.
Әрі қарай

Тойдың көркі - көкпар

Кезінде қазақтың бірде бір тойы көкпар, күрессіз өтпеген. Еліміздің белгілі азаматы Бекболат Тілеухан өзінің отбасындағы қуаныш және Астана күніне орайластырып Астана маңындағы Балқарағай жерінде үлкен той өткізді. еліміздің үздік көкпаршылары қомақты жүлдені сарапқа салған сайыстан видеоблог.

Әрі қарай

Домбыра Пати (жеке пікір)

Мен үшін Домбыра Party «Блогкэмп-2013»-пен тығыз байланысты. Блогкэмп болады деп Фэисбукте-да (бұдан әрі ФБ) жариялап, ұйымдастыру жұмыстары белсенді жүргізілген тұста «Блогкэмп-2013»-тің бағдарламасында «Домбыра Party» деген бөлім бекітілген болатын. Алғаш осылай танысқан бұл шараның Қазақ қоғамы үшін "үлкен рухани азық" екенін сол кезде сезінбеген болатынмын. Алғашқы Патиге де осы «Блогкэмп-2013»-те куә болған едім.
Домбыра Partyден алғаш алған әсерім. «Бәйшешек» сауықтыру лагерінде, жастардың жазғы би алаңына арнап салынған орында, кешке, ортада арнайы жағылған «отын алауы», айнала қоршалап, еліміздің әр облыстарынан жиналған блоггерлер (маған бейтаныс адамдар көпшілігі, бірақ өте көңілді орта), бәрінің назары «Домбыра Party»-ды жүргізіп отырған Маралбекте . Макең, бұл шараның мақсаты, қоғамға қажетті дүние, атамыз Қазақтан рухани мұра екенін түсіндіріп, кезекті ән орындаушыға беріп отырды. Бір қарағанда, әріге бармай-ақ қояйын, ХІХғ. ұлы ағартушы тұлғалар заманы, мысалы ұлы ақынымыз Абайдың заманы көз алдыма елестеді. Кешқұрым, жайлауда, айдың жарығында тойға жиналған жастар, ортада Алтыбақан құрулы, бір басында қыздар, бір басында жігіттер бастап, кезегімен ән айтып тұр. Қыз бен жігіт айтысы, сәл арыда «Ақсүйек» ойнап жүрген бір топ қыз-жігіттер, сыңғырлаған қыздардың күлкісі, қушаң жігіттердің әзілі. Осы сияқты дүниелер көз алдымнан бір сырғып өтті.
Қазақтың эстрадалық әндері мен әншілерін (Қайрат Нұртастан басқасы) тыңдайтынмын. Мейрамбектің термелері хит болған жылдары, терме тыңдап, «Адай» күйін (сірә, сүйіп тыңдамайтын бір қазақ жоқ шығар, мәңгілік туынды), соныен бірге Асылбек Еңсеповтың орындауындағы күйлерді тыңдайтынмын.
Алғашқы Патиден домбыраның күмбірлеген дауысын тыңдап, ерекше патриоттық сезім кернеп, қасиетіңнен айналдым қара домбырам деп тізерлейтіндей әсер алды айта алмаймын. Бірақ, "құптарлық дүние, жақсы бастама, көп қазақтар сияқты бір кісідей халық арасында таралу керек" екен деген ой туындады.
Блогкэмп аяқталып, уақыт өте келе, ФБ-да «Домбыра Party»-ге арнап парақша ашылып, кеңінен насихаттала бастады. Оған еліміздің әр өңірінен үн қосып, Пати дауысы бейнебір ФБ-да жаңалықтар бетін жаулап алды. Өзім оңтүстік тұрғынымын, бірақ қашанда белсенділер қатарында жүретін Шымкент осы «Домбыра Party»-де сылғырлық танытты. ФБ-лық әріптестеріміздің Пати туралы жазбаларын қызыға оқығанымызбен, көзбен көріп, куә болмағандықтан үн қоса алмай дал болдық. Осы аралықта Садық () және бірнеше ФБ-лық белсенділер бір пати ұйымдастырған болатын. Оған қатыса алмаған едім.(ақпарат жетпеді). Бірақ, екінші «Домбыра Party»-ді асыға күткеннің бірі болдым.
PS. Бүгін 15.06.2013ж Шымкент қаласы, Абай паркінде сағат 20-00 де «Домбыра Party» өтетіні туралы ақпаратты алдым. Толығырақ келесінде баяндаймын. Мынау блогкэмптегі Азаматтың орындауында ән.
Әрі қарай

Терминал vs Beeline соғысы



2008 жылғы қаңтар айынан бастап осы күнге дейін «Beeline Қазақстан» үстеме ақыны ақырын-ақырын жылына 1-2 есеге азайтып отырды. 2013 жылғы мамыр айында компания кезекті рет әріптестеріне үстеме ақының төмендегенін хабарлап, өзара ынтымақтастыққа тиімді ұсыныстардың жаңа қырларын ұсынды. Бірақ, бұл бастама кейбір төлем терминалдарының иелерінің-кәсіпкерлердің тарапынан елеулі түрде қарсылыққа ұшырады. Олар ұялы байланыс операторының беделін түсіру науқанды бастап, өндірісті өзгертуге кірісті және Beeline абоненттерін басқа ұялы байланыс операторларына ауысуға үндейтін жапсырмаларды таратуға әрекеттенді.

Терминал бизнесі 2006 жылы жаңа бастау алған кезде «Beeline Қазақстан» терминал желісін белсене қолдаған және осы бағытта агенттік үстеме ақыны төлеу арқылы қаржыландыру көрсеткен жалғыз телекоммуникациялық оператор болатын. Содан бергі өткен жылдар ішінде бұл бизнес қарқынды дамып, өз аяғына нық тұрып кетті.
Бүгінгі таңда, барлық жерде орнатылған терминалдардың көмегімен әртүрлі салада көрсетілетін қызметтердің ақысын төлеуге болады. Әрбір іске асырылған операция үшін төлем терминалдары абоненттерден төлем сомасынан 12% дейінгі деңгейде өтем ақы ұстап қалады. Айта кетер бір жайт, қазіргі кезде Қазақстанда 18 мың терминал жұмыс істейді, бір алаңқайда бірнеше терминалдың орналасуы да жиі кездесіп тұратын жағдай.
Әрі қарай