Қара жорға мен Харлем шейктің айтысы

Қара жорға:
Биіңе елітіп жүр бала тоймай,
Ол түгіл алпыстағы ана тоймай
Қазақ елін кім келіп басынбады,
Халқымды момын санап қара қойдай.
Талайға есігімізді ашқан едік,
Пиғылын тексерместен оқ атардай.
Тамағын жеп табағын теуіп тұрсың,
Төрімізді бүлдірдің алатайдай.

Харлем шейк:
Қара жорға би едің көш ілгергі,
Өз қазағың таңдады сосын мені.
Шаңыма да ілеспей қалып қойдың,
Түйедей өте алмаған көпірдегі.
Биіммен бар әлемді билеп тұрмын,
Өйткені ол азғындауға өтімді еді.
Қазақтың еліне де еніп бүгін,
Ар-ұятын сыпырдым бетіндегі.
Қарасаң интернетте тұр емес пе,
Бала түгіл кемпір де секіргелі.
Ол түгіл депутаттың өзіне ұнап,
Министірдің қараттым бетін бері.
Сен едің қазынасы тоналған би,
Баяғыда аңыз боп жоғалған би.
Атажұрт деп аттапсың шекарадан,
Отанына оралған оралман би.
Дархандыққа қазағың жаман емес,
Бұл бірақ ылғи дұрыс қадам емес.
Шетелдік мына маған құрмет қылып,
Оралман би сені еске алар емес.
Сол сияқты төр беріп келімсекке,
Оралман қандасына салады егес.
Қазағын өз жерінде өгейсіткен,
Ниеті министрдің адал емес.
Осыдан соң қарағым қара жорға,
Өкметіңе өкпеле маған емес.

Қара жорға:
Өзге елде кеуде керген зор батырсың,
Зор батыр қалай ғана қолда тұрсын.
Өкіметке өкпеңді айт деп отырсың,
Мен үшін болып тұр ғой ол да тылсым.
Өйткені осы уақытта өкметіме,
Харлем шейк менен гөрі сен жақынсың.
Харлем шейк қазақтың төрін алма,
Жастардың жүрегінен орын алма.
Ойнастықты дәріптеп ойнақтайсың,
Басынан, ортасынан, соңынан да.
Нәпсіге толып тұрған биің жаман,
Жаман өнер жұғады соры барға.
Қимылыңда қисынсыз көзге ұнамсыз,
Халықты шақырасың сен лаңға.
Ал мен болсам ешқандай нәзіктінің,
Ұстамаймын белі түгіл қолынан да.
Бір жағынан денемді шынықтырып,
Жорғалатып саламын көп ұранға.
Қара жорға оралман биі ғой деп,
Кейбір тексіз тартады соны да алға.
Әйтпесе мен тұрғанда бұл бәленің,
Секеңдеп төрде жүрер жөні бар ма?

Қара жорға болмаса,
Бидің сәні келер ме.
Қара домбыра болмаса,
Күйдің сәні келер ме.
Қара қазан болмаса,
Үйдің сәні келер ме.
Ал қанекей жолдастар,
Біреуің шық ой тастар.
Харлам шейк биінен,
Кашсын барлық қу бастар.

Осы жайды ойлаңдар,
Қой деседе қоймаңдар.
Би билемей Абайдың,
Тереңіне бойлаңдар.

Келіп тұр-ау ыңғайға,
Айту керек мұндайда.
Ойнақтағана есерге,
Ойланатын күн қайда?

Харлем шейк:
Дегенде қара жорға, қара жорға,
Ақылыңды айтасың әр адамға.
Харлем Шейк биінен сақтандырып,
Халқыңды шақырмақсың сара жолға.
Мына менің астымда қара волга,
Мына сенің арқаңда ала дорба.
Сонда да менен рухың биік боп тұр,
Сескенбей сөйлеуіңе қарағанда.
500 мың адам билеп гиннеске ендің,
Ішінде жүрді аға, балалар да.
Ел кезіп, жер тепкілеп лағып жүрмін,
Гиннеске енбеген соң шара бар ма.

Қара жорға:
Сенің айтқан сөздерің болмаса екен,
Қара жорға тілегін жолдаса екен.
Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би,
Қазағым осылардың жалғасы екен.
Кілең мықты билердің ұрпақтары,
Бишілерге алданып қалмаса екен
Бөлісу:

6 пікір

AknietTanirbergenkyzy
Тамаша айтыс!!! Казактын биі тек кара жорга!!! Тек алга!!! Каламыныз шындала туссін!!! Саттілік!!!
Ispek92
Каламыныз шындала туссін!!!
Кешірерсіз, аптыры мен емес, копипасттың дәуірі жүріп тұрғанда, қазіргінің тілімен айтқанда бір жерден тігіп кеткем...
MamaAya
 не че себе Исалек деп отырсам?!)
Ispek92
Осылай күліп жүр, жеңеше)))
bizbike
Қытай қазақтарының қойылымдарын қараңдаршы, Қара жорға тым ерсі көрінеді