Жазбаға әдемі превью-сурет қоямыз

Блог - asaubota: Жазбаға әдемі превью-сурет қоямыз

Сайтқа аздап өзгерістер енгіздім. Алғашқы бет енді жинақы көрінеді. Бұрынғыдай ұзын посттарды кат қойып қысқартып әуре болмаймыз, жүйе өзі қысқарта қояды. Пост тартымды көріну үшін превью-сурет қоя аламыз. Превью пост ішіне жүктеген суретіңізден автоматты түрде алынады немесе өзіңіз бөлек сурет те жүктей аласыз. Мүмкіндігінше посттарға сурет жүктеп отырайық. Бірінші бетті өзім түзетіп шықтым, суреті жоқтарға сурет қосып. Бұрынғы посттарыңызды солай өзгертулеріңізге болады.
Әрі қарай

Керектегі оң өзгерістер!!

Сәлем достар!!!
Блог - vebred: Керектегі оң өзгерістер!!

Керекке енбегелі біраз уақыт болыпты. Қол да тисмей кетті, жалпы шығармашылық, әрі жеке басымда тығырық болды. Көштім, көңіл-қошым болмады)))) дегендей. Оны несіне айтып отыр, бізге сол қызық секілді деп сөге жөнелгендерге айтарым, керекті бір кісідей жақсы көріп, үнемі оқып жүретіндердің қатарынан едім, соңғы айларда тіпті бас сұқпадым.

Сонымен бүгін бас сұқтым да, қалай кіруші еді, деп, жаңа постты қалай бастаушы еді деп, керекті нүктелерді іздеп отыруға тура келді. )))

Керек өзгеріпті, ең бастысы Хабардың тизері пайда болыпты, бұл оң өзгеріс енді Керекті жай ғана блогтұғыр емес, бизнес әріптес деп қарауға толық негіз бар сияқты. Алдағы уақытта «31 арнаның» баннерін де Керектен көруге жазсын.
Әрі қарай

КерекБлогер шеберханасы - Апта #2 - Денсаулық

Блог - asaubota: КерекБлогер шеберханасы - Апта #2 - Денсаулық

КерекБлогер шеберханасының алғашқы аптасы ауыр өтті. Ойлағанымыздан төмен қатысу болды. Бапкерлер де, қатысушылар да дайын болмай қалған сияқты. Дегенмен КерекБлогер ілмегімен пост жазған 3 қолданушыға КерекБлогер жобасына қатысушы деген медаль ілінді, профильдерінен көре алады.

Осы аптаға тақырып: Денсаулық. Жазбалар келесі дүйсенбіге дейін қабылданады.
Әрі қарай

Баламмен диалог

Жұмыс барысында іс-сапарға көп шығамын. Мынау сол сапардың ішіндегі сорақысы болар, елден үш жылға кеттім. Әрине келіп кетіп тұрамын ғой.
Далада жүріп, үйдің амандығын біліп телефон соққанда балдармен де сөйлесемін.

— Қане балдарға берші
-Қазір

-Әллө, Коси (Сендер де, балдарыңды еркелетіп қызық атайтын боларсыңдар, иә)
-Алье, паппа! Қайдасың?
Әрі қарай

Автомобиль ішінде компьютер?

Дәлірек айтқанда жекелеген бір мәселені шешу үшін арналған модульдер бар, модульдің өзінің микропроцессоры болады. Жекелей мәселені өз бетінше шеше алатын микропроцессоры бар модульді микроконтроллер деп те атайды.
Соңғы бірнеше жылдарда автомобиль конструкторлары жекелей алынған көлік ішінде локальды есептеуіш желілерін жүргізді, яғни бірнеше микроконтроллерді бір басқару орталығына қосты.
Осылайша бірнеше үрдістегі әрекеттерге әсер ететін атқарушы құрылғыларды локальды желі арқылы бір орталықтан басқарып әр үрдістегі әрекеттерді бір –бірімен үйлестіреді.
Мысал ретінде қозғалтқыштың басқару және отын беру жүйесін қарастырайық. Соңғы отыз жыл ішіндегі автомобиль жасау саласындағы даму үрдістері автомобильдің механикалық сезгілері және реттегіштерін жаңартып алмастырды.
Ең жетілген классикалық үлгідегі қозғалтқышты отынмен қамтитын (карбюратор) құрылғыны дәл сондай қызметті іске асыратын электронды басқару жүйесімен қамтылған құрылғымен салыстыруға болмайды. Өйткені құрылғының жұмысының негіздері өзгеше.
Әрі қарай

kariimге ашық сабақтар. #4. Қысқалық пен қисын. 4.1 Қысқалық

Чеховтың "қысқалық — таланттың әпшесі" дегенін Мастұр батыр жарықтық: «ал қисын — мақаны» деп қайырған болатын көті тірісінде. Және ультрадәл айтқан болатын. Себебі, қысқалықтың соңына түсіп кетіп, жазбаның қисынды келбетінен айрылуға бір-ақ қадам жетеді.
Әрі қарай

Білмейсіз...

Арай шашқан алтын күн мұзды сүйетінін білмейсіз,
Мына әлемде бір жанның сізді сүйетінін білмейіз,
Отырып ап сіз жайлы қиялдайтынын білмейсіз,
Мөлдір мөлдір жырларын жиі арнайтынын білмейсіз,
Ешбір жанға айтпаған сыры болғаныңызды білмейсіз,
Ескертпестен жүрегіне кіріп алғаныңызды білмейсіз,
Осылайша арманына айналғаныңызды білмейсіз,
Көңіліне мұң болып жайланғаныңызды білмейсіз,
Сізді ойласа шумақ жыр құрап шығатынын білмейсіз,
Құс жастығын құшақтап жылап шығатынын білмейсіз,
Сезімінің пернелерін басып өткеніңізді де білмейсіз,
Қарап жүрмей өзіңізге ғашық еткеніңізді де білмейсіз.
Сіз ештеңені де білмейсіз!
Әрі қарай

Жұлдыз сыйлаңыз

Блог - Daniar-Alan: Жұлдыз сыйлаңыз

Сүйіп қалдыңыз біреуді. Бүкіл өміріңізді сонымен ғана елестетесіз. Ол туралы күндіз де түнде де ойлайсыз. Онымен мәңгілік біге болғыңыз келеді…
Жоқ олай емес… Оқиғаны қоюлатайық…
Бір жарым жыл көрмедіңіз. Сағындыңыз. Ол алыста болды. Соңғы 2-аптада тіпті телефонмен сөйлеспедіңіз.
Міне, ол келе жатыр. Ал сіз оны траптан жәй ғана күтіп алғыңыз келмейді. Егер қолыңызда болса бүкіл әлемді оның аяғына жығып бергіңіз келеді, бүкіл әлемді сыйлағыңыз келеді… Бірақ… өкінішке орай мұны істей алмайсыз. Қайтпек керек?!..
Әрі қарай

1-қыркүйек

Бүгін 1-қыркүйек білім күні. Алғаш мектеп табалдырығын аттап, өмірдің жаңа белесін бастап жатқан кішкентай іні-қарындастарымызға айтар тілегім оқу озаты болсын. Тәуелсіз елде туылып, тәуелсіз елде білім алған жастар тәуелсіздігіміздің тірегі болатындай ілімді, білімді болсын! Қазақ халқы көшпелі ел болып жүргенде де білімнен кенде қалған жоқ. Арабша хат таныды, одан төте жазу, кейін латын, кириллицаға ауысқан әліпбиіміз тарихымызды бұрмалау үшін пайдаланған саясат. Бірақ біздің тарих негізінен ауызша жеткізілгендіктен, ұрпақтан ұрпаққа жыр-терме, ертегі-қиссалар арқылы жеткендіктен ұмытылмады. Ал, қазір сондай жыр айтып,қисса айтатын кім бар? Жыр түгіл ертек айтатын ата-әже де шамалы. Бұл ғаламдану уақытында тарихымызды ұмытпау үшін, елдігімізді сақтау үшін білімді азаматтар керек. Білімді. саналы ұрпақ көбейе берсін. Саны аз ел болсақ та, сапалы ұрпақпен мақтанайық!
Аллаһ елімізге иманды, ілімді, ынтымағы жарасқан ұрпақ берсін!
Блог - kydyrbai: 1-қыркүйек
Әрі қарай

Жазда оқылған кітаптарға шолу - 2

1.Атауы: Вокруг света в 80 дней
Жанры: Қызықты оқиғалы /приключение/
Авторы: Жюль Верн
Құны: 450 тг /«Меломан», Мега/
Сюжеті: Филеас Фогг атты нағыз ағылшын азаматы достарымен бір күні жер бетін 80 күнде айналып шыға алатындығына бәстеседі. Сөзге берік, аса сабырлы Филеас сапарға өзінің жаңа қызметшісі француз Паспартуды да ала кетеді. Дәл сол кездерде Англия банкінен үлкен сомада ақша ұрланғаны туралы хабарлар тарап жатқан еді. Қожайын мен қызметшісі жолда түрлі оқиғаларға тап болады. Олардың ізінен Филеас Фоггты банкті тонаған ұрлықшы деп қате санаған Фикс атты барлаушы жүріп отырады. Кітапта олар Үнді елін, Америка қалаларын, екі мұхитты басып өтеді.
Ұнағаны: Кітап ағылшындарға тән керемет юморға, иронияға толы. Елдердің, халықтардың психологиялары мен салт-дәстүрлері де әдемі баяндалған.
Қосымша: Джеки Чан ойнаған аттас фильм бар екенін білесіздер. Алайда ол кітаптан тыс дүниелер көп қосылғандығы туралы википедиянан оқып білдім, қызық туынды болар деп сенемін.

2.Атауы: Айвенго
Жанры: Жартылай тарихи роман /яғни тарихи кезеңдерді арқау ете отырып, ойдан шығарылған кейіпкерлер мен тарихи тұлғаларды өзара біріктіре баяндау/
Авторы: Вальтер Скотт
Құны: 590 тг /«Меломан», Мега/
Сюжеті: Ортағасырлық Англиядағы сакстар мен норманндар арасындағы қақтығыстардың тарихи фонында крест жорығынан құпия түрде үйіне оралған және әкесінің еркімен мұрасынан айырылып қуылған жас рыцарь Айвенгоның абыройы мен леди Ровенаның махаббатын қайтару жолындағы ерлігі баяндалады. Оған көмекке Арыстан Жүректі Ричард пен аңызға айналған Робин Гуд көмекке келеді.
Ұнағаны: Кітаптан соң ортағасырлық тұрмыс пен тарихқа, патшалар өмірі мен Вальтер Скоттқа деген қызығушылық пайда болды. Біраз тарихи мағлұматтармен, сол дәуірдің психологиясына, әдеттерімен танысуға жақсы кітап.
Қосымша: «Айвенго» атты кеңес дәуірінің фильмі бар.
Кітаптар жұқа мұқабалы, сондықтан бағасы да едәуір арзан. 2080 теңгеге 4 кітап: осы екі кітап және Леонардо да Винчидің сурет өнері туралы қолжазбалары мен О.Генридің әңгімелерін алғанымда өте қуандым. Да Винчидің ой толғаулары тап-таза суретке арналған, техникалық және психологиялық қырлары туралы, перспектива, пейзаж салу т.б. тақырыптар қозғалған. Ал О. Генри — ол бөлек тақырып. Сүйікті екі американ жазушымның біреуі болып табылатын Генри мырзаны мектеп кезінен бастап жақсы көремін.
Әрі қарай