1-қыркүйек

Бүгін 1-қыркүйек білім күні. Алғаш мектеп табалдырығын аттап, өмірдің жаңа белесін бастап жатқан кішкентай іні-қарындастарымызға айтар тілегім оқу озаты болсын. Тәуелсіз елде туылып, тәуелсіз елде білім алған жастар тәуелсіздігіміздің тірегі болатындай ілімді, білімді болсын! Қазақ халқы көшпелі ел болып жүргенде де білімнен кенде қалған жоқ. Арабша хат таныды, одан төте жазу, кейін латын, кириллицаға ауысқан әліпбиіміз тарихымызды бұрмалау үшін пайдаланған саясат. Бірақ біздің тарих негізінен ауызша жеткізілгендіктен, ұрпақтан ұрпаққа жыр-терме, ертегі-қиссалар арқылы жеткендіктен ұмытылмады. Ал, қазір сондай жыр айтып,қисса айтатын кім бар? Жыр түгіл ертек айтатын ата-әже де шамалы. Бұл ғаламдану уақытында тарихымызды ұмытпау үшін, елдігімізді сақтау үшін білімді азаматтар керек. Білімді. саналы ұрпақ көбейе берсін. Саны аз ел болсақ та, сапалы ұрпақпен мақтанайық!
Аллаһ елімізге иманды, ілімді, ынтымағы жарасқан ұрпақ берсін!
Блог - kydyrbai: 1-қыркүйек
Бөлісу:

6 пікір

kariim
Әәмиин! Айтқаныңыз келсеін!
007
ертегінің бәрі инетте тұрғанда ата-әжелерімізді шаршатып қайтеміз, оның үстіне әр түрлі ертегі жұмбақ, мақал — мәтел, жаңылтпаш, т.с.с дүниелермен таныстыратын ұсақ-түйек құрылғылар көп емеспе…
Anar70
Бүгін қызым 1-ші сыныпқа барды))))
kydyrbai
озат оқушы болсын
kariim
Бір нәрсеге ренжідім. Алдында ғана болып өткен Конституция күні дәл 1-қыркүйек сияқты тойланған жоқ. Обал болды.
kydyrbai
Қай қала? Ақтауда тойланды. 1-қыркүйекке екі мереке қатар келіп, ол да тойланды…