Ертеңгі матч

Мадридтен сөйлеп тұрмыз: Ертеңгі матч
ХАЛА МАДРИД !!! Интернетті ашып-жапқанша мінекей бір апта да өтіп кетіпті. Еуропада Футбол маусымы қызуға бетбұрыс жасап жатыр, трансферлік терезе жабылысымен қыза түсетініне сенім берік. Сонымен іске көшейік, Мадридтік Реал ертең гранадалық Гранадамен Нуэво Лос Карменес стадионында Ла Лиганың 2-турын жабады.
Әрі қарай

АҚЫРЗАМАН ТУРАЛЫ ТҮС

Блог - KazaXXX: АҚЫРЗАМАН ТУРАЛЫ ТҮС
АҚЫРЗАМАН ТУРАЛЫ ТҮС…
Түнімен ауырып шықтым, бірақ айтайын деп отырғаным ол емес. Түс көрдім. Ақырзаманды көрдім(солай болжап тұрмын). Сондай анық көре алдым. Топан суды көрдім. Өзіме қалай болатынын қара дегендей арасында жүргізіп, бірақ тұншықтармай көрсетті. Өзім түсті екіге бөлінеді деп білем, «шайтани» және «рахмани», қайсысы болды екен? Әлде иманыңмен жұмыс істе деп тағы бір шанс беріп тұр ма? Көргендерің бар ма мұндай сұмдықты?
Әрі қарай

ЖАҢА САЙЫС! БОЛЖАМ БӘЙГЕ!!!!

Болжам бәйге...Қомақты жүлде…
Спорт-ДОДА сайтымыз жаңа бәйгені жария етеді. Ертең өтер төмендегі матчтарға жанкүйерлер болжам жасайды.
Блог - NurlybekZhanuzakov: ЖАҢА САЙЫС! БОЛЖАМ БӘЙГЕ!!!!

Жеңімпаз атанған оқырманымызға 1000 бірлік сыйға тартамыз! 2,3 орын алған оқырмандарымызға 500 және 200 бірлік жолайтын боламыз!!!

САЙТҚА МЫНА ЖЕРДЕН КІРЕ АЛАСЫЗДАР!!! СПОРТ-ДОДА САЙТЫ

ЕСКЕРТУ: САЙТТЫҢ ТӨМЕНГІ ЖАҒЫНДА АРНАЙЫ МАҚАЛА ЖАЗЫЛҒАН. БАРЛЫҒЫ СОНДА ТҮСІНДІРІЛГЕН…
Әрі қарай

Менің балалық шағымдағы Айт мерекесі

Бала кезімізде ауылда «айттық-айттық» деп әр үйге бас сұғып шығушы едік. Үлкендер 1 теңге, 2 теңгеден (қазіргі 100 теңгемен бірдей), ол болмаса тәтті-тақасын беріп шығарып салатын. Жантай деген сотқарлау бала болушы еді. Бірде балалар ауыл үлкендерінің бәрін тауысып келе жатса, алдарынан бір апа шыға келіпті. Балаларды көре қалған апа бір-екі теңгесін аяп, айттықты балаларды бұрын сұрап «Айттық» деп қалыпты, сөйтсе апаның қылығына ашуы келген Жантай «Кө..ң айыртық» депті де жүре беріпті… Сондай қызықтар болып тұратын. Қазір өйтіп айтшылау жоқ екен ауылда. Сағынамын сол күндерді…  
ОРАЗА АЙТ ҚҰТТЫ БОЛСЫН ДОСТАР
Әрі қарай

Орал. Кезекті Домбыра PARTYдан сарқыт. 26 шілде, 2013

Блог - 19852407: Орал. Кезекті Домбыра PARTYдан сарқыт. 26 шілде, 2013
Қарғыс алма, алғыс ал дейді. Кешегі Нұрғиса Асылбеков қонақ болған «Шалқар» радиосы, "Ұшқын" жастар бағдарламасының тікелей эфиріне Орал қаласынан Алмажай атты апамыз хабарласып: «Домбыра PARTY құптарлық шара. Оралда әр бейсенбі сайын өтіп тұрады, немерелерімізбен барып, демалып қаламыз. Рахмет!»,- деп, хабарласып, алғысын айтып жатыр. Оралдағы шара өзінің тұрақты көрермендерін тапқанына мәз боп қалдық.
Әрі қарай

Қасиетті Мекка мен Медина.

Қажылық парызын өтеу мұсылман армандарының бірі. Тәуелсіздігімізбен дініміз келгені белгілі. Қазір таңда ақшасы бар адам қажылық сапарын өтей алады. Тіпті орташа жалақысы бар адам да қажылыққа бара алады біздің елде. Себебі елімізге берілетін квота өзге елдерге қарағанда жеткілікті. Білуімше жыл сайын қазақстандықтардың қажылық сапарын өтеу үшін 5 мыңнан астам квота беріледі. Егер де малазиялықтар өмірінде бір рет болсын қажылыққа бару үшін біздің елдегідей бала-бақша тізіміне туа салысымен жазылғандай дүниеге келгеннен кезекке тұрса, қытайлық мұсылмандардың кейбірі өз кезегін 25 жыл күтеді екен. Біздің жұртшылық Алланың жазуымен Аллаға шүікр барамын десе, ақшасы болса баруына бар мүмкіндіктер қарастырылған. Қажылыққа барғандар жақсы біледі. Кей кездері қажылыққа барып тұрып, парызын өтей алмай елге қажы болмай келгендер бар. Ондай да көбінесе жұртшылық қажылық парызын өтеу тек Алланың қалауымен ғана таңдалған адамдар бара алады дейді. Десе де, бұл сапарды өтеген адамдардың өмірін екі кезеңге бөледі. Оның бірі қажылыққа дейінгі өмір де, қажылықтан кейінгі өмір. Қажылықтан кейінгі өмірдің жақсы жаққа бұрылуы ол парыздың қабыл болуының бірден бір дәлелі болса керек. Бірақ ол жайында кеңірек дін қызметкерлері айтып бере алады. Мен Қасиетті Рамазан айы мен Қадір түнінің қарсы алдында сіздерге қажылық сапарда түсірілген фотосуреттер көрсеткім келеді. Себебі Пайғамбарымыздың (с.а.с) табаны тиген, Қасиетті Қадірлі Мекке мен Медина қалаларында болған адамның сезімі мәңгілік есте қалады. Оны сөзбен жеткізу мүмкін емес. Бұл ретте суреттер сөйлесін. Керек инфоның жамағаты ұстаған оразаларыңыз бен Қадір түнінде тілеген тілектеріңіз қабыл болсын! Алла тағала сіздерге екі дүниенің бақытын нәсіп етсін. Әумин!
Әрі қарай

Ақтау қаласындағы № 10-ыншы ДОМБЫРА PARTY.

Ақтауда атаулы № 10-ыншы Домбыра Party және open air форматындағы мини-ауызашар өтті.Бұл күннің ерекшелігі-теңізден соққан самал жел патиге қатысшыларды біршама мұздатып та алды. Осыған қарамастан патидің думаны түн ортасы 12-ге дейін жалғасты. Тағы бір ерекшесі- патишілер өздерімен бірге тамақтарын, термосқа құйылған шайын да ала келіпті. Сонымен мұнда ауыз ашар да, ән-күй де болды. Соңын ала атақты өнер жанкүйері, жыршы-термеші Қамбар Оразовтың келе қалғанын қайтерсің?

Домбыра Party: Ақтау қаласындағы № 10-ыншы ДОМБЫРА PARTY.Пәтидің тұрақты қатысушы өнерпазы Жексембаев Нұрсұлтан
Әрі қарай

Нелiктен дүние жүзi халықтары ислам дiнiн жаппай қабылдап жатыр?

Ғылым және информация ғасыры деп аталған өткен жүз жылда дамыған мемлекеттердiң азаматтарынан бек көп адам ислам дiнiн өз еркiмен қабылдаған. Оған қоса әлемдiк деңгейдегi философтар, физиктер мен химиктер, тарихшылар мен әлеуметтанушылар, экономистер мен дiнтанушылар бiр-бiрлеп хақ дiн исламды қабылдауда. Батыс елдерiнiң кейбiр қатардағы азаматтары да, баспасөзде аттары аталмағанымен, кәлима айтып, мұсылмандардың санатына кiруде. Елiмiздегi ислами үгiт-насихаттың нәтижесі ме, бiзде де орыс, грузин, кәрiс, неміс халықтары уәкiлдерiнiң бiр сыпырасы мұсылман болды.
Қарағанды облыстық орталық мешітте де соңғы уақытта, тілін кәлимаға келтіріп мұсылман болғандардың саны едәуір ұлғайды. Естеріңізге сала кетсек, славян қызы одан кейін, Айша (Настя) қызымыз қазақ жігітімен неке құрып, қазақтың ақ босағасынан аттаған еді. Ал бүгін, жерлесіміз Салыкова Фаина апайымыз қос бүлдіршінің ертіп, мешітке келді. Өзі және балалары Салыкова Инара мен Илья Ильин Исламды қабылдап, ақиқатты таңдады. Осы бауырларымыздай, һақ жолын таңдаған қаншама қандастарымыз бар, бәрін тізудің қажеті жоқ шығар. Менің көкейімдегі сұрақ, нелiктен дүние жүзi халықтарының ислам дiнiн жаппай қабылдап жатқандығы.
Әрі қарай