Нелiктен дүние жүзi халықтары ислам дiнiн жаппай қабылдап жатыр?

Ғылым және информация ғасыры деп аталған өткен жүз жылда дамыған мемлекеттердiң азаматтарынан бек көп адам ислам дiнiн өз еркiмен қабылдаған. Оған қоса әлемдiк деңгейдегi философтар, физиктер мен химиктер, тарихшылар мен әлеуметтанушылар, экономистер мен дiнтанушылар бiр-бiрлеп хақ дiн исламды қабылдауда. Батыс елдерiнiң кейбiр қатардағы азаматтары да, баспасөзде аттары аталмағанымен, кәлима айтып, мұсылмандардың санатына кiруде. Елiмiздегi ислами үгiт-насихаттың нәтижесі ме, бiзде де орыс, грузин, кәрiс, неміс халықтары уәкiлдерiнiң бiр сыпырасы мұсылман болды.
Қарағанды облыстық орталық мешітте де соңғы уақытта, тілін кәлимаға келтіріп мұсылман болғандардың саны едәуір ұлғайды. Естеріңізге сала кетсек, славян қызы одан кейін, Айша (Настя) қызымыз қазақ жігітімен неке құрып, қазақтың ақ босағасынан аттаған еді. Ал бүгін, жерлесіміз Салыкова Фаина апайымыз қос бүлдіршінің ертіп, мешітке келді. Өзі және балалары Салыкова Инара мен Илья Ильин Исламды қабылдап, ақиқатты таңдады. Осы бауырларымыздай, һақ жолын таңдаған қаншама қандастарымыз бар, бәрін тізудің қажеті жоқ шығар. Менің көкейімдегі сұрақ, нелiктен дүние жүзi халықтарының ислам дiнiн жаппай қабылдап жатқандығы. Адамдардың өзге дiндер мен наным-сенiмдердi тастап, мұсылмандықты қабылдауы әр жеке тұлға үшiн өмiрлiк маңызы бар уақиға, радикалды өзгерiс. Сондықтан һақ дiнiмiздi қабылдаудағы басты себептерге талдау жасауды жөн көрдiк.
Исламды қабылдау себептерi жөнiнде сұрау жүргiзiлгенде, азаматтардың берген жауаптарынан мынандай нәтижелердi шығаруға болады:
1. Исламда бiр-ақ Жаратушы және бiр-ақ табынылушы Аллаһ ұғымы бар. Адамның ақылы бiр Құдайға сенудi қалайды. Бiрден көп тәңiрлерге сенудi адамның ақылы қабылдай алмайды.
2. Ислам дiнi адамдарға тек руханият жағынан ғана емес, дүнияуият жағынан да мәлiметтер бередi, мына дүниедегi өмiрдiң iзгi жолын түсiндiредi.
3. Кейбiр дiндерде адам баласы тумысынан күнәһәр болып туады да, мына дүниеге тек азап шегуге ғана келедi. Ал, ислам болса, әр сәбидiң күнәдан ада, тап-таза перiштедей болатынын және әр адамның дүниеде iстеген амалдарына жауапты екенiн айтады. Жақсылық iстегендерге әжiр-сыйлық, жамандық iстегендерге тиесілі жауапкершiлiк беріледі.
4. Ислам дiнiнде ғибадат, дұға және тәубе сұрау кезiнде пенде мен Жаратушысы арасында ешбiр дәнекершi, делдал болмайды. Әр адам Жаратушысына мұң-мұқтажын өзi айта алады. Қайта, Аллаһ Тағала уә құлдарының арасына делдал қосу дұрыс саналмайды.
5. Исламда ақсүйектiк, рұһбандық (жрецво, духовенство) деген түсiнiктер жоқ. Аллаһ Тағала барлық пенделерiн тең жаратқан. Үстемдiк имандылықта, ахлақи байлықта, тақуалықта, iзгi амалдардың көптiгiнде. Дүнияуи байлықтар мен атақтарға, шыққан тегi мен жерiне байланысты ешкiм артық саналмайды. Барлық мұсылмандар ағайын.
6. Ислам нанымы бойынша барлық пайғамбарлар бiр ғана дiндi, Аллаһ Тағалаға иман етудi бұйыратын «тәухид» жолын уағыздаған. Пайғамбарлардың арасын бөлуге, бiрiн-бiрiнен үстем етуге болмайды. Пайғамбарлардың бәрi де фәни пенделер. Олар Аллаһтың құлы ғана, ұлы емес.
7. Исламның қағидаларының бәрiнде ақылы бар адамға түсiнiктi һәм логикалық үндестiгi сақталған. Исламда түсiнiксiз, зиянды, керiтартпа қағидалар мен бұйрықтар жоқ.
8. Ислам дiнi ғаламдық (универсалды) дiн. Ол, белгiлi бiр аймақ пен халыққа яки заманаға ғана жiберiлген дiн емес. Ислам дiнiн күллi ғаламдағы адамдар уә саналы махлұқтар (жаратылмыстар) түсiне алады және Исламның талаптары мен үгiттерiн барлық уақыттарда ұстануға болады. Өйткенi, мұсылманшылық өте қарапайым һәм оңай жол.
9. Кейбiр дiндер тек Құдайдан қорқуды ғана бұйырады. Ал, ислам дiнi болса, Аллаһ Тағаланы сүюдi және Оның рахметiнен үмiт үзбеудi бұйырады.
10. Ислам дiнiнде зорлық, зомбылық жоқ. Бақара сүресiнiң 256-аятында: «Дiнде зорлық жоқ!» делiнген. Сондықтан, ешкiмдi де исламды қабылда деп зорлауға, жәбiр көрсетуге болмайды. Алайда, кейбiр миссионерлер мен экстремист топтар адамдарды өз жолдарына зорлықпен немесе түрлi материалдық қызықтырушы айлалармен, алдап кiргiзуде.
11. Исламдағы ғибадаттардың iшiнде тағат жетпес, жиiркенiштi құлшылықтар жоқ. Бәрi де адамды тәртiпке келтiрушi, денсаулыққа һәм ақыл-ұжданға пайдалы ғибадаттар. Исламдағы ғибадаттар адамдар үшiн яки көрсету үшiн жасалмайды. Олар тек Аллаһ Тағаланың ризалығына ие болу мақсатымен жасалады.
12. Исламият тазалықты иманның белгiсi ретiнде қабылдаған дiн. Тазалық – ғибадаттың басты шарты. Бұл дене тазалығы және рух тазалығы. Күнделiктi тұрмыстың өзiнде тазалықтың сақталуы маңызды мiндет болып табылады.
13. Ислам кедейдi қорламайтын, байды айыптамайтын дiн. Байларға жомарт һәм рахымды болуды, ал кедейлерге сабырлы һәм еңбекқор болуды, адал ризық тауып, баюды үгiттейтiн дiн.
14. Ислам дiнi әлеуметтiк әдiлеттiлiктi көздейтiн дiн. Зекет, фiтiр садақалары мен Құрбан айт кезiнде құрбандық шалу сияқты ғибадаттар арқылы ылғи да жарлы-мiскiндерге, мұқтаждарға көмектесудi бұйырады.
15. Ислам дiнi мас қылатын iшiмдiктер мен улы шегiмдiктердi, құмар ойындары мен ұятсыздықты харам еткен бiрегей дiн. Бұл, дiніміздің ақылды, жанды, мүлiктi, иманды һәм жанұяны қорғау мақсатының айқын көрiнiсi.
16. Өлiмнен кейiнгi өмiр туралы ең қанағаттанарлық мәлiметтi мұсылмандық ғана бередi. Кейбiр дiндерде ахирет деген ұғымның өзi жоқ.
17. Исламият адами көмектесу, араласу жағынан адамдардың дiнi мен нәсiлiне қарап шек қоймайтын бiрегей дiн. Жәрдемге мұқтаж адамдардың барлығына да қол ұшын беру мұсылмандардың мiндетi.
18. Исламда белгiлi бiр топтың меншiгiндегi «дiни сырлар», «дiни иерархия» деген ұғымдар атымен жоқ. Аллаһ Тағаланың дiнi барлық адамзатқа ашық. Құран Кәрімдi кез келген адам оқып, түсiне алады. Ислам белгілі бір топтың яки тариқаттың діннің атын жамылып, адамдардың санасын өз мүддесі үшін монополияға алуына қарсы дін.
19. Құран Кәрім Пайғамбарымызға жiберiлген халде сақталған. Түпнұсқасы сақталған бiрегей кiтап – Құран-дүр. Бұл исламның хақтығын және Құран Кәрімнiң мұғжизасын паш етедi. Сонымен қатар, исламнан кейiн басқа дiннiң жiберiлмейтiнiн дәлелдейдi.
20. Исламда құлшылық кез келген таза жерде жасалады. Ол үшiн мiндеттi түрде белгiлi бiр орынға бару шарт емес. Ислам құлшылықты белгiлi бiр орынмен шектемеген, күллi жер шарын ғибадатхана (сәждехана, мешiт) еткен бiрегей дiн.
21. Ислам дiнi әйелдердiң құқықтарын орнатып, оларды ғибадат, мұғамалат, әлеуметтiк мәртебе, экономикалық iс-әрекеттер жағынан еркектермен тең дәрежеге қойған дiн. Исламда «Адамды адастырған Хауа» деген ұғым жоқ. Құран Кәрімдегi 2/36 және 7/20-24 аяттары бойынша Адам мен Хауа бiрдей қате iстеген және Аллаһ Тағала олардың екеуiн бiрдей ғафу еткен. Сондықтан, мұсылмандар әйелдерге еркектердi тура жолдан адастырушы шайтан ретiнде қарамайды. Ал, өзге дiндерде Адамның қателiгiнiң басты себепкерi ретiнде тек әйел көрсетiледi. Бұл әйелдердiң Еуропада ғасырлар бойы азапталуына, әшкере өртелуiне апарып соқтырған. Францияда 1938 жылға дейiн әйелдер күйеуiнiң рұқсатынсыз келiсiмшартқа қол қоя алмаушы едi. Ең дамыған мемлекеттерден Швейцарияда әйелдерге дауыс беру құқығы осыдан ширек ғасыр бұрын ғана берiлгендiгiн ескерелiк. Батыстың әйелдерге ХХ-ғасырда берген құқықтарын ислам дiнi осыдан 1400 жыл бұрын берген.
Қорыта айтқанда, адамзаттың мәдениет, өркениет және ғылым деңгейi артқан сайын исламды қабылдаушылар уә iздеушiлердiң саны көбеймек. Өйткенi, ақылдың, ұжданның, сананың жолы бiр. Басқа жұрттар хақиқатты соншалықты iждиһаттылықпен iздегенде, мұсылман елiнде, мұсылман жанұяда дүниеге келген бiздердiң одан да жiгерлi iзденiске түсуiмiз керек емес пе? Дiнiмiздi құлақтан емес, басты бұлақтан үйренетiн кез келген шығар.
Бөлісу:

6 пікір

satibaldi
Өтірік. Шылқыған өтірік.
totiya
несімен өтірік екен? нақтырақ
mercedes
Мен штангист Илья Ильин ба деп қалсам басында
Соңғы түзету:
Aldeken
Аптыр, не ғо, талдауды, өзіңіз жүргіздіңіз бе?
тошно өзіңіз жүргіздіңіз бе?
жоғарыда келтірілген қорытындыларды өзіңіз шығардыңыз ба?