Тетрис электронды ойыны

Тетрис
Тарихи анықтама. Тетрис Совет Социалистік Республикалар Одағының туындысы, ойлап тапқан Алексей Пажитнов, 1984 жылы 6 шілде күні халыққа таныстырыпты. Ойын атауы екі сөзден құралған «тетрамино»* және «тенис».
Әрі қарай

Ой, махаббат, сен әлі тірісің бе?!

Босқа бергенше досқа бер. Жаңа заманға арналған мақал түрі. «Секс по дружбе» дегеннің баламасы екен. Біраз болыпты шыққанына. Артта қалып қойыппын. Артта қалу демекші, басқа жағынан да кеш келеді екенмін.
Алдымен, практикалық махаббат жайлы. Қазір осы сезім басым. Басым емес, бірыңғай осы болып барады. Олай дейтінім, бұрындары жігіт деген қыз соңынан жүгіріп, сөз айтатын еді. Сүйем, күйем, сен үшін жан берем деп сендігеннен кейін ғана алғашқы сүйісулер болатын (басқасы да болған шығар, кім білсін). Әйтеуір, бірінші теория кететін. Ал қазір, алдымен жатып алады. Содан соң жаным, балым, тәнім дейді. Екен. Өзім көрмеппін олай рас айтсам. Противогаз кисе ғана әдемі көрінетін түрмен практикаға бірден көшу қиындау.
Бұл әңгімені не үшін бастағаныма сәл ғана лирикалық шегініс. Ең жақын көретін бір қыз бар еді. Турасына келсек, Админнің сауалнамасындағыдай «Дос көрем» деген шүйкебас. Басқамен бірге болса да, сыртынан «жанкүйер» боп жүргем. Бүгін аяғы ауыр екенін естідім. Үйленбеген. 2 жыл жүрген жігіті 1 түннен аса алмапты. Енді тағы бір жалғызбасты ана баласын өзі өсірмекші.
Тойына дейін жақындасқан қызды кінәлаймыз ба, әлде ұрығын шашқан бұқанын қаралаймыз ба? (Құнажын көзге сүзбесе, бұқа бас жібін үзбейді деген мақал орала кетеді ғой осы кезде)
Әрі қарай

Cоғысты өткерген әйел мен еркек. 71 жыл Ұлы Отан соғысы басталғанына

Негізгі кейіпкерлер өмірден алынған, әңгіменің көп бөлігі ойдан шығарылған. Тарихи факт емес, әңгіме ретінде қабылдаңыздар.

Тағдырына соғысты өткеруді жазған Бөлеубай ата және Женя апа, сіздердің аруақтарыңыздың Құрметіне!
Уақыт тоқтаған емес, секундарын минутқа, сағаттарын тәулікке, жылдарын-жылға қосқанда отыз жыл өтіпті. Жаз шыға үй іші мені ылғида жоғалтып жүретін.
-Біздің кішкетай ұлды көрдіңдер ме?
-Көрген жоқпыз.
Дәл сол мезетте көрші Бөлеубай ата мен Женя апаның үйінің ас ішетін бөлмесінде отыратынмын. Жеген-ішкенім есімде жоқ, бірақ қолымда ұстаған үлкен күміс ас қалақ еміс-еміс көз алдыма елестейді. Үзік-үзік болып есте қалған тәтті естеліктердің бірі.
Әрі қарай

Кезекті ой бөлісу..

Өмір қызық қой, бір күні өзіңді ең бақытты адам секілді сезінесің, бір күні сен үшін бәрі біткендей, дүние құрығандай күй кешесің. Бірақ мен әлі жас болғандықтан, соншалықты қиындық көріп, қиын жағдай болған емес. Бірақ күндер өте келе, қоғаммен араласа келе түрлі жағдайларды да, түрлі сезімдерді де бастан кешесің.
Әрі қарай

Нақыл.кз - мотиваторлар сайты


naqyl.kz

Жақында Қазнетке тағы бір сайт қосылды. Нақыл.кз — мотиваторлар сайты. Мотиватор жасағысы келетін, бірақ техбілімі жоқтар үшін өте жақсы қызмет. Керек суретіңді жүктеп, мәтінін жазсаң сайт өзі жасап береді.

Кеше мен де алғашқысын жасап көрдім. КерекИнфода да жақсы мотиватор жасайтындар (1,2) бар. Солар осы сайттың дамуына үлес қосса жақсы болады. Өйткені қазір Нақыл сайтындағы мотиваторлардың біразы мотиватор сипатына сай емес. Контенттің қазірден бастап сапалы болуына біз де ат салысайық.
Әрі қарай

Н Е Г Е? Неге жауап ала алмадым ?

Бұны да өшіріп тастамайтын шығар, халықтың ойын білгім кледі, мүмкін менікі 100 пайыз қате ма?

Мен кеше көңілім түсіңкіреп бір өтініш жасап едім, оны да жауапсыз қалдырып өшіріп тастады.


Неге? Енді соны осылай сұрағым келіп отыр.

Kerekinfo

деген сөзде " і " әріпі христиандардың " † " крестик белгісіне түкте ұқсамайды го, оны қалай шатастырып алып жүрсіңдер? жоқ әлде мұндада астыртын массондардың үгіт — насихаттары жүріп жатыр ма? одан да мынаны қоймадыңдар ма? " ♀ ". ((((
Соны ауыстыра салыңдаршы ішіміздегі ең қазақшасы тәуір еркін ой бөлісе алатын сайтымыз осы еді гой!
Қалдық қой бәлеге өткенде ауылға бара жатқан соң, әкеме сыйлық ретінде бір жайнамаз сатып алғам, құрысын, мешіттің суреті бейнеленгені болмаса жақсылап қарасаң барлық жеріне кішкентай қылып " † " крестиктерді толтырып тастаған «шок» болдым…

мына бейне роликтеге секілді

әрине мұндағының бәрімен келісе алмаймын бірақ көбі тура келеді Мыс: Астанадағы ЖД, ТЖ вокзалындағы белгінің, «Бәйтеректің» төбесінен қарағандағы белгісі 6 бұрыш, сенбей спутник картамен жақындатып қарасам дәл ӨЗі.

Әрине қызбалыққа салынсам ренжімңдер!
Алдын -ала кешірім өтінемін.
Әрі қарай

Beetle

Таң алдындағы өлара. Әлі қараңғы. Есік ашылады. Саңылаудан түскен жарықтан айналаны ақ қар көмкергенін көреміз. Қалың табанды етік омбы қарға малтығып кете барды. Әудем жерден соң етіктің иесі қараңғыдан сұлбасы танылмай тұрған автомобильге отырып жүріп кетті. Міне ол машинадан түсіп, қаңтарулы тұрған қар тазартатын көлік оталдырды. Кадр сыртындағы дауыс: «Қар тазалаушы өзінің жұмыс машинасына қалай жетеді?». Тазалағыш көлік қозғалғанда, тасада тұрған манағы автомобильді анық көреміз. Дауыс: «Әрине тек «Beetle».
Әрі қарай