Кезекті ой бөлісу..

Өмір қызық қой, бір күні өзіңді ең бақытты адам секілді сезінесің, бір күні сен үшін бәрі біткендей, дүние құрығандай күй кешесің. Бірақ мен әлі жас болғандықтан, соншалықты қиындық көріп, қиын жағдай болған емес. Бірақ күндер өте келе, қоғаммен араласа келе түрлі жағдайларды да, түрлі сезімдерді де бастан кешесің. Керекинфо менің екінші бір ауылым сияқты. Адамдарды көрмесем де жылы сезінем. Мұнда бәрі ұнайды, енді тағы да сұрақ қойғым келіп отыр. Сіздерде сондай жағдай болды ма, бір нәрсеге жүрегіңіз ауырардай ренжіген, көңілің қалған сәттер, немесе айналаңдағы жақсы деп жүрген адамдардың кез-келген сәтте сатып кететіндей іс танытқанда ренжіген кездер… немесе өз қателігіңмен бір нәрсені жөнді жасамай өкінген кездер… егер осыған ұқсас жағдайлар болса не істейсіздер? қандай шешім қабылдайсыздар? мен негативке салынып отыр деп ойлап қалмаңыздар. Тек сондай күйді бірінші рет сезініп отырмынн. Және айта кететін жайт, оның махаббатқа еш қатысы жоқ. Ойларыңызды бөліссеңіздер өте риза болар едім.
Бөлісу:

6 пікір

Abilakim
Кезексіз ой бөліскеніме кешірім өтінемін...Өмір біз ойлағандай болса қызық болмас еді. Бізге қызық болса да сенің сүрінгеніңнен ләззат алатын жандарға қызық болмас еді
a63a1
Алғашқы деген жақсығой, бәрінің алғашқысы тәтті
asaubota
негативті де позитив қылып қолдануға болады. соны ойлап көр.
Tyulpan
өмірде бәрі болады екен…

сүріну қайта тұрып кету үшін қажет. сүріну қатты екпінмен алға ұмтылу үшін қажет. анализ жасайсың: не дұрыс, не бұрыс. ойланып, жол табасың… көп нәрсе өзімізге байланысты болса да, сол көп нәрсе біз ойлағандай да бола бермейді…
адамдар әр түрлі: біреуге жақсы қарайтын адам саған жаман қарауы мүмкін. не керісінше…

өмірге философиялық тұрғыдан қарасаң өзіңе жеңіл болады...