Ақ сәлделі қожадан, ақ жаулықты әйел артық
Келіншегі іссапарға кетіп қалған. Жұбайына кешке соғып:
— Жаным, ертең Майраны бақшаға сегізге бес қалғанда апарып болу керек. Сондықтан оны жетіден он бес, жиырма кеткенде оята бастау керек. Жуындырып болған соң үстіне қызыл не көгілдір көйлегін кигіз, тартпасында тұр, ішінен майкасын кигіз жұқалау. Бұтына сары колготкиін кигіз шкафтың оң жағындағы бірінші суырмада, аяғына жүн шұлығын кигізуге ұмытпа, ол екінші суырмада. Көйлегінің үстіне ауа-райына байланысты жемпір кигіз, жемпірлері ілгіште. Шашын өріп көр, өргізбесе, жинай сал. Бантиктері менің бояуларым тұрған комодтағы екінші суырмада. Өзіңмен бірге жұқалау, омырауында микки маустың суреті бар көйлегін ал, ол диванның үстінде тұр жұқа нәскиімен бірге. Ортада төмен жақта пакеттегі екінші аяқ киімін ұмытпа.Үстіне салқын болса, ақ тонын кигіз, басына малақайын кигіз, онша салқын болмаса, қызыл күртешесін кигіз, басына тоқылған бас киімі мен бөкебайын кигізерсің, сырт шалбарын кигіз. Оның бәрі ортадағы шкафта. Бас киімдері мен бөкебайы жоғарыда. Қолғабын кигізуге ұмытпа. Оны тез киіндір, терлеп кетеді әйтпесе, сосын өзің киінгенше сыртқа шығара тұр. Тобы ұзін дәлізбен келе жатқанда екінші бұрылыста. Бәрін айтқан сияқтымын. А, бақшаға апарғасын киімін ауыстыруға ұмытпа. Жарай ма? Қазір бәрін дайындап қой.
Жұбайының жауабы:
— Ертең бақшаға апармаймын.
6 пікір