Beetle
Таң алдындағы өлара. Әлі қараңғы. Есік ашылады. Саңылаудан түскен жарықтан айналаны ақ қар көмкергенін көреміз. Қалың табанды етік омбы қарға малтығып кете барды. Әудем жерден соң етіктің иесі қараңғыдан сұлбасы танылмай тұрған автомобильге отырып жүріп кетті. Міне ол машинадан түсіп, қаңтарулы тұрған қар тазартатын көлік оталдырды. Кадр сыртындағы дауыс: «Қар тазалаушы өзінің жұмыс машинасына қалай жетеді?». Тазалағыш көлік қозғалғанда, тасада тұрған манағы автомобильді анық көреміз. Дауыс: «Әрине тек «Beetle».
Бұл өткен ғасырдың ортасында АҚШ-та түсірілген Volkswagen Beetle жарнамаларының бірі. Креатив деген төгіліп тұр. Оқып отырып-ақ видеосын көргендей әсер алуға болады. Осы және өзге де шедеврлерді «Қоңыз: Фольксвагеннің Америкадағы шытырманы» деп аталатын кітаптан кездестірдім. Авторы Дэвид Кайли.
Жарнаманың нағыз құдыретін осы кітапта көреміз. Фольксвагеннің америкаға лайықталған концепциясын жасаған жарнама агенттіктерінің шеберлігіне, авторлардың шексіз қиялына таңырқамасқа болмайды. Әрине бұл марканың автомобильдері әдетте жайлы, салыстырмалы түрде арзан әрі сапалы. Компанияның тасы өрге домалауының басты себебі де осы. Дегенмен, олардың АҚШ-тағы тарихын оқып шықсаңыз талай ауыр кезеңдерді де бастан кешкеніне куә боласыз.
Бірақ барлық қиындықты жеңіп, бизнес биігін бағындыруға басқарушылардың дер кезінде жасалған таңдауы мен жарнамашылардың аса сәтті идеяларының да ықпалы аз болмағаны анық.
Кітап бизнесмендерге, басқарушыларға, жарнамашыларға, БАҚ қызметкерлеріне қызық әрі пайдалы болады деп ойлаймын. Қысқасы, оқып шығыңыз. Өкінбесіңізге мен кепіл.

осы жарнама ма?