Ерте-ерте ертеде...

Ерте -ерте, ертеде елді Нұрсұлтан билеп тұрған заманда, Ерасыл деген бала болыпты. Тіфу не жазып кеттім… елді әлі со кісі билеп отыр екен ғой.Ертесі нес?!

Ерте-ерте, ертеде, Ирби құйрығы келтеде… Тағы не деп кеттім.Ирбиі нес,құйрығының келтесі нес?! Общым, менен ертегіші шықпайды екен…
Әрі қарай

О дүниеге саяхат


Түсімде өліп қалыппын демекші… Ондай түстерді мен де жиі көрем. Бірақ өткендегі түсім тіптен қызық болды. Өлмеппін, бірақ о дүниеге экскурсиялық сапар шегіппін. Яғни, кейін қарай, бұл дүниеге қайтып келетініме сенімді боп жүрдім. О дүниенің кереметін суреттемей-ақ қояйын, бір сөзбен айтқанда, болашақты сипаттайтын фантастикалық фильмдердің көрінісін көрдім десем болатын шығар. «Дәу де болса, жұмақ-ау» деп ойладым. Қызығы ол емес, о дүниеде жүрген бір кісінің маған айтқан сөзі. «Шын өмір өлгеннен кейін басталады деген құр сөз», — деді ол: «Нағыз қайнаған өмір — сен келген жақта. Себебі жалғанның қысқа екенін біле тұра, сен алдыңа мақсат қоясың, оған жету үшін жанталасасың. Биікке көтерілем десең, жетістікке жетем десең, әрекетіңді тірі жүргенде жасап қал. Ал біз мұнда еш мақсатсыз жүрміз. Бізге ештеңе де керек емес...»
"Бұл дүние таусылса,
Шын дүние күтеді...
"
деген «Жігіттер» квартетінің пәлсапасын жайына қалдырып, пойызға отырып (кәдімгі қарапайым пойыз), өз дүниеме қайтып келдім)))
Әрі қарай

"Ғажапсың, дүние, ғажапсың! Әттең, бірақ, аз-ақсың!"

-Бұл кім?
-Баяғы сортақ шал ғой…
-Сортағыңыз не? Қойыңыз…
-Жәәй, көз тимесін деп айтқаным ғой, ал былайша әлі де сері шалмын…

«Жүрейік жүрек ауыртпай...» драмасынан

Спектакльден кейінгі әсерімді жазбас бұрын, көп ойландым. Әр түрлі сезім мен сан түрлі ойлар… Бәрі де маңызды, бәрін де қамтығым келеді. Алайда жүректегіні түгелімен айтып-жеткізу ешкімнің де қолынан келе қоймаған шығар…
Әрі қарай

Іздеп сені ( ПОЭЗИЯ )

Іздеп сені таңдардан кештерден де
Сол баяғы оралдым өскен жерге
Біз жолыққан сол жерлер тұр ғой әлі
Біз аңсаған сен жоқсың көктемдерде

Өзіңді аңсап жалыңдым жаратқанға
Сені іздедім ақ шуақ таң атқанда
Мен өзіңді іздедім дала көктен
Күттім сені түн шашын таратқанда

Күттім сені соққанда жүрек ұра
Күттім сені жылай да күле тұра
Күттім сені көңілім сан құбылып
Күттім сені келмесің біле тұра

Тәңірімнен мен сені сұрағанмын
Бітпейді сұрауы да бұл адамның
Алғашқы рет мен сені көрген кезде
Қыла гөр деп бақытым жылағанмын
Тәңірімнен осылай сұрағанмын

Барған сәтте қасыңа шабыттандым
Сезіндім мен арайын жарық таңның
Тұрғандайын еркелеп маған шашың
Көрген кезде сені алғаш соны ұққанмын

Сен маған сезіміңді сыйлаған күн
Мына жарық әлемге сыймағанмын
Аялауым өзіңді соншалықты
Қолыңнан да ұстауға қимағанмын

Қарадым жанарыңа жырымменен
Көздеріңнен айналдым күлімдеген
Өмірімнің маңызды бөлігісің
Басқаларға ешқашан білінбеген

Ойлай берсем басылмас сағынышым
Сен мендегі азаптың қарымысың
Сен менің жолдарымның жарығысың
Мен бәріне барамын жарық үшін

Өзгелерден әлемім бөлек менің
Неге екенін білмеймін себептерін
Сүйем сені сүйемін сондықтанда
Тек саған асығуым керек менің
Әрі қарай

Қыздар неге сондай?

Осы жерде жиналып отырған бәріміз мектеп қабырғасын көрген болармыз))Сол мектептік жылдарда көптеген қызықты оқиғалар болып жататыны бар. Кейін кластастар кездескенде еске алып отыруға жақсы соның бәрі. Қыз-ұлымыз жиналатын осындай кездерде қыздар неге өткенді еске алмайды?
Мектепте жүргендегі тәртіпсіздіктер мен шамалы бұзақылықты неге ұстаздарға жеткізуге құмар?
Сабақ үстінде жел шығарып алып «Кім осырды ?» деп не үшін өтірік сұрайды?
Қыздар неге сондайсыңдар?
Әрі қарай

Іздеп келген “бала арман"...


Менің 5-6 жасымда, әкемнің қызмет бабына орай Көкпекті ауданына қарасты Ивановка ауылына көшіп барып, 2 жылдай тұрдық. Атам сол ауылдағы Апырым ата дейтін үлкен кісілердің үйімен араласатын. Қарияларға күнара апайым Салтанат екеуіміз шәйларына қататын сүт таситынбыз. Әрине, апа бос қайтармай, қалтамызға кәмпит салып беретін. Қонақ бөлмелерінде немересінің ойыншықтары жиналып тұрушы еді. Осы «Матрешка» қуыршақтарын тұңғыш рет мен сол үйден көрдім. Бала болғаннан кейін, қызықпай тұрмайсың, бір-бірінен аумайтын сүйкімді қуыршақтарға қатты қызықтым. Неге екенін қайдам, біздің ауылда сатылмады ма, әлде сатып әпермеді ме… әйтеуір, сансыз қуыршақтарым болса да, осы дәл матрешкалар бала кезімде қолыма тимей-ақ қойғаны… Уақыт өте ержеткен соң ойымнан мүлдем ұмытылып кеткен еді.
Әрі қарай

АБАЙла! Дабай.кз келеді! :)



Қазнеттегі Шалымыз Ляхов ағайдың бүгін пісірген блинчиктерін қарап отырып, біздің сайт туралы жазғанын оқып, күлкім келіп кетті:

Блог-платформа Dabai.kz
dabai.kz

Портал Abai.kz по праву считается одним из знаковых в казахском интернет-пространстве, а в 2009 году был отмечен как лучший сайт на государственном языке в конкурсе «Национальная интернет-премия AWARD.kz». Хорошо зная о способностях Аршата Оразова, основателя и администратора Dabai.kz, и наблюдая за его активностью в интернете, думаю, что уже весьма скоро в головах начнётся реальная путаница, о ком из лидеров казахскоязычного Казнета — Abai.kz или Dabai.kz — идёт речь…


http://lyakhov.kz/pancakes/11/110114.shtml

Ал, тырысып көрейік! Ақыры шықтық қой осы жолға, жолымыз ұзақ әлі.
Әрі қарай

ЖУРНАЛИСТИКАНЫҢ БЕЙМӘЛІМ БЕТТЕРІ...

Мүмкін журналистиканың қайнаған ортасында жүрмегендіктен шығар, осы кезге дейін қанша журналист жазбасын оқысам да, түнгі журналист деген ұғыммен немесе тіркеспен қарсыласып көрмеппін. Түркияның ақпарат айдынына шыққанына қырық жыл өткен «Түркия» аталатын газеттегі бір мақаланы оқыған соң ғана онсыз да жүгі жеңіл емес мамандықтың түнгі тілшілік деп аталатын тәуекелі көп һәм де ауыр саласы бар екенін көзім жетті. Аталған қиын саланың жүгін көтеріп жүрген тілшілеріміздің көпшілігіміз біле бермейтін ішкі сырын, хал-ахуалын байқату үшін Құртбай Онур атты түрік журналисінің жазбасын сіздерге ұсынуға бел байладым.
Әрі қарай