Орынгүл

"Қауырсын қалам" үйірмесіне жазылған көкшөптердің, жоғә, шөпжелкелердің асханадан ішкен тамағына төлеген сегіз жүз теңгесінің орынын толтырмақ ниетпен аялдамада адам аңдып отырған. Такси қызметі ғой сол…
Артқы есігі сарт етіп ашылып, тарс етіп жабылды да, шашы жалбыраған бір қыздың елесі пайда бола кетті. Тәтті әтірге араласқан темекінің ашқылтым иісі машинаның ішін баурап алды.
-Привокзальный бес жүз! — деп қысқа қайырды елес қыз.
-Жап жас жүрегіңді түтінмен қарайтпасаңызшы, қарындасым,- деп жымиып, айнадан артқа көз тастаған, тілі байланып, дем жетпей қалды. Қорқыныш, таңданыс, қуаныш араласқан түсініксіз сезім ішін мұздай қарып, төбесінен ып-ыстық тер бұрқ ете түсті. Төбесінен тер бұрқ ете түскенін әп сәтте қайдан байқай қойдыңыз десеңіз, Итбайдың басы таз екенін тағы да қайталап айтып өтейін.
-Орынгүл? — деді таңдана.
Тарсыдатып шайнап отырған сағызына дамыл беріп, Орынгүл бұған да назар аударды. Кірпігі бір қарыс көзін аз-кем сығырайтып ойланып алды да:
-Ааа… Мұқағали? — деді езуін оң жаққа қарай қисайта тартып кекесінмен.
-Қарғам-ау, жаным-ау, сені көп іздедім ғой, — деді Итбай айнадай артқа елжірей қарап. Көзіне мөлдір мұң атты өрмекші тор құрып та үлгеріпті…
-Таба алмай аласұрдым,- деді сосын жүрегіне оқ тиген жаралы солдаттай қинала ауырсынып ішінде умаждалған бір-екі мың теңгесі ғана бар былғары әмияны салынған төс қалтасының тұсын сипалап.
Авторы әйелзаты екенімді пайдалана отырып, Орынгүл жайлы аз-кем өсегімді қыстыра кетейін. Бүгінде шаштараз болып, сән салондарының бірінде қызмет етіп жүрген Орынгүлдің жағдайы, табысы да жаман емес еді. Шаш күзеп ақшаны күреп тауып жүр десек қателесерміз. Қырық айласының әзріге жиырма бірін ғана іске қосып, бір-екі майлы шалдың маңдайынан сүйіп, доллар санап жүрген жайы бар. Өсек айтқаным емес енді…
-Ағаңмын сол қалқам, — деді Итбай тағы елжіреп.
Бір екі өлең оқып беруuе бекініп еді, алайда бір кездердегі сезімтал Орынгүлінің өзгергенін байқады да тіліп тістей қойды.
-Жағдайыңыз қалай?- деді сағызын тоңқ еткізіп үріп-жарып.
-Институттан қосымша сағат алып, үйірме ашып, ақындар дайындап жүрмін. Ағаң сол баяғы бұлақтың көзін ашумен айналысады.
-Ну, че там, бұлақтарыңыз көп пе екен?- деді Орынгүл қып-қызыл помада жағылған еріндерін шүртитіп, тағы да мысқылдады.
Итбай қалай сөйлеп,қалай ғана Орынгүлін қайтадан баурап, бауырына басатынын ойлап абыржып, амал таппай қынжыла бастады.
-Жұмыс таптың ба? Ақшаң жетіп жүр ме? Көмек керек болса ұялма сұра,- деп сынай қарады.
Көмек деген сөзді естіген Орынгүл күрт өзгеріп:
-Көмек болса артық етпес еді… деді жұмсақ жымиып, жүзіне жылу жүгіртіп. Итбай ақ жүрегі жарыла:
-Көмек керек болса… Қазір қалқам… Ана бір тамада жігіт өткенде қарызға үш мың теңгемді алған. Қазір звондап, сұрап, сол ақшамды алып саған бере қояйын,- деді де телефонын алып, әлдекімнің нөмерін тере бастады.
-Үш мың теңге? Аахахахахх… — деп шалқалай күлген Орынгүл құлағына дейін жайылған екі езуін орынына қайтарып алды да сағызын шырт етіп түкіре салды. Сыртқа да, еденге де емес, домбыраның киелі үні үріп жатқан машина магнитафонына барып жабысты да қалды сағызы.
Есіктің тұтқасын өршелене қайырды да, биік өкшелі туфлиін асфальтқа нығыздап қадап түрды да:
-Үш мың теңгеңізге пирожки пісіріңіз,-деді. Пирожкиді не мағынада айтқанын өзі де, мен де түсініп, талдап жатуға ерініп отырған жайымыз бар.
-Қалқам, тоқташы,- деп машинадан шыға бергені сол еді, жолаушы жақ қапталында тұрған қыздың дәл жанына лезде жетіп келгенін байқап та үлгермеді. Ортан терек саусағын шошайтып шығарды да, Итбайдың мұрынына тақады. Тырнағы мұнша ұзын болар ма еді. Қанға малынған найзадай қып-қызыл үшкір тырнақ жарқ етіп жүрегін осып өтті.
Арман үміті, сезімі, сағынышы әп сәтте күл болып машинасына сылқ етіп отыра кетті.
«Тырнағы мұнша ұзын болар ма еді?....»
Әрі қарай

Д.А.-ға

Сəлем қымбаттым. Сізді де желі жалықтырып, «достарыңыз» түңілдіре бастады ма? Иə, лайктың қадірі қашып, лентаңыздан қызық кетіп, комменттің де мағынасы қалмаған сияқты. Бастапқыда көзге шалынған ақымақтарды анфоллоу жасап жол таптым. Өзімше ақыл айтып сақтандырмақ та болдым. Бірақ «желіалаңдық вирусы» біраз аккаунтты шалыпты. Бұл вирус лайкпен, шейрмен тарайды екен. Тіпті вирусты бір емес бірнеше рет жұқтыруға болады. Жұққан сайын науқастың жағдайы нашарлап ем-домға келмейді деседі. Реал өмірді ұмытып есі тек желіге алаңдаулы. Өмірінің бар мұраты, функциясы тек желіге өтеді. Тек желі аясында жүзеге асады. Қазақы дəстүрлер, діни ритуалдар, мемлекеттік бағдарламалар, достық ишаралар, жұбайлық міндеттер де желіде жүзеге асырыла беретін болыпты. Өкініштісі біраз жақындарым да эпидемия құрбаны болған сияқты. Əлде тек симптомдары ма. Білмеймін қай кезде қалжың, қай кезде шын екенін. Смайлдар фактчекингі тренингіне бару керек еді… Кейде эпидемияның ошағынан сілтемелермен бөлісіп отырады. Содан соң лайк басуға қорқасың. Баспасаң бəлелер аңдып отырады. Оффлайнда да өмір бар дегендей. Кейде бар ғой, сізден де сезіктеніп қалам
Жартаста жалғыз отыру қызықсыз, бейадекваттармен қауіпті. Қайтпек керек?
Құрметпен Б.
Әрі қарай

Қазақ блогының мақтанышы

Бұл Өркен Кенжебек! Хабар арнасының журналисті. Журналист қана емес Көк жәшіктің отымен кіріп күлімен шыққан, өз саласының МЕН деген мықтыларының бірі, һәм бірегейі.
Медиалектор әрі Блогер! Қазақ блогерлерінің ішіндегі көшбасшысы деуге болады. Қазақ блогын өргесүйреп жүрген жайы бар. Блогсыз Өркенді, Өркенсіз қазақ блогын елестету қиын. Екеуі егіз ұғым секілді.
Жиһанкез! Ер аралап жер көргенді жаны сүйеді. Әр саяхатынан алған әсерімен әлемжеліде бөлісіп тұрады. Бүгінгінің Шоқаны.
Кәсіби фотографтардан еш қалыспайтын әуесқой фотограф. Көргенін canonмен түсіріп, түйгенін Жақсы жобасында пісіріп жүреді.
Одан басқа қандай өнері бар дейсізбе?!
Көлік құмар. Бірақ көлік жүргізбек түгілі Жүргізуші куәлігіде жоқ. Көлік жайлы блогын оқысаңыз оны Автосалонның PR менеджеріме деп ойлап қаласыз?! Әр саладан хабары бар мықты маман. Қоғам талқысында жүретін мәселелерге тоқталып, өз ойын ашық айтып, екшелеп, тарихымен текшелеп Facebook атты жеңгесімен, Instagram атты сәнқой қарындасымен бөлісіп тұрады.
Егер қызықты әрі қажетті ақпаратты оқығыңыз келсе Өркен Кенжебекті әлеуметтік желіде оқи жүріңіз!
Әрі қарай

Сарайшық

Бұл да енді көрген жер. Сарайшыққа қарай жолға шыққанда тарихтың тереңіне сүңгіп, жылдардың, тіпті ғасырлардың иісі сіңген көне шаһардың құпиясын ақтарып тастайтындай сезімде болдым. Иек астындағы қырдан асып түскенде әлдебір құпия өз-өзінен маған ғана ашыла салатын сияқты… Бірақ бүгінде біз суреттен көріп жүрген Сарайшықтан да түк қалмапты. Смартфоныма ілінгені осы ғана.

Блог - Marco: Сарайшық

Алақандай ғана жердегі үйінді. Біреу әкеліп, «Мынау Сарайшықтың орны», демесе құлаған қораның қалдығы деп өтіп кетерім анық еді. Аянышты-ақ. Бірақ ештен кеш жақсы, Жайықтың жағасында жұмыс қызып жатыр екен.

Блог - Marco: Сарайшық

Әлгінде қоңылтақсып қалған көңіл орнына түскендей де болды. Оны сол мезетте түсірілген мына видеодан да байқалады.

Әрі қарай

Ет патшасы - НусрЕТ

Блог - asaubota: Ет патшасы - НусрЕТ

Нусрет Гөкче — интернет арқылы танымал болған феномендердің бірі. Түркиядан бөлек Абу Даби, Дубайдағы NusrET ет ресторандарының құрушысы.

Кедей отбасыдан шыққан Нусрет кішкентайынан қасапшылардың жанында жұмыс істеген. Аргентина және Латын Америкасының бірнеше елінде тәжірибе жинақтаған. Кейін өзі Түркияда алғашқы ресторанын ашқан.

Интернетте танымалдық оған етке өзіндік стильде тұз себу арқылы келген. Инстаграмында жұмыс барысындағы фото, видеоларын жариялап тұрады. Қазір оның 3.5 млн фоллоуері бар. Ресторанына бұрыннан танымал адамдар келеді екен. Интернет жұлдызына айналғалы келушілер саны бұрынғыдан да көп. Спорт, өнер, шоу-бизнес жұлдыздарымен түскен фотолары көп. Денсаулығына да жақсы қарайтын Нусрет фотоларына мафия стилінде түскенді де ұнатады екен. Ал етті турауы, кесуі, тұз себуі бөлек енді.








P.S футболшылар голдан кейін нусретше «тұз себе» бастапты ;)
Әрі қарай

Тобыр психологиясы 2: Тоқсан бірге тоқталайық

91-ге қалай қарайсың?

Бір ғана біркелкі пікірмен жауап беру қиын расымен де. Өз басым қақ жарылған қоғамның екі жағын да түсінем. Қанша жерден зайырлы ел боламыз десек те, белгілі бір субмәдениеттің консервативті менталитетке ықпал ету қаупіне мән берген жөн. Әсіресе ол субмәдениет туған тіліңде сөйлесе. Сөйлеп қана қоймай, құлақ құрышын қандырар ырғақты, сапалы әрі жанды дауыспен әндетсе. Бірақ біз бұдан қауіптенсек, демек мәдениетіміз бен менталитетіміздің осал болғаны ма?! Халық арасында жалпыға ортақ қарапайым мәдениеттің қалыптаспағаны ма?! Еліміздің әр азаматы өз мәдениетіне, өзіне, өз ұрпағы санасының беріктігіне жауап бере алмағаны ма?!
Әрі қарай

Рио. Дейін және кейін.

Сәлеметсіз бе! Мойындаңызшы, биылғы жаз керемет өтті ғой! Кереметтілігі футбол фанаттары үшін Еуропа чемпионатында, ал жалпы спорт сүйер елге жазғы олимпиада ойындарында болды. Небір пікірталас тудырып, әлеуметтік желілерді, күллі ғаламторды жайлады. Шынында да, бір сәт негативтен ажырадық. Осындай додалар өсіп келе жатқан буынға зор мотивация боларына сенемін! (Әрине, әділ түрде өтсе...) Себебі, қатарластарымның аузынан бірнеше рет «болашақта баламды спортқа берем» дегенді естіп қалдым.
Еліміздің жүлдегерлерін (сәл кешіксем де) құттықтап қояйын деп едім!
Рио олимпиадасы туралы көп қарап шықтым. Қызықты ақпараттар мен фактілер де жазылыпты. Ағылшын сайттарын ақтарып отырып, португалдықтардың арасына түсіп кеттім. Сөйтіп, бір қызық нәрсені көзім шалды. Көзім шалды да, бөлісіп қояйыншы дедім…
Олимпиада ойындары үшін Рио де Жанейрода бұрыннан бар 18 кешен қолданылыпты (жөндеуден өткен). Ал арнайы «Рио-2016»-ға деп жаңадан, үнемі пайдалану үшін – 9, уақытша – 8 объект салынған екен. Бұл дегенің қыруар қаржы ғой! Өзіңіз қарап көріңізші.
1) Алғашқы суреттерде Олимпиада саябағының нобайлары. Бұл аумақта автотұрақтар, қонақтарға арналған террасалар салынған.
Блог - mazhitova: Рио. Дейін және кейін.
Блог - mazhitova: Рио. Дейін және кейін.
2) Кариока ареналары: 1, 2, 3
I. Сыйымдылығы: 16 000
Қызмет түрі: баскетбол, паралимпиадалық ойындар (баскетбол, регби)
II. Сыйымдылығы: 10 000
Қызмет түрі: дзюдо, күрес
III. Сыйымдылығы: 10 000
Қызмет түрі: семсерлесу, таэквондо, паралимпиадалық дюздо
Осы саябақ пен ареналарды салу үшін $1 млрд. 678 мың жұмсалған.
Блог - mazhitova: Рио. Дейін және кейін.
Блог - mazhitova: Рио. Дейін және кейін.
3. Теннис орталығы
Жалпы сыйымдылығы: 19,750
Орталық корт: 10000
1-корт: 5000
2-корт: 3000
Қосалқы: 250
Қызмет түрлері: теннис, футбол, паралимпиадалық теннис
Құны: $164 800 000
Блог - mazhitova: Рио. Дейін және кейін.
Блог - mazhitova: Рио. Дейін және кейін.
4. Болашақ аренасы – Олипиада ойындары үшін қолданылатын уақытша спорт кешені.
Сыйымдылығы: 12 000
Қызмет түрі: гандбол және голбол
Құны: $121 100 000
Блог - mazhitova: Рио. Дейін және кейін.
Блог - mazhitova: Рио. Дейін және кейін.
5. «Деодоро» стадионы
Сыйымдылығы: 15 000
Қызмет түрі: регби-7 және қазіргі бессайыс
Құны: $647 100 000
Блог - mazhitova: Рио. Дейін және кейін.
Блог - mazhitova: Рио. Дейін және кейін.

(Түпнұсқасы: infograficos.estadao.com.br/public/e/focasrio2016/hoje-e-amanha.html)
Енді сұрақ. Қалай ойлайсыз, қанат қаққан сайын қатая ма? Әлде ұшу үшін әл жинап алу керек пе?
Әрі қарай

Ғашықтар диалогы

Блог - InabatKussainova: Ғашықтар диалогы

Ж: Сүйем сені, жоқпын бірақ қасыңда
Бір көргеннен ғашық болдым расында
Жоқ болса да, тәнім менің жоқ болсын
Болар бірақ жүрек сенің қасыңда

Қ: Сүйем сені, сүймей қайда барамын?
Алыстасың, бірақ шыдап бағамын
Көрер күнді күнде аңсап мен жаным
Махабаттың мәңгі отына жанамын

Ж: Шын сүйемін, мені жаным ұмытпа
Атыңды айтам алған әрбір тыныста
Жүрек әрбір соққан кезде сен дейді
Сені еске алғанда ол өлмейді

Қ: Сүйем жаным, сүйемін ғой тек сені
Бірақ жаным саған біраз өкпелі
Ұмытар деп қалай ғана ойладың
Сонау сонау ұмытылмас кештерді

Ж: Күн санаймын, бірақ уақыт өтпейді
Айдай жүзің көз алдымнан кетпеді
Дүниеде қыздар көп қой, бірақ та
Жаным саған ешбірі де жетпеді

Қ: Мына күндер өтпеді ғой, кетпеді
Сағынамын бір өзіңді, тек сені
Жолықса да қанша жігіт өзіме
Саған, жаным ешбірі де жетпеді
Әрі қарай

Ауылға кеткім келіп тұрады...

3 күн өткеннен кейін қалаға асығып тұрсам да ауылыма жеткенше шыдамсызданып барамын. Барар кезде Қарқаралыдан әрі қарай 174 км грейдер маған теп-тегіс асфальт боп көрініп, қалаға қайтар кезде 100-бен келген жолым «минный поля» болып 40-60-пен әзер жүріп келемін ғой шіркін. 40 тонналық Шансимандар "өлтіріп" тастаған ‪Бақты‬ ауылының жолын айтсаңызшы. Ауылға оралайын)
Еңбекке (қазір Темірші ауылы, кезінде Еңбек ауылы деген) барған сайын бала кезімде ойнаған жерлерді еске түсіріп аралап шығамын. Барған сайын келмес шаққа деген сағынышым өрши түседі. Көршілермен бір кезекте тұрып су тасыған тәшкеңді де еске алады екенсің. Ауылда тұру оңай емес. Бірақ, бала кез қамсыз ғой. Болмайтын асықты немесе таудың артындағы смаланы проблема қылып жүресің). Осының бәрін өткізіп, есейген шақта еске алудың өзі тамаша!
Қазір, мен доп тепкен, мен су тасыған, мен тах-тах ойнаған, мен тығылыспақ ойнаған көшеде басқа жігіттер үстемдік етуде. Олар сені танымайды. Енді Олар өз биліктерін жүргізуде. Мінездері ауыр, анау-мынау алдауға көнбейді. Тура фотодағыдай жігіттер!
Блог - ErzhanKhamitov: Ауылға кеткім келіп тұрады...
Әр жағындағы приталенный джинсы киіп алған «дерзкий» жігіт тақ мұрагері. Яғни, қара шаңырақтың иесі Рахат ағамның ұлы. Таза ауылдық. Бер жағындағы жігіт Ербұлан ағамның ұлы. Асфальтта туған. Қалалық дегенім ғой) Ауылдың тіршілігіне қанық болсын деп апарып тастайды. Себебі, ауылды көрген бала жаман болып өспейді. Ертең біз сияқты еске алып отыратын болады).
Бірақ, бұрынғыдағыдай свет өшпейді, қаладан хабарласқанда көршіні шақырып келмейді, себебі ұялы телефон ұстайды, ауылдастармен видео касета айырбастап Джеки Чанның киноларын көрмейді, себебі әр үйде ОтауТВ бар…
Эх, біздің кезде жақсы еді деуші еді атам!
Әр шақ өзінше қызық! Ізімізді жалғайтын кішкентайлар қиыншылық көрмей өссе екен! Бейбіт күнде өмір сүріп, қалаған білімдерін алса екен деп тілеймін!
Әрі қарай

Жер мәселесі бойынша комиссияның алғашқы отырысы (видео)

Бүгін, 2016 жылдың 14 мамыры, Астана қаласындағы Ұлттық мұражайда Жер мәселесі бойынша құрылған комиссияның алғашқы отырысы өтті. Жеті сағатқа созылған отырысты ҚР премьер-министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев жүргізді.
Азаттық радиосының Қазақ қызметі Фейсбуктегі ресми парақшасында отырыстан трансляция жасады. Бес бөлімнен тұратын трансляцияның embed кодын осында орналастырдым.

Астанада үкімет қасынан құрылған жер комиссиясының алғашқы отырысы (1-бөлім)

Астанада үкімет қасынан құрылған жер комиссиясының алғашқы отырысы (2-бөлім)

Астанада үкімет қасынан құрылған жер комиссиясының алғашқы отырысы (3-бөлім)

Астанада үкімет қасынан құрылған жер комиссиясының алғашқы отырысы (4-бөлім)

Астанада үкімет қасынан құрылған жер комиссиясының алғашқы отырысы (5-бөлім)
Әрі қарай