О дүниеге саяхат


Түсімде өліп қалыппын демекші… Ондай түстерді мен де жиі көрем. Бірақ өткендегі түсім тіптен қызық болды. Өлмеппін, бірақ о дүниеге экскурсиялық сапар шегіппін. Яғни, кейін қарай, бұл дүниеге қайтып келетініме сенімді боп жүрдім. О дүниенің кереметін суреттемей-ақ қояйын, бір сөзбен айтқанда, болашақты сипаттайтын фантастикалық фильмдердің көрінісін көрдім десем болатын шығар. «Дәу де болса, жұмақ-ау» деп ойладым. Қызығы ол емес, о дүниеде жүрген бір кісінің маған айтқан сөзі. «Шын өмір өлгеннен кейін басталады деген құр сөз», — деді ол: «Нағыз қайнаған өмір — сен келген жақта. Себебі жалғанның қысқа екенін біле тұра, сен алдыңа мақсат қоясың, оған жету үшін жанталасасың. Биікке көтерілем десең, жетістікке жетем десең, әрекетіңді тірі жүргенде жасап қал. Ал біз мұнда еш мақсатсыз жүрміз. Бізге ештеңе де керек емес...»
"Бұл дүние таусылса,
Шын дүние күтеді...
"
деген «Жігіттер» квартетінің пәлсапасын жайына қалдырып, пойызға отырып (кәдімгі қарапайым пойыз), өз дүниеме қайтып келдім)))
Бөлісу:

7 пікір

sammita
ее түске не кірмейді деші. Кейде шала ұйқылы жатып түс көресің, оның әншейін түс екенін біліп жатасың да, сценарийді қалағаныңша өзгерте бересің. Менде осылай болады.
Abilakim
Жатақханада бір қыз "қалаған жігітімді түсімде көре алам«деуші еді…
alisha
түсімде алма ағашынан бір алманы үзіп ап, жеп келе жатыр екем… ал, кім жорып берер екен?
Abilakim
Жеме киімдерің сыпырылып түседі
alisha
кеш, жеп қойдым… киімдерім орнында;)
19852407
Даналықтың белгісі. Болашақат ғұлама бәйбәіше болады екенсіз:)
Ойынсыз