Спойлер таратып жүрген арандатушы топ іздестірілуде

«Тақтар ойыны» сериалының маусым финалының алдында еліміздің бірнеше қаласында бейбіт көрерменге спойлер шабуылы жасалды. Алдын ала көріп алған арандатушы топ сериал фанаттарына алдын ала ақпарат беріп, іріткі салуда. Қазір бұл спойлершілер жан-жақты іздестірілуде. Арандатушылармен тиісті органдар айналысып сазайын беретін болады.

Оқиғалар тізбегі:

АЛМАТЫ. Бетперде таққан белгісіз біреулер Жароков-Водозаборный көшесінде орналасқан блогерлер штаб-пәтеріне кіріп келіп, соңғы бөлім спойлерлерін айқайлап кеткен. Психологиялық травмаға ұшыраған Д.З және Е.Б атты блогерлерге қазір психологтар көмектесуде.

АҚТӨБЕ. Жайдарман аймақтық лига ойынында сахнаған шыққан бір ойыншы шыдай алмай «Ең соңында Джон Сноу бар ғо, Джон Сноу...» деп айқайлап жатқан жерінен бір командаласы тарапынан соққыға жығылды.

ШЫМКЕНТ. Сериалдың бұрынғы бөлімдерін талқылау және сезон финалына болжау жасау мақсатында саунада жиналған сериал фанаттарына жезөкше кейпінде кірген спойлерші қыз маңызды 3 спойлер айтып, артынша ізін суытып үлгерген.

АТЫРАУ. «Тамаша» сауда орталығында белгісіз біреулер «Сайлаубек ән айтады» деп халықты жинап, дыбыс күшейткіштер арқылы спойлер таратып, белгісіз бағытқа қашып үлгерген.

АСТАНА. Тікелей эфир кезінде Еуразия арнасының жаңалықтарына телефон арқылы хабарласқан көрермен 8 секунд ішінде маңызды спойлер айтып үлгерген.

ҚАРАҒАНДЫ. Қалалық парк алдында оқушы қыз киімін киген белгісіз топ қала тұрғындарына қос тілде жазылған спойлер қағаздарын таратқан.

ҚЫЗЫЛОРДА. Ешқандай оқиға тіркелмеді.

АЛМАТЫ. Футбол матчында тиін киімін киген белгісіз бір арандатушы спойлерлер жазылған қағаздарын трибуналарға шашып болғасын, қашу сәтінде қақпа маңында тәртіп сақшылары тарапынан ұсталды.

АҚТАУ. Суық және ыстық су көрсеткіштерін тексеруші кейпінде тұрғын үйлерді арлап жүрген спойлерші соңғы 3 бөлімін әлі көрмеген қала тұрғындарына психологиялық соққы жасап үлгерді.

Қазақ футболы қашан дамиды?

Қазақстан — Исландия матчынан кейін қоғамда қазір үлкен дерт болып отырған қазақ футболы туралы оқырмандар пікірін алған едік. Еліміздің түкпір-түкпірінен келген оқырман хаттарына құлақ түрелік.

Блог - Rafaello: Қазақ футболы қашан дамиды?

Жалғас Е. — Жарнама қызметкері (Алматы қаласы)
— Жалпы біздегі футбол футболға ұқсап келеді. Шетелдегідей үлкен, 30 мыңдық стадион салынды, тек аздап шөк ексе жақсы болар еді. Шетелдік футболшылар мінетіндей комфорт автобустары да бар. Автобустардан шетелдегідей әдемі құлаққаптармен музыка тыңдап түседі. Люкс отельдерде жатып, шетелде оқу-жаттығу да өткізеді. Шетел командаларындағыдай тақырбас қақпашымыз бар, кішкентай бойлы техникасы мықты хавбектеріміз бар, пресс-конференцияда сөйлей алатын капитандар да бар. Менің ойымша ұзыншашты, қою сақалды және қысқа шашын тікірейтіп гельдеген 3 ойыншы керек. Сонда нәтиже болады деп ойлаймын.

Гүлім апай — Футболшы аналары ҚБ атқарушы директоры (Қарағанды қаласы)
— Біздің балаларымызды қорлау қашан аяқталады? Әр ойыннан кейін футболшы аналары, әйелдері, әкелерінің аузы неге боқталады? Құрамаға түгелдей шетелдік легионерлер алынуын қалаймыз. Үкімет қайда қарап отыр? Ойланыңыздар, ертең сіздің де балаңызды бұл құрамаға алып кетуі мүмкін!

Тендербай — Қоғам қайраткері (Лондон қаласы, Ұлыбритания)
— Қазақстан футболына өкпем жоқ. Әр ойынына қомақты сома тігудеміз. Шүкір, Исландиядан да жеңіліп, қойған ақшамызды 89 пайызға көтеріп берді.

Данияр А. — блогер (Созақ ауданы, ОҚО)
— Қазақстан футболына блог-турлар жетпейтін сияқты. Блогерлер барып, көрсін, мәселелерін анықтасын, футболшылармен таныссын. Мысалы ойын басталар алдында ойыншылар құрамы жарияланған кезде олардың көбін тіпті комментаторлар танымайтын сияқты. Футболшыларға әлеуметтік желілерден парақшалар ашайық, блог жүргізуді үйретейік.

Рымбек І. — кәсіби бәс тігуші (Байғанин ауданы, Ақтөбе облысы)
— Қазақстан келесі ойынын жеңеді! Мен мұны үнемі айтудамын. Амандық болса бір күні жеңеді. Мартингейл жүйесі ғылыми дәлелденген нәрсе.

Сатыбалды К. — жұмыссыз (мекенжайы белгісіз)
— Қазақ футболының дамуы жаман емес. Қараңыз, Астанада бір уақытта 30 мың студентті толтыруға болатын зәулім стадион салынды. Бұл бір. Қарағандының Шахтеры Еуропа лигасының топтық кезеңінде ойнады. Бұл екі. Елімізде балалар және жасөспірімдерге арналған футбол академиялары ашылып жатыр. Бұл үш. Ақтөбенің Ақтөбесі жыл сайын топтық кезең алдындағы плей-оффтарға жетіп, Еуропа грандтарынан ұтылып жүр. Бұл төрт. Ертістің бас бапкері Черышевтың баласы Испанияның танымал клубы Вилляреалдың ойыншысы және Қайраттағы Вайсстың баласы да Словакия құрамасының белді ойыншысы. Бұл бес. Ал атақты Газзаевтың баласы Ақтөбеде жұмыс істеп жүр. Бұл алты. Біз кезінде Сербия құрамасын жеңдік. Бұл жеті. Бұрын Уотфорд, Милан, Удинезе сияқты танымал клубтардың формасын киіп көрген Меркель деген ойыншыны әкелдік Ұлттық Құрамамызға. Бұл сегіз. 1998 жылы Нигерияда өткен жастар арасындағы әлем чемпионатына қатыстық. Тоғыз! Жарайды, онға жеткізе алмасам да 9 факт айтып бердім. Демек жағдай әлі жаман емес.

Әйгерім К. — педагог (Астана қаласы)
— Ұлттық Құрамаға белгісіз ойыншыларды ала бергенше мысалы неге Мессиді, Криштиану Роналдуды алмайды? Ақша жоқ емес, бар ғой. Сонда біз бәрін жеңер едік. Мен солай ойлаймын.

Абылай Ә. — оқушы (Ақтау қаласы)
— Өй, аналар кілең қатты ойнайтындарды жинап алып келген ғой. Олай болмайды ғой. Келесіде біз де апарайық қатты ойнайтындарды.

Ермұхаммед М. — журналист (Тараз қаласы)
— Біз өз ойынымызды емес, конфедерациямызды таба алмай жүрген шығармыз бәлкім? Азияны көрдік, Еуропаны көрдік. Енді Африка немесе Океания Конфедерацияларына кіріп көру керек. Бір жерден тесіп шығарымыз анық.

Нұрберген Ң. — хард-әдебиетші (Атырау қаласы)
— Не зат?! Қайдағы футбол? таста анассс!


Элеонора Марсельқызы
«Сыр ақшамы» газеті
Әрі қарай

iPhone 6 plus VS Samsung Galaxy Note 4

Бұрыңғы жылдары Apple компаниясы iPhone ұялы байланысын бәсекеге кішкентай шағын көлемде шығаратын. Енді міне Самсунг компаниясы тәрізді оларда көлемді құрылғыларды шығара бастады. Енді бүгіңгі таңдағы үздік байланыс құралдарының артық кемшілігін салыстырып көрсек. Олар әрине iPhone 6 Plus және Samsung Galaxy Note 4. Сонымен
1. Өлшемдері
Блог - KhanagatNurbol: iPhone 6 plus VS Samsung Galaxy Note 4
iPhone 6 Plus Galaxy Note 4-тен 3% ұзын. Ал, жұқалығы Galaxy Note 4 iPhone 6-дан сәл артық. Салыстырмалы түрде Phone 6 Galaxy Note 4-тен 13% шағын (кіші).
2. Салмағы

Блог - KhanagatNurbol: iPhone 6 plus VS Samsung Galaxy Note 4
iPhone 6 Plus Note 4-тен 2% жеңіл
3. Материал
Блог - KhanagatNurbol: iPhone 6 plus VS Samsung Galaxy Note 4
Жасалған материалдар сапасында артық кемшілікте бір-бірімен бәсекелесе алмайды. iPhone 6 Plus-тің денесін жеңіл алюминймен қаптаса, Note 4-ті ұстауға оңтайлы тері тектес пластикпен қаптаған. Samsung бұрыңғы моделдерін айналасын метал тәрізді көріну үшін қара өңді пластикпен қаптаса, бұл жолғы Note 4-ті нағыз металмен қаптаған.
4. Түсі
Блог - KhanagatNurbol: iPhone 6 plus VS Samsung Galaxy Note 4
5. Экран көлемі
Блог - KhanagatNurbol: iPhone 6 plus VS Samsung Galaxy Note 4
6. Пикселдік экран көлемі
Блог - KhanagatNurbol: iPhone 6 plus VS Samsung Galaxy Note 4
Мұнда Galaxy Note 4 HD экранды, сонымен қатар iPhone 6 Plus-дан 78% артық пикселді.
7. Экран түрі
Блог - KhanagatNurbol: iPhone 6 plus VS Samsung Galaxy Note 4
8. Жазу түрі
Блог - KhanagatNurbol: iPhone 6 plus VS Samsung Galaxy Note 4
Мұндағы екі ұялы байланыс өзара өзіндік сапалы болғанымен, аралық айырмашылығы Galaxy Note 4 S Pen деп аталатын қарындашпен жабдықталған.
9. Саусақ сезімталдығы

Блог - KhanagatNurbol: iPhone 6 plus VS Samsung Galaxy Note 4
iPhone 6 Plus-тің экранын бетін саусағыңызбен жұмсақ еркін баса аласыз. Ал Samsung-ге келсек кей жағдайда саусағыңызды қатты басуға тура келеді.
10. NFC төлемі
Блог - KhanagatNurbol: iPhone 6 plus VS Samsung Galaxy Note 4
11.Қуат көзі
Блог - KhanagatNurbol: iPhone 6 plus VS Samsung Galaxy Note 4
Galaxy Note 4-тің бір артықшылығы 30 мин ішінде қуат көзін 0-50%-ға толтыра алады.
12. Камера
Блог - KhanagatNurbol: iPhone 6 plus VS Samsung Galaxy Note 4
13. Жүрек соғысын анықтаушы
Блог - KhanagatNurbol: iPhone 6 plus VS Samsung Galaxy Note 4
Note 4 Galaxy S5-пен ұқсас осы жүрек соғысының көрсете алады. Ал iPhone көмекші аппликейшнмен жүзеге асады.
14. Экранды бөлу
Блог - KhanagatNurbol: iPhone 6 plus VS Samsung Galaxy Note 4
Apple үлкен экранды iPhone 6 Plus-ке экранды бөлу қосымшасын орнатпаған. Ал Samsung Note 4 экраны бірнеше бөлікке бөліне алады. Демек сіз бірнеше бағдарламаны экран бөлу арқылы жүзеге асыра аласыз.
15. Бір қолмен басқару
Блог - KhanagatNurbol: iPhone 6 plus VS Samsung Galaxy Note 4
Үлкен бетті ұялы байланысты кей жағдайда бір қолмен басқара алмай қаласың. Бұл мәселені мына екі құрылғыда шешкен. iPhone негізгі батырманы екі рет басса экранның жоғарғы бөліктері төмен келеді, ал Note 4 барлық экран бетін кішірейтіп бір қолдың басқаруына көшіре алады.
16. Сыйымдылығы
Блог - KhanagatNurbol: iPhone 6 plus VS Samsung Galaxy Note 4
17. MicroSD
Блог - KhanagatNurbol: iPhone 6 plus VS Samsung Galaxy Note 4
18. Процессор
Блог - KhanagatNurbol: iPhone 6 plus VS Samsung Galaxy Note 4
19. RAM
Блог - KhanagatNurbol: iPhone 6 plus VS Samsung Galaxy Note 4
20. Инфрар
Блог - KhanagatNurbol: iPhone 6 plus VS Samsung Galaxy Note 4
Бұл сіздің үйге теледидар басқарғыштың қажеті жоқ деген сөз.
21. Виртуалды шынайылық
Блог - KhanagatNurbol: iPhone 6 plus VS Samsung Galaxy Note 4
Егер сіз Матрикске кіргіңіз келсе Note 4 көмектесе алады. Бұл Samsung-інің жалғыз жаңа Gear VR құлаққаппен сәйкес.
22. Қосымша ақылды сағатт

Блог - KhanagatNurbol: iPhone 6 plus VS Samsung Galaxy Note 4
23. Бағдарлама жүйесі
Блог - KhanagatNurbol: iPhone 6 plus VS Samsung Galaxy Note 4
Ескерту: Бұл жайғана артық кемшілікті салыстыру. Аталмыш ақпарат компания жарнамасы емес. Ұнағанын өзіңіз ала бересіз.
Әрі қарай

Мен үшін Қазақстанның алғашқы символдары

Бұған дейін де жазып едім негізі: Менің өскен ауылым Қазақстан территориясында болғанымен, Ресейдің медиа-ықпалын көбірек көрді. Өйткені, бізге отандық телеарналар 2004 жылы ғана келді. Сондықтан да шығар, орыс арналарынан "Қазақстан", "қазақ" деген сөз естілсе, селк етіп құлағымызды түріп, кейін естімегендермен бөлісіп: «Телевизордан Қазақстан туралы айтты», — деп қуана айтып жүретінбіз.

Мектеп жасындағы Patick те "үлкен жерден" кеш жететін жаңалықтарға, өзгерістерге сусап жүретіндердің бірі еді. Осы орайда, бала кезімде есте қалған, біздің ауылдың тұрғындары үшін Қазақстан символы болған тұлғалар туралы айтсам деймін.

1. Василий Жиров.
«Мә, Жиров деген боксер шығыпты. Керек болса Тайсонмен де төбелесемін депті. Чемпион мира екен», — деген әңгімені түнгі балық аулауға шыққан жігіттер айтып отыратын.
Блог - patick: Мен үшін Қазақстанның алғашқы символдарыФотосурет: sports.ru




















Оны экраннан көретін күн де келді бір жылдары. Ресейдің Бірінші арнасы Василий Жировтың бір америкалықпен жекпе-жегін трансляциялады. Түн ортасында болғанына қарамастан, трансляцияны күтіп жаттық. Қателеспесем, Вася ұпай санымен жеңіліп қалды. Бірақ оның алып денесі, жолбарыс түстес формасы, комментатордың «Балхашский тигр» деп атағаны кәдімгідей үлкен әсер етті. Ол менің Қазақстанмен байланысы бар алғашқы қаһарманым еді. Іштей ол боксшылардың бәрін жеңіп, атағы жер жарса екен деп соның тілеуін тілеп жүретін едім.

2. Сергей Филимонов
2004 жылғы Олимпиада ойындарының трансляциясын көрдік. Әрине, ресейлік телеарналар өздерінің спортшылары қатысқан жарыстарды көрсетті. Жалғыз «алтын» алған Бақтияр Артаев екенін білемін, бірақ оның төбелесін көре алмадық. Георгий Цурцумианың күресін шет-жағалап көрсеткендей болды. Бірақ, маған рух берген — ауыр атлет Сергей Филимонов.
Блог - patick: Мен үшін Қазақстанның алғашқы символдарыФотосурет: vestnik-belovo.ru





















Әлі есімде — алшаң басып шыға келеді де, штанганы ешбір қиналыссыз көтеріп тастап, алшаңдаған күйі кетіп қалады. Өзі үнемі күлімдеп тұрады. Алған күмісі мен үшін алтын медальмен бірдей болды.
Орыс комментатор «Сергей Филимонов» деген есімді трансляция кезінде бәрінен де көп қайталағандай болды. Жүрек лүп-лүп етіп, таңертең бәріне айтып беруге асықтым сол түні.
Өкінішке орай, Сергей спортпен тез қош айтысты.

2000-шы жылдардың басында спортшыларымен ғана емес, өнерлі жастарымен де таныла бастады. Солардың бірі:
3. Дильназ Ахмадиева
Блог - patick: Мен үшін Қазақстанның алғашқы символдарыФотосурет: tengrinews.kz



















2002 жылы Дильназ «ОРТ» телеарнасынан жыл сайын көрсететін Юрмаладағы «Новая волна» сахнасына шыға келгенде, бөлмеде теледидар көріп отырған 10 адамның 9-ы ауыздарын ашып, не таңғаларын, не қуанарын білмей жеңіл-желпі шок алғаны есімде. Неге тоғызы? Өйткені біреуі үйдің қожайыны. Өзі өте қиқар адам еді. Көрші-көлем шағын ауылдағы теледидары бар жалғыз үйге жиналғанда, үйде кім қожайын екенін көрсеткісі келіп, жұрттың қалағанын емес, өзі көргісі келген арнаға ауыстырып жібереді. Отырасың сосын, "қызық болып жатқан каналға" ауыстыруын Құдайдан тілеп. Неге құдайдан? Өйткені әлгі қожайын өлсе де ауыстырмайды.
Сөйтіп, көршінің теледидарынан үзіп-жарып, концерттің шет-жағасын көргендей болдық. Мен үшін Қазақстанды эстрада саласынан алғаш танытқан Дильназ Ахмадиева. Кейін музыка дүкеніне, Интернетке қол жеткеннен кейін оның әндерін, әнші туралы мәліметтерді іздеп жүретін болдым.

4. Иван Бреусов
Блог - patick: Мен үшін Қазақстанның алғашқы символдары
















Бұл бір енді үлкен дастанға татырлық әңгіме. Қазақстандық әнші Ресейдің «Фабрика звезд-4» реалити-шоуында пайда болысымен-ақ, бар шаруа кейінге қалды. Әр жұманың кешінде шоудың қатысушылары концерт береді, қорытындысында бір адам жарыстан шығарылады. Иван Бреусов «Фабрикада» 6 аптадай болды (егер қателеспесем). Шоудан шығып қалғандағы ауылдың күйзелісін көрсеңіз — мектепте сол күні сабақ өтпеді, мұғалімдер мен оқушылар сабақ үстінде Иванды талқылаумен болды.
Кейін «Фабрика звезд» қатысушылары айтқан әндердің жинақтары шықты. Иванның «Сердце скажи» әні хитқа айналды. Күнделік-дәптердің мұқабасында суреттері шығып, соны ұстау сән болды. Очм, ақпараттық изоляция кезіндегі осындай болмашы нәрселердің барлығы үшін біз үшін үлкен жаңалық, қуаныш еді.

Иван Бреусовтың жарыстан шығатын күнгі әні («Сердце скажи»):


P.S. Айтпақшы, Қазақстан арналарын көретін, үлкен ауылдарда тұратын ағайын «Тоғысқан тағдырлар» деген отандық сериал шықты, керемет деп мақтайтын. Ресейдің «Граница. Таежный роман», «Участок», «Улицы разбитых фонарей» секілді треш-сериалдарын көріп жүрген біз үшін әлгі қазақы сериал туралы есту таңсық та қызық еді. Кейін, оған да қол жетті. Бір сериясын көргеннен кейін ештеңедан құр қалмағанымды түсіндім, «Участогым» бәрібір артық екен.
Әрі қарай

Блогиада #7: Ауылдың су көліктері

Өзен-суы мол елді мекендер үшін паром — тұрмыстың ажырамас бөлігі. Паром бір күн тоқтап қалса бітті дей беріңіз — бала сабақтан, ересектер жұмыстан қалады. Шағын өзен болса қиын емес — қыста мұздың үстімен өте бересің. Ал танкерлер өткізуге қауқарлы алып өзеннің арғы жағындағылар үшін жағдай басқаша — бір күн паром болмаса "үлкен жермен" қатынасу былай тұрсын, азық-түліктің жеткізілуі қиындап кетеді.

Мен өскен Жыланды мен көршілес Шортанбай ауылының арасын Шароновка деген шағын өзен бөліп тұр. Сәйкесінше, паромымыз да кішкентай. Жер қара, күн жылыда тросқа керілген темір салдың қызығын әрлі-берлі қатынаған халық көреді. Қозғалысқа келтіру әдісі де қарабайыр — екі жағаға керілген темір арқанды паром үстінде тұрып тарту арқылы жылжытылады:
Блог - patick: Блогиада #7: Ауылдың су көліктері
Әрі қарай

Қазіргі мультфильмдер бұрыңғыдан өзгерек... немесе 2013 жылға қорытынды

Мен мультфильмді өте жақсы көремін. Мүмкін біреулер мультфильм кішкентайлар үшін деп айтар… Бірақ мен сонда да мультфильмді жақсы көремін ©
Өткен жылы кинодан гөрі мультфильмді көп көрдім. Менің кино көретін уақытым жоқ. Бірақ мультфильмді көруге қашанда уақыт табамын  
Бүгінгі постымда 2013 жылы шыққан мультфильмдерден алған әсерлерім жайында жазбақпын.
Киностан: Қазіргі мультфильмдер бұрыңғыдан өзгерек... немесе 2013 жылға қорытынды
Әрі қарай