Жаңа жылды тойлауға және сыйлықтар сатып алуға қанша қаржы жұмсайсыз?
Жаңа жылды тойлау-тойламау, шырша қою-қоймау төңірегіндегі өте қызба, алай-дүлей жазбалар желтоқсан айында жазылады. «Жаңа жылды тойламайм» дейтін жандар: өзінің сол әрекетін абсолютті дұрыс деп, мақтан тұтып, Жаңа жылды мереке ретінде қарсы алатын адамдарды жек көріп, зілді сөздерін соларға арнап, шабаланады. Мұндайларды Жаңа жылды тойламайтындығы үшін емес, өз әрекетін өзгеге орындатқысы келгені үшін айналып өтемін. Шамасы жетіп, мүмкіндігі болып жатса әрекеті қарама-қарсыларды физикалық тұрғыдан мәжбүрлеуге ықыласты деп ойлаймын. Сауалнамаға жауап берейікЧ...
Әрі қарай


Бүгін алғашқы дәріс күні еді. Жайшылықта оңай деп жүрген түрік тілін мұнда келгенде тым терең білу керек екенін енді ұғынып жатырмын. Оқып жатқан салам түркология болғандықтан, кейін түрлі дәрістер өтеміз. Соның ішінде османлы түрік тілі деген дәріс болады алдағы жылдары. Қазіргі түрік тілін жетік игермесең, османлы түрік тілін меңгеру қиын соғады дейді. Сондықтан түрікшемді жақсарту үшін бір жыл түрік тілінен дайындық оқуға өтініш беріп қойғам. Алла қаласа бір жыл дайындық курсынан соң универді бастаймын. 
