Қазақша сөйлемесем ше?
Бүгінгі күн дүйсенбі болған үшін бе, күллі әлемге негатив шашып, улағым кеп тұр. Бүкіл өткен-кеткен реніш-өкпемді жинастырып, еске алып, өз-өзімді аяп, өзімді сондай бір әділетсіздіктің құрбаны сезінгім кеп отыр — деп күлкім кеп кеткені)))
Көпшіліктің сөзін сөйлеп, ығына көшіп немесе көпшілікке қарсы шығып, атым шығару мақсат емес. Дұрыс/бұрыс болсын тек өз ойымды айтқым келеді. Біреу түзелер, не мені түзер. Себебі, қоғамда менің қауашақ миыма симайтын құбылыстар көп. Соның бірі — қазақ тілі мәселесі. Нақтырақ айтқанда, бүкіл ФБ толған “қазақша сөйле” деген лозунгтар.
Бұл сөзді қазақ қазаққа айтып жатса қабылдауға болады. Бірақ, бұйрық райдан гөрі “Ана тілің арың бұл” деген сөздер жақсы әсер етеді ма деп ойлаймын. Өзге ұлттарға қазақша сөйлеуін талап ете алмаймыз. Біріншіден, менің тілімде сөйле деп ешкімге бишара болмайықшы. Екіншіден, адам өзге тілді, көбіне, тек қажеттілік болған соң ғана үйренеді. Неге ауылдағы орысың да, кәрісің де қазақша сөйлейді? Неге қаладағы қазақ орысша сөйлейді? Себебі, бізде қала мен ауылда екі тілдің сұраныстары бірдей емес.
Осы ғана ғой, мәселенің басы. Керек болса, орысың қазақтан бетер сайрап кете алады. Олай болса, әрбір өз ана тілін құрметтейтін қазақ жүрген жерінде өзгелерге үлгі болу керек. Қазақша сөйле, тарихыңды біл, ұлттық құндылықтарыңды жеткіз. Шу шығарып, даурыққаннан нақты істермен мақсатқа тезірек жететін сияқтымыз. Бізде, әсіресе, тағы да бір жыным келетіні — бірдеңе жасау керек болса, міндетті түрде мемлекет оған ақша бөлу керек. Бәрін жоғары жаққа ысыра салады. “Балық басынан шірейді” деген мақал билік басындағыларға ғана арналмаған. Сонда елім-жерім, тілім деп еңіреп жүрген патриоттығымыз қайда қалды?
Мемлекеттің қаржыландыру саясатын былай өзгертсе екен: бірінші мемлекетке қарызға істейсің, бәрі ойдағыдай шықса — мемлекет ақшаңды қайтарады. Міне, осы кезде нағыз бір-біріне бәсеке жобалар шығар ма еді. Нағыз елдің қамын ойлағандар мен өз қарнын ойлағандардың арасы ажырар ма еді. Әйтпесе, “аспандағы айды әперем” деген жобалар біршама уақыттан соң беті бүлк етпей, банкрот болып жатады. Не деген жауапсыздық бұл?(((
Мәселенің шешімі қаражатқа емес, адамдардың патриоттығына тірелуі керек. Рас, елім деген азамат елі үшін тегін еңбектенуден таймайды. Қажет болса, бірігіп күш жинайды. Мемлекетке тіреп қою — ол жалқаулардың, қорқақтардың, аузымен орақ оратындардың, ақша жасап қалғысы келетіндердің, т.с.с. далбасамен айналысып жүргендердің ісі.
Жақында елбасы мемлекеттен қаржы бөлу кезіндегі олқылықтар жайында сөз сөйлеген болатын. Бұл мәселенің елбасыға жеткеніне қуаныштымын. Келер жолы қатты қаралатын болар деп сенемін.
Уффф, кеттім, суып кеткен әбетімді ішейін…
Дереккөз

Ана тіліміздің Мемлекеттік тіл болып жарияланғанына 25 жыл болса да, тілімізді де, елімізді де ешкім менсініп жүрген жоқ. Мысалы:
«Анасы – кәріс, әкесі – орыс Геннадий Головкин де өзін „қазақпын“ деп жүр» делінеді барлық Қазақ басылымдарында.
Меніңше, Ол өзін Қазақстан азаматымын деп жүрген жоқ. Дәлел ме:
Біріншіден, күні бүгінге дейін оның еш жерде Қазақстанның "Ән ұранын" шырқағанын ешқашан көрмеппіз. Демек, GGG-де Қазақстанға деген ешқандай патриоттық сезім жоқ. Талай жарыстарда бәйге алып, Көк байрақты желбіреткен өзге азаматтардың арасынан дәл ГГГ сияқты аузы бұртиып, үнсіз тұрған қазақ баласы болған емес. Бәрі де жүрегі жарылардай болып қуанып, көздеріне жас алып тұрып шырқайды.
Екіншіден, ол Қазақтың Ата Шапанын да «келемеж» қылып жүр. Сан мыңдаған жылдардан бері ешқашан өзгертілмеген Қазақтың ұлттық ою-сызбасын «GGG»-мен ауыстырған. Бұған тыйым салу керек. Себебі, күні ертең-ақ кейбір фанаттардың бұны әдетке айналдыруы әбден мүмкін. Азаматтар! Ұлттың ата шапанына бұлай қиянат жасауға болмайды.
Үшіншіден, ол Қазақстанда туылса да (31 жаста) әліге дейін оның мемлекеттік тілде бір ауыз сөйлегенін көргеніміз жоқ. Демек, ол Қазақстанның мемлекеттік тілін менсінбейді.
Төртіншіден, 22 ақпан 2015 жылғы Монакода өткен М.Мюрреймен болған сайыста, Қазақстанның көк туын «жеңіл» киінген қыз бала ұстады. Қазақ-қазақ болғалы қандай жағдай болмасын Қазақтың туын тек айбынды, елге танымал батырлары ұстаған. Ежелгі салт бойынша сол жерде Қазақтың Көк байрағын Серік Сапиевтің өзі ұстағаны дұрыс болар еді. GGG-нің арқасында Қазақтың Көк байрағында, ойыншыққа айналдырдық.
Жарайсың Гена деп мақтанғым-ақ келеді. Бірақ, қор болған ұлттық салтымды, айтылмаған «Ән ұранымды» көріп отырып менің олай,- деуге аузым бармай отыр.