Қазақ футболы қашан дамиды?

Қазақстан — Исландия матчынан кейін қоғамда қазір үлкен дерт болып отырған қазақ футболы туралы оқырмандар пікірін алған едік. Еліміздің түкпір-түкпірінен келген оқырман хаттарына құлақ түрелік.

Блог - Rafaello: Қазақ футболы қашан дамиды?

Жалғас Е. — Жарнама қызметкері (Алматы қаласы)
— Жалпы біздегі футбол футболға ұқсап келеді. Шетелдегідей үлкен, 30 мыңдық стадион салынды, тек аздап шөк ексе жақсы болар еді. Шетелдік футболшылар мінетіндей комфорт автобустары да бар. Автобустардан шетелдегідей әдемі құлаққаптармен музыка тыңдап түседі. Люкс отельдерде жатып, шетелде оқу-жаттығу да өткізеді. Шетел командаларындағыдай тақырбас қақпашымыз бар, кішкентай бойлы техникасы мықты хавбектеріміз бар, пресс-конференцияда сөйлей алатын капитандар да бар. Менің ойымша ұзыншашты, қою сақалды және қысқа шашын тікірейтіп гельдеген 3 ойыншы керек. Сонда нәтиже болады деп ойлаймын.

Гүлім апай — Футболшы аналары ҚБ атқарушы директоры (Қарағанды қаласы)
— Біздің балаларымызды қорлау қашан аяқталады? Әр ойыннан кейін футболшы аналары, әйелдері, әкелерінің аузы неге боқталады? Құрамаға түгелдей шетелдік легионерлер алынуын қалаймыз. Үкімет қайда қарап отыр? Ойланыңыздар, ертең сіздің де балаңызды бұл құрамаға алып кетуі мүмкін!

Тендербай — Қоғам қайраткері (Лондон қаласы, Ұлыбритания)
— Қазақстан футболына өкпем жоқ. Әр ойынына қомақты сома тігудеміз. Шүкір, Исландиядан да жеңіліп, қойған ақшамызды 89 пайызға көтеріп берді.

Данияр А. — блогер (Созақ ауданы, ОҚО)
— Қазақстан футболына блог-турлар жетпейтін сияқты. Блогерлер барып, көрсін, мәселелерін анықтасын, футболшылармен таныссын. Мысалы ойын басталар алдында ойыншылар құрамы жарияланған кезде олардың көбін тіпті комментаторлар танымайтын сияқты. Футболшыларға әлеуметтік желілерден парақшалар ашайық, блог жүргізуді үйретейік.

Рымбек І. — кәсіби бәс тігуші (Байғанин ауданы, Ақтөбе облысы)
— Қазақстан келесі ойынын жеңеді! Мен мұны үнемі айтудамын. Амандық болса бір күні жеңеді. Мартингейл жүйесі ғылыми дәлелденген нәрсе.

Сатыбалды К. — жұмыссыз (мекенжайы белгісіз)
— Қазақ футболының дамуы жаман емес. Қараңыз, Астанада бір уақытта 30 мың студентті толтыруға болатын зәулім стадион салынды. Бұл бір. Қарағандының Шахтеры Еуропа лигасының топтық кезеңінде ойнады. Бұл екі. Елімізде балалар және жасөспірімдерге арналған футбол академиялары ашылып жатыр. Бұл үш. Ақтөбенің Ақтөбесі жыл сайын топтық кезең алдындағы плей-оффтарға жетіп, Еуропа грандтарынан ұтылып жүр. Бұл төрт. Ертістің бас бапкері Черышевтың баласы Испанияның танымал клубы Вилляреалдың ойыншысы және Қайраттағы Вайсстың баласы да Словакия құрамасының белді ойыншысы. Бұл бес. Ал атақты Газзаевтың баласы Ақтөбеде жұмыс істеп жүр. Бұл алты. Біз кезінде Сербия құрамасын жеңдік. Бұл жеті. Бұрын Уотфорд, Милан, Удинезе сияқты танымал клубтардың формасын киіп көрген Меркель деген ойыншыны әкелдік Ұлттық Құрамамызға. Бұл сегіз. 1998 жылы Нигерияда өткен жастар арасындағы әлем чемпионатына қатыстық. Тоғыз! Жарайды, онға жеткізе алмасам да 9 факт айтып бердім. Демек жағдай әлі жаман емес.

Әйгерім К. — педагог (Астана қаласы)
— Ұлттық Құрамаға белгісіз ойыншыларды ала бергенше мысалы неге Мессиді, Криштиану Роналдуды алмайды? Ақша жоқ емес, бар ғой. Сонда біз бәрін жеңер едік. Мен солай ойлаймын.

Абылай Ә. — оқушы (Ақтау қаласы)
— Өй, аналар кілең қатты ойнайтындарды жинап алып келген ғой. Олай болмайды ғой. Келесіде біз де апарайық қатты ойнайтындарды.

Ермұхаммед М. — журналист (Тараз қаласы)
— Біз өз ойынымызды емес, конфедерациямызды таба алмай жүрген шығармыз бәлкім? Азияны көрдік, Еуропаны көрдік. Енді Африка немесе Океания Конфедерацияларына кіріп көру керек. Бір жерден тесіп шығарымыз анық.

Нұрберген Ң. — хард-әдебиетші (Атырау қаласы)
— Не зат?! Қайдағы футбол? таста анассс!


Элеонора Марсельқызы
«Сыр ақшамы» газеті
Бөлісу:

21 пікір

AL-ASTER
Мына сайтқа кірмегелі көп болды. Смайылдар қайда???
Daniar-Alan
Кеше мас болып отырғанда хабарласты мына журналист
asaubota
жамандық бір келсе қосарланып келеді ғой. бүгін Ресеймен ойнаймыз :(
torgai
Гибралтардың полицейі гол соқты. Соның жалақысы қанша екенін білсе, шіркін…
Ispek92
Ал сіз сол полицейге пас берген кім екенін білесіз бе? Адвокат пас берген, ия, ия, жай ғана сәйкестік))))
torgai
Кездейсоқтықтар кездейсоқ емес деуші ме еді)))
asaubota
Гибралтар — полицейлер, Фарер — балықшылар, Лихтенштейн — пошташылар. бізге де бір ат керек. Алқаштар?
torgai
«Мақташылар» ше? Орысшасы да жаман емес «ватники»))
asaubota
тендершілер деген қалай?
MickThatsMyNick
Осылай жалғаса берсе, көбіміз атыраулық Нұрберген секілді пікірде боламыз))))) ұзақ уақыт бойы үзілместен артылған үміт еш ақтала бермесе, бірте-бірте қақтала берері сөзсіз.

Бұл мәселені шешуге басқаша жақындау керек сияқты, а то бізде бәрі через Астану болып кетті ғо. Әр қаланың, әр өңірдің белгілі бір спортта сәттілік әкелетін аурасы, энергиясы, халқы болады. Осыны ескермей келеміз.
asaubota
Ақтөбенің стадионында Голландияны да қинап жіберуге болар еді. бірақ біздің долбоебтар трибуна факторын ескермей келеді
zholantai
қазақ футболы дамымайды, қазақ футболы тезірек өлу үшін жаралған,
zholantai
әйтеуір өліп тынатынды тезірек өлтіріп тастай салу керек, бюджетке шығын салмай,
көкпар тартып жүре беріңдер,
zholantai
қазақ футболының дамитынына сенетін адамдарды адам статусынан айыру керек,
MERmukhanov
Қонысбаев бір ауыз сөзбен баға берген нәрсеге несін тыраштанып пікір айтасыңдар? )
Rafaello
#бзб — диагноз!
merekeee
Стадиондағы халық өте аз болады ылғи. «Жиырма адам келсе де әнімді орындап берем» деп сұхбат беріп, ауыл-аймақтарда концертіне билеті аз сатылса, «кейінге шегере» салатын әнші емес қой олар.
Телевизордан, контордан, кафеден қарап, соны «жанкүйерлік» санайтындар бар.
MERmukhanov
:) тағы бір күліп алдым-ау
asaubota
ал мен осы жолы жыладым Сатыбалды К айтқан пікірлердің бірін оқып :(