Қазіргі мультфильмдер бұрыңғыдан өзгерек... немесе 2013 жылға қорытынды

Мен мультфильмді өте жақсы көремін. Мүмкін біреулер мультфильм кішкентайлар үшін деп айтар… Бірақ мен сонда да мультфильмді жақсы көремін ©Өткен жылы кинодан гөрі мультфильмді көп көрдім. Менің кино көретін уақытым жоқ. Бірақ мультфильмді көруге қашанда уақыт табамын

Бүгінгі постымда 2013 жылы шыққан мультфильмдерден алған әсерлерім жайында жазбақпын.

2013 жыл мультфильм үшін жемісті жыл болды. Өзім өткен жылы біраз мультфильм көрмейтін адамдардың мультфильмге деген көзқарастарын өзгерткеніме мәзбін

Бұрыңғы мультфильмдер мүмкін кішкентайлар үшін болған шығар… Бірақ «Том и Джерридің» фанаттарын да көргенмін үлкендерден

Бүгінгі мультфильмдер бұрыңғыдан өзгерекБүгінгі мультфильмдер 3 D ғана емес «3 в 1». Өйткені мульфильмге көбіне кішкентай бала ата-анасымен, не міндетті түрде үлкен адаммен баратын болғаннан соң. Олар:
— Кішкентай балаларды өзіне тартып алатын түрлі-түсті және сүйкімдііі

— Қыздардың (ана, әпке...) көңілінен шығатын Love story болады міндетті түрде

— Жігіттердің (әке, аға...) көңілінен шығатын приколдарға толы болады.
Бұл идиальный мультфильмнің құрылымы деп білемін. Егер ол осы үш адамның біреуін өзіне тарта алмаса оның кемшілігі бар деген сөз

Енді өткен жылы шыққан және мен көрген мультфильмдерге тоқталсақ

2013 жылдың мультфильмдерін мен Шымкентте бастадым. BlogCamp-2013 басталуға бірнеше күн қалған кезде Zilola , ruben , blackbeard , Абзал бесеуміз кезекті жиыннан соң, Мақпал екеуіміздің ұсынысымызбен "Семейка Крудсқа" бардық.

«Семейка Круд» мультфильмін дүниеге алып келген «Шрек», «Мадагаскар», «Кунг-фу панда», «Как приручить дракона» сынды сүйкімді мультиктерді шығарған Dream Works Animation киностудиясы.
Мультфильм үңгірді мекендейтін ежелгі адамдар туралы. Мұнда бірінші орында отбасы. Мультфильмнің желісі әкесі мен бойжеткен қызының арасындағы қарым-қатынас арқылы өрбиді. «Все новое это беда, поэтому бойся всегда!» ежелгілердің әкесі Гругтің ұранымен үңгірден шықпайтын отбасы, біртіндеп басталып келе жатқан құрлықтардың бөлінуінің салдарынан үңгірлері бұзылып, жаңа үй іздеуге аттанады. Күлкілі, бірақ соны қалай аяқталатынын басынан біліп отырасың.
Менің бағам 8/10*
Әр мультфильмде бір сүйкімдііі кейіпкер болатының білетін шығарсыздар. «Семейка Крудстың» сондай сүйкімді персонажы Малойдың досы, аспазы, навигаторы және белдігі — Кушак. Дададададаааддададададааааааа…

Керек дерек: «Семейка Крудс» DreamWorks студиясының алғашқы 3D мультфильмі.P.S. Бұл мультфильмге Рубен «Ой, мен ешқашан мультфильмге барып көрмегеееем» деп барды, Абзал «Барсақ барайық кеттік!» деп барды, бірақ мультфильмді шыққан күні көріп қойған екен



Келесі мультфильм «Облачно… 2: Месть ГМО».

«Облачно: возможны осадки в виде фрикаделек» деген бірінші бөлімі аса ұнамаған еді. Содан екінші бөлімді көруге аса «желание» болмады. Бірақ бір күні інім екеуміздің ішіміз пысқаны соооонша «Көретін дым жоқ» деп осы мультфильмге отырдық. Басында ұнамады. Дым ұнамады… Бірақ мультфильмнің әдеміііі «сочный» персонжадары өзіне тартты. Тіріліп кеткен тамақтар: өрмекшібургер, шаурмадилдерді көріп құсқым келіп отырды «Енді фаст-фуд жемииииим» деп

Менің бағам 9/10*
Сүйкімдіііі кейіпкері — көзі бақырайған Құлпынай:

Қосымша дерек:"Университет монстров" мультфильмін кіммен көргенім есімде жоқ. Бірақ көргем. Ұнады.
- Cloudy 2: Revenge of the Leftovers 2014 жылдың ақпан айында шығуы керек болған, алайды түсірілімнің ерте бітуіне байланысты 2013 жылы күзде көпшілік қауымның назарына ұсынылады.
- Мульфильмдегі миллиардер-инноватор Честер Виді Стив Джобстың мінезіне келеке ете отырып жасаған екен.

Менің ойымша бұл мульфильмді «Корпорация Монстровты» көрген адамдардың барлығы көру керек немесе «Университет монстровты» көрген адамдардың барлығы міндетті түрде «Корпорация Монстровты» көруі керек

Менің бағам 8/10*
Сүйкімді кейіпкер… Негізі сүйкімді кейіпкерлер кіп-кішкентай, топ-томпақ болып, ерекше ойыңда қалады ғой. Бұл мультфильмде сүйкімді кейіпкерлер көп. Алдыңғы бөлімінде кішкентай Бу еді ғой, мұда тіпті кімді атарымды білми отырғаным… Осы кішкентай торай Арчи кішкентай және күлкілі кейіпкер ретінде есте қалды. Түрі брррррр…

Қызық дерек:«Epic»- бұны да кіммен көргенім белгісіз… Ұнамады
- Бас кейіпкер Майк студент кезінде қандай болатындығын ойластырғанда фильмді дүниеге алып келген Рики Ниерва, Джейсон Димер бастаған суретшілер тобы құрбақаның қартаю процессін бақылаған екен.
- «Корпорация монстровтың» бірінші бөлімі 2001 жылы шыққан. Екінші бөлімі араға 12 жыл салып шығып отыр.


Эпик менің ұзақтааан күткен мультфильмім еді. Оның алғашқы трейлерін 2012 жылы «Франкенвиниді» көруге барғанда 3D экраннан көрген болатынмын. Эффекттері деген енді күүүшті еді. Қашан шығады екен деп қатты күттім. Әйтеуір соны көрудің сәті түспеді. Сөйтіп жүріп прокаттан түсіп қалғаннан кейін бірақ көрдім. Бірақ муьтфильмін көрген кезде көңілімнен уаааааще шықпады. Шынымды айтсам көріп жатыр ұйықтап қалыппын. Соңы не болып аяқталғанын да білмеймін. «Артур и минипутыдың» өзгертіле салған түріне ұқсаттым. Аздап, сәл-сәл ғана приколдары бар.
Менің бағам 3/10*
Сүйкімді кейіпкер — хмммм… кім??? Дұрыс көрмеген соң білмим да… Осы слизняк Маб қой деймін.

Қосымша дерек: Мультфильм балалар жазушысы Уильяма Джойстың «Лифмендер мен батыр қоңыздар» кітабының желісімен түсірілген."Монстры на острове" — бұл менің 36 жасар ағам мен 35 жасар әпкемді, 20 — 9 — 7 жасар сіңілілерім, 16 жасар және 3 жасар інілерімді жылатқан мультфильм екен



Мультфильмді көргендер күштііііі деп жатыр, бірақ енді білмим. Бәәәрі жылапты. Не үшін екенін де айтпай жатыр. Енді көрем… Мүмкін бүгін… «Жыламайм!» деп отырм

Сүйкімді кейіпкер — кішкентай Наки ути-пути


"Индюки назад в будущее" — ініммен көргем. Хммм… сөзім жоқ бұл мультфильмге.

10 максимум 15 минут қана қызығы, әрі қаратай қууууып кетеді. Ұнамады.
Менің бағам 2/10*
Сүйкімді кейіпкер — АҚШ Президентінің қызы


Өткен жылдың ең үздік мультфильмі «Гадкий Я». Бір үлкен кісіні қоймай осы мультфильмді көруге алып барған болатынмын.

Аталмыш мультфильмнің екінші бөлімінде әлемдегі нөмірі бірінші зұлым Грю әке атанып, үйде қыздарының қасында үлгілі де өнегелі, тәрбиелі істерімен көрінеді. Зұлым Грю өз махаббатын кездестіреді. Мультфильм өте сапалы графикасы, қызықты саундтрегімен есте қалады.
Менің берген бағам 10/10*
Сүйкімдііііі кішкентайлар — бұл мультфильмде кішкентай сүйкімді біреу емес екеу. Бірі Грюдің қызы Агнес, екіншісі сол баяғы сап-сары миньондар



Қызық дерек:P.S. Бұл мультфильм кинотеатрда ұйықтап қалатын адамды 1,30 сағат өзіне қаратып отырған бірінші мультфильм
- Грю жертөледегі миниондардың шеберханасына кірген уақытында жоғарыда бірнеше миньонның тамақтанып отырғандығын байқауға болады. Ол 1932 жылы Чарльз Клайдтың әйгілі "Обед на небоскребе" фототуындысына негізделе отырып жасалған.
- Миньондардың тілі — француз, үнді, ағылшын, испан, итальян және т.б тілдердің қосындысы. Ал миньондардың дауыстарын мультфильмнің оригиналында туындының режиссерлері Пьер Коффен и Крис Рено дыбыстаған.

Биылғы жылды қорытындылаған Walt Disney Animation студиясының 53-ші анимациялық толық метражды мультфильмі «Холодное сердце».

«Холодное сердце» барлығымызға кішкентайымыздан таныс Ханс Кристан Андерсеннің «Снежная королева» ертегісінің желісімен түсірілген. Бұл мультфильм бірінші рет «Снежная королеваны» көрермендеріне ұнамды кейіпкер ретінде көрсетті.
Мультфильм аққала Олафтың қызықты іс-әрекеттерімен, Принц Ханстың әдемііі дауысымен (Орысша дубляжнда оның даусын Дима Билан дыбыстаған ) және Принцесса Эльзаның күүүүшті көйлегімен есте қалды.
Менің бағам — 10/10*
Сүйкімдііі кейіпкер — аққала Олаф

Қызық дерек:P.S. Бұл мультфильмге де былайғы өмірде серьезный, мультфильм көрмейтін адамдармен бардым. Оларға қатты ұнады
- «Холодное сердце» Disney студиясының ең ұзақ толықметражды мультфильмі.
- Мултфильмдегі ханзада Ханс, Анна мен Кристофтың есімдері Ханс Кристиан Андерсеннің құрметіне қойылған.
- Эльзаның таққа отыру рәсімінде қонақтардың арасынан «Рапунцель: запутанная история» мультфилімінің басты кейіпкерлері Рапунцель мен Флин Райдерді көруге болады.
- Мультфильмде Анна «Ведь сегодня в этот вечер» атты әнін айтып жатқанда Жан Оноре Фрагонардың «Качели» атты туындысындағы қыздың бейнесі келтіріледі.

P.S.S. Менің тізіміме кірмеген 2013 жылы шыққан мультфильмдер:


«Ер Төстік және Айдаһар» отандық туынды!
P.S.S.S. Тағы айтарым бар еді… Бір постқа 15 000 таңба ғана жазуға болады екен сыймай қалД
мынадай мульттар ұнайды:
пысы: ағаң кеше мас болД
P.S. Інім әлі күнге дейін бір сериасын қалдырмай қарап жүр екен. Ал мен анда-санда қолым босағанда One Piece қарап қоямын
P.S.S. Айтпақшы Саске ана бәле Оручомаруды өлтірген сериасыммен біткен шығар деген едім. Сол жерімен бітіргем өзім. Қайда тірілтіп алыпты дейме
дәл солай. Турбо мен Самолеты ғана көрмедік, басқасының бәріне бардық.