МЕССИ vs РОНАЛДУ

Аталмыш футболшылардың жанкүйерлеріне арналған тарту-пост
Ебін келтіріп доп тепкеннің «озып» тұрған және оған миллиардтардың назары ерекше боп тұрған алмағайып мынау заманда, Әлемді — «Месси — Роналду», «Барса — Реал» дегізіп екіге қақ бөлген атақты дриблинг шеберлері, атышулы қос футболшының спорттағы көрсеткіштері мен мүмкіндіктерін саралап, салыстырып жазуды жөн көрдім.

Блог - abzalsariyev: МЕССИ vs РОНАЛДУ


Қысқаша өмірбаян:

Блог - abzalsariyev: МЕССИ vs РОНАЛДУЛионель Месси (исп. Lionel Andrés Messi Cuccittini)
— 1987 жылдың 24 ші маусымында Аргентинаның Санта-Фе провинциясы, Росарио қаласында дүниеге келген. Испандық «Барселона» клубының шабуылшысы, 2011 жылдан бастап Аргентина құрамасының капитаны.
Испания елінің ең мықты ойыншыларының бірегейі. Барселона сапында ойын көрсетіп жүргенде — клуб 6 рет Испания чемпионы атанған.

Спорттық карьерасын 8 жасынан, өзі туған қаласындағы «Ньюэллз Олд Бойз» клубында бастаған. Футболшының 11 жасында дәрігерлер оның ағзасында соматотропиннің (өсу гормоны) аздығын анықтаған. Алайда, тым жас ойыншыға айына 900 $ құрайтын емақысын төлеп тұруға ешқандай клуб келісе қоймапты.

Дегенмен, талантты әрі шебер ойынымен көзге түсіп жүрген небәрі 13 жастағы Мессиге — Барселонаның сол кездегі спорт директоры оның ем-домының ақысына қоса жылына 90 000 $ гонорар белгілеп, отбасымен бірге арнайы Европаға көшіріп әкеледі. Міне, сол сәттен бастап футбол әлемінің болашақ жұлдызы — Месси, Барселонаның жастар құрамында өнер көрсете бастаған.
Блог - abzalsariyev: МЕССИ vs РОНАЛДУКриштиану Роналду (порт. Cristiano Ronaldo dos Santos Aveiro)
— 1985 жылдың 5 ақпанында Португалияның портты қаласы Фуншалда дүниеге келген.
Испандық «Реал Мадрид» клубының белді ойыншысы, Португалия құрамының шабуылшысы. Португалия құрамасының тарихында ең көп гол соққан бомбардир және футбол тарихындағы ең қымбат трансфер (80 млн. фунт стерлинг — «Манчестер Юнайтед»тен «Реал Мадрид»ке) жасалынған ойыншылардың бірі.
Европаның футбол әлемінде мүмкін болған барлық атақ даңқтардың иегері.
8 жасында әкесі қызмет атқарған «Андоринья» әуесой футбол клубында өз карьерасын бастаған. Кейіннен атақты «Спортинг» командасында бірге өнер көрсеткен.
2003 жылдың жазында «Спортинг — Манчестер Юнайтед» ойынында 3-1 есебімен жеңіліс тапқан бапкер сэр Алекс Фергюсен — жыл соңында Роналдумен 12,24 млн. фунт стерлинг тұратын контрактқа қол қояды. Роналдудың жұлдызды сәті де бағы да дәл осы «Манчестер Юнайтед»тің құрамында жанды.
Алдымен, мына видеоны тамашалап алайық...

Криштиану Роналду мен Леонель Месси соққан ең әдемі 30 гол (жиынтық)

Блог - abzalsariyev: МЕССИ vs РОНАЛДУ Блог - abzalsariyev: МЕССИ vs РОНАЛДУ

БОЙЫ / САЛМАҒЫ:
1,69 м / 67 кг

АЛАҢДАҒЫ ПОЗИЦИЯСЫ:
Шабуылшы

КЛУБЫ:
БарселонаБлог - abzalsariyev: МЕССИ vs РОНАЛДУ




НӨМІРІ:
10

ҰЛТТЫҚ ҚҰРАМА КОМАНДАСЫ:
АргентинаБлог - abzalsariyev: МЕССИ vs РОНАЛДУ





ӨНЕР КӨРСЕТКЕН КЛУБТАРЫ:
Барселона С
Барселона В
Барселона


ЖЕТІСТІКТЕРІ:

Европаның «Ең үздік футболшысы» - 2009 жыл;
UEFA нұсқасы бойынша:
«Гауһар доп» иегері — 2009 жыл;
FIFA нұсқасы бойынша:
«Ең үздік футболшы» — 2009 жыл;
«Алтын доп» иегері — 2009/10 жж.;
«Алтын бутсы» иегері -
2010 жыл;



БОЙЫ / САЛМАҒЫ:
1,86 м / 83 кг

АЛАҢДАҒЫ ПОЗИЦИЯСЫ:
Шабуылшы

КЛУБЫ:
Реал МадридБлог - abzalsariyev: МЕССИ vs РОНАЛДУ




НӨМІРІ:
7

ҰЛТТЫҚ ҚҰРАМА КОМАНДАСЫ:
ПортугалияБлог - abzalsariyev: МЕССИ vs РОНАЛДУ





ӨНЕР КӨРСЕТКЕН КЛУБТАРЫ:
Спортинг
Манчестер Юнайтед
Реал Мадрид


ЖЕТІСТІКТЕРІ:

«Алтын доп», «Алтын бутсы» иегері,
Европаның «Жыл футболшысы» — 2008 жыл;
FIFA нұсқасы бойынша:
Әлемнің «Ең үздік футболшысы» -
2009 жыл;
«Алтын доп» иегері - 2014 жыл;
«World Soccer» журналының нұсқасы
бойынша: Жылдың үздік ойыншысы —
2008 жыл.





Танымал әрі беделді GOAL.com порталының мәлімдеуінше:

Криштиану Роналду, өзінің 148 млн. евро қаржысымен "Әлемдегі ең бай футболшы" атағына ие болып отыр. Ойыншының «дүниесін» санарда — Goal.com порталы оның қазіргі/бұрынғы клубтардағы тапқан табысы мен жарнамалық және маркетингтік контрактілерден түсетін жарнаға қоса, барлық мал-мүлкі, қозғалмайтын мүліктері де бірге есепке алған.
Өткен жылы Роналду Реал Мадрид клубымен контрактты 2018 жылға дейін созған болатын. Бұл дегеніңіз, Криштианудың «кошелегына» жыл сайын 17 млн. евро түсіп тұрады деген сөз. Одан бөлек, 6 млн. евро Nike компаниясымен жасалған контракттан түсіп тұрады. Оның үстіне, «аз болса да саз», тұрақты табыс тамып тұратын — Armani, Castrol Edge, Jacob & Co, Herbalife, Banco Espirito Santo и KFC компанияларын қосып қойыңыз. Сондай-ақ, әйгілі шабуылшының, Мадрид, Лиссабон қалаларында "CR7" атты жеке ішкиім сататын салондар желісі бар.

Ал, Лионель Месси болса бұл көрсеткіш бойынша Криштиану Роналдудан бір саты төмен жайғастырылыпты. Аналитиктердің айтуынша Мессидің бүгінгі таңдағы мал-мүлкіні жаппай соммасы -146 млн. евроны құрап отыр. 2012 жылы Месси Барселона клубымен жасалған контарктты 2018 жылға дейін созған болатын. Ол клубтан шабуылшы жылына 15 млн. евро алып отырады, ал биылғы жылы, келіссөздер оң нәтиже беріп жатса, Роналдумен теңестіріліп, жылдық табысы 17 млн. евроны құрамақ. Месси — Аdidas (жылына 2 млн. евро), Turkish, EA Sports, Samsung, Gatorade және Gillette фирмаларында компания тұлғасы ретінде тіркелген.

Бәрін айт та бірін айт,

өз басым ес білгелі «Реал Мадрид» корольдік клубының жанкүйерімін. Ондағы барлық жұлдызды футболшылардың есімдері мен жүріп өткен жолдарымен таныспын. Роналдудың да клуб тарихына енгізген жаңалықтары мен сіңірген еңбегі ұшан теңіз. Роналдудың жылдамдық қосудағы ерекшелігі, пас шығару, алдау, соққы беруі — ол тек Криштиану Роналду стиліне ғанатән бөлек дүние.
Менің ғұмырыммен тұспа-тұс келген, Планетаралық ең керемет футболшы, Мен танитын Футбол әлемінің ең жарқын жұлдызы — КРИШТИАНУ РОНАЛДУ деп білемін!Блог - abzalsariyev: МЕССИ vs РОНАЛДУ

----------------------------------------РЕАЛФАНДАР БІРІГІҢДЕР!-----------------------------------------

bk
Бөлісу:

21 пікір

Ispek92
Роналдуды білмеймін, Реал мықты кез келгенінен, мақала әдемі шыққан, қазылар бой тұмар алқасы спортқа жоқ адамдар секілді, алайда сәттілік!!!
xsanatos
тым жақсы салыстырып келіп, өзім роналдуды жақсы көргендіктен, роналду мықты дегенің біртүрлі болып қалды че-то
AzamatToyshybek
Әрине екеуі де мықты футболшылар, бірақ көптеген футболшылар осы екеуінің көлеңкесінде қалып қояды Неймар, Бэйл, Суарес айта берсем көп
MERmukhanov
Роналдудың балалығындағы әсерлі сәт — досының бұған пас беріп, бұл гол салып, кейін бұл оған жол ашып, және досын ұмытпай көмектесіп тұратынын айтуға болады.
AKA
Керектің жазбаларды осылай сәндеуге арналған функциялары ұнап барады.
asaubota
интернетте күнде көріп жалыққаннан ба мында да осы тақырып тарта қоймады. осы жолы сәтсіз таңдаған сияқтысың тақырыпты. консультация неге алмайсыңдар ей
satibaldi
МЕССИ vs РОНАЛДУ
Ал былай, шынымен, — екеуі тувлессе — қайсысы жеңед?
MERmukhanov
по факту, Роналду жеңетін сияқты))
abzalsariyev
Месси қортық қо, қалай жеңеді? Ол шықпайды да даж, ваще!
zholantai
дұрысы, екі футболшының ярый фанаттарын тувлесстіру керек,
zholantai
теннисші қыздарды салыстыруға не кедергі болд?
трафикті жинап алар едің
2-3 ракетканы алып, гифпен размахтарын беріп, соққы күші, фигура, крик, жеңістері мен жеңілістерін, тағы бірдеңелірін салыстырғанда айырып тастайтын едің ба дейм,
abzalsariyev
Интернет-журналистикаға ақыл қосшы, мүлдем-мұлдем бейхабар екенмін одан
zholantai
менің де бұл саладан білетінім шамалы, ну интернет-журналистикада интернетте жария етуге арналған видеоны түсірудің өз тәсілдері бар екен, план мен ракурс ерекшеліктеріне қатысты,
соны қуып көрсейш, өзіме қызық осы тақырып,
Adiletshu
Жалықтырған тақырып. Ракитич пен Кроосты салыстырсаң қызығырақ болар ма еді
abzalsariyev
олар кімдер ойбай)
aza
Бәрі жамандап жатқаннан кейін оқыдым. Жақсы мақала ғой мынау, жарайсың, Абзал!
AselUmirkulova
неге мессиді қортық дейсін онын осу гармоны жетиспепти ал роналдудын аты криштиану